Яндекс.Метрика
Home » Materials » МРНТИ 03.41.01 ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

А.П. АЛИАКБАРОВА, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ докторанты, З.О. ДҮКЕНБАЕВА, т.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ. Қазақстан, Астана қ.

МРНТИ 03.41.01 ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(18), 2019

Tags: Түркия қазақтары, естеліктер, диаспора, қоныстану мәселелері
Author:
Қазіргі таңда қазақ диаспорасының мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып отыр. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихына тоқталып, олардың әлеуметтік, мәдени, демографиялық мәселелерін айқындау. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі).
Text:

Кіріспе. Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Ұзақ жылдар бойы тағдыр жазуымен тарихи Отанынан шеттеп қалған отандастарымызбен өмірдің барлық салалары бойынша тығыз байланыс жасауға мүмкіндік тууының өзі ерекше құбылыс. Қазіргі таңда қазақ диаспорасының мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып отыр.  Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді және этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға да негіз болады.

Материалдар мен әдістер. Мақалада қазақ диаспорасының тарихына тарихилық және объективтілік ғылыми принциптері қолданылды. Аталған методологиялық қағидалардан проблемалық-хронологиялық және тарихи-салыстыру әдістері туындады. Әсіресе, негізгі назар тарихижүйелілік әдісіне аударылды.

Бұл зерттеудің ақпарат көздерінің негізгі тобына Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдерінің еңбектері және де аталған тақырапқа қатысты  отандық  ғалымдардың еңбектері жатады.

Нәтиже. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің нығаюы, оның өркениетті және демократиялық мемлекет ретінде дамуы – халықтың рухани жаңғыруына даңғыл жол ашты.  Әсіресе, ұзақ жылдар бойы тағдыр жазуымен тарихи Отанынан шеттеп қалған отандастарымызбен өмірдің барлық салалары бойынша тығыз байланыс жасауға мүмкіндік тууының өзі ерекше құбылыс.Қазіргі таңда қазақ диаспорасының мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып отыр.  Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді және этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға да негіз болады.Соңғы жылдары жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасы тарихын: саяси-әлеуметтік, мәдени, демографиялық жағынан зертттеуді көптеген ғалымдар қолға алды.

Қазіргі кезеңде Қазақстаннан сырт аймақтарда бұрынғы КСРО-ның 14 республикасында және әлемнің 25 мемлекетінде 5 млн.-ға жуық қазақтар әлі де алыс және жақын шет елдерде тұрып жатыр. Әлемнің әр елінде қазақтар әр түрлі саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік статусқа ие. 

Диаспоралогия – диаспора мәселелерін зерттейтін ғылым дейтін болсақ, ең алдымен «диаспора» деген ненің атауы, қарастыратын мәселесі не, терминологиялық жүйесі қандай деген сұрақтар туындары да анық. «Диаспора» деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді. Қазақ диаспорасының пайда болуы, қалыптасуын зерттеген ғалым Г.М. Меңдіқұлова «Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие» аттымонографиялықеңбегінде: «За пределами территории Казахстана около 4 млн 500 тыс. казахов проживают в 14 государствах бывшего СССР и 25 странах мира, из которых лишь около 800 тыс. представляют собой диаспору, остальные 3 млн 700 тыс. являются казахской ирредентой, т.е. проживают на сопредельных с Казахстаном землях, оторванных от него и присоединенных к России, Китаю, Узбекистану в разные исторические периоды вследствие аферистических игр и амбиций политической элиты тех времен» - деп ғылыми көзқарастарын білдірген (Мендикулова Г.М., 1997:4).

Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады.Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны «ақтабан шұбырынды» кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды.Міне, осындай жағдайлар қазақтардың  ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қоныс аударуларына мәжбүрлегені тарихтан белгілі.  

Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихы 1950-ші жылдарға жатады. ХХ ғасырда Монғолия, Тибет, Үндістан және Пәкістан арқылы Қытайдан шыққан қазақтар болған еді.

Кашмирде өткізген өздерін қажытқан он бес айда еркін әлем қазақтардың келгені туралы қысқаша жазып, кейін олардың бар екенін ұмытып та кетті, одан кейін түрік үкіметінен оларға көшуге жомарт ұсыныс келді, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрлық пен теңізбен көшіріп алу үшін көлік құралдарын ұсынды. Ол жерде өкімет қазақтарды коммунизм вирусын жұқтырмағанына көз жеткізу үшін мұқият тексерді, оларға түрік тілін үйретті, қазақтар араб қаріптерін қолданса да, латынша жазылған түрік тілін бірнеше айда меңгерді.Ақырында, 1954 жылы түрік үкіметі қазақтарға тегін үйлер, сонымен қатар, он жыл бойы кетпей, өңдесе салықтармен төлемейтін бос, жыртылған жерлер мен егістіктер ұсынып, әртүрлі елді мекендерге таратты (Годфри Л., 1956:278).

Дүниенің жасыл жапырақ жайып, құлпыра бастаған кезі, аптап ыстық та жоқ. Осындай күндердің бірінде  қоғамға көгілдір хат келді. Хат өзімен бірге қуанышты хабар ала келіпті. Түркия үкіметінің 1952 жылғы 13-ші наурыздағы №3/14595 қаулысы бойынша Пәкістандағы босқын қазақтарды көшпенді ретінде қабылдап, көмек көрсетілсін делінген. Бұл хабар біздерге үлкен жаңалық болды. Хатты Ыстамбұлда тұратын Әмін Бұғыра жазыпты. Жақсы хабар естіп, жанымыз жай тапты (Халифа А., 2014:113).

1952-1954 жылдар аралығында ілгерінді-кейінді Пәкістаннан 1400, Кашмирден 350 адам арнайы келісім бойынша көшіп келді. Олар Түркия аумағына кіргеннен кейін баруға тиісті жерлеріне тегін жеткізілді. Қазақтарды сол кездегі Премьер-министр марқұм Аднан Мендерес қабылдады. Уақытша үш аудандағы лагерьлерге бөліп орналастырды. Олар-Зейтінбұрын, Сіркежи, Тұзла аудандары. Өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстары бола береді ғой. Түркияға келген соң біздердің де төбемізге күн шуағы түскендей болды. Ауа-райы қолайлы, шыжғырған аптап ыстық жоқ, жағдайымыз да жақсара бастады (Халифа А., 2014:116).

Мемлекеттік істер жөніндегі бақан-министр Фатын Рүштү Зорлұ лагерді аралап көріп, бірқатар жағдаймен танысқаннан кейін лагердегі барлық қазақты үлкен бір залға жинады. Бізге қарап сөз сөйледі. –«Туысқандар! Өз отандарыңызға қощ келдіңіздер. Бұл отан сіздердікі. Нағыз түріктер сіздерсіздер. Біздің арғы аталарымыз сіздер келген түрік тектестердің атажұрты Түркістаннан келген. Біз сіздердің қандай ауыр жағдай астында бұл жерге қалай келіп жеткендіктеріңізді жақсы түсінеміз. Біз сіздерге қолда бар мүмкіншіліктер деңгейінде көмек көрсетеміз. Бастарыңызға үй береміз. Сіздер Түркияға келген күніңізден бастап бес жыл салық төлемейтін боласыздар. Ел ішінде жүріп-тұру ісінде де, мемлекет иелігіндегі көліктер де сіздерге арнаулы арзан бағамен билет беріледі. Ауыл шаруашылығымен шұғылданамын деушілерге ауылдық жерлерден егістік жер беріледі. Ал сауда мен қол өнер ісімен шұғылданамын деушілерге қалалық жерден тегін үй беріледі. Жұмыс істеймін дегендеріңізге мемлекет меншігіндегі фабрик–заводтардан жұмыс беріледі» (Хасан О., 2005:164-165).

Құсман тәйжі, Хамза Жахяұлы, Беги, Кәріштай, Сауытбай, Халипа Алтай, Қайнолла қатарлы адамдар басшылық істеді. Түркияға 1954 жылы Сұлтан Шәріппен мен келдім. Бір айдан соң Қалибек – Хамза келді. Сонымен сол күннен тартып түрік мемлекетінің бұқарасы болып паспорт алдық. Кәсіп таңдатты. Бір бөлім адамдар саудамен қолөнер кәсіп алып Салихлиге орналастық. Бір бөлім адамдар мал, егін кәсіптерін істейтін болып олар да жер алды. Қазір Алтайкөй, Қайсар, Сұлтанкөй дихан болды. Салихли сол кездегі қол өнер кәсіп орны болды. Қазір қолөнерді онан да кеңітіп Ыстамбұл, Анқара біздің мекеніміз болып туыстарымыздың жәрдемінде құлашымызды кең жайып ел болып өсіп өркен жайып отырмыз (Әбдіуакап Қ., 2008:254). Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихының қалыптасуы осы 1952 жылдардан басталады. Халифа Алтай, Хасен Оралтай, Нұрғожай атамыздың, Қожан уәзір т.б аталарымыздың естеліктерінен көріп отырғанымыздай бұл уақытты 1930 жылдардан басталған көш армандап келген күн болатын.

Түркияда тұратын қазақтардың ұзақ-салқар көш тарихына назар аударғанда, бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз.Олар еркіндік үшін адам сенгісіз қандай да бір ауыр қиыншылықтардың алдарына шығатынын біле тұра іркілместен жолға шыққан. 1930 жылдардың екінші жартысында басталып, 1952 жылы Түркияда аяқталған осы көш туралы естеліктер мен зерттеулер көп емес. Түркия қазақтарының аталары 1930 жылдардан кейін Шығыс Түркістандағы Қытай губернаторының саяси қысымы мен қудалаулары салдарынан жалпы алғанда екі дүркін үдере көшті. Бірінші көш-Елісхан және Зайып батырлардың жетекшілігінде 1938 жылы басталды. Екінші көш - бұдан он жылдан соң Мау Зыдұңның төңкерісінен кейін қозғалған. Бұл көшке Қалибек әкім, Сұлтан Шәріп Зуқаұлы, Құсайын Тәйжі, Дәлелхан Жаналтай, Нұрғожай Батыр  сынды жетекшілер басшылық жасады. Бұлар 1951 жылы Кәшмір қаласына келіп орналасты. Осы екі көш бір мезгілде Түркияға қоныс аударды (Әбдуақап Қ., 2016:4). Түркияның қазақтарға деген мейірімді саясаты, аталмыш шараны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияға сәйкес болды.

Мансұр Тайжының жеке мұрағатынан алынған мәліметтерге сүйенсек, Хұсайын Тайжы бастаған Кашмирден келген қазақ босқындарының алғашқы тобы шамамен 1952 жылы 15 қарашада Түркияға келді. «Шығыс-Түркістан қазақ босқындар қауымдастығының», әсіресе оның белсенді мүшелері Хамза Инан мен Халифа Алтайдың қызметі арқасында, 1953 жылғы 12 қыркүйектен бастап 26 желтоқсанға дейін. 1953 жылы Үндістанға 1941 жылы келген 1379 қазақ тобы Пәкістаннан Түркияға көшті (Мендикулова Г.М., 1997:161).

Шынында, 1954 жылы қарашада, келгендеріне үш ай болғанда барғанымда, жұмыс істемейтіндерге түрік үкіметінің төлейтін ақшалай көмегі ағылшын ақшасымен күніне бір шилингтен аз болса да, қазақтар бір отар қой жинап алыпты. Мен қойды қайдан алғандарын сұрамадым, себебі қазақтар олардың шаруаларына қызығушылық танытпау керек деп санайды, бірақ олардың қонақжайлылық дәстүрі қонақты күту керек болса, отарындағы соңғы қойын союға дайын болуы керектігіне мәжбүрлейді. Түркияға менімен бірге келген қазақша сөйлейтін досым Салихлиде Қалыбектің қонағы ретінде он күн өткізді және оның қонақ күтуге кеткен шығындарын сыйлықтармен толтыратынын айтқанда, Қалыбек қатты ашуланды (Годфри Л., 1956:279).

Қазақ түркілері әдетте еңбекқор, жігерлі және ақылды адамдар. Әрбір қазақ әйелі әрдайым елшіліктерде, қабылдау орталықтарындағы тігін машинасының алдында тұрып, әрдайым тігін және кесте тігумен айналысты. Стамбул нарығынан кейін олар маңызды қажеттіліктерді сезініп, дереу нарыққа былғары және нейлон киімдерін жеткізді және үлкен танымалдылық пен табысқа қол жеткізді (Hızırbek G., 2016:174).

Түркия осы елде панасыз өмір сүрген Иран, Ауғанстан және Үндістаннан келген көптеген қазақтар үшін екінші отан болды. Бастапқыда қазақтар Стамбулдан алыс емес - Тузла, Сиркеші және Зейтинбұрнұда тұрғызылды. Бұл уақытта қоныс аударушыларға белсенді түрік тілін үйретті. Тіл үйренумен қатар біртіндеп қазақтар былғары өнеркәсібін игерді. Бұл сол кезде үлкен сұранысқа ие болды.

Қазақтардың бір бөлігі Түркияның таулы аудандарында орналасты, онда географиялық жағдайлар әдеттегі көшпелі өмір салтына сәйкес келді. Қазақтың иелігінде болған ең әдеттегі қоныс елге деген сағынышпен Алтайкөй деп атады. Оларға бөлінген жер (20 мың гектар) бірыңғай мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік бермеді, сондықтан кешегі көшпенділер қолөнер және ауыл шаруашылығына ауысуға мәжбүр болды. Бірте-бірте ауыл шаруашылығына үйрене бастады, 1962 жылы ең алғашқы рет қазақтар тракторға отырды. Уақыт өте келе қазақтар бүкіл Түркияны қамтитын урбанизация процесіне тартылды. Анкарада қазақтар Ақтепе маңында, ал Стамбулда бес қала маңындағы және қалалық жерлерде қоныстанды (Ракишева Б.И.).

Түркия қазақтарының тойларда, жиналған жиындарда ауыз бірлігі нығыз. Алыстағы ағайын даналыққа толы беташар дәстүрін, қуаныш, шаттық айғағы ретінде жасалатын шашу ғұрпын орындап келеді. Сонымен қатар, қандастарымыз қыз көру, сырға салу, құда түсу сынды атадан қалған салт-дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтап, жастарға өнеге болып отыр(Бейсегулова А.).

Бүгінгі таңда Түркиядағы қазақтардың 10-нан астам қоғамдық ұйымдары, 2 қоғамдық қоры, 2 құрылыс кооперативі, 3 егін шаруашылық бірлестігі бар. 40-тан астам шағын зауыт, 1 мыңнан астам тері өнімдерін дайындайтын кәсіпорын, жарты мыңдай сауда дүкендері ашылған. Яғни, қазақтардың 75 пайызы нақты өнім өндірумен айналысады. Ауылдық жерлерде тұратын қазақтар егін егіп, мал өсіреді. Бұл ретте Түркиядағы тері және пластика өнеркәсібінің дамуына онда тұратын қазақтар да өздерінің үлкен үлестерін қосты.

Шетел қазақтарының рухани құндылықтарының сақталып, жаңғыруының маңызы зор. Олар өзіне тән материалдық және рухани құндылықтарын сақтап, асыл мұралары арқылы әлемдегі біртұтас қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне өзіндік үлесін қосуда. Қазіргі заманғы этномәдени үрдістердің тереңдеуі шетел қазақтарының ұлттық болмысының сақталуына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осы үдеріс кезінде олар өз ұлттық келбетін нығайтуға қызмет ететін құрылымдарын барынша бағамдап, заманауи жағдайларға сәйкес басты мақсат: ұлттық тілі мен дәстүрлі мәдениетін сақтап қалуы деп белгілеп, осы үрдістерді нығайтуға үздіксіз қызмет етуде. Бұл мәселені іске асыруда еліміздің зиялы қауымы әлем қазақтарын байланыстыратын тұғыр, ұлттық идея төңірегінде көшбасшылық рөл атқаруы керек (Шәукенова З.К., Нұрмұратов С.Е., 2014:173).

Шетелдегі қазақтар – қай елде тұрса да қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Яғни, қазақ халқының бүгіні мен болашағына байланысты қолға алынған кез-келген іс-шара оларға да тікелей қатысты. Сондықтан да, шетелдегі қазақтар Қазақстанның атақабыройының асқақтап, экономикасының дами беруіне барынша тілектес (Шәукенова З.К., Нұрмұратов С.Е., 2014:178).

Бүгінгі күні Қазақстанның ресми өкілдіктері жоқ елдерде, әсіресе елшіліктер мен консулдықтарда қазақ диаспорасы Қазақстанның имиджінің бір бөлігі болып табылады. Қазақстанмен қарым-қатынас орнату кезінде мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері диаспора өкілдерінен кеңес сұрайды.

Диаспора жайлы берілген ақрапарат мемлекет және қазақтар туралы пікірлердің қалыптасуына негіз бола алады. Көп жағдайда оң сипаттамаларға ие, қазақ диаспорасының өкілдері заңға бағынатын азаматтар (Ракишева Б.И.).

Көптеген отандық ғалымдардың пікірінше көшпелілер өркениетінің арқасында қазақтар әлемнің кез-келген еліне, оның ішінде ТМД құрамына кірген елдерге тез бейімделеді. Себебі, КСРО құрамында елдерде ортақ мәдени дәстүрлер, тіл, менталитет қалыптасқан. Бірақ барлық шетелдік қазақтарды біріктіретін өзекті мәселе бар, бұл - қазақ тілін үйрену, ұлттық мәдениетті сақтау, халықтың әдет-ғұрыптарын сақтау, ана тілінде білім алу және отандастармен байланыс орнату мәселесі. Осылайша, Қазақстан Республикасы өзінің мүдделерін ескере отырып, алыс және жақын шет елдердегі диаспора мәселелерін дербес шешуді пассивті күтуге тиіс емес. Тиісті назардың болмауынан және тәжірибелік көмектің жоқтығынан қазақтардың басқа да этникалық топтармен араласуын және олардың ассимиляцияға ұшырауына қауіп төндіреді. Өз мүмкіндіктеріне сүйене отырып, диаспора өз мәселелерін шеше алмайды (УалтаеваА.С., №1(09).

 Әрине, барлық диаспораға  ортақ мәселе ол ана тілі екенін білеміз. Біз байқағанымыздай Түркия қазақтарының үлкен, орта буын өкілдерінде ана тілі сақталған.Үлкен буын өкілдері өздерінің балаларында ана тілін сақталуын, олардың кезінде сауда саттық, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты балалар жастайынан кәсіпке жұмылдырылды. Ана тілі толықтай  отбасында, туған туыстың ортасында толығымен қалыптасты деп түсіндіреді. Орта немесе жоғарғы оқу оқымай жергілікті халықпен аз қарым-қатынасқа түсіп, тілдік қорын сақтады. Әрине, кейін қажеттіліктен түрік тілін меңгеріп алды. Мәселе туғызып отырған жас буын өкілдері. Себебі, балабақша, мектеп барлығы түрік тілінде.

Қорытынды. Түркиядағы елшіліктің қазақ диаспора өкілдерімен тығыз байланыста екеніне тағылымдама барысында көз жеткіздік. Елшілік тарапынан мәдени шаралар жүйелі өткізіліп отырады. «Қазақ тілін үйрету» сабақтары, «домбыра үйрету» сабақтары жүргізіледі. Әрине, ол бүкіл жас буынды қамти алмайды. Жас буынның Қазақ еліне деген қызығушылығын арттыруда біздің ойымызша еврей халқының тәжірибесін алу керек сияқты. Олар әр жыл сайын өзге елдерде тұратын жас буын өкілдерін мемлекет тарапынан шақыртып, еліне саяхат жүргізеді екен. Осылайша, елге қайтып келген бір жас буын, үлкен қазына деп санайды.

Жоғарыда атап өткендей қазақ диаспорасы мемлекетіміздің құрамдас бөлігі деп қарастырып, қарым-қатынасты күшейту керек деп ойлаймыз.

Әдебиеттер:

Қара Ә. Азаттықтың өшпес рухы. Нұрғожай батырдың естеліктері және Оспан батыр. – Алматы:“Сардар”, 2008. - 258 б.

Қара Ә. Қазақтардың Түркияға көші (Қожан уәзір ақсақалдың деректері). - Алматы: «Орхон», 2016. - 136 б.

Бейсегулова А.Қ. Түркия қазақтарының этномәдениетінің ерекшеліктері [электрондық ресурс] // «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы – 2018. - №1(13) (сайттан алынған күн 12.04.19)URL: http://edu.e-history.kz/kz/publications/view/824/
Годфри Лайас. Аспантау асқан үркін көш. - Алматы: AmalBooks, 2018. -288 б.
Жаһандану жағдайындағы шетел қазақтарының құндылықтық әлемінің жаңаруы / З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 224 б.
Ракишева Б.И. Казахская диаспора в странах Западаной Европы:влияние миграционной истории на языковую идентификацию [электрондық ресурс] // URL: https://docplayer.ru/40680268-Kazahskaya-diaspora-v-stranah-zapadnoy-evropy-vliyanie-migracionnoy-istorii-na-yazykovuyu-identifikaciyu.html (сайттан алынған күн 20.04.19)
Ракишева Б.И. Мобильность идентификационой иерархии казахской диаспоры стран Западной Европы / Б.Ракишева // Саясат-Polıcy.–2008. -№5. - 71-75-бб.
УалтаеваА.С. Особенности формирования казахской диаспоры в странах СНГ[электронный ресурс] // URL://http://edu.e-history.kz/ru/publications/view/651 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. - №1(09)
https://docplayer.ru/40680268-Kazahskaya-diaspora-v-stranah-zapadnoy-evropy-vliyanie-migracionnoy-istorii-na-yazykovuyu-identifikaciyu.html (сайттан алынған күн 20.04.19)

Мендикулова Г.М. Исторические судьбы Казахской диаспоры. - Алматы: Ғылым, 1997. – 264 с.

Халифа Алтай. Алтайдан ауған ел. - Алматы, 2014. - 272 б.

Хасан Оралтай.Елім-айлап өткен өмір. – Алматы: «Білім», 2005. - 632 б.

Hızırbek Gayretullah. Altaylarda kanlı günler. - Istanbul, 2017. - 271 s.

References:

Qara Á. Azattyqtyń óshpes rýhy Nurǵojaı batyrdyń estelikteri jáne Ospan batyr.  – Almaty: “Sardar” , 2008. - 258 b.  

Qara Á. Qazaqtardyń Túrkıaǵa kóshi (Qojan ýázir aqsaqaldyń derekteri). -Almaty: «Orhon», 2016.-136 b.  

Beısegýlova A.Q. Túrkıa qazaqtarynyń etnomádenıetiniń erekshelikteri [elektrondyq resýrs] // «edu.e-history.kz» elektrondyq ǵylymı jýrnaly. 2018. - №1(13) (saıttan alynǵan kún 12.04.19) URL: http://edu.e-history.kz/kz/publications/view/824/

Godfrı Laıas. Aspantaý asqan úrkin kósh. - Almaty: Amal Books, 2018. -288 b.

Jahandaný jaǵdaıyndaǵy shetel qazaqtarynyń qundylyqtyq áleminiń jańarýy / Z.K. Sháýkenova jáne S.E. Nurmuratovtyń jalpy redaksıasymen. – Almaty: QR BǴM ǴK Fılosofıa, saıasattaný jáne dintaný ınstıtýty, 2014. – 224 b

Mendıkýlova G.M. Istorıcheskıe súdby Kazahskoı dıaspory. - Almaty: Ǵylym, 1997. – 264 s.

Rakısheva B.I. Kazahskaıa  dıaspora v stranah Zapadanoı Evropy:vlıanıe mıgrasıonnoı ıstorıı na ıazykovýıý ıdentıfıkasıý [elektrondyq resýrs] // URL: https://docplayer.ru/40680268-Kazahskaya-diaspora-v-stranah-zapadnoy-evropy-vliyanie-migracionnoy-istorii-na-yazykovuyu-identifikaciyu.html (saıttan alynǵan kún 20.04.19)  

Rakısheva B.I. Mobılnóst ıdentıfıkasıonoı ıerarhıı kazahskoı dıaspory stran Zapadnoı Evropy / B. Rakısheva // Saıasat-Polıcy. – 2008. - №5. - 71-75-b.

Ýaltaeva A.S. Osobenostı formırovanıa kazahskoı dıaspory v stranah SNG [elektronnyı resýrselektrondyq ǵylymı jýrnaly. -  №1(09) // URL:// http://edu.e-history.kz/ru/publications/view/651 «edu.e-history.kz»

Halıfa Altaı. Altaıdan aýǵan el. - Almaty, 2014.-272 b.

Hasan Oraltaı.Elim-aılap ótken ómir. – Almaty: «Bilim», 2005. - 632 b.

Hızırbek Gayretullah. Altaylarda kanlı günler. - Istanbul, 2017. - 271 s. 

А.П. Алиакбарова, 

докторант специальности "История", Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева. Казахстан, Астана.

 З.О. Дукенбаева,

д.и.н.,профессор, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева. Казахстан, Астана.

ИСТОРИЯ КАЗАХСКОЙ ДИАСПОРЫ В ТУРЦИИ

Аннотация

В настоящее время одной из самых актуальных проблем на государственном уровне  является проблема казахской диаспоры. Этот процесс позволит более точно научиться понимать многие исторические мировоззренческие проблемы. Цель работы - осветить историю казахской диаспоры в Турции и выявить их социальные, культурные и демографические проблемы. На момент достижения этой цели были сделаны обзоры и комментарии по исследованию (метод исследования).

Ключевые слова: казахи Турции, воспоминания, проблемы расселения, диаспора.

A. Aliakbarova,

Doctoral student of the specialty "History". Eurasian national University. L. N. Gumilev. Kazakhstan, Astana.

Z. Dukenbaeva, 

Doctor of History, Professor. Eurasian National University. L.N. Gumilev. Kazakhstan, Astana.

HISTORY OF KAZAKH DIASPORA IN TURKEY

Currently, one of the most pressing problems at the state level is the problem of the Kazakh diaspora. This process will allow you to more accurately learn to understand many historical worldview problems. The purpose of the work is to highlight the history of the Kazakh diaspora in Turkey and to identify their social, cultural and demographic problems. At the time of this goal, surveys and research comments were made (research method).

Key words: Turkish Kazakhs, memories, resettlement problems, diaspora.

No comments

To leave comment you must enter or register