Яндекс.Метрика
Home » Materials » УДК 930.85 ДӘСТҮРЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Телеуова Э.Т., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандиадты

УДК 930.85 ДӘСТҮРЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4(08)

Tags: гендер, стратификация, дәстүр, социум
Author:
Мақалада дәстүрлі өркениеттегі әлеуметтік құрылымның ерекшелігі талданады, оған қатысты ұғымға талдау жасалынған. Табиғи ортаның ықпалы арқылы қоғамның даму жүйесінің өзгерісін және экономикалық деңгейі қарастырылған
Text:

Дәстүрлі өркентиеттің әлемеуттік құрылымы түрлі деңгейдегі қатынастар мен  ерекшеліктерге қарай қоғамның бөлінісі арқылы анықталды. Әлеуметтік стартификация -  бұл қоғамныңинституционалды түрде мүмкіндіктері мен міндеттерінің бөлінуі.  Гендер- әлеуметтік-мәдени атрибут, қоғамның «ер» және «әйел» санаттарына жатуы.  Қоғамның ішіндегі қатынастарда гендерлік бірегейлік түсінігі қалыптасады. Оның басты ерекшелігі ретінде ер және әйел адамның билік пен беделге жету жолының мүмкіндіктерін көрсету. Дәстүрлі өркениеттегі патрономиялық қатынастың басымдылығы айқын болды. Оның басты тірегін эко-жүйеден бастап, этно-мәдени қатынсатар, дүниетаным мен тұрмыстық жағдайдың жиынтығы құрады. Дәстүрлі қоғамдағы гендерлік рольдер «орныққан статусқа» тікелей байланысты болды. Әлеуметтік құрылымдағы статус 1) отбасылық, 2) экономикалық, 3) саяси орындары арқылы сипатталды.

Дәстүрлі көшпелі өркениеттегі гендерлік стратификация көшпелі социумның ерекшеліктеріне бағынды. Батыс өркениетіндегі гендерлік қатынастар мемлекет пен шіркеудің ықпалында болса, көшпелі өркениетте барлығы туыстық а жүйесінде қарастырылды. Сондықтан көшпелі қоғамдағы «әйел» осы туыстық қатынастарды реттеудегі кепіл мен байланыс діңгегіне айналды. Көшпелі тұрмыс бастапқыдан әлеуметтік институт, моральдік,  діни және құқықтық нормаларды, ойлау түсінігі мен менталитетті, мәдени-философиялық кеңістікті қалыптастырды. Көшпелі қоғамның табиғатпен етене байланысы, «сый» алу және беру экономикалық қатынасының шарты болды. Көшпелі шаруашылқтағы бұл ұғымды отырықшылар қолданатын айырбас, өсім немесе қор жинаумен қатар қолдану мүмкін емес. Көшпелі қоғамның тұтыну мүмкіндіктерін, отырықшылардың тұтынушылық сұранысымен салыстыруға болмайды. Көшпелі үшін қанағат тұрмыстық қағида болды, артық шығынды ысырапқа теңеген.

 Тұрмыстық түсінік әйелдің көшпелі қоғамдағы орынын тиімді ашты. Көшпелі өмірдегі «сүйікті жар бейнесін», «асыл ана бейнесін», «ақылшы, бағыттаушы,  жауынгер әйел бейнесін» ауызша тарихнамадан табамыз. Мұнда ер және әйелдің рухани бейнесі ерлікке ұмтылған адамның тұлғасы болып табылды. Көшпелі қоғамның дүниетанымында ер адам сыртқы «белсенді» болса, әйел бейнесі «адал». Осыған орай, қоғамдағы гендерлік рольдік орынды қазақтың мақалдары нақты көрсете білген. Мысалы: «Еркек түздің көркі, әйел үйдің көркі», «Адалынан жар сүйсең, оңғарылар бар ісің» деген.  Тіптен кейбір тұста батыл және берік ұстанымдары болған  әйел бейнесін сипаттау бағыты басым болды. Айталық, «Ер Тарғын» жырында Ақшаханның қызы Ақжүніс күйеу жігіт Тарғынды өзі таңдаса, «Қыз-Жібек» дастанында да Жібектің Төлегенге көңілі ауады. Сондай-ақ, «Дудар қыз» және «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегілерінде қыз жігітті өзі таңдап, оған шарт қояды. Яғни, көшпелі қоғамда қыздың күйеуді таңдауы кең етек алмаса да, жыр-дастандарда мұндай элементтердің аз да болса ұшырасуы әйелдің шешім қабылдау қабілеттілігінің көрінісі ретінде баға беруге болады.

Көшпелілердің гендерлік бағытында ер және әйел тұлғалықтың шыңына жетуді көздеді. Гендерлік стратификация туралы тоқталсақ ол көшпелі қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның, жеке индивидтің жыныстық ерекшелігене сәйкес бөлінуіне тікелей байланысты болды. Яғни, ер және әйел адамның конституциясы бойынша таңдаулы ролдік стратификация болды. Отырықшы қоғамға тән жыныстық теңсіздік түсінігі туындамады. Қоғамдағы әйел орны – таңдаулы болған. Сондықтан ішкі социумда әйел өзін белсенді танытып, үйлестіруші болса, ер адам қорғаушы, қамқоршы, сыртқы әлеммен байланыстырушы болды.  Көшпелі қоғамдағы мұндай ерекшеліктердің болуы экстенсивті дамуға бағытталған тұрмыстың жинақтаушысы рольіндегі әйел образымен байланыстыруға болады.  Көшпелі қоғамның дәстүрлілігінің ерекшелігі, олардың өмір сүру салтымен тікелей байланысты болды.

Көшпеліліердің тарихындағы сақ, ғұн, түркі дәуірінде әскери өнерді меңгерген тайпалар территориялық иеліктер үшін шайқасты үздіксіз жүргізді. Оған көшпелі қоғамдағы ер бала мен қыз бала теңдей дәрежеде дайындықтан өтетін болған. Сақ жауынгерлері 13 жастан әскери дайындықтан өтіп отырса, ғұндарда оның арнайы тәртібі болды. Бұл тәртіп кейбір жағдайларға байланысты жыныстық белгі бойынша бөлінбеді. Осы үдеріс кейінгі тарихи кезеңдерде ер мен әйел бейнісінде серпіліс тапты.  Түркі дәуіріндегі әйел образы билікке байланысты жиі айтылады. Оның бір сипаты ретінде түріктердің биліктегі дүниетанымында гинекратиялық түсініктің болуын айқындап береді[1]. Сонымен қатар,  «Тәңірі» мен «Ұмай ана» түркі дәуірінің гендерлік сиаптын ашып берді. Мұнда «Тәңірі» жаратушы болса, «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебеуші мейірімді рухани күш саналады. Ер мен әйелдің гендерлік стратификациясы өрара қайшылықсыз бағытта көшпелі қоғамда дамуына мүмкіндік берді.

Түркілер әйелді күнделікті тұрмыста шаңырақтың бір уығын көтерісетін ер адамның қосағы деп ғана түсінген жоқ, әйел затын қасиетті «Ұмай ананың» сарқыты деп бағалады.  Биліктің нысаны ретінде билеушіге кеңес берген ақылшы әйел, аңқау батырды қиындықтан айлакерлігімен құтқарған сұлу бейнесі түркі дастандарының мазмұныныда кездесіп, олардың өзара сыйластығы тамаша баяндалған. Түркі кезеңінің данасы Қорқыт атаның пайымдауынша әйел төрт түрлі болады. Оның бірі - ниеті қураған әйел, екіншісі - ынсапсыз әйел, үшіншісі - үйдің құты болған әйел, төртіншісі - кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы.  Отбасының құты (тірегі) болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар - Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер өссе де көп емес, бәлки аз. Сіздің ошағыңызға да сондай әйел кез болсын. Одан соңғысы - ынсапсыз, қанағатсыз әйел. Ондай әйел таңертең төсегінен тұрып, беті-қолын жумастан тоғыз тоқаштың бәрін аударыстырып, ең тәуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына көтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап, жылана бастайды да: Қараң қалғыр, осы күйше мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып ас ішпедім, жүзіме күлкі келмеді, аяғыма ілген кебісім болмады, бетімнен перде түспеді. Ерім өліп басқаға тисем, бағым ашылар еді, сол үмітім өшпесін», - дейді. Хан ием, ондай әйел мың болса да, өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез бола көрмесін. Одан соңғысын салақ әйел дейміз. Ондай әйел төсегінен тұрған соң беті-қолын жуады, үйдің ол шеті мен бұл шетіне қарайды да, күбіні абыл-құбыл пісіп, көрпе-төсегін жинайды. Содан соң «шуу!»  - деп ауыл кезіп, түс қайта үйіне оралады. Келсе үйі ұрланған, қазан-аяғын ит жалаған, бие-бұзау сүйкеніп, үйдің қорадағы байлаулы қалған сиыры мөңірейді. Келе сала әйел көршілеріне барып, шаптыға бастайды: «Ау, қыздар-ау, Зылихам, Зүбайрам, Руғейдам, бикештерім. Уа, азамат туған жігіт-желеңдерім, Айна-Мәлік, Құтлы-Мәлік қайда едіңдер? Ойбай-ау, үйім құлап қалыпты, түнде қайда жатамыз? Мені ерігіп жүр дедіңдер ме? Зәру жұмыс болған соң кетіп едім ғой. Үйіме неге көз қырын салмадыңдар? «Көрші ақысы - Тәңір ақысы деген қайда? - деп, безек қағады. Хан ием, ондай әйел мың болса да өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез болмасын. Ең соңғысы - адам тілін алмайтын кесір (қырсық) әйел. Үйге түзден бір ұятты қонақ келіп, ері оған: «Орныңнан тұрып, нан әкел, желік, қонағың да жесін» - десе, әйелі еріне: «Үйде піскен нан жоқ», - дейді. «Барыңды бер», десе, әйелі: «Не сандалып отырсың, үйіңнің әлдеқашан қу молаға айналғанын білмейсің бе? Үйде ұн жоқ, диірменге кеткен түйе қайтқан жоқ, оның не әкелері белгісіз. Дастарханымды жемесе, берерім жоқ», - деп бармағын көрсетеді, еріне сыртын беріп, дастарханды кісі алдына лақтырып тастайды. Ондай әйелге мың сөз айтсаң, соның бәріне жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлаққа ілмейді. Ондай әйелді Нұх пайғамбардың көз жасынан пайда болғандар дейміз. Хан ием, сізді Алла осындай әйелдерден сақтасын, ондай әйел сіздің ошағыңызға кез болмасын»[2]. Қорқыт бабамыз ер адамның өмірлік жар таңдауы билеушіден бастап, барлығына арналған кеңесте бақыттың кілті  әйел қолында деп түсінідіріледі. 

Моңғол дәуірнде осы идея өзнің жалғасын тапты. Шыңғыс хан өз заманында білігінде ер мен әйелдің орнын нақты ашып береді. Білікте қоғамдағы әйелдің алатын орнына баға берілген. Отбасының берекесі мен  тазалығы көбінесе әйелге байланысты, жақсы әйел таңдауға Шыңғыс ханда көп көңіл бөлінген. Қай тарихи кезеңді алсақ та, әйелге қойылатын талап ортақ. Сондықтан ер адамның қоғам ішіндегі беделі әйеліне қатысты болуын білікте аталып өткен:  «ер адам барлық жерде бірдей қажет көрініп тұратын күн емес. Ері аң аулауға немесе соғысқа кеткен кезде әйелі үйді таза, әрі жинақы ұстап, елші немесе қонақ тоқтаған кезде оған дәмді тағам дайындап, қонаққа көрсетілетін барлық сый-сияпатты жасауы қажет. Мұндай әйел ерінің беделін үлкен жиындарда тау іспеттес көтереді. Күйеуінің жақсы екенін әйелінің жақсы қасиеттері арқылы білуге болады. Егер әйелі ақылсыз, әдепсіз болса, күйеуін осы арқылы тануға болады. Үйдегінің бәрі иесіне тартады» [3]. Шыңғыс ханның түменді сайлауда, отбасына қонаққа баратын дәстүрі болған,  білігінде отбасын ұйытып отырған ер адамға әскер басқаруды тапсыруға болады деп шешкен.

Моңғол дәуірінде қоғам ішіндегі әйел орынын танып білу  арқылы, көшпелі қоғамдағы гендерлік стратификацияны жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. ХІІІ ғасырдың 40-жылдары Плано Карпини «әйелдер теріден киім, етік тігіп, арбаны тізгіндеп, оны жөндеп, өз істеріне өте жылдам» деп сипаттайды[4]. «Әйелдері арбаның үсітне үй тігіп, оны жинап, құрт-май жасап, теріден түрлі киімдер тігетін» іскерлігі туралы бізге Рубрук жеткізеді[5]. Бұл кезеңдегі қытай деректерінде  көшіп қонудағы барлық шаруаны атқару әйел міндеті деп баяндалады. Көшпелі қоғамдағы ер мен әйелдің міндеті мен жауапкершілігі кейбір шаруаларындағы ортақтық туралы мәліметтер айтады. Үй тігуде , мал бағу немесе садақ атуды ер мен әйел адам қатар орындай алуын, деректерде ерекше атап өтеді. Бұл көшпелі қоғамға тән құбылыс болды.

Дәстүрлі өркениеттің мұрагері қазақ қоғамындағы гендерлік стартификация өзіне дейінгі өмір сүрген әлеуметтік ортаның сипаттық сабақтастығы болды. Қазақ қоғамындағы ер мен әйелдің орны труалы мәлеметтерді П.Е Маковецкий, Н.И. Гродеков И.Г. Андреев, А.И.Левшин еңбектерінен кездестіреміз. Қазақтың әдеттік құқықтарының баптарында әйелге қатысты құн төлеудегі айырмашылық айқын көрінеді. Қоғамдағы түркі дәуірнен келе жатқан құндылықтардың кейбірінің өзгеріске ұшырауын айқын көруге болады.Қалай дегенмен әдеттегі құқық толығымен бізге гендерлік санатты толық ашуға мүмкіндік бермейді.  Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің қоғамдағы рольдік орны дәстүрлі түсініктермен сипатталды. Мысалы: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің міндеттерін, мүмкіндіктерін, жауакершілікті тұсын ашып береді. Көшпелі тұрмысқа тән түсінікте еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, берекесін келтіруші. Сонымен қатар  қоғамдағы өзара сый және теңдік үйлесіп отырды, мәселен мына мақал оны бізге түсіндіріп береді: «әйел жерден шыққан жоқ, ол да ерекектің баласы, еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы».

Қорыта келгенде, «Құт-Береке» ұғымын қоғам ішіндегі ер мен әйел түсінігімен бағамдауға болады. Мұнда ер адамға тән қасиеттер  шешім қабылдай білуі, қамқорлығы  «құт» ұғымына  және молшылық пен тыныштықтың белгсі «береке» әйелге қатысты ұғымға үйлесуі дәстүрлі қоғамның гендерлік стратификациясының теңдігін сақтап отырды.

Әдебиеттер:

1.  Зуев Ю. А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: «Дайек-Пресс», 2002. - С. 169.

2.  Қорқыт ата кітабы оғыздардың батырлық жырлары: Орыс тілінен аударған Ә. Қоңыратбаев, М.Байділдаиев. - Алматы: Жазушы, 1986 - Б.380.

3.  Рашид ад-дин. Сборник летописей. Т.1, кн.1. М-Л: Издательство Академии наук, 1952.- 299 б. 259-266 бб.

4.  Плано Карпини Дж. д. История Монголов. Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Рубрука. –М: Государственное издательство географической литературы,1957.– С.274. 37 б.

5.  Гильом де Рубрук. Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Рубрука. –М: Государственное издательство географической литературы,1957. – С.274.- 100-101б;

6.  Материалы по казахскому обычному праву. Алма-Ата:  Академия наук Казахской ССР.- 1948.- 351 с.


Телеуова Э. Д.,

 кандидат исторических наук, доцент КазНУ им. аль-Фараби

teleuova@mail.ru

Социальные особенности в традиционной цивилизации

Автор рассматривает социальную стратификацию традиционного общество. "Традиционными", характерна высокая степень зависимости от природных условий бытия, следовательно, от той географической среды, которой располагает каждый социум. Другая особенность этих цивилизаций, обусловленная уровнем их экономического и социального развития, - особо жесткая связь индивида со своей социальной группой.

Ключевые слова: традиция, стратификация, гендер, социум.

ElmiraTeleuova, assistantprofessor

of al-Farabi Kazakh National university,

Almaty, Republic of Kazakhstan.teleuova@mail.ru

Social features are in traditional civilization

Anauthorexaminessocialstratificationtraditionalsociety."Traditional",thehighdegreeofdependenceischaracteristicontheenvironmentalconditionsoflife,consequently,fromathatgeographicalenvironmenteverysocietydisposesthat.Otherfeatureofthesecivilizations,conditionedbytheleveloftheireconomicandsocialdevelopment,isespeciallyhardconnectionofindividualwiththetaskforce.

  Key words: tradition, stratification, gender,society.


No comments

To leave comment you must enter or register