Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Қ.А. ҚЫДЫРБАЕВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, PhD доктор, доцент м.а.
ӘОЖ 473.94 / 94(5) МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ СҰЛТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Мысыр мен Шам жеріне және мұсылмандардың қасиетті жерлері Хижазға үш ғасырға жуық билік жүргізген мәмлүк-қыпшақтары отандық ғалымдар тарапынан кешенді түрде зерттелмей отыр. Тіпті кейбір сұлтандардың тегі мен есімі де нақты анықталмай келген. Көптеген араб және Еуропа ғалымдары буржилер кезеңінде билікте болған мәмлүктерді адыгей-черкестерге жатқызып келген болатын. Бұл мақалада буржилер кезеңіндегі сұлтандардың адыгей-черкестерге еш қатысы жоқ екені, олардың қыпшақ даласынан барған шеркештер екені, екі кезеңдегі, яғни бахрилер мен буржилер кезеңіндегі мәмлүктер де қыпшақ тілінде сөйлегені жан-жақты дәлелденеді және қыпшақтардың әлем өркениетіне қосқан үлесі туралы тың мәліметтер беріледі. Кілт сөздер: мәмлүк, қыпшақ, бүржоғлы, шеркеш, мәмлүк қылышы, қыпшақ тілі, бахри, буржи

Д. Сайынов, тарих магистрі Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының оқытушысы
ӘОЖ 2.752 АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ РУХАНИ ҚЫЗМЕТІ

Мақалада Ақтөбе облысында діни қайраткерлердің қоғамдық қызметі мен тарихы қарастырады. Сонымен қатар бұрын ғылыми айналымға есімдері енбеген діни тұлғалар аталып өтеді. Қазақ халқының діни қайраткерлері қоғамды ізгілікке, имани жолға шақырға отырып, мұсылмандық дәстүрді таратты. Білім иелері, ел ішінде дінді ғана насихаттаумен шектелмеді, олар елін, жерін аман алып қалу үшін отарлаушыларға қарсылықатрын көрсетіп халықтың әлеуметтік жағдайын, қамын ойлады. Ғылыми жобаның негізгі мақсатының бірі жалпы Қазақстандағы және Ақтөбе өңірінде қызмет жасаған діни тұлғалардың архив материалдары мен зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапақан тұстарын пайдалан отырып қазақ даласындағы діни қайраткерлердің тарихына әділ баға беру. Кілт сөздер: Ислам, медресе, мешіт, хазрет, молда, ишан, қожа. қазақтар, діни тұлғалар, теология, отарлау, репрессия, Совет үкметі, Ақтөбе облысы.

А.Е. Сериккалиева, PhD, и.о. доцент кафедры китаеведения КазНУ им. аль-Фараби. Ж.Е. Ашинова, к.и.н., и.о. доцента кафедры Дальнего Востока КазНУ им. аль-Фараби. З. Набижанқызы, магистр иностранной филологии, ст. преп. КазНУ им. аль-Фараби
930/339.92 ПРОЕКТ ЗОНЫ СВОБОДНОЙ ТОРГОВЛИ ШОС: ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ

Китай уделяет большое внимание развитию регионального экономического сотрудничества в рамках Шанхайской организации сотрудничества (ШОС). Поэтому для минимизации тарифных и нетарифных барьеров, а также для содействия торговле и инвестициям в регионе члены ШОС ставят вопрос о создании зоны свободной торговли. Считается, что создание зоны свободной торговли будет стимулировать развитие экономики всех членов ШОС, повысит уровень занятости и благосостояние в регионе. Стороны по-прежнему обеспокоены возможным давлением китайских импортных товаров на их внутренние рынки. Однако следует признать, что существует вероятность того, что расширение ШОС Индией и Пакистаном окажет положительное влияние на предложение ШОС по свободной торговле, поскольку Пакистан и Индия имеют большую экономические мотивацию.

Шаймерденова М.Д., Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, т. ғ. к., қауымдастырылған профессор
ОӘЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ ШОЛУ

Мақалада персонологияның (тұлғатану) ғылыми-тәжірибелік бағыты қарастырылады. Персонология тұрғысынан Қазақстан тарихы оқулықтарының авторлары болып табылатын және өздерінің өмірлерін ғылымға арнаған дарынды қазақстандық ғалымдар шығармашылығы қаралады. Сонымем қатар, автор жалпы қазақстандық оқулықтар мәселелерін және Қазақстан тарихы оқулығын жеке ашып көрсетіп, заманауи білім, Қазақстан тарихы пәнінің оқыту әдістемесіне, жаңа ұрпақтың оқулықтар құрылымына талдау жасайды. Түйін сөздер: персонология, жаһандану әлемі, техногендік дәуір, оқулық, оқулық авторы, Қазақстан тарихы, оқулық құылымы.

Т.Ә. ТӨЛЕБАЕВ, т.ғ.д., профессор, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ, Г.Е. ӘБІКЕНОВА, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ, Алматы
ДӘСТҮРЛІ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР ЖӘНЕ ПРОТОТҮРІКТЕРДІҢ ЛИНГИВИСТИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ АСПЕКТ

Қазіргі кезеңде ғылым методологиясы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Кеңестік кезеңде бірден-бір дұрыс деп жарияланған эволюционизм бойынша тарихи дамуды толық және терең сипаттау мүмкіндігінің аз екендігі айқындалды. Сондықтан да дүниежүзілік ғылымда пайдаланылып отырған дәстүрлі және қазіргі методологиялық бағыттарды ғылыми зерттеулер барысында пайдалану жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар жасауға мүмкіндіктер береді. Бұл шағын мақалада біз позитивизм мен диффузионизмді прототүріктердің лингивистикалық географиясы сияқты күрделі мәселені тарихнамалық тұрғыда сипаттауда пайдалану жолдарын көрсетуді мақсат еттік. Мақалада түрік, татар, орыс, қазақ, қытай зерттеушілерінің еңбектері тарихнамалық дерек ретінде талданады. Тақырып көлеміндегі жекелеген концептуалды тұжырымдар сипаттала отырып, шешімі табылмаған, зерттелуі керек мәселелер де айқындалып, болашақ зерттеушілерге ой салу мақсатында ұсынылады. Кілт сөздер: Методологиялық бағыттар, лингивистика, түріктер, түрік тілі, позитивизм, диффузионизм, арийлер, сақтар, археология, фонетика, грамматика.
Previous 1 ... 77 78 79 ... 199 Next