Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

ТҮРГЕШ ҰЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_100

Қ.Қ. Бекетай¹*ID.
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

E-mail: beketay.k@gmail.com (Бекетай)

Аңдатпа. Мақалада Түргеш ұлысының тарихына қысқаша шолу жасалынып, бүгінде ерекше маңызы бар «Алаш» түсінігінің қалыптасу проблематикасы қарастырылады. Түргеш-Алаш синоним ретінде қолданылуы туралы ғылыми дискуссияның тұжырымдары жанданып үлгергендіктен, олардың әрқайсысын тереңірек ашып сипаттауға талпыныс жасалынған. Қытай жылнамаларындағы «Түргеш-Алаш-чор» деген түсініктің пайда болу себептеріне талдау жүргізіліп, зерттеушілердің көзқарастарын талдауға баса назар аударылған. Сонымен қатар, Алаш этнонимінің Түргеш ұлысында қолданылу аясы бойынша классификация жасалынып, түсініктеме берілген. Түргеш ұлысының этникалық тарихына қатысты зерттеулерге талдау жасалынып, Түргеш-Алаш ұлысы мен Алаш қауымдастығы немесе Қазақ халқының этникалық бастамасы түсінігіне анықтама беріліп, Т. Омарбеков пен Ә. Дәулетхан көзқарастары негізінде этникалық кесте қалыптастырылған. Мақалада Қазақ халқының қалыптасуындағы Алаш қауымдастығының орны мен маңызы сипатталып, тарихи рөлін анықтауға көңіл бөлінеді. Нәтижесінде, Түргеш ұлысы мен қазақ ру-тайпалары арасындағы бір тайпа бірлестіктерінің болғандығы айқындалып, салыстырмалы талдау жүргізілді.

Түйін сөздер: Түргеш ұлысы, Түргеш-Алаш ұлысы, Алаш этнонимі, Түргеш-Алаш-чор, Алаш чор, Түргеш қағанаты, этникалық тарих, қазақ ру-тайпалары.

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_88

Ә.Б. Сейткен¹*ID.
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

E-mail: seytken98@mail.ru (Сейткен)

Аңдатпа. Ұлт зиялылар мұрасы мәселесі Отан тарихы мазмұнында ерекше өзекті проблема болып есептелінеді. Соған сәйкес, ғылыми мақала қазақ зиялыларының ұлттық сана-сезімді нығайтудағы рөліне арналады. Өткен ғасыр еншісіндегі Ресей патшалығының қол астында өз құндылықтарынан, ана тілінен, ділінен айырылған этносқа айналып кетудің алдын алып, орыстандыру мен вестернизациялау мәселесінде өзіндік ұлттық кодын сақтап қалуға талпыныс жасаған зиялылардың жан-жақты зияткерлік әрекеттері талданады. Халыққа үндеу тастау арқылы жақын болуға тырысып, мерзімді басылым беттерін коммуникация есебінде пайдаланған ұлт зиялыларының өз халқының құндылықтарын сақтай отырып, заман ағымымен ілесуге көмектесетін жаңашылдықтарға бет бұрған бастамаларына да көңіл бөлінген. Ұлт зиялыларының осы мәселедегі рөлі мен таңдаған бағыты туралы көзқарастарға салыстырмалы талдау жүргізіліп, нәтижесінде қазақ зиялыларының өз дәстүрі мен заманауи құндылықтарды сәйкестендіруге арналған құнды идеялары болғандығы негізделеді.

Түйін сөздер: Алаш, зиялылар мұрасы, қазақ интеллигенциясы, ұлттық код, этникалық болмыс, мәдени ассимиляция, мерзімді басылым, ұлттық идея.

СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТАРИХЫНАН (1945-1960)
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_71

А.Н. Қали¹*ID.
¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

Е-mail: kali_ainura@mail.ru (Қали)

Аңдатпа. Мақалада соғыстан кейінгі жылдардағы ауылдың күнделікті өмірінің ең өзекті аспектілері зерттеліп, қарастырылған. Яғни, Қазақстан ауыл тұрғындарының күнделікті өмірі, тәжірибесінің жүйесі, ауыл өмірін ұйымдастырудың нақты әдістері, дүниетанымның нормалары мен құндылықтары басқалармен қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Соғыстан кейінгі ауыл тұрғындары мен колхозшылардың күнделікті өміріне еңбек қызметін ұйымдастыру формалары, санитарлық-тұрмыстық, мәдениет нысандары, жас ұрпақты тәрбиелеуде, тұрмыстық және мерекелік мәдениетте, сондай-ақ оның өзгеруіне әсер ететін факторлар анықталған. Ауыл өмірінің күнделікті ағымына билік пен шаруа қоғамдастығының қарым-қатынасы, демографиялық және географиялық факторлар, ауылдың қаламен өзара әрекеттесуі, сондай-ақ ауыл шаруашылығының қарқынды дамуының мүмкіндік деңгейі, дәстүрлі салт-дәстүрлер мен этно-мәдени ықпалдың алатын орны зерделенген.

Түйін сөздер: Қазақстан, соғыстан кейінгі кезең, ауыртпалықтар, қалпына келтіру, ауыл, еңбеккерлер, колхозшылар, ауыл шаруашылығы, салт-дәстүр, күнделікті тарих.

БІЛІМ АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_59

Т.Қ. Мекебаев¹ID, Ж.Б. Көшербаева¹*ID.

¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

*Автор-корреспондент

E-mail: tmekebaev@mail.ru (Мекебаев), zhadyra06@mail.ru (Көшербаева)

Аңдатпа. Мақалада жаһандану үдерісі бойынша мемлекеттің білім беру жүйесіндегі даму деңгейіне өзіндік əсерін тигізетін, ел болашағы үшін ерекше маңыздылығы бар білім алу жолындағы миграциялық үдерістердің артықшылығы мен туындатуы мүмкін қауіп-қатерлері талданады. Қазіргі жаһандану қоғамында көші-қон п үдерістері белсенді дамып келеді, оның Республиканың дамуы үшін оң және теріс салдары бар. Аталмыш мəселе аясында түсінікті қалыптастыру үшін алдымен, интеллектуалды көші-қон ұғымына жан-жақты анықтама берілген. Тарихнамалық шолу арқылы білім беру миграциясына қатысты негізгі көзқарастар айқындалып, соның нəтижесінде өзіндік тұжырым жасауға қадам жасалды. Білім саласындағы миграцияның негативті тұстарымен қатар, оның тигізер зардаптарының алдын алу мақсатында ұсыныстар да қамтып өтілген. Сонымен қатар, миграциялық өзгерістер бойынша көрсеткіштер статистикалық мəліметтер арқылы сараланып, мəселені жан-жақты ашуға талпыныс жасалынған.

Түйін сөздер: білім жүйесі, халықаралық серіктестік, білім алудағы миграциялық үдеріс, жастар миграциясы, білім алу сапасы, білікті маман.

1901-1910 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ОТАРШЫЛДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ
ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_42

Б.М. Аташ¹*ID, Б.Қ. Абдрасилов²ID.
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

²Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі, Қазақстан, Түркістан

*Автор-корреспондент

Е-mail: atash_berik@mail.ru (Аташ), Beka83@inbox.ru (Абдрасилов)

Аңдатпа. Бұл мақалада ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы отаршылдық саясаттың жүргізілуіне қарсы күрес туралы мәселелер талқыланды. Архив материалдарын пайдалана отырып, азаттық үшін күрескен зиялыларымыздың еңбектері саяси-әлеуметтік тұрғыдан талданды. Сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай т.б. зиялы патриотттарды қудалау мен олардың ұлттық рухты көздеген туындыларындағы идеологиялар талданды. Мемлекеттік Думаның қызметі, большевиктер партиясы, жазалаушы отрядтар, жандармерия қызметі жөнінде саяси сараптамалар жасалып, Қазақстанның Солтүстігіндегі, әсіресе, Қарқаралы, Семей аймағындағы 1901-1910 жылдардағы Қазақ халқының ауыр жағдайы, патшалық үкіметтің жазалау саясаты сипатталды. Сонымен қатар, қазақ зиялыларының ағартушылық қызметтері мен тәуелсіздік алу жолындағы күресі көрсетілді. Нәтижесінде, жеңіліспен аяқталған бұл күрестің тарихи-әлеуметтік маңызы ұсынылды, оның прогрессивті қырлары баяндалды.

Түйін сөздер: Ресей, патшалық үкімет, отарлау, күрес, қазақ зиялылары, Қарқаралы, абақты, ұлт-азаттық қозғалыс, абақты, губерния, тәуелсіздік.

Previous 1 ... 8 9 10 ... 200 Next