Мақалада Қазақ хандығының тарихымыздағы рөлі, маңызы қандай деген мәселелерді талқылай келе, «Мәңгілік Ел» идеясының өзектілігі мен тамырын, Қазақ хандығының құрылуының бір ерекшелігін жеріміздегі этникалық үрдістермен қатар жүргендігімен дәлелдеуге тырысады. Қазақ халқының этногенезі сонау қола дәуірінен басталып,сол дәуірде қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығы этногенездің қозғаушы күші болғандығын көрсетеді.Қазақ жеріндегі халықтың менталитетін, болмысын, дүниетанымын көшпелі өмір қалыптастырғандығын және қазақ халқының қалып¬тасуының түрлі кезеңдерін болғандығын сипаттай отырып, тарих тағылымының жас ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше деген пайымдау жасайды.
Мақалада тарих ғылымының танымдық қарымын арттыратын методология жайы, ұлттық және ортақ түркі тарихын зерделеуге жаңа ұстанымдар қажеттілігі сөз болады. Автордың пайымдауынша, тарих қозғалысының тұғыр-тірегі жер, тіл, мемлекет, ал қозғаушы күштері халық, тұлға, билік болып табылады. Түркі әлемінің өткенін дәуірлеудің методологиялық өлшемдері мен нұсқасы дәйектелген.
Кілт сөздер: халық, тұлға, билік, аумақ, тіл, мемлекет, методология, дәуір, табиғат, тәуелсіздік, жер, ғылым, бірлік, бірегейлік, заң