Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Б.С. БОРАНБАЕВА, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, т.ғ.к., доцент, Қазақстан, Орал
ӘОЖ 94 (574.1) ШЫҒЫС МАЙДАНЫНА ҚАТЫСҚАН ОРАЛ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ

Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жапон милитаристеріне қарсы Қиыр Шығыс майданына қатысқан Орал өңірінің жауынгер қазақ қыздары десантшы Қаламсия Ермекова, №120 артиллериялық әуе шабуылынан қорғану полкінің байланысшылары Ниязғалиева Әзима, Үмбетова Мүслима, Ахметова Қалампыр сондай-ақ жапон милитаристеріне қарсы соғысты Солтүстік Кореяның Хедзео қаласында аяқтап, Жоғарғы Бас Қолбасшының Алғыс хатына ие болған Аэродром қызметін қамтамасыз ету (Батальоны аэродромного обслуживания – БАО) батальонының байланысшылары – Алмағамбетова Қаным, Есқалиева Үмітай және Хабаровск өлкесінде 189 автокөлік полкі №600 батальонның әскери көлік жүргізушісі болған Саркулова Слухияның әскери өмір жолдары толық баяндалады. Қиыр Шығыс майданында Квантун армиясын талқандауға үлестерін қосқан жауынгер қазақ қыздарының ерлігі мен әскери өмір жолдары бүгінгі күнге дейін арнайы ғылыми зерттеулер нысанына алынбаған тың тақырып. Сондықтан зерттеу мақала ардагер аналардың өз қолдарымен жазған өмірбаяндары, естеліктері, Батыс Қазақстан облыстық, аудандық архив, музей және кітапхана қоларында сақталған құжаттар, мерзімді басылымдар сондай-ақ майдангер аналардың ұрпақтарының жеке архивтерінен алынған тарихи деректер мен суреттер негізінде зерттеу жүргізіліп, жазылды. Кілт сөздер. Екінші дүниежүзілік соғыс, жауынгер қазақ қыздары, Қиыр Шығыс майданы, Хедзео қаласы, майдангер ана, десантшы, барлаушы, байланысшы, жапон милитаристері, әскери көлік жүргізуші

Б. ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ, т.ғ.к., кафедра меңгерушісі, БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» филиалы, А.Е. КАРИМОВА, т.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі, А.М. САДЫКОВА, PhD, доцент Павлодар МПУ, тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы
4(574) ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРІ Н.НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ

Мақалада ХХ ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі – жерге қатысты Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Н. Нұрмақовтың принциптік көзқарастары келтірілген. Қазақ өлкесіне қоныс аударушылардың ағылып, Қазақстанның шұрайлы жерлерін басып алып орналасуына орай саяси қайраткердің көзқарасы берілген. Н. Нұрмақовтың бастамасымен қабылданған қаулы негізінде келімсектер мен қазақтардың арасында жерді пайдаланудағы орын алған қайшылықтарды шешу шаралары белгіленгені туралы және бұл шаруаны жүзеге асыру Жер ісі Халық комиссариатына жүктелгені жайлы айқын қарастырылған. Қазақ бетке ұстар белгілі саяси қайраткерлердің бұл мәселеге қатысты ауызбіршілігі жоқтығы көрсетілген. Көп назар съездің ұйымдастырылуына, жаңа органдардың құрылуына аударылған. Голощекиннің саяси науқаны аясында ұлтшыл азаматтардың ұстанымдары келтірілген. Н. Нұрмақов, жер мәселесі, съезд, Голощекин, қазақтардың отырықшылануы, қоныс аударушылар, қазақ өлкесі.

Ә.С. САБЫРОВА Құрманғазы ат. Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан, Алматы
ӘОЖ 94(574)16/19 ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯДАҒЫ «БАТЫРШЫЛДЫҚ»

Жыраудың жауынгер ретінде тұрмыс-тіршілігін, оның қоғамдық жікке сай өзіндік өмірлік ұстанымын тану мәселесі этномузыкатану ғылымында бұрын соңды қарастырылмаған тақырып. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты жауынгерлік кәсіптің кейбір тұстарын жыраулық поэзия үлгілері арқылы айқындау болмақ. Түйін сөздер. Жырау, шынжырлы тұқым, әскерилердің әулиелері, соғыс алдында орындалатын аспаптар, аруақ, «Ер қаруы бес қару»

М.Ә. ЖОЛСЕЙІТОВА М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, т.ғ.к.., доцент
ӘОЖ 930.001.83 ЖӘДИДШІЛДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ И. ГАСПЫРАЛЫНЫҢ РӨЛІ

Исмаил-бей Гаспыралы (1851-1914) – Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарының арасында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында өріс алған жәдидшілдік қозғалыстың бастау көзінде тұрған көрнекті қайраткер. Жәдидшілдік түркі халықтары арасында ағартушылық ғана емес, сонымен бірге саяи идеялардың қосындысы түрінде көрініс тапты. Жәдидшілдіктің қалыптасуы мен дамуындағы И. Гаспыралының рөлін ашып көрсету ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарының мәдени және саяси өмірінің ерекшеліктерін терең аңғаруға өз септігін тигізеді. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыпты тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне арналған деуге негіз бар. Түйін сөздер: Ағартушылық, жәдидшілдік, түркі халықтары, мұсылман халықтары, мектеп, медресе

М.Ә. ЖОЛСЕЙІТОВА М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, т.ғ.к.., доцент
ӘОЖ 930.009.21 ЮСУФ АКЧУРАНЫҢ ЖАС ТҮРІКТЕР БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Юсуф Акчура (1876-1935) – ХХ ғасыр басындағы түркі халықтарының саяси өмірінде ерекше рөл атқарған қайраткер. Ол түрік бірлігі идеясының негізін қалаушы тұлғалардың бірінен саналады. Осман империясында ІІ Абдулхамид режиміне қарсылық танытқан Юсуф Акчура биліктің қысымына түсіп, жер аударылды. Жазасын өтеу барысында Францияға қоныс аударып, кейіннен, бірінші орыс революциясы кезінде Ресей империясына келді. Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарының саяси өміріне белсене атсалысты. Патшалық Ресейде 1907 жылдан кейін реакция басталған сәтте Түркияға оралды. Сол кезде Түркияда жас түріктер билікке келгеннен болатын. Ол жас түріктер билігі тұсында да түркі тілдес халықтарға қызмет жасаудың үлгісін көрсете білді. Мақалада Юсуф Акчураның Ресейден Түркияға оралғаннан кейінгі кезеңдегі, дәлірек айтқанда 1908 жылдан 1919 жылға дейінгі қоғамдық-саяси қызметі талданады. Түйін сөздер: Ресей империясы, Осман империясы, Жас түріктер,. түрікшілдік, Түркия.
Previous 1 ... 81 82 83 ... 199 Next