Яндекс.Метрика
Home » Materials » ОӘЖ 902 (574) ҚАЛБА-НАРЫМ ӨҢІРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ, ТАУ- КЕН ІСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

С.Т. ШАКЕНОВ, А.Е. ЕРҒАБЫЛОВ, Б. РЫСБЕК. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ. Қазақстан, Алматы қ.

ОӘЖ 902 (574) ҚАЛБА-НАРЫМ ӨҢІРІНДЕГІ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ, ТАУ- КЕН ІСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(18), 2019

Tags: қола дәуірі, тау- кен ісі, металлургия, Қалба- Нарым
Author:
Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан территориясындағы Қалба-Нарым жоталарының археологиялық ерекшеліктері мен зерттелу тарихына шолу жасаған. Ежелден-ақ адамдардың қызығушылығын пегматиттер, түсті тастар, тарғын мөлдір-тас, азурит, малахит сынды минералдар туғызғанын археологиялық зерттеулерге сүйене отырып айтуға болады. Аталған минералдарды шығыс Қазақстан территориясында жүргізілген қазба немесе тау-кен жұмыстары орындарынан көптеп кездестіруге болады. Жекелеген ғалымдардың осы өңірде жүргізген зерттеу жұмыстары, олардың атқаратын рөлі және де аталған аймақтың да еліміздің тарихында алатын орны көрсетілген. Мақалада Қалба-Нарым өңіріндегі ірі металлургия ошақтары мен қорымдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері және ежелгі тау-кен өндірісінің әр түрлі технологиялары жайында деректер қарастырылған. Атап айтқанда Сарыкөл көлі бойындағы қорымдар, Жаңажұрт ауылы маңындағы ескерткіштер сынды ірі ескерткіштердегі зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алады. Ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде қола дәуірінде халықтардың шаруашылығы, тау кен ісі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-тіршілігі, физикалық бейнесі жайлы көптеген тың деректер ашылды.
Text:

Кіріспе. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы Қалба-Нарым жоталарындағы ежелгі металлургия, тау-кен ісінің қола, ерте темір  дәуірінде адамзат өміріндегі рөлін анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады. 18 ғасырда бастау алған Қалба-Нарым жерлеріндегі тау-кен өндіріс ошақтарын зерттеу жұмыстары бүгінгі күнде де өз өзектілігін жоғалтпады. Аталған аймаққа байланысты көптеген зерттеулер мен жарыққа шыққан еңбектерді жинап, бір жүйеге келтіру және жауабы табылмай келе жатқан сұрақтарға өзге бұрыштан қарау маңызды.

Мал шаруашылығы, егіншілікпен қатар қола дәуірінде адамзат қоғамының өмірінде тау-кен, металлургия ісі, рудалар игеру, сонымен қатар әр түрлі тастарды өңдеу үлкен рөл атқарды. Ең маңызды мәселелердің бірі металл рудаларын балқыту және оны өңдеу. Олардың ішіндегі ең бастысы мыс пен қалайының қосындысынан алынатын қола, өйткені қатты да төзімді негізгі қару-жарақ осы қоладан жасалатын болған [1].

Талқылаулар. Шығыс Қазақстан территориясындаға Қалба-Нарым жоталары осымен 250 жылдан аса уақыт бойы зерттеліп келеді. Бұл жердегі қорғандар, ежелгі рудалар, тағы басқа археологиялық ескерткіштер жайлы 18 ғасырда П. Паллас, Г.Ф. Миллер, И. Г. Гмелин, М. П. Фальк сияқты ғалымдар, саяхатшылар өз еңбектерінде жазып кеткен [2].

Нәтиже. Шығыс Қазақстан облысы Қалба-Нарым өңіріндегі рудалардан қазіргі уақытқа дейін 1100 тонна қалайы өндірілген. Зерттеліп отырған аудандағы алғашқы материалдар 18 ғасырда табылды (жекеленген заттардың кездейсоқ табылуы) [3].

1930 жылдары жоғарғы Ертіс жерінде А. А. Иессен, С.С. Черниковтың бастауымен 1935-1937 жылдары жургізілген зерттеулер нәтижесінде ежелгі мыс, алтын, қалайы ошақтары анықталды. Осы бір зерттеулерді негізге ала отырып, И. Мерц аталған аумақта қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің көптеген ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген [4].

Қалба-Нарым аудандарында көптеген жылдар зерттеу нәтижесінде С. С. Черниковтың 2 монографиялық жұмысы жарыққа шықты. Ғалым өз еңбектерінде Қалба-Нарым жоталарындағы қалайы өндірісінің ошақтары жайлы нақты сөз қозғаған. С.С. Черниковтың зерттеп кеткен тау-кен өндіріс ошақтарынан көптеген жекелей артефактілер кездескен болатын. Мысалы: тастан, мал сүйектерінен жасалған әр түрлі қару-жарақтар және де кейінгі қола дәуіріне жататын бұйымдар (Манчункур ауданы, Қарагойын, Чердояка). Қалба-Нарым өңіріндегі қалайы өндіріс  ошақтарының ішіндегі ең үлкендері – Белогорское және Маймурзинское деп аталады. Черниковтың зерттеулері бойынша аталған аймақта 37 тау кен өндіріс орындары бар [5].

Геологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйенсек Қалба-Нарым жоталарында 55 ежелгі тау-кен өндіріс ошақтары анықталған екен [6].

2004-2006 жылдары КГАЭ-ның басты зерттеу объектісі Қалба жерінің солтүстік батысында Делбегетей қалайы руда ошақтары болды. Көптеген ескерткіштерге қарағанда аталған ежелгі Асқарлы тау кен өндіріс орны техногендік факторлардан әлі зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда Делбегетей таулы аймағының 1/3 ғана зерттелді, дегенмен ол жерде ежелгі өндірістің 5 тобы анықталды. Қазба жұмыстары осылардың 2 объектісінде, яғни Асқарлы 1 және асқарлы 2-де жүргізілген.

Асқарлы 1 аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде ұзындығы 150 метр болатын 55 тау кен өндіріс ошақтары анықталды. Сонымен қатар сол замандағы руда қазғыштардың тастан жасаған қару-жарақтары табылған болатын [7].  

Қалба жотасының солтүстік-батыс жиегінде Асқарлы 2 тау кен өндіріс ошағы маңындағы шахтаға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қола дәуірінің Федоров мәдениетіне тән керамика бұйымы табылды. Шахтаға жақын маңда Федоров мәдениетіне тән Черногорка қорымы орналасқан. Аталған ескерткіште жүргізілген археологиялық қазба нәтижесінде жерлеу орнынан анықталған мәйітті ежелгі руда қазғыштар деуге болады. Олар тас қоршауда, қолдарында тас балталарымен бірге жерленген. Сонымен қатар осы аймақта жоғарыда аталған мәдениетке жататын Мастаубай 1 қонысы орналасқан. Тау-кен өндіріс ошақтарының аумағындағы Мастаубай 1 қорымында зерттеу жұмыстары жүру барысында радиоуглеродтық уақыты анықталып, шамамен б.д.д 2000-1500 жылдарды көрсетті. Неміс ғалымдары осы уақытпен аталған аумақта рудалардан Федоров мәдениетінің руда қазғыштарының қалайыны игеруін, балқытуын осы уақытпен байланыстырған. Өндіру жұмыстары руда бойымен жасалған, қалған табиғи тастар қалпында сақталған. Бос рудаларды қайла қолдану әдісімен және әр түрлі табиғи тастардан, кварциттерден жасалған балталар қолданып өндірген. Ал тығыздалған рудаларды от жағып, яғни отпен уату әдісімен өндірген. Руданың белгілі бір бос жеріне от қойған, нәтижесінде оттың қызуынан тастар бөліне бастаған кезде ол жерге су құйып отырған [7].

Қазіргі таңда Қалба-Нарым жерлерінде қола дәуіріне тән көптеген қорымдар зерттелді. Мысалы: Беткудук, Кіші Қойтас, Жартас, Белокаменка [8], Қанай,  Усть Бокен [9], Сарыкөл көлі бойындағы қорымдар [10], Жаңажұрт ауылы маңындағы ескерткіштерді жатқызамыз. Аталған ескерткіштерді ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде қола дәуірінде халықтардың шаруашылығы, тау кен ісі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-тіршілігі, физикалық бейнесі жайлы көптеген тың деректер ашылды.

2005 жылы Ян Черны және Джон Гарнер Қалба жеріне бірлесе барлау жұмыстарын жасаған болатын. Бірлесе ұйымдастырылған археологиялық сапардың мақсаты С. С. Черников зерттеп кеткен тау-кен ісі, металлургия өндіріс орындарының қазіргі уақыттағы жағадайын, сақталу деңгейін анықтау болды. С.С Черниковтан кейін сонғы 70 жылда Қалба жеріне бірде-бір археолог аяқ баспаған. Ал сол уақыт аралығында тау- кен өндіру өнеркәсіптері толық қанды жұмыс жасау үстінде. Анықталғандай көптеген ескерткіштер үлкен зардап шеккен: Мысалға Урунхай жеріндегі ежелгі өндіріс ошақтары толығымен жойылған, Қарағойын және Манчункур жерлеріндегі өндіріс ошақтарының кемінде жартысы ойран болған. [7]

С.С Черников аталған 2 жылда 3 мың км жүріп маршурттық суреттер жасаған. Сол жұмыстар нәтижесінде «Восточный Казахстан в эпоху бронзы», «Древняя металлургия и горное дело Западного Алтая» атты үлкен еңбектері жарыққа шықты [11]. С.С. Черников Шығыс Қазақстан аймағын зерттеу барысында тау-кен өндірісінің 2 ошағын анықтады. Олар Карагойын  және Каршига жерлері.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қалба тауының орталық бөлігінде Тарғын ауылынан шығысқа қарай 2-3 км жерде орналасқан, Қазақстан археологиялық картасында 162 нөмірмен белгіленген Карагойын қалайы өндіріс ошағы жайлы алғаш 1916 жылы В.К. Котульский өз еңбектерінде жазып кеткен болатын. Барлығы ол жерде 32 өндіріс орындары табылды. 1935 жылы солардың төртеуі толығымен тазаланды (№ 11, 17, 24, 28). Зерттеу барысын өндіріс айналасынан ешқандай адам белгілері байқалмады. №17а өндірісінен керамика сынығы мен ыдыс ернеуі табылды. Ернеудің диаметрі 18 см, биіктігі 3,7 см. Профилі дөңестеу болып келеді, қимасында қалыңдығы 0,5 см, ортасында 1,1 см, негізгі бөлігінде 0,85 см. Жоғарғы жағы тор тәріздес оюмен әшекейленген. Орнаменттің ұзындығы 4 см, әр қиылысатын бұрыштарындағы тістері кемінде 14, тістердің формасы тікбұрыш болып келеді, ұзындығы 1,5 мм. (1.1 сурет.)

Каршига өндіріс ошағын 1913 жылы Г. Г. Кел алғашқы болып анықтаған. Кеңес геологтары барлау жұмыстарын аталған аймақта 1940-1942, 1950-1957 жылдары ұйымдастырған болатын. Қазіргі таңда Orsu Metals Corparation (Ұлыбритания ) фирмасы осы жерді өндіруді жоспарлап отыр. Қазақстан Археологиялық кртасында № 2607 болып белгіленген. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр өзенінің оң жағалауында орналасқан. Каршига ежелгі өндіріс орталығында диаметрі 10 метрден 50 метрге жететін, тереңдігі 2-5 м домалақ шұңқырлар бар. 1937 жылы зерттеу барысында ол жерден тас қару-жарақ, қыш сынықтары және қола пышақ табылған. Осылардың ішінен көзге түскен қола дәуіріне жататын кішкентай керамика ыдысының (курильница) сынығы болды. Қабырғасының қалыңдығы 1,7 см, жоғарғы жағында 1,4 см, вертикальды түрде ою- сызықтар бар (1 сурет)[12].

С.С. Черниковтың атқарған жұмыстарынан кейін осы бағытта нақты бір толыққанды зерттеулер жүргізілген жоқ. 2003 жылы З. Самашевтың бастамасымен ежелгі металл өндіру ошақтарын зерттеуде халықаралық жұмыс тобы құрылды. Олардың белгіленген зерттеу жоспарларына Қалбаның солтүстік- батыс жағындағы ежелгі Асқарлы қалайы рудалары кірді. Асқарлы ескертішін зерттеу барысында ежелгі руда қазғыштардың 20 шақты тастан жасалған қару жарақтары табылды [13].

2003 жылы отандық ғалымдар мен неміс зерттеушілері бірлесе отырып Шығыс Қазақстан жерінде металлургия, ежелгі тау ісі орындарын анықтау мақсатында барлау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде солтүстік-батыс Қалба жерінде ежелгі қалайы ошақтарының бірнеше тобын анықтаған, осыған байланысты аталған тақырыптың зерттелу ауқымы кеңейіп, әрі қарай зерттеуді қажет етті [14].

2006 жылы Шығыс Қазақстан облыстық музейінің қызметкерлері Г.А. Кушь, Г.А. Суворова, Г. Патенова  ғалымдардың «Свод памятников ВКО» атты еңбектері жарық көрді. Осы жинақта Шығыс Қазақстан жеріндегі археологиялық ескерткіштер ішінде аталған тақырыпқа байланысты Қалба-Нарым жерлеріндегі тау кен ісі, ежелгі металлургия жайлы деректер табуға болады.

2012 жылдан бастап Қалба-Нарым өңірінде т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаровтың бастамасымен Қазақ Ұлттық Университетінің «Алтай археологиялық экспедициясы» зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Соның нәтижесінде Күршім ауданында көптеген археологиялық ескерткіштер анықталып, қазба жұмыстары жүргізілді.

Қорытынды. Жоғарыда аталғандай Қалба-Нарым жоталарын алғаш зерттеген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып көптеген мәселелердің басын аштық. Кеңес уақыты кезінде және одан кейінгі уақыттарда ұйымдастырылған археологиялық қазба жұмыстары кезінде аталған аймақта металлургия, тау кен өндіріс ошақтарында табылған қола дәуірінің қару жарақтары, керамика қалдықтары, кеншілер құрал-жабдықтары сияқты материалдармен таныстық. Соңғы жылдары Қазақстан археологиясында басты мәселелердің бірі болып бара жатқан, металлургия ошақтарының, зерттелу және қорғау жұмыстарынан шетте қалып кетуі Қалба-Нарым өңірінде де ерекше көзге түседі. Сондықтан осы мәселені көтеріп, тек қана ірі қорымдарда ғана емес, сонымен қатар қоныстар мен металлургия ошақтарында да зерттеу жұмыстарын жүргізу тиіс.

Шығыс Қазақстанның қола дәуірі тау-кен өндірісінің және металлургиясын зерттеуде бірқатар сұрақтар бойынша мәселелер туындайды. Сондай мәселелердің бірі ежелгі қазбалар хронологиясы мен олардың жақын орналасқан археологиялық ескерткіштермен байланыстыру болып табылады. Екінші маңызды мәселе – мысты балқыту технологиясын әзірлеу, сондай-ақ белгілі металлургиялық ескерткіштердің негізінде құю.

Мәселенің өзектілігі, Шығыс Қазақстан территориясында металлургия ескерткіштерінің көптігіне қарамастан, олардың аз зерттелуі болып табылады.

Келесі бір маңызды мәселе, ежелгі металлургия ошақтары ХVIII-ХІХ ғғ. кеншілерімен бұзылуға ұшыраған ескерткіштердің апаты әлі де жалғасуда. Бұл жағдай аталған аймақтың ескерткіштерін тез арада зерттеуді талап етеді.

 Сонымен археологиялық ескерткіштерден алынған қазба негізіндегі жаңалықтарды зерттеу барысында көне қоғамның заттай мәдениетін ғана зерттеп қоймай олардың тереңде жатқан этногенез мәселелерін, көне дүниетанымдық түсініктерін, наным сенімдері мен рухани мәдениетін зерделейді. Аталған өңірді зерттеу барысында көне дәуірлердегі тайпалардың бір-бірімен өзара байланысы, миграциясы және заттай мәдениеттері мен рухани мәдениеттері арасындағы симбиозды Орталық Азияның кең байтақ кеңістігінде қарастыру жолға қойылады деген ойдамыз.   

Әдебиеттер тізімі

1. Маркс К., Энгельс Ф. Соч., т. 23, с. 364. 18 Маркс К., Энгельс Ф. Соч., т. 21, с. 161

2. Паллас П.С. Рассуждения о старинных рудных копях в Сибири и их подобии с Венгерскими, различествующими от Римских // Академические известия, Cпб., 1780, ч. 5, с. 315-317.

3. Коншин Н.Я. О памятниках старины в Семипалатинской области / Н. Я. Коншин // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского Русского географического общества. – 1903. – Вып. 1. – С. 1-32.

4. Мерц И.В. Культура населения Восточного Казахстана в эпоху ранней бронзы // Диссертация … к.и. н. –Барнаул, 2017С. 36-43.

5. Черников С.С.Древняя металлургияигорное дело Западного Алтая// КСИИМК. 1948. – Вып. 23. – С. 96-100.

6. Берденов С.А. Казахстанская горно-металлургическая область // Вопр. археологии Казахстана. - 1998. Вып. 2. ­ ­- С. 180–190.

7. С. А.  Берденов.  Казахстанские месторождение меди и олова и их разработка в Бронзовом веке // Известия НАН РК. Сер. обществ. наук. – 2008. – №1. – С. 42–55

8. Максимова А.Г., Ермолаева А.С. Памятники эпохи бронзы // Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. - Алма-Ата: Наука, 1987. - С. 24-63.

9. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // МИА. - 1960. - № 88. - С. 272.

10. Нифонтова Л.К. Андроновское погребение в Абаевском районе, Семипалатинской области // Известия АН КазССР, серия археологическая. - 1949. – вып. 2. - С.143-147.

11. Арсланова Ф.Х., Чариков А.А. Работы в Восточном Казахстане // Археологические открытия 1973 года. - М: Просвещение, 1974. - С. 465-466

12. Оразбаев А.М., Омаров Г.К. Некоторые итоги археологических исследований Восточного Казахстана // Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. - Алматы: Изд-во КазГУ, 1998. - С. 9-70.

13. Агапов С. А. Металл степной зоны Евразии в конце бронзовоговека: Автореф. дисс. … к.и.н. ­- Москва,1990.- С. 26–28

14. Берденов С., Самашев З., Штолльнер Т., Черны Я., Ермолаева А., Кущ Г. Древне горное дело и металлургия восточного Казахстана (начало работ по казахско – германскому проекту) // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана: Сборник научных статей. Вып.3. – Уральск –2004. - С. 154-170

References

1. Marks K., Engel's F. Soch., t. 23, s. 364. 18 Marks K., Engel's F. Soch., t. 21, s. 161

2. Pallas P.S. Rassuzhdeniya o starinnyh rudnyh kopyah v Sibiri i ih podobii s Vengerskimi, razlichestvuyushchimi ot Rimskih. — // Akademicheskie izvestiya, Cpb., 1780, ch. 5, s. 315-317.

3. Konshin, N. YA. O pamyatnikah stariny v Semipalatinskoj oblasti / N. YA. Konshin // Zapiski Semipalatinskogo podotdela Zapadno-Sibirskogo otdela Imperatorskogo Russkogo geograficheskogo obshchestva. – 1903. – Vyp. 1. – S. 1-32.

4. Merc I.V. Kul'tura naseleniya Vostochnogo Kazahstana v epohu rannej bronzy // Dissertaciya … k. i. n. – Barnaul, 2017 S. 36-43.

5. CHernikov S.S. Drevnyaya metallurgiya i gornoe delo Zapadnogo Altaya // KSIIMK. 1948. – Vyp. 23. – S. 96-100.

6. Berdenov S.A. Kazahstanskaya gorno-metallurgicheskaya oblast' // Vopr. arheologii Kazahstana. - 1998. Vyp. 2. ¬ ¬- S. 180–190.

7. S. A.  Berdenov.  Kazahstanskie mestorozhdenie medi i olova i ih razrabotka v Bronzovom veke // Izvestiya NAN RK. Ser. obshchestv. nauk. – 2008. – №1. – S. 42–55

8. Maksimova A.G., Еrmolaeva A.S. Pamyatniki epohi bronzy // Arheologicheskie pamyatniki v zone zatopleniya SHul'binskoj GES. - Alma-Ata: Nauka, 1987. - S. 24-63.

9. CHernikov S.S. Vostochnyj Kazahstan v epohu bronzy // MIA. - 1960. - № 88. - S. 272.

10. Nifontova L.K. Andronovskoe pogrebenie v Abaevskom rajone, Semipalatinskoj oblasti // Izvestiya AN KazSSR, seriya arheologicheskaya. - 1949. – vyp. 2. - S.143-147.

11. Arslanova F.H., CHarikov A.A. Raboty v Vostochnom Kazahstane // Arheologicheskie otkrytiya 1973 goda. - M: Prosveshchenie, 1974. - S. 465-466

12. Orazbaev A.M., Omarov G.K. Nekotorye itogi arheologicheskih issledovanij Vostochnogo Kazahstana // Problemy izucheniya i sohraneniya istoricheskogo naslediya. - Almaty: Izd-vo KazGU, 1998. - S. 9-70.

13. Agapov S. A. Metall stepnoj zony Еvrazii v konce bronzovogo veka: Avtoref. diss. … k.i.n. ¬- Moskva, 1990. - S. 26–28

14. Berdenov S., Samashev Z., SHtoll'ner T., CHerny YA., Еrmolaeva A., Kushch G. Drevne gornoe delo i metallurgiya vostochnogo Kazahstana (nachalo rabot po kazahsko – germanskomu proektu) // Voprosy istorii i arheologii Zapadnogo Kazahstana: Sbornik nauchnyh statej. Vyp.3. – Ural'sk –2004. - S. 154-170

37e5991324a48f1955263b319ea662bf.jpg

Сурет-1. Қарағойын және Каршига ескертішерінен шыққан керамика сынықтары . 1- Қарағойын; 2- Каршига

Шакенов С.Т.

PhDдокторант 1 курса факультета Истории, археологии и этнологии КазНУ им. аль-Фараби

 Ергабылов А.Е.

Магистрант 2 курса факультета Истории, археологии и этнологии КазНУ им. аль-Фараби

 Рысбек Б.

Магистрант 1 курса факультета Истории, археологии и этнологии КазНУ им. аль-Фараби

НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ИСТОРИИ ИЗУЧЕНИЯ ДРЕВНЕЙ МЕТАЛЛУРГИИ НА ТЕРРИТОРИИ КАЛБА-НАРЫМСКИХ ПРЕДГОРИЙ

В научной работе рассматриваются археологические особенности и история изучения Калба-Нарымских предгорий на территории восточного Казахстана. Авторы хотят показать насколько богаты эти земли и насколько мало они изучены к нашему времени. И в то же время он отмечает отдельных ученых, чьи исследования и послужили основой данной работы, посвятивших себя изучению древнего металлургического производства восточного Казахстана. По археологическим наблюдениям, людей того времени, очень интересовали минералы, в частности пегмантиты, цветные камни, дымчатый хрусталь, азурит, малахит, которые встречаются в изобилии в отвалах древних разработок и при раскопках поселений эпохи бронзы в Восточном Казахстане.  В статье показаны основные исследования ученых-археологов и результаты их исследований на территории Калба-Нарымских предгорий.

Ключевые слова: Калба-Нарым, металлургия, горное дело, эпоха бронзы.

Shakenov S.T.

PhD 1st year doctoral student of the faculty of History, archeology and Ethnology KazNU al-Farabi

 Ergabylov A.E.

2nd year master's student of the faculty of History, archeology and Ethnology of KazNU. al-Farabi

 Rysbek B.

1st year master's student of the faculty of History, archeology and Ethnology of KazNU. al-Farabi

SOME ISSUES IN STUDYING THE HISTORY OF ANCIENT METALLURGY IN THE TERRITORY OF THE KALBA-NARYM FOOTHILLS

In scientific work the archaeological features and history of studying Kalba-Narym foothills in the territory of East Kazakhstan are considered. The authors want to show how rich these lands are and how little they have been studied by our time. At the same time, he notes the individual scientists whose research and served as the basis for this work, who devoted themselves to the study of the ancient metallurgical production of East Kazakhstan. According to archaeological observations, the people of that time, was very interested in minerals, in particular pegmatite, colored stones, smoky crystal, azurite, and malachite, which are found in abundance in the dumps of ancient workings and the excavation of settlements of the bronze age in Eastern Kazakhstan. The article shows the basic research of archaeologists and the results of their research on the territory of Kalba-Narym foothills.

  Key words: Kalba-Narym, metallurgy, mining, bronze age.

No comments

To leave comment you must enter or register