Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы және ерекшеліктерімен айқындалатын айтулы оқиғалары мен жылнамалары баршылық. Және де сол кезеңнің тарихына терең бойлау, оны бағамдау арада жылдар өткен сайын замана ағымына қарай жаңғырып отырады.
В данной статье рассматривается демографическая ситуация тюркских народов Казахстана за 1959-1970 гг. Этот период является самым малоизученным с точки зрения демографии тюркских народов КазССР. Политическое, экономическое и социальное положение в стране сыграло большую роль в изменении национального состава населения и его роста. Здесь рассмотрены данные материалов Всесоюзной переписи населения 1959 и 1970 гг. по КазССР.
Мақала Арғын-Қаракесек ішіндегі Сарым руының белді тұлғаларының бірі - Бөрі Кенжебайұлының өмірбаяндық тарихына арналады. Бірінші бөлімде - ғылым пәлсафасы мен зерттеу әдіснамасындағы өзгерістерге қысқаша сипаттама беру арқылы өлкетану, тұлғатану саласындағы тарихи-антропологиялық зерттеулер алдына қойылатын талаптар анықталады. Екінші бөлімде – тарихнама мен дерек көздеріне сыни талдау жасалып, тұлғаның нақты туған және қайтыс болған жылдары анықталады.
Түйін сөздер: ғылым пәлсафасы, зерттеу әдіснамасы, тарихи таным, тарихи-антропологиялық зерттеу, «антропологиялық (адамға) бетбұрыс», өмірбаяндық тарих, тарихты «жоғарыдан жазу», тарихты «төменнен жазу», «түсіндіру», «түсіну» ұстанымдары, өлкетану, тұлғатану, сыни талдау, тарихи шындық, әуесқойлық зерттеулер, аңыз, дерек, туған және қайтыс болған жылдар.
В настоящей работе рецензируется новая книга «Монетное дело и денежное обращение в Великой Монгольской империи, государствах Чагатаидов и Джучидов на территории Казахстана», написанная международным авторским коллективом в составе российского нумизмата П.Н. Петрова (Нижний Новогород) и казахстанских археологов К.М. Байпакова и Д. Воякин (оба Алматы). Содержание рецензии посвящено рассмотрению нумизматической части книги. Проанализировано основное содержание книги, отмечены новизна и актуальность поднятых в книге вопросов монетного дела и денежного обращения в Монгольской империи, государстве Чагатаидов и Золотой Орде.
Мақалада Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің аймақтық ерекшеліктері мен толық зерттелмей келе жатқан тұстарына назар аударылады. Соның мысалы ретінде 1916 ж. Ыстықкөл-Шу ошағының үлкен орталығы болған Меркі көтерілісі және оның басшысы болған батыр Аққөз Қосанов туралы қарастырылады.
1916 ж. ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң, әсіресе Ыстықкөл-Шу орталығы, оның ішінде Меркі көтерілісінің тарихы ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы жазылған Т. Рысқұлов, Г. Бройдо, Асфендияров, т.б. еңбектерде және архив құжаттарында, құжаттық жинақтарда, кейбір ауызекi әңгiмелерде, жазба әдебиетте (Ш. Мұртаза) жазылғанымен, бұл мәселе арнайы зерттелмеген. Мәселені зерттеу қажеттілігі 2000 ж. басында академик М.Қ. Қозыбаевтың ұсынысымен қайта қолға алынып, арнайы зерттеле бастағаны айтылады.