Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Нуртазина Н.Д., доктор исторических наук, религиовед, профессор КазНУ им.аль-Фараби
УДК: 28-3(D-91) Новый взгляд на феномен исламизации Казахстана

Исламизация населения средневекового Казахстана является уникальным феноменом с позитивными культурно-цивилизационными последствиями. В средневековую эпоху религии выступали в качестве духовного истока цивилизаций. Исламизация по сути была процессом постепенного изменения и трансформации культурной системы тюрков под влиянием исламского фактора. Необходимо обратить внимание на методологические принципы системного подхода. Исламизация Казахстана оценивается как процесс перехода от архаичной культурной системы тюрков к более совершенной новотюркской (тюрко-мусульманской) культурной системе. В результате исламизации произошел качественный скачок – изменение социума в направлении перестройки в более высокий, цивилизационный тип общества. Возникшая в результате исламизации новая система была субкультурой, интегрированной в универсальную мусульманскую цивилизацию средневековья.

Т. КАРТАЕВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.к., Е. ОРАЛБАЙ, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері ғ.к.
ӘОЖ 94 (574) 902.2 Құдық қазу ісінің қалыптасуы және құдық түрлері (археологиялық және этнографиялық материалдар бойынша)

Қазақ жерінде құдық қазу ісі ерте кезеңнен қалыптасқан. Археологтар қола дәуіріне саятын Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан, Батыс Қазақстандағы Тастыбұлақ қонысынан қазылған цилиндр тәрізді құдықтардың орнын тапқан. Сол заманның өзінде ежелгі тайпалар құдық қазудың күрделі технологиясын меңгерген. Құдықтар қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде ауыз суды қамтумен бірге, мал суару жүзеге асыруда маңызды роль атқарған. Көш жолдарын жалғап жатқан құдықтардың маңызды бекет саналды. Маңғыстау мен Үстіртте көш жолдарын құдықтар жалған жатты. Суы тұщы, әрі аса терең емес жерден бір-біріне жақындау етіліп, оншақты құдыққа дейін қазылған. Құдық қазу өте ауыр жұмыс болған. Құдық қазумен арнайы осы істі кәсіп қылған, судың көзін тани білетін шеберлер – құдықшылар айналысты. Шыңырау құдықтардағы жердің тасты қабатын, таза су көздеріне жеткенше ұңғып қазған. Кей жерде тасты қабат 40 метрге дейін жеткен. Құдықшылар диаметрі 1-1,5 метр құдық ішінде отырып жұмыс жасаған, жаздың күні құдық тереңдігінде тон киіп қазған. Құдықтардың әр түрлі атаулары мен түрлерінің қалыптасуы оның орналасқан жері, иесі, тереңдігі мен суының көлеміне байланысты.

Z. Maydanali Associate Professor of al-Farabi Kazakh National University, candidate of historical sciences
УДК 930.2: 94(574): 316.3 Imperial confederations and nomadic associations of Central Asia (historiography of problem)

Main conceptual positions and methodological paradigms to problem "leading a nomadic life empire" are considered in the article. There are considered different approaches and methods of the study of the shaping and operating the political system "leading a nomadic life empire". The onward development to modern history thought in study social-political sphere of the nomadic formation is shown. Analysis of the modern historiography on the continuity and transformation of the political organization of nomadic societies in research surveys and discourse observed processes of different directions. Research evidence shows that it is necessary to take into account the problem of succession, analogies and special features of the state in the imperial tradition of the Imperial confederations.The article deals with diversified approaches to the problems by adding the migratory habits of political entities of their systematization and reconstruction of a complex set of different types and models of power coupled into a single imperial structure.

Ж.Е. Жаппасов, Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Қазақстан тарихы каф-ның доценті, т.ғ.к., zhappasov-74@mail.ru, Н.А. Тасилова, Қазақстан тарихы каф.доценті, т.ғ.к., М.
ӘӨЖ 930.2:94(574): ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР

Бүгінгі таңда Қазақстанның тарих ғылымында деректану мен тарихи зерттеу әдістері мәселесіне ерекше көңіл аударылуда. Қазақ халқының толыққанды іргелі тарихын жазу үшін, ең алдымен сол тарихтың негізін құрайтын деректермен жұмыс істей білу қажет. Үлкен теориялық және методологиялық дайындықты қажет ететін деректану ғылымы – ұлттық тарихты тың, дәйекті мағлұматтармен байытып, толықтыру үстінде. Ортағасырлық Қазақстан тарихында XV ғ. соңы мен XVІ ғ. аяғына дейінгі аралық ерекше орын алды. Өйткені, бір ғасырға созылған осы бір тарихи кезең ішінде Қазақ хандығында тарихи маңызы зор күрделі өзгерістер болып өтті. Қазақстан тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Бұл мақалада Орталық Азияда жазылған қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы толық және құнды мәліметтер беретін XV-XVII ғасырлардағы парсы тіліндегі жазба ескерткіштер қарастырылады. Өткеннің тарихын қайта жаңғыртып, қайта қалпына келтіру үшін түрлі жазба деректерді пайдаланып, ол деректердің ерекшелігі мен сабақтастығын, беретін мағлұматтарының әралуандылығын талдап, обьективті ақпараттарды алу жолдарын қарастыруымыз қажет. XV-XVII ғасырларда Орталық Азияда жазылған деректердің мәліметтері Қазақ хандығының тарихынан анағұрлым толық және жан-жақты мағлұматтар береді. Оларды тиімді түрде классификациялау зерттеушіге жүйелі әрі толыққанды зерттеулер жүргізуге септігін тигізеді.

Сыздықов С.М., т.ғ.д. профессор
«Мәңгілік Ел» идеясы: саяси-философиялық негіздері және тарихи сабақтастығы

Мақалада тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы өзінің бастауын ежелгі ата-бабаларымыз болып саналатын түркілердің «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеологиясынан алатындығы қарастырылған. Ортағасырлық түркілердің «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеологиясының философиясы әл-Фараби шығармаларында, саяси-құқықтық қағидалары Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» еңбегінде негізделіп, ал саяси манифест ретінде Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк бітіктастарында жарияланғандығы баяндалған. Сонымен қатар идеяның тарихи сабақтастығы да зерделенген.