С.М. Борбасов¹*
ID.
¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы
*Автор-корреспондент
Е-mail: Borbasov54@mail.ru (Борбасов)
Аңдатпа. Мақалада 1917-1919 жылдар аралығында Семей қаласында шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің ұстанымдары талданады. Газеттің басты бағыты «Алаш» партиясының ұлт-азаттық идеялары қазақ қауымына түсіндіру және насихаттау болғандығы көрсетіледі. «Сарыарқа» газетінің бүгінгі зерттеушілерге қол жетімді болып отырған 54 санындағы демократиялық қоғам құру идеялары талданады. «Алаш» партиясының серкелері Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың т.б. қазақ қауымын демократия идеялары мен принциптерін қалай түсіндіргендігі ашылады. Әсіресе Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлауды, Қазақ комитеттерінің жергілікті билік органы ретіндегі ықпалын арттыруды мақсат еткендігі дәлелденеді.
«Сарыарқа» газетінің қазақ халқын демократиялық күреске жұмылдырудың жолдарын, тәсілдерін, стратегиясы мен тактикасын насихаттауы талданады. «Сарыарқа» қазақ қауымын демократиялық қоғам құру мақсатында өзінің ұлттық ішкі потенциалына ғана сенуін тәрбиелеуге ұмтылуын жақтағандығы айтылады.
Түйін сөздер: Құрылтай жиналысы, қазақ қауымы, демократиялық қоғам, ұлттық таңдау,
«Алаш» қозғалысы, эволюциялық даму, саяси лидер, ұлттық автономия, қазақ комитеті,
мецанаттық, ұлтшылдық идеологиясы, социал-демократия.