Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҚЫТАЙ «СҮЙЕК ЖАЗУЫНЫҢ» ТАБЫЛУЫ МЕН ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕНУІ

А. Қалиолла, Н. Шарыпқазы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары. Алматы қ., Қазақстан.

ҚЫТАЙ «СҮЙЕК ЖАЗУЫНЫҢ» ТАБЫЛУЫ МЕН ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕНУІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(18), 2019

Tags: Жоу патшалығы, жазу тарихы, Қытай өркениеті, Қытай иероглифі, Шаң патшалығы, сүйек жазуы, Қытай
Author:
Мақалада Қытай иероглифінің ең ертедегі үлгілерінің бірі болған сауыт-сүйек жазуының (жя-гу-уын) табылуы, зерттелу барысы, зерттеу жетістіктері баяндалған. Сонымен бірге, жазу мәдениетінің кез-келген мемлекет пен ұлттың өмір сүруі мен дамуындағы рөлін тарихи фактілермен ашуды қарастырған. Қытайдың өте көне өркениеті саналатын Шаң патышалығының қоғамдық құрылысы мен мемілекеттік жүйесіне сауыт сүйек жазулары арқылы зерттеу жүргізіліп, көптеген құнды мәліметтерге қол жеткізген. Сондай-ақ шарап ішу Шаң патышалығы дәуірінедгі жалпылама халықтық сипат алған ерекше мәдениет түрі болғанын, ақыры соңында шарап ішу мәдениеті Шаң патшалығының құлап қирандылар астындағы таихи ескерткішке айналуының басты себебі болғаны баяндалады.
Text:

Қытай жазуы (жаңа қытайша: 汉字; дәстүрлі қытайша: 漢字; пинйін: Hànzì) — тарихи деректер бойынша, қытай жазуының алғашқы таңбалары б.з.б. 14 ғ. Шаң патшалығы заманында пайда болған.

Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоғамының дамуынан бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы өзінің ұзақ тарихы барысында рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат. Олар осы бай құндылықтарды өз жазуларының көмегімен бүгінге жеткізіп отыр. Демек қытай жазуы бүгінде қытай халқының ғана емес әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр. Қытай жазуын бұрын соңды тек қытайлар ғана емес, маңайындағы туыстар мен көршілер Корея, Вьетнам, Жапония секілді елдер де қолданылған. Бұл тұрғыдан келгенде қытай жазуы ел мен елдің арасындағы мәдени алмастыруды тереңдетті. Қытай жазуы иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамығаны болып есептелінеді. Бір иероглиф белгілі мағынаны білдіріп, бір фонетикалық заңдылықтар бойынша бір фонема болып есептеледі. Сондай ақ қытай иероглифтері жеке дыбысты немесе фонеманы білдіре алмайтындықтан тілдегі бүкіл сөздік қорға жеке-жеке таңба жасап шығуға тура келгені мәлім. Осылайша қытай тілі сөздерінің мағынасы бейнелейтін таңбалар неше мыңдаған түрден асып жығылады. Мысалы, қазіргі кей бір сөздіктерде 50 мыңнан астам иероглиф қамтылып отырғаны айтпасақ та түсінікті(Niè Guìlán., 2007,50).

Қытай көп ұлтты мемлекет hanzu ұлтынан басқа 55 аз санды ұлттар бар. Әр бір ұлттың яғни көпшілігінің өз тілдері бар. Тұрғындардың басым көпшілігі қытай тілін қолданғандықтан қытай тілі мемлекеттегі, әр бір ұлттың арасындағы қарым-қатынас тіліне айналды.

Материалдар мен әдістер. Дерек ретінде Шаң патшалығы дәуірі атты мемлекеттің болғанын жазып қалдырған Қытайдың көне тарихи жәдігерлері,сондай-ақ Шаң династиясының 500 жылдық тарихы туралы бұрын «Тарихи жазбалар» атты кітаптың «Ин шежіресі» деп аталатын тарауы басты дерек көзі ретінде пайдаланылды.Чиң патшалығының соңғы дәуірінде жасаған император академиясының көне жазбаларды зерттеуші ғалымы «Сауыт-сүйек жазуының атасы» Уаң Ироңның зерттеу еңбнетері мен оның досы Лю Э«Те юн саң гүй» атты сүбелі еңбегі сауыт-сүйек жазбаларын ашуда негізгі жәрдемші құрал болса,Еуропа мен Америкалық миссионерлердің жинап өткізген АҚШ-дағы Принстон университетінегі, Питтсбург қаласының Карнеги мұражайынағы, Лондондағы Ұлы Британ мұражайынағы сауыт-сүйек жазбалары мен олар туралы деректер, Қытай орталық ғылыми зерттеу академиясының тіл білімі институты тарапынан келген сүйек жазбаларын зерттеуші ғалым Доң Зобиң бастаған экспедициялық топтың  Хынан өлкесі Аняң қаласындағы жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстары мен нәтиждесі негізгі дерек ретінде қолданылды.

Әдістері: археологиялық зерттеу, тарихи жүйелілік, тарихи - салыстырмалы, жазба деректерді зерттеу, эмприкалық әдіс (әңгіме, сұхбат), статистикалық деректерді талдау, тарихи құжаттарды саралау сияқты тарихи зерттеулердің дәстүрлі әдістері қолданылды.

Талқылау нәтижесі. Қытай жазуы - адамдардың заттар мен құбылыстарға ұқсата еліктеуі нәтижесінде, дүниелік құбылыстарды сызбамен бейнелеп, түсіну мақсатына жетті. Олар алғашқы жазуды сүйектерге ойып жазды, сондықтан зерттеушілер осы әдепкі жазуларды сауыт-сүйек жазуы деп атады. Қытайдың негізгі ресми тілі – қытай тілі. Қатай тілі Қытай – Тибет тобына жатады. Қытай тілінің басты ерекшеліктері: 1. Қытай тілінде 4 үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады; 2. әр бір иероглиф бір буын болып есептеледі. 3. жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфологиялық түрлену болмайды. 4. Сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізіне грамматикалық мағына айқындалады. Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалса, қазір ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен, үлкен жеті топқа бөлінеді. Олар, Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытайдың әдеби тілі Солтүстік диалектика негізінде қалыптасқан (Wáng Guówéi.,170).

Нәтижесі. Қытайдың көне тарихи жәдігерлері Шаң патшалығы дәуірі атты мемлекеттің болғанын жазып қалдырған. Айтулы дәуірдің аты тарихи деректерден кездескені болмаса, оның нақты тарихы соншалықты анық емес, көмескі тіпті күмәнді тұстары жеткілікті болатын. Сол себепті ғалымдардың көңіліне күдік ұялап келді, тіпті мұндай дәуір мүлде болмаған деген пікір орын алды.  Тек таяу заманға жеткенде «сүйек-сауыт жазуы» және археологиялық олжалардың көптеп табылуы Қытай тарихында осындай патшалықтың шынымен болғанын, сонымен бірге онда аса жоғары өрелі өркениет болғанын толық қанды дәлелдеп берді. Сөйтіп, ол әлемдегі санаулы көне өркениеттер қатарынан орын алды. Айтулы өркениеттің табыстары әлем өркениеті тарихының айшықты парақтарын толықтырып ғана қоймай, Қытай мәдениетінің дамуына ерекше әсер еткен. Міне бұл тарихи тамыры б.з.д. XVI ғасырдан бастау алатын  Шаң патшалығы еді (б.з.д. 1571 – б.з.д. 1046 жж.).

Негізгі бөлім. Сауыт-сүйек жазуы аса бір кездейсоқ жағдайда табылған олжа болды. 1899 жылы Чиң патшалығының соңғы дәуірінде жасаған император академиясының көне жазбаларды зерттеуші ғалымы Уаң Ироңдизентарияға шалдығып дәрігерге көрінеді. Дәрігердің берген рецепіндегі «айдаһар сүйегі» деген дәрі оның назарына ерекше ілігеді. Ол дәуірде «айдаһар сүйегі» деп аталатыын бұл дәрі өте арзан дәрі түріне жататын, көне дәуірден қалған тасбақа сауыттары мен малдың жаурын сүйектерінің бұлайша дәрі-дәрмектер қатарында дәріханадан орын алғанын ешкім де елеп-ескермейтін. Уаң Ироң рецептегі дәрілерді дәріханадан сатып алып үйіне келгеннен кейін ондағы «айдаһар сүйегі» деп аталатын дәрінің сыртына беймәлім көне жазу жазылғанынбайқап, бұл тосын жағдай оның қызығушылығын оятады. Ол дәріханаға барып жазуы бар сүйектердің барлығын сатып алады. Көп өтпей ол 1500 тал сүйек жинайды. Уаң Ироң зерттей келе «айдаһар сүйектерінің» бетіне жазылған жазудың Шаң дәуіріндегі жазу екенін алғашқы қадамда анықтайды (Niè Guìlán., 2007,54). Шаң династиясы дәуіріндегі «сауыт-сүек» мәдениетінің табылуы мен зерттелу тарихы осылай басталады. Міне осы уақиғаға байланысты Уаң Ироң кейін келе «Сауыт-сүйек жазуының атасы» аталып кетеді. «Сауыт-сүйек жазуының» табылуына байланысты Шаң мәдениеті атты жоғалған көне мәдениет өзінің нағыз келбетін қайта көрсете бастады.

Бұған дейін Шаң династиясының 500 жылдық тарихы туралы бұрын «Тарихи жазбалар» атты кітаптың «Ин шежіресі» деп аталатын тарауы басты дерек көзі ретінде пайдаланатын(Sīmǎ Qiān). «Ин шежіресі» атты бұл дәптердің жалпы көлемі 2800 иероглиф шамасында ғана болатын. Сондықтан,тарих ғылымы саласының өзінде оған дүдамал көзқараспен қарайтын болған. Кейбір адамдар ол кітапті тек ғана Шаң дәуірінің соңғы мезгіліндегі тарихы ретінде қарастыратын. Сондықтан, бұл өзі өте бір қызық тақырып болатын. Тарих дегеніміз ойдан ойлап шығаратын нәрсе емес, ол нақтылы құжаттарды негіз етеді. «Сауыт-сүйек жазбалары» табылғаннан кейін ғалымдар Шаң дәуірі сірә қандай қоғам болғанына зерттеу жасай бастады (Wáng Guówéi.,178). 

Сүйек жазуының табылуы қытай мәдениет тарихындағы аса үлкен олжаболды, бірақ, барлық іс бірден сәтті болған жоқ. 1900 жылы «Сегіз мемлекеттің бірлескен армиясы» Бейжіңді басып алды, бұл қорлыққа шыдай алмаған Уаң Ироң өзіне қол жұмсап, өз жанын отанының құрбаны етіп шалды. Сөйтіп, оның сауыт-сүйек жазуына қатысты зерттеулері тоқтап қалды. Мың жылдықтар қойнауында қалған таңғажайып патшалық қайтадан сырбаздық таныта бастады. Бақытқа жарай Уаң Ироңның жан досы Лю Эдеген адам да сауыт-сүйек жазбаларының маңызын жете танитын еді. Сол кісі Уаң Ироңнан қалғансауыт-сүйек жазбаларынөз қамқорлығына алады әріжазбаларды жалғасты жинастырады. Ол үш жылдан кейін «Те юн саң гүй» атты еңбегін баспадан шығарады (Liú È., 1903,266).

Лю Э еңбегінде 1058 тасбақа сауыты мен малдың жаурын сүйегінежазылған жазу туралы арнаулы мәлімет берген, сөйтіп, ол сүйек жазбалары туралы алғашқы еңбек болды. Шығарманың жарық көруі сүйек жазбалары мен Шаң патшалығы өркениетін зерттеуге түрткі болып, әлем ғалымдарының қызығушылығын тудырыып, сүйек жазбаларын жинаудышетелдік  ғалымдар да қолға ала бастайды. Алғашқылардың қатарында Еуропа мен Америкалық миссионерлер ат салысты. Олар өздері жинаған сауыт-сүйек жазбаларын АҚШ-дағы Принстон университетіне, Питтсбург қаласының Карнеги мұражайына, Лондондағы Ұлы Британ мұражайына сатып отырды. Артынша Жапония, АҚШ, Ұлы Британиялықтар арасында сүйек жазбаларды жинау мен зерттеу науқаны басталады. Айтулы науқан кезінде жазу жазылған «айдаһар сүйектері» базарлардағы ең керемет затқа айналып, бағасы аспандап тұрды. Саудагерлер қауымы өз пайдалары үшін сауыт-сүйек жазбаларынң алатын «кенішті» барынша құпия сақтап отырды. Нәтижеде көпшілік адамдар сүйек жазбаларынқайданалатынын біле алмады.

1908 жылы әйгілі сауыт-сүйек жазбаларын зерттеуші Ло Жынюй зерттеу жүргізу арқылы «айдаһар сүйегінің» кенішінің орны – Ин күйрендісінде екенін тұрақтандырған. Бұл жер Шаң патшалығының ең соңғы астанасы болған. Орны қазіргі Хынан өлкесі Аняң қаласынан батыс солтүстікке қарай бес шақырым жердегі Шяудунсун қыстағында болатын. Сол кездегі базарларда сатылатын «айдаһар сүйектерінің» барлығы дерлік осы ауылдан алынып отырған. Ин қирандысын анықтаудың өзі өте маңызды информация болды. Бастабында Ло Жынюй өз адамдарын жіберіп сатып алып отырады. Арада бірнеше жыл өткенде оның сауыт-сүйек жазбаларының саны неше он мыңға жетеді. Ло Жынюй бұл кезде Ин қирандсындағы сауыт-сүйек жазбалары таусылған болар деп жүрген-ді. Бірақ,ол өзі Аняңға келген кезде ауыл тұрғындарының бәрі жазуы бар сүйектерді сақтап отырғанын өз көзімен көреді әрі сүйек жазбалары «кеншіне» барады. Шаң дәуірі туралы нағыз археология міне сол күннен басталады (Luō Zhènyù., 2006,321).

1928 жылдың қазан айында Орталық ғылыми зерттеу академиясының тіл білімі институты тарапынан келген сүйек жазбаларын зерттеуші ғалым Доң Зобиңбастаған экспедициялық топ Хынан өлкесі Аняң қаласындағы шағын ауылға келіп, археологиялық зерттеу жұмысын қолға алады(Dǒng Zuòbīn., 1996,154).

Доң Зобиң  археологиялық экспедицияға басшылық етіп бірінші реткі қазба жұмыстарын атқару кезінде 854 тал сүйек пен және басқа да көптеген заттарды табады.Бұл олжа бүкіл әлемдік тарих ғылымын дүр сілкіндірген уақиға болады. Осыдан кейін онда аса ауқымды археологиялық зерттеулер жасала бастайды. 1928-1937 жылдары аралығында Ин күйрендісінде 15 үлкен экспедициялық зерттеу жұмыстары атқарылған. Аталған зерттеулер нәтижесінде жалпы жиыны 24918 тал жазу жазылған сауыт-сүйек және қола, керамика, қас тасы, тас бұйымдар табылады әрі Шаң патшалығының соңғы дәуіріне жататын патша сарайы мен патшалық қабырстан табылды. Аталған жұмысқа аса көп ғалымдар ат салысады, олардың қатарында Сун Июан, Ло Жыңюй, Уаң Гоуей, Е Юйсың, Уаң Шяң, Го Моро, Шаң Чыңзо, Роң Гың қатарлы беделді ғалымдар болады. Жоңгоның сауыт-сүйек жазбалары мен Шаң патшалығы өркениетін зерттеуші алғашқы ғалымдар зерттеуі нәтижесінде таң ғажайыптарға толы Шаң өркениеті адамдарға мәлім бола бастайды.

Ин күйрендісінің табылуы жазбалардың тасбақа сауыты мен сүйектерге ғана емес экспоненттердің барлығына, соның ішінде қола бұйымдар, керамикалар, құрлыс заттары сияқтыларға да жазылғанын көрсетіп берді. Бұл дүниелердің көбі көне молалардан табылды.

ХІХ ғасырдың соңында алғашқы сүйек жазбалары табылғаннан қазірге дейін жалпы саны 150 мың тал жазу жазылған сүйектер мен сауыттар табылды. Олардың қатарындағы әріптердің саны 4500 иероглиф, сол иероглифтердің қазірге дейін оқылғандары 1200 иероглиф. Одан басқа тағы бірнеше жүз иероглифті формасына қарап мәнісін түсінуге болады.

Белгілі болғанындай аталған сүйек жазубаларының барлығына ортақ ерекшелігі олардың мазмұны дерліктей «тәңірге» қатысты діни наным-сенімдерден туған діни ғұрыптармен қатысты болған. Себебі ол кезде мемлекеттің келелі істерінің барлығы бақсы бәлгерлікпен қатысты іске асатын болған. Шаң патшасы діни ғұрыптарды мемлекеттің ең келелі ісі ретінде қараған, сонымен бірге патшаның өзі елдегі нөмірі бірінші «бақсы» немесе «абыз» болған. Шаң дәуірі тұтастай алғанда діни  дүниелер үстемдік еткен қоғам болған әрі онда барлық іске бақсылық бәлгерлік жолмен болжам жасалып отырған.

Сауыт-сүйек жазбалары дегеніміздәл осы мақсатта тасбақа сауыттары мен мал жаурындарына жазылған жазбалар болды. Онда Шаң бақсы-бәлгерлері мен абыздары немесе патшаның өзі болжаған түрлі балгерлік болжамдардың мазмұндары жазылған. Соған байланысты жазбалар «сауыт-сүйек жазуба болжамдары» деп те аталады. Мұндай бақсылық болжамдар жасауға негізінен сиырдың жаурын сүйегі мен тасбақа сауыттары пайдаланылған. Бәлгерлікті бастаудан бұрын бәлгер жаурын мен тасбақа сауыттарын мәнерлеп, онан кейін арнаулы саймандарды пайдалана отырып, оның бір жерінен тесік тесетін болған, бал ашқан кезде әлгі тесіктің тұсын отқа қақтап күйдірген. Осы тұста жаурынның немесе тасбақа сауытының екінші беті шытынап, алуан түрлі сызаттар түскен. Бақсы немесепатша әне сол сызықтарға қарай отырып алдағы жерде қандай бір жақсылық немесе жамандық болатынын болжаған. Осының барлығы аяқталғаннан кейін аталған бәлгерлік шараның уақытын, қандай іске қатысты бал ашылғанын, бәлгерліктің қорытынды жауабын, тағы басқа мазмұндарды жауырынның немесе сауыттың сыртқы бетіне жазып қойған (Chén Mèngjiā., 1988,146).

Ғалымдардың сүйек жазуларын оқу жолындағы ізденістері мен жетістіктері сауыт-сүйек жазуларындағы бал ашуға қатысты жазбалар мазмұны Шаң патшалығының қоғамы мен өркениет тарихын зерттеуге жол ашып отыр. Себебі, ол жазбаларының қатысты мазмұндары діни мазмұндарға толы боғанмен, бірақ оған ішкерілей зерттеу кезінде ондағы мазмұндар құдайға арнап ас беру, аң аулау, егін егу, астрономия, жорыққа аттану, патшалықтың саяси істері сияқты Шаң елі тарихының көптеген мазмұны жазылғанына куә болған. Бұдан тыс онда кісі есімдері, туыстық атаулар, жер аты, көрші елдердің атын білдіретін иероглифтер болған. Осы тұрғыдан айтқанда ол Шаң патшалығы энциклопедиясы спетті болған. Сүйек жазбаларының табылуы Шаң өркениетін анықтаумен бірге көне жазудың қайнар көзін ашып, көптеген ақтаңдақтардың орнын толтыра алды.

Жазу – өркениеттің бірден бір символы болып табылады. Жазудың жарыққа шығуы адамзатты надандықтан құтқарды. Шаң патшалығының бізге жеткен«сүйек жазуы»қазірге дейін белгілі болған ең байырғы жазудың бірі болып отыр. Сонымен бірге ол әлемлегі төрт байырғы жазудың ішінде тасбақа сауыты мен сүйекке жазылған бірден бір жазу жүйесі саналады. Сауыт-сүйек жазуы қазіргі қытай иероглифінің арғы тегі саналады. Ғалымдар қытай иероглифі қазірге дейінгі даму тарихын: сауыт-сүек жазуы, жинуын, жуануын, лишу, кайшу қатарлы даму басқыштарын басып өткен деп қарайды. Соған қарамастан қытайдың төрт бұрышты иероглифтері өзінің бастапқы грамматикалық ерекшеліктерін күні бүгінге дейін толық сақтап келген жазу екені дәлелденуде.

Сауыт-сүйек жазуы табылғаннан қазірге дейін осы жазудың сырын ашу ғалымдар үшін басты міндетке айналып келеді. Аталған жазудың пайда болуы үлкен бір барысты бастан кешкені байқалады. Қазіргі кезде белгілі болған сауыт-сүйек жазуы Шаң патшалығының соңғы дәуірінің туындысы ретінде қаралады. Себебі аталған жазу жүйелі жазу ретінде айтылған сөздің мән-мағнасын толық жазып қалдыра алған. Міне бұл дамып белгілі бір жүйеге түскен жазудың қасиеті болып саналады.

Қорытынды. Қортындылай келгенде Қытай иероглифі пайда болғаннан күні бүгінге дейін дамып, жетіліп, кемелденіп келеді. Ол әлемдегі басқа да көне жазулардан болымысы бөлек, себебі, қытай иероглифі жүйесінің өз ерекшелігі бар, бұл ерекшелік оның тұрақтылығында еді. Сондықтан, Қытай жері қанша кең, халқы мол, диалекттері көп болса да, бірақ, бүкіл елдің бір ғана ортақ жазуы болды. Егер осынау ортақ жазу болмаған болса, онда қытайдың біртұтас ел болуы да, біртұтас ұлт болып ұюы да қиынға соғар еді.

Жалпы Шаң патшалығы өркениетінің елеулі мазмұндарының бірі арақ мәдениеті болған. Қытай елі арақ-шарап отандарының бірі. Ең алғашында арақ діни ғұрыптық шараларда пайдаланылды. Нақтап айтар болсақ тәңірге арақ беріп қошамет көрсету арақтың сол кездегі ең бір маңызды міндеті саналған. Ғұрыптық шараны басқарушы бақсы (әулие) араққа қызып алып аруақтармен, жындармен, тіпті тәңірментікелей байланысқа шыққан. Кейін келе тек ғана ғұрыптық салттарда ғана емес, түрлі құттықтау шараларының барлығы да арақсыз өтпейтін деңгейге жеткен. Шаң елінде арақ ішу етек алып арақпен қатысты мәдениеттер өркен жая бастайды. Сөйтіп, оның бір мазмұны «Сүйек жазбаларымен» тығыз байланысып жатты. Соңғы кезде Ин қирандысымен және басқада жерлерден табылған Шаң дәуіріне қатысты археологиялық олжалардақатарында арақ ішуге арналған ыдыстар көптен кездескен.

Бірақ, арақ деген сусын екі жүзді алмас семсер сияқты, ол адамзаттың ең жақсы сусыны бола тұра,оны артық тұтыну орны толмас қайғы әкеледі. Өкінішке орай Шаң ләуірінде маскүнемдік кең етек жайып, ақыры ол бүкіл патшалықтың шаңырағыншайқалтады. Кейін келе маскүнемдер басқарған мемлекетте қоғамдық қайшылықтары асқынып, ұлықтары жемқорлыққа бой ұрып, халық рухани жақтан азып-тозып кетеді. Ғалымдар қатысты деректерге негізделіпШаң патшалығының түбіне маскүнемдік жеткен деп санайды. Б.з.д. 1046 жылы Жоу мемлекетінің қосыны Шаң патшалығының астанасына басып кірген күні Шаң патшалығының ең соңғы патшасы Шаң Уаңжоу көк тәңір мен жұлдыздарға сиынатын храмғабарыпарақтың желігімен өртеніп өлді. Сол күні Шаң патшалығы да ресми түрде құлады.

Жоу патшалығы билік басына шыққаннан кейін қарғыс атқан Шаң патшалығын жер бетінен мүлде жою мақсатында олардың астанасы Ин қаласын жермен жексем етіп қиратын, орнына егін егіп тастайды.Нәтижеде қаншама мол бәлгерлік жазбалар жазылған сауыт-сүйек жазбалары қаланың бір бұрышында қиранды астында қала береді. Арада 3000 жыл өткен кезде қиранды астында неше мың жыл бойы жатқанкөне өркениеттосын жағдайда адамзатпен қайта қауышады.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Chen Mengjia:Yinxu buci zongshu [In the Yin dynasty].Beijing: Zhonghua shuju, 1988(陈梦家: «殷墟卜辞综述». 北京: 中华书局, 1988).

DongZuobin: Buci zhong suo jian zhi yin li [Lunar calendar seen in the inscription]. LiuMengxi zhubian: Zhongguo xiandai xueshu jingdian(Zhongguo xiandai xueshu jingdian). Dongzuobin juan(Action bin volume). Shijiazhuang: Hebei jiaoyu chuban she, 1996(董作宾: «卜辞中所见之殷历».刘梦溪主编:«中国现代学术经典». «董作宾卷». 石家庄:河北教育出版社, 1996).

Liu E: Tieyun cang gui(Ironcloudturtle) Liu E ji, 1903 Nian(«铁云藏龟»刘鹗辑,1903年(清光绪二十九年).

Luo Zhenyu: Yinxu shu qi kaoshi sān zhong(
Three kinds of interpretations of the Yinxu book). Beijing: Zhonghua shuju,2006 (罗振玉: «殷墟书契考释三种».北京:中华书局,2006).

Nie Guilan: Di yi ge faxian bing yanjiu jiaguwen de ren(The first person to discover and study Oracle) — Wang Yirong. Lan tai shijie(Lantai World),2007(聂桂兰: «第一个发现并研究甲骨文的人—王懿荣. «兰台世界»,2007).

Sima Qian:Shiji(century) yin benji(Yin Benji)(司马迁:«史记» «殷本纪»).

Wang Guowei: Yin zhou zhidu lun (Yin Zhou System Theory)王国维: «殷周制度论».

e2f2d0517ed739bf29cba65b7e5fb5f8.jpg

«Те юн саң гүй» кітабы

13c4cc61856736ecaa4510cd18f91847.jpg

Қытай өзгеру тарихы

 

1Қалиолла А., 2Шарипказы Н.

1преподаватель Казахского Национального Университета имени Аль-Фараби. г. Алматы, Казахстан.

2преподаватель Казахского Национального Университета имени Аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан.

ОТКРЫТИЕ КИТАЙСКИХ «ПИСЕМ НА КОСТЯХ» И ИХ ВВЕДЕНИЕ В НАУЧНЫЙ ОБОРОТ

Аннотация

В статье поясняется открытие и исследование одного из самых древнейших видов Китайской письменности - панцирно-костной надписи (цзягувэнь). Вместе с тем, опираясь на исторические факты, статья посвящена определению роли письменной культуры в жизни и развитии любого государства и нации. Были выявлены многие ценные материалы об общественном строительстве и государственной системе одной из древнейших цивилизаций Китая- о царстве Шань, с помощью панцирьно- костных надписей. Также сообщается, что питье вина было уникальным видом культуры, получившим всеобъемлющий народный характер в эпоху Шань, в конце концов, культура виноделия стала главной причиной того, чтобы стать историческим памятником под разрушением Шаньского царства.

Ключевые слова: Китай, костная надпись, Шаньское царство, китайский иероглиф, китайская цивилизация, история написания. Странавина. Патология Джоу.

1Kaliolla A., 2Sharypkazy N.

1Lecturer of the Al-Farabi Kazakh National University. Almaty, Kazakhstan.

2Lecturer of the Al-Farabi Kazakh National University. Almaty, Kazakhstan.

DISCOVERY OF THE CHINESE “LETTERS ON THE BONES”

AND THEIR INTRODUCTION INTO SCIENTIFIC CIRCULATION

Summary  

The article explains the discovery and research of one of The oldest types of Chinese writing - the shell and bone inscription (JiaGu Wen). At the same time, based on historical facts, the article is dedicated to the definition of the role of written culture in the life and development of any state and nation. Many valuable materials about the social construction and the state system of one of the oldest civilizations in China - the Kingdom of Shan, with the help of shell - bone inscriptions were revealed. It is also reported that drinking wine was a unique kind of culture that received a comprehensive national character in the Shan era, in the end, the culture of winemaking became the main reason to become a historical monument under the destruction of the Shan Kingdom.

   Keywords: China, bone inscription, Shan Kingdom, Chinese character, Chinese civilization, history of writing. Wine country. Zhou Pathology.

No comments

To leave comment you must enter or register