Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz"

Electronic magazine "edu.e-history.kz" № 2(30), 2022

ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 143-154 
ҒТАМР 03.20.00 
 М.С. Исаев1* , С.Т. Шаметов2 , Р.Т. Джаппарова1 
 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан; 
2«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қазақстан, Түркістан. 
 *Aвтoр-кoррoспeндeнт 
Е-mail: mukhtar.issayev@ayu.edu.kz (Исаев), shayan65@mail.ru (Шаметов), jan-rau@mail.ru (Джаппарова) 
 Аңдатпа. Мақала Қазақстандағы 1918-1953 жж. аралығындағы мұсылмандық діни мешіттер мен киелі жерлерге қарсы кеңестік саясаттың кезеңдік ерекшеліктерін, салдарын айқындауға арналған. Сонымен қатар, кеңестік дінмен күрес саясатының жасырын қарсылық танытқан сопылардың халық діни дәстүрі мен дүниетанымын сақтап қалу үшін жасаған іс-әрекеттері мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы «Қылует» жерасты мешітінің жағдайы, жабылу тарихы қарастырылады. Кеңестік кезеңдегі дінге қарсы жүргізілген саясаттың құқықтық базасы саналатын декреттер, заңды күші бар құжаттар, архив құжаттары мен зерттеу еңбектер ғылыми мақаланың дереккөздері ретінде талданды. Зерттеу нысанын анықтауда тарихи деректер мен тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстыру, болжам жасау, талдау тәсілдері қолданылды. Тарихи кезеңдегі мешіттер мен киелі жерлерге қатысты кеңестік саясаттың шынайы бейнесін тың архив құжаттары негізінде ғылыми қалпына келтіру зерттеу жұмысының жаңалығын көрсетеді. Мақаладағы ғылыми нәтижелер тарихи танымымызды толықтырып, өскелең ұрпаққа халқымыздың діни-рухани тарихын танытатын болады. 
 Түйін сөздер: кеңестік саясат, дінмен күрес, ислам діні, сопылық, жерасты мешіттері, киелі жерлер, қылует.
ISSN: 2710-3994 
Volume 2 Number 30 (2022) 169-181
ҒТАМР 03.20.00 
Б.Е. Көмеков1 , Ә.М. Ташқараева2* 
 1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан; 
 2 М.Х. Дулaти aтындaғы Тaрaз өңірлік унивeрситeті, Қaзaқстaн, Тaрaз. 
 *Автор-корреспондент 
E-mail: bkumek@mail.ru (Көмеков), assel_muxtarovna@mail.ru (Ташқараева) 
Аңдатпа. Еуразия кеңістігінің ежелгі және орта ғасырлардағы тарихын шежірелер мен ортағасырлық авторлардың жазбалары арқылы зерттеу осы өңірді мекен еткен халықтардың өткен тарихын жан-жақты әрі кеңірек білуге ықпал етеді. Осыған орай, мақалада Хиуа ханы әрі тарихшысы Абу-л-ғазидің «Шежіре-и-таракиме» шығармасындағы ауызша деректер салыстырмалы түрде талданады. Шығарма деректеріне сәйкес, Адам атаның пайда болуынан ХVII ғасырдағы оғыз-түрікмендер тарихына дейінгі халық жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз-әңгімелер ғылыми тұрғыда сараланып, тәпсірленіп, маңыздылығы анықталады. Сондай-ақ, мақалада ежелгі және ортағасырлық тарихты зерттеудегі аңыз және шежірелік деректердің маңызы қарастырылады. Бұл аңыз-әңгімелер мен шежірелік деректер басқа да ортағасырлық авторлардың мәліметтерімен, халық арасында кеңінен таралған ауызша дәстүр деректерімен салыстырмалы түрде қарастырылады. Түйін сөздер: Абу-л-ғази, шежіре, оғыздар, түрікмендер, деректеме, қолжазба, тайпа, ру, халық.