Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Macro- and Microhistory

Macro- and Microhistory

ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 96-106 
 ҒТАМР 03.41.91 
 Қ.А. Жамбулатов* 
 Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты. Қазақстан, Алматы. 
 *Автор-корреспондент 
E-mail: kairo_88@inbox.ru (Жамбулатов) 
 Аңдатпа. Мақалада қазіргі Батыс Қазақстан аумағында б.д. ІІ ғ. екінші жартысы – IV ғ. аралығында өмір сүрген көшпелі халыққа тән жерлеу салтын сипаттайтын статистикалық мәліметтер келтірілген. Іріктемеге барлығы екі жүзден астам нысан есепке алынды. Жайық өзенінің бойы мен Мұғалжар маңында орналасқан кейінгі сармат мәдениеті ескерткіштерінің өңірлік ерекшеліктерінің бар екендігі байқалады. Бұл ерекшеліктердің қатарына қорым ішінде «П» және «батпантас» («гантель») тәрізді бірегей нысандардың кездесуі, жерлеу ғұрпының бірнеше түрлерінің таралуы жатады. Дегенмен, аталған екі өңірдегі кейінгі сармат ескерткіштерінде де қос өңірге ортақ қасиеттер сақталған. Олардың қатарына: қабір шұңқырының пішіні, жерленген адамның басын солтүстік секторге қарату, бас сүйек деформациясы және т.б. жатады. Атап айтқанда, Батыс Қазақстанның барлық аумағында таралған жерлеу салты, атап айтқанда, қабір шұңқырларының пішіні, жерлеу мүлкі және т.б. ерекшеліктері ортақ, әрі біртұтастыққа ие. Бұл нысандар нақты бір жерлеу салты, діни-ғұрыптық жерлеу немесе тек діни мақсатта қолданылған. 
 Түйін сөздер: Батыс Қазақстан, кейінгі сармат кезеңі, қорым, «батпантас», жерлеу салты.
ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 119-132 
 IRSTI 03.09.55 
 R. Zakarya 
 Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Kazakhstan, Almaty. 
 *Corresponding author 
E-mail: krzakarya@gmail.com (Zakarya Rakhmetolla) 
Abstract. Since the 1930s, due to external political circumstances, the party's attitude towards foreign emigrants has changed. The possibility of spreading anti-Soviet propaganda among the peoples or carrying out sabotage caused the need for a "purge" among emigrants. Before the beginning of the "Great Terror", the procedure for arresting foreigners was somewhat different from the procedure for arresting Soviet citizens: for each such arrest or search, the sanction of the People's Commissar of Internal Affairs or his deputy was required. They also determined the jurisdiction of the case and sent them either to the court, or to the tribunal, or to the Military College. If, as a measure of social protection, expulsion abroad was supposed to be decided by a Special meeting, then it was preferable to do without arrest at all. The "Great Terror" left little of these rules: coordination with Moscow during arrests and searches was no longer required. Political emigrants became hostages of the Soviet system, Soviet politics, they were isolated, they were under vigilant control, they were "dissolved" in society. 
Key words: USSR, repression, foreigners, politics, anti-imperialism.
ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 133-142 
 ҒТАМР 03.20.00 
А.Ғ. Ибраева¹ , А.С. Темирханова²* , Т.С. Садықов² 
 1М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Қазақстан, Петропавл; 
 2Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан, Нұр-Сұлтан. 
 *Автор-корреспондент 
E-mail: akmaral1971@mail.ru (Ибраева), asema_sko@inbox.ru (Темирханова), sadykov_ts@enu.kz (Садықов). 
Аңдатпа. Мақалада қазіргі кезеңдегі гуманитарлық ғылымдар жүйесінде этнос жəне этногенез теорияларын зерттеудің мəселелерін, этникалық зерттеулердегі негізгі методологиялық əдістемелерін талдаған ізденістерді жүйелейді. Сонымен қатар аталған мақалада этнос, этногенез, этникалық тарихқа көңіл бөлінеді. Этнос ұғымы, оның пайда болуы, рөлі, тарих процесінде дамуы әлі күнге дейін ғылымда біржақты түсінік жоқ екені белгілі. Əр этностың өмір сүруі мен одан əрі дамуы көп жағдайда басқа этностармен өзара тығыз байланыста болған. Академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев қазақ тарихында қандай мəселесі болмасын жан-жақты зерттеген. Әсіресе қазақ халқының шығу тегі мен мемлекет болып қалыптасу тарихы туралы аса қажетті зерттеулерінің маңызы зор. Тарих теориясының негізін қалаған ғалым-зерттеуші әлі де айтары мол еді. Біздің пікірімізше, ғалымның шəкірттері мен артында қалған ұрпағы қазақ тарихын одан да биік деңгейге көтереді. 
Түйін сөздер: Манаш Қозыбаев, академик, этнос, ұлт, тарих, тұлға, концепция, этногенез, теория, қазақ.
ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 143-154 
ҒТАМР 03.20.00 
 М.С. Исаев1* , С.Т. Шаметов2 , Р.Т. Джаппарова1 
 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан; 
2«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қазақстан, Түркістан. 
 *Aвтoр-кoррoспeндeнт 
Е-mail: mukhtar.issayev@ayu.edu.kz (Исаев), shayan65@mail.ru (Шаметов), jan-rau@mail.ru (Джаппарова) 
 Аңдатпа. Мақала Қазақстандағы 1918-1953 жж. аралығындағы мұсылмандық діни мешіттер мен киелі жерлерге қарсы кеңестік саясаттың кезеңдік ерекшеліктерін, салдарын айқындауға арналған. Сонымен қатар, кеңестік дінмен күрес саясатының жасырын қарсылық танытқан сопылардың халық діни дәстүрі мен дүниетанымын сақтап қалу үшін жасаған іс-әрекеттері мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы «Қылует» жерасты мешітінің жағдайы, жабылу тарихы қарастырылады. Кеңестік кезеңдегі дінге қарсы жүргізілген саясаттың құқықтық базасы саналатын декреттер, заңды күші бар құжаттар, архив құжаттары мен зерттеу еңбектер ғылыми мақаланың дереккөздері ретінде талданды. Зерттеу нысанын анықтауда тарихи деректер мен тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстыру, болжам жасау, талдау тәсілдері қолданылды. Тарихи кезеңдегі мешіттер мен киелі жерлерге қатысты кеңестік саясаттың шынайы бейнесін тың архив құжаттары негізінде ғылыми қалпына келтіру зерттеу жұмысының жаңалығын көрсетеді. Мақаладағы ғылыми нәтижелер тарихи танымымызды толықтырып, өскелең ұрпаққа халқымыздың діни-рухани тарихын танытатын болады. 
 Түйін сөздер: кеңестік саясат, дінмен күрес, ислам діні, сопылық, жерасты мешіттері, киелі жерлер, қылует.
ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 169-181
ҒТАМР 03.20.00 
Б.Е. Көмеков1 , Ә.М. Ташқараева2* 
 1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан; 
 2 М.Х. Дулaти aтындaғы Тaрaз өңірлік унивeрситeті, Қaзaқстaн, Тaрaз. 
 *Автор-корреспондент 
E-mail: bkumek@mail.ru (Көмеков), assel_muxtarovna@mail.ru (Ташқараева) 
Аңдатпа. Еуразия кеңістігінің ежелгі және орта ғасырлардағы тарихын шежірелер мен ортағасырлық авторлардың жазбалары арқылы зерттеу осы өңірді мекен еткен халықтардың өткен тарихын жан-жақты әрі кеңірек білуге ықпал етеді. Осыған орай, мақалада Хиуа ханы әрі тарихшысы Абу-л-ғазидің «Шежіре-и-таракиме» шығармасындағы ауызша деректер салыстырмалы түрде талданады. Шығарма деректеріне сәйкес, Адам атаның пайда болуынан ХVII ғасырдағы оғыз-түрікмендер тарихына дейінгі халық жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз-әңгімелер ғылыми тұрғыда сараланып, тәпсірленіп, маңыздылығы анықталады. Сондай-ақ, мақалада ежелгі және ортағасырлық тарихты зерттеудегі аңыз және шежірелік деректердің маңызы қарастырылады. Бұл аңыз-әңгімелер мен шежірелік деректер басқа да ортағасырлық авторлардың мәліметтерімен, халық арасында кеңінен таралған ауызша дәстүр деректерімен салыстырмалы түрде қарастырылады. Түйін сөздер: Абу-л-ғази, шежіре, оғыздар, түрікмендер, деректеме, қолжазба, тайпа, ру, халық.