Яндекс.Метрика
Главная » Материалы » ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАРУ– ЖАРАҚТАРЫ

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАРУ– ЖАРАҚТАРЫ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(06), 2016

Автор:
Түйіндеме. Мақалада қазақ даласын мекен еткен байырғы көшпелi халықтарда қару-жарақ түрлерi мен типтерiнiң қалыптасу тарихына және олардың әртүрлі дистанцияда қолданылатындығы қамтылған. Қазақ халқы қару-жарақты қадірлеп, әдетте оларға қылышты, найзаны, садақты, сауытты, шоқпарды жатқызған. Қазақ жоңғар қақтығысы кезінде, қазақ хандары мен сұлтандар,билер мен батырлар Мәртөбе мен Күлтөбенің басына жиналып кеңес құрған. Сол кеңеске келген жауыңгердің бірде-бірі жиналысқа қарусыз келмеген. Қарусыз келген жауыңгерге орын берілмеген және ол сайлауда дауыс бере алмаған. Тынымсыз соғыстар, қазақ даласын жаулап алу мақсатында жүргізілген шапқыншылықтардан қорғану мақсатындағы күрес қазақ тайпаларының бойында жауынгерлік, батырлық дәстүрді қалыптастырды. Хандар мен сұлтандардың өзі сыртқы саяси мәселелерді шешкенде белгілі батырлардың әскери және саяси қолдауына сүйенді. Ханның күштілігі мен беделі оны қолдаушы батырлардың тектілігі мен саны арқылы да танылды. Ханның өзі кейде жорықтардан қалып, батырларды жасақтарымен бірге аттандырып отырған. Түйін сөздер: қазақтың қару-жарақтары, қару –жарақ, садақ пен жебе, отарлау саясаты, тарихи мұра тарихи ескерткіш, сәулетші
Содержание:

Тарихқа терең үілсек, ата – бабаларымыз қазақ даласын жаулап алу саясатын жүргізген жауларының шапқыншылықтарынан қорғауда ғасырлар бойы күресіп келген. Осындай жаугершілік заманында қазақ батырлары қолдарына қару алып елді, жерді азат еткен ерлердің есімдері ұранға айналып, олар ұстаған қарулар ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалып отырған. Ер азаматтың жаугершілік заманда жаумен шайқасқанда жеңіске жетуі оның астындағы тұлпары мен үстіндегі сауыты, қару-жарағына байланысты екені белгілі. Халқымыз бұл ойды «ер қанаты -ат»,«ер қуаты–қаруы» деп тұжырымдаған.Осы тұрғыдан алғанда қазақ халықының қаруы оның ерлікке толы өмірінен мәлімет беріп,еркіндікке ұмтылған мақсатын көрсете ді.

Қазақтың қару-жарақтары, әскери өнері, сауыт-сайманы, көшпелілердің соғыс тәсілдері жайлы тақырыптарда көптеген ғылыми зерттеулер, танымдық анықтамалар жарыққа шықты. Қазақ қаруын этнографиялық тұрғыдан алғаш зерттеушілердің бірегейі ғалым – Ш. Уәлиханов болды. Оның «Вооружение киргизов в древние времена и их военные доспехи» атты зерттеуінде және басқа еңбектерінде XVIII - XIX ғғ. қазақтың суық және от қарулардың түрлері мен типтерін, жасалу технологиясы, қазақ тіліндегі дәстүрлі кәсіби атаулары, олардың қолданылуы, қазақ халқының қару-жарақпен байланысты ырымдары туралы мәселелер қарастырылды [1].

Қазақ даласын мекен еткен байырғы көшпелi халықтарда қару-жарақ түрлерi мен типтерiнiң қалыптасу тарихына тоқталатын болсақ,  олардың қару-жарағы алыс қашықтықта, орта қашықтықта және жақын дистанцияда қолданылатын қарулар және қорғаныс жарағы болып бөлiндi.

Қазақ халқы қару-жарақты  қадірлеп, жеті қазынаның біріне жатқызып, әдетте оларға қылышты, найзаны, садақты, сауытты, шоқпарды жатқызған. Қазақ батырлары соғыс кезінде  жекпе-жек шайқастарда садақпен ату, найзамен түйреу,  қылышпен кесу, балталасу мен шоқпарласу түрінде өткен.  Содан болар, халық арасында «Ер қаруы - бес қару»  деп айтылған.  Қарудың түрі бесеу болатындығы туралы Қ.Ахметжанов былай дейді: «Қару-жарақ түрлерінің бесеу болып қалыптасуы олардың өзіндік, бірін-бірі ауыстыра алмайтын жеке қызметінің (функциясының) болуына байланысты. Соғыс қаруларының жұмсалу тәсілі бес түрлі болып қалыптасқан. Олар – ату (садақ не мылтық), кесу (қылыш), түйреу (найза), шабу (айбалта), соғу (шоқпар). Басқа қарулар осы бесеуінің вариациялануы, түрленуі ғана. Сондықтан айқаста бұл бес қару бірінің орнын бірі баса алмайды» [2, 46-б.].  Ал «қару» және «жарақ» сөздерінің астарына үңілу халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қасиетті құралдың орнын анықтауға көмектеседі. Зерттеушілер  бұл екі сөздің «қару» сөзі «қар» деген түбірден туындап, ұстау деген мағынаны білдірсе, «қару» қолға ұстайтын соғыс құралдарының ортақ атауына айналған.Ал, «жарақ» сөзіне байланысты пікірлер алуан түрлі, олардың кейбіріне тоқтала кетсек, мысалы М. Қашқаридің «Диуани Лұғат-ат түрік» еңбегінде «jarыk-жарақ:шайқасқа киіп шығатын темір сауыт, қалқандардың кез-келгеніне қолданатын ортақ атау» [3,25-б.] деп көрсетілген. Тарихта көшпелілер өмірінде  қару асынып жүру жаугершілік заманда ғана емес, бейбіт өмірде де дәстүрге айналды. Қазақ халқының тарихы мен олардың шаруашылығына байланысты жазылған еңбектерде көшпелілік қазақтардың әдет құқықтарына тәуелді болғандығы туралы айтылады. Көп ғұмырын соғыспен өткізген қазақ халқы арасында тараған «Борышыңды көпке созба, қаруыңды үйде қалдырма» деген мақал, сөзге ой түйген бабаларымыз батырдың жарақсыз құр қара күшке сенуін құптамағандығын  қуаттайды.Қайрат-күші кемімеген батыр өз еркімен қаруынан айрылмайды. Қаруынан айрылу өліммен тең. Батыр қаруынан айрылса басынан бағы тайғандай күй кешеді, ол тек қолына қаруын қайта түсіріп, атына мінгенде ғана қайраты арта түседі. М. Қашқари сөздігінде басында дулығасы, үстінде сауыты жоқ ерді «башнақ ер» деп атайды, оны аударған А. Егеубай «жалаң деген мағынаны білдіруі мүмкін» дейді[3,526-б.].Осы ойлар да халықтың «Қару дайындаған құлын болар, қаруды ұмытқан тұтқын болар» деген бір ауыз сөзімен түйінделген. Қазақ жоңғар қақтығысы кезінде, қазақ хандары мен сұлтандар, билер мен батырлар Мәртөбе мен Күлтөбенің басына жиналып кеңес құрған.Кеңеске келген жауыңгердің бірде-бірі жиналысқа қарусыз келмеген. Қарусыз келген жауыңгерге орын берілмеген және ол сайлауда дауыс бере алмаған. Тынымсыз соғыстар, қазақ даласын жаулап алу мақсатында  жүргізілген шапқыншылықтардан қорғану мақсатындағы күрес қазақтың бойында жауынгерлік, батырлық дәстүрді қалыптастырды. Хандар мен сұлтандардың өзі сыртқы саяси мәселелерді шешкенде белгілі батырлардың әскери және саяси қолдауына сүйенді. Ханның күштілігі мен беделі оны қолдаушы батырлардың тектілігі мен саны арқылы да танылды. Ханның өзі кейде жорықтардан қалып, батырларды жасақтарымен бірге аттандырып отырған. Көшпелі халықтың алыс, орта және жақын қашықтықта қолданылатын қарулар және қорғаныс жарақтар болып бөлiндi. Ерте заманнан евразиялық көшпелi халықтар жауынгерлерiнiң алыс қашықтықта айқаста қолданған басты қару түрi-жақ болды. Белгiлi қару зерттеушi М.В.Горелик жақтарды конструкциясына байланысты қарапайым типi, күшейтiлген типi, күрделi типi, құрамды типi деп 4 типке бөледi [4,59-б.].Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректерге  сүйенсек көшпелi садағының ең көне түрi «скифтiк типтегi садақ» деп аталатын түрi болды. Жақтың ұзындығы шамамен 60-80 см, соған сәйкес оғының ұзындығы 60-70 см болды. Дала көшпелiлерінің б.з. дейiнгi III ғасырдан бастап садақтың жасалуы әрi жетiлдiрiлiп, алысқа ату үшiн адырнаның иiндерi ұзартылып, бастары мен белi атқан кезде қозғалмас үшiн 7 сүйектермен күшейтiлген болып жасалған. Садақтың бұндай түрін ғалымдар көшпелі жауынгер  ғұндар  садағы  деп атады. Еуразия аумағын б. з. I-II мыңжылдығында мекендеген көшпелілер  жақтарының жекелеген түрлерi осы ғұн садағының негiзiнде дамыды. Археологиялық қазба кезінде ғұн, түркі заманына жататын обалардан мұндай адырна сүйектері жиі табылған.

Б.з. V-VI ғасырларында ғұн садағын әрi қарай жетiлдiру барысында пайда болған  «түркi  садағының» басты ерекшелiгi - оның иiнiң iшкi бетiне  сүйек салып,сүйектiң серпiндi күшi қолдануында. Археологиялық қазба барысында табылған садақ қалдықтары, адырна сүйектері, жақтың кішкене модельдері көне түркілердің бейнелеу өнері ескерткіштерінде садақтың суреттері, оның формасын, көлемін, белге тағылу әдісін толық қалпына келтіруге мүмкіндік беретінін Қ.Ахметжанов еңбектерінде қамтылған[2,53 б.].

 Бұл садақ та күрделi - құрама садақ болды, ұзындығы 120 сантиметр. XIII ғасырда көшпелiлер садағының төртiншi түрi – «моңғол садағы» қолданысқа ендi. Бұл садақтың адырнасы екі түрлі ағаштан жасалынып, иіндері бір немесе екі жағынан сүйекпен күшейтілген. Санк –Петербургтегі этнография музейінде қойылған моңғол садағының  иінінің екі жағынан сүйекпен күшейтілген. Иіні мен басының түйіскен жерінде кіріс адырнаны қатты ұрмас үшін сүйектен яғни малдың бақайшағынан  жасалған қорғаныш бар. Жақты бұлай жасау сол кезеңдегі күллі түркі монғол халықтарына ортақ жасау әдісін қолданғандығы туралы Сольовьев өз еңбектерінде қарасырып кеткен[5, 27 б.]. Қазақ садағы да осы үлгідегі садақ. Оның да иіндері сүйекпен күшейтіліп, басы ағаштан бөлек жасалып иініне бекітіледі. Жақтың адырнасына қайын, қарағай,қолданылып, оның иініне малдың қабырға сүйегі қолданылған болуы керек. Жақтың иінінің бетіне тарамыс жапсырылып,құралған бөліктері қайыспен буылып, су өтпес үшін майға суарылып, қайыңның тозымен қапталады.Кейде жақтың терімен қапталған түрі де кездеседі. 

XV ғасырдан бастап серпiнi күштi болу үшiн әртүрлi материалдардан, бес буыннан құралып жасалған жақтың бесiншi түрi қалыптасты. Жақтың бұл үлгiсi көшпелiлер садағының дамуының соңғы кезеңі деуге болады. Еуразия даласын мекен еткен көшпелiлердің қару-жарақ түрлерi мен типтерiнiң қалыптасуынан біз,  олардың қару-жарағы алыс қашықтықта, орта қашықтықта және жақын қашықтықта қолданылатын қарулар және қорғаныс жарағы болып бөлiнетіндігін байқадық. Көшпелiлер садағының: скифтiк типтегi садақ, ғұн садағы, моңғол садағы деген түрлері болғандығын аңғардық. Солардың негізінде қазақ садағы да жасалып, осы үлгідегі садақ деп аталатын күрделi садақ түрi болды.

Б.з. дейiнгi I-мыңжылдықтың ортасынан б.з V ғасырына дейiн көшпелi жауынгерлерiнiң жақ пен жебенi бiрге салып алып жүретiн садаққабы терiден екi қалталы болып  жасалатын. Түркi заманынан бастап (V-VШ ғ.ғ.) жақ пен оқтың қаптары екi бөлек жасалды.Қазақтарда садақ пен жебе бұрын басты қарудың бірі болып, қазақ жауынгерлері садақ тарту өнерін жетік меңгерген болатын.Ілгеріде көптеген аңшы, жауынгерлердің, батырлардың есіміне «мерген» аты қосылып айтылуы да осының дәлелі.

Қазақтарда 22 наурыз мейрамы уақытында жүзіктің көзінен жебені өткізетін сайыстар болған. Сол сайыста құралайды көзген атқан мергендер жарысқа түсіп, үлкен атақты иеленген. Садақтың адырнасы бес функционалдық бөліктен құралып жасалады. Қолға ұстайтын жері – «белі», иілген бөліктері – «иіні»,  кірісі байланатын екі ұшы – «басы». Адырнаның белі мен басы қозғалмайды. Қатты бөлігі–иіні қозғалатын, серпінді бөлігі. Ал әр бөлік әр түрлі сүйек, мүйіз, ағаш, тарамыс, тері, тоз материалдарынан жасалатын бірнеше конструктивті элементтерден тұрады.  Жебе-садақ оғының масағы. Қорамсақ– садақ оғының сауыты. Оны белге байлап немесе иыққа асып алады. Қалың көннен жасап өрнектейді. Қорамса ішінен екі қатар көлденең таспа тартады, оған жебелерді қатарлай тізеді. Оқтың алуға оңай болуы үшін жебенің кірісі төмен қаратылады. Сабының түрлеріне, қанаттарына (қауырсындары), ұштарындағы оқтардың жасалу материалдары мен түрлеріне және оқтың жеке атаулары мен міндеттеріне қарай бөлінген.Жебелерді сабының түрлеріне қарай бөлуде оқ саптарының қандай ағаштан жасалуына, саптарының ұзындығына және оқ саптарының түсіне байланысты жіктеу жасауға болады. Қандай ағаштан жасалғанына қарай оқтардың «қу жебе», «қайың оқ», «тобылғы сапты оқ», «қамыс сапты оқ» деген атаулары болады.Батырлардың қарулануын бiлдiретiн, «бес қаруын асынды», «бес қаруы бойында», «бес қаруын сайланған» деген сөз тiркестерi  ана тiлiмiзде, ауыз әдебиетте жиi қолданылады. Соғысқа қатысты «ер қаруы» деген сөз тiркесi, халықтық әскери термин ретiнде, жай қару емес, соғыс қаруы, жауынгердiң соғыста қолданатын жеке қаруы (қылыш, айбалта, найза т.б.) деген ұғымды бiлдiрген.Қазақтың «ер қаруы - бес қару» сөздерiнiң астарында көшпелi халықтарда ертеден қалыптасқан, жауынгерлiк қаруды классификациялаудың осы өзiндiк жүйесi жатқанын байқауға болады. Ал осы оқтар көркем әдебиетте былайша көрініс табады: «Ши оқпен емес, тобылғы оқпен атам, - деді, Көшек қара ағаштың бұтағынан иілген, әдемі кішкентей садағын сайлап. - Мына ұшқыр оқтарым жоғалмасын деп қой ши оқпен атып жүргенім. Сырты күмістелген кішкене, былғары қорамсағынан бір уыс қызыл тобылғы оқ суырды. Тобыршығы - жез, қауырсын орнына бір-бір тұтам шуда жіп байлаған» [6, 27 б.].

«Ер Тарғын» жырынан«доғал оқ» деген оқ түрін көруге болады: «Тарғын бұл Қартқожаққа кезек беріп, атсаң ат деп, қарсы қарап тұрып еді, Қожақ мұны сыйлап, атуға қимады. Не үшін десеңіз: «мен алпыс беске келген, сақалым қуарған бір қарт шалмын, бұл ғой, жас болса да, қасындағы Ақжүністей сұлуды қиып, әм өзінің жанын қиып, маған қарсы тұрды. Бұл өте батыр екен. Мұның өзін де атпайын, атын да атпайын тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын жалғыз доғал оқпенен атып уатайын. Соныменен өзімнің оны аяп атпағанымды білдірейін, оның ақылы болса, ойлап білер де, қызды маған тастар да, жүре берер» - деп, бір жалғыз доғал оқпенен салып қалғанда, Тарғынның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын күлпара қылып уатып кетті» [7, 135 б.]. 

Көшпелілердің қару-жарақтары, соғыс тәсілдерін қамтыған тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер, танымдық еңбектердің ішінде ер қаруы бес қарудың бірі садақ және оның жебесі туралы біршама еңбектер жарыққа шыққан. Оның кейбірінде жебенің қалай жасалғаны, не мақсатта пайдаланатындығы, қандай қашықтыққа ұшатындығы, салмағы мен ұзындығының қандай екендігі бойынша ғылыми тұрғыдан сипаттама беріліп, зерттелген. Ал  қазақ халқының  ауызша және жазбаша әдебиетіндегі батырлар жыры, ертегілер, аңыз әңгімелерде, ондағы берілген кейіпкерлердің барлығының батырлығы мен олардың қолданған қару жарақтарының түрлері  мен жебелерінің атаулары айтылады. Зерттеуші ғалымдардың деректеріне сүйенсек, қазақ халқының  ауызша және жазбаша әдебиетінде жебе атауларының 40-қа жуық аттары анықталып, олар  жырларда, дастандарда және көркем әдебиетте қалай қолданылғандығы жайында айтылған. 

Қазақ халқының  қару-жарақтарын зерттеуші Қ. Ахметжан соғыста және аңшылықта қолданылатын садақ оқтарының бірнеше түрлері болатындығын айтады. Садақ  оғы ұшының формасы, жасалу материалы мен қолдану қызметі арқылы анықталды дей келіп, қазақ оқтарының жебелерін жасалған материалына сәйкес топқа, жебе басының пішініне байланысты типке, қимасына байланысты үлгіге, ал ұзындығына байланысты нұсқаға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан садақ оқтарының ең бір жүйелі жүргізілген жіктеуі екенін айта кету керек. Жебеге қатысты  атауларды М. Қашқари еңбегінен кездестіруге болады. Мысалы «азұқоқ» (қаңғырған оқ), йасыш (жебенің басындағы темірі), темүркен немесе теміркен (бұларда оқтың темір ұшы), тылы (оқтың басына (ұшына) байланатын қайысы), борыбасы (оқ басының жебе ұшына еңгізілетін тұсындағы кертік, айылбасы) және шырғұй (жебе басының қалың, жуантық басы) [3, 314 б.]. Бұдан біз, жебенің түрлерінің көптігі және оның ішінде бізге жеткен жебе атауларының бір бөлігімен ғана танысып отырмыз. Ата бабаларымыздан қалған мұралар көп, одан өзімізге қажетін аламыз  және оның өтеуі ретінде береріміз де көп.

Қару-жарақ соғыс өрті толастамаған заманда аман қалудың, жан сақтаудың бірден-бір құралы болды.Қазақтың бес қаруының бірі – садақ пен оның  жебесінің осынша көп  түрі мен атауы болуы көшпелі әскери өнер мен дәстүрдің қазақ даласында  күрделі даму жолының болғандығын байқаймыз. Көшпелі әскери өнердің өте жоғары деңгейде дамығанын, қазақтың қару-жарақтарының ертеден қалыптасқандығы, оның ұлтымыздың жауынгерлік салты мен қазақтың бойындағы жауынгерлік рухты қалыптастыруда алар орынын көрсетеді.

Әдебиеттер:

1.Валиханов Ч. Избранные труды. Под ред. А.Маргулана. – Алматы: Худ.лит,1958. – С. 643.

2.Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. – Алматы: Дәуір, 1996. – 240 б.

3. Қашқари М. Түрік сөздігі. 3-кітап / Аударған А. Егеубай. – Алматы: Хант, 1998. – 600 б.

4.Ахметжан Қ.С.Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. - Алматы.,  2006. – 216

5.Сольовьев А.М. Военное дело коренного населения Западной Сибири. Эпоха  средневековья. – Новосибирск. – 1987.

6.Мағауин М. Аласапыран. (Тарихи роман) 1,2-кітап. – Алматы: Жазушы, 1988. – 830 б.

7.Қазақ ертегілері (Құраст.Е.Дүйсенбайұлы). – Алматы:Жазушы,2009. – 320 б.

References:

1. Valikhanov Ch. Izbrannye trudi. Pod red. A. Margulana. – Almaty: Hud.lit, 1958. –S. – 643.

2. Akhmetzhanov Q.S. Jaragan temir kigender: Batyrlardin qaru- jaragi, askeri oneri, salt-dasturleri. – Almaty: Dauir, 1996. – 240 b.

3.  Qashqary M. Turk sozdigi. 3-kitap. //Audargan A. Egeubay. – Almaty: Hant, 1998. -600 b.

4. Akhmetzhan Q.C. Qazaqhtyn dasturli qaru-jaraginin etnografiyasi. – Almaty. – 2006. – 216

5. Sovolev A.M. Voennoe delo korennogo naselenie Zapadnoi Sibiriy. Epoha srednevekoviya. – Novosibirsk.,- 1987.

6. Magauin M. Alasapiran (Tarihi roman) 1,2-kitap. – Almaty: Jazushy, 1988. – 830 b.

7. Qazaqh ertegileri (Qurast. E.Duisenbayuly). – Almaty: Jazushy, 2009. - 320 b.

КОЗГАМБАЕВА Г.Б.

Традиционное оружие казахов

Резюме. В статье исследуется история появления оружия у кочевников, обитавших в казахской степи, виды и типы наступательного и оборонительного вооружения, а также оружия, используемого для ближнего и дальнего боя. 

Казахское вооружение разделялось на два основных вида: наступательное оружие - қару и  средства защиты - жарак. Весь комплекс вооружения на казахском языке называется «кару жарак». Наступательное и оборонительное оружие кочевников отличалось разнообразием.Казахи говорят: «Ер қаруы- бес қару», что в переводе означает: «воин владеет пятью видами оружия». Разделение боевого оружия на пять основных видов связано с характерным для каждого типа способом поражения, который является основной его функцией. В тяжелые времена, когда враги подходили к границам степи,  скотовод превращался в воина: вооруженные копьем, луком и саблей, кочевники защищали свою землю и свой народ от врагов. Во время казахско-джунгарской войны ханы, султаны, бии и батыры, собиравшиеся в Мартобе и Культобе провели совещание. Принимать в нем участие могли лишь те воины, которые явились вооруженными.  Безоружные не имели права голоса. Вследствие того, что нападения на казахские степи практически не прекращались, известные воины – батыры имели высокий социальный статус в обществе. При решении внутренних проблем ханы и султаны полагались на  политическую и военную поддержку знаменитых батыров. Сила и мощь хана опирались на авторитет батыров, которые поддерживали его. Даже в качестве главного военачальника в походе мог выступать батыр. 

Ключевые слова: казахское вооружение, оборонительное и наступательное вооружение, лук и стрелы, историческое наследие, колониальная политика

KOZGAMBAEVA G.B.

Traditional weapon of Kazakhs

Summary.In article the history of emergence of the weapon in the nomads living in the Kazakh steppe, types of offensive and defensive arms, and also the weapon used for near and far fight is investigated. 

The Kazakh arms were divided into two main types: the offensive weapon - karu and means of protection - zharak. All complex of arms in Kazakh is called "karu zharak". The offensive and defensive weapon of nomads differed in a variety.  Kazakhs says: "Er karuy – bes karu" that in translation means: "The soldier owns five types of weapon". Division of the military weapon into five main types is connected with way of defeat, characteristic of each type, which is his main function. In hard times when enemies approached steppe borders, the nomad turned into the soldier: armed with a spear, bow and a saber, nomads protected the earth and the people from enemies. During the Kazakh-Dzhung war khans, sultans, biys and the batyrs gathering in Martobe and Kultobe have held meeting. Only those soldiers who were armed could take in him part. Unarmed had no right to vote. Because attacks on the Kazakh steppes practically didn't stop, the famous soldiers – batyrs had the high social status in society. At the solution of internal problems khans and sultans relied on political and military support of the famous batyrs. Force and power of the khan relied on authority of batyrs who supported him. Even the batyr could act as the chief military leader in a campaign.

Key words: Kazakh arms, defensive and offensive arms, bow and arrows, historical heritage, colonial policy.


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь