Мақалада Қытай иероглифінің ең ертедегі үлгілерінің бірі болған сауыт-сүйек жазуының (жя-гу-уын) табылуы, зерттелу барысы, зерттеу жетістіктері баяндалған. Сонымен бірге, жазу мәдениетінің кез-келген мемлекет пен ұлттың өмір сүруі мен дамуындағы рөлін тарихи фактілермен ашуды қарастырған. Қытайдың өте көне өркениеті саналатын Шаң патышалығының қоғамдық құрылысы мен мемілекеттік жүйесіне сауыт сүйек жазулары арқылы зерттеу жүргізіліп, көптеген құнды мәліметтерге қол жеткізген. Сондай-ақ шарап ішу Шаң патышалығы дәуірінедгі жалпылама халықтық сипат алған ерекше мәдениет түрі болғанын, ақыры соңында шарап ішу мәдениеті Шаң патшалығының құлап қирандылар астындағы таихи ескерткішке айналуының басты себебі болғаны баяндалады.
This article discusses the potential of the Organization of Islamic Cooperation in resolving international conflicts. Today, international conflicts are a threatening problem of international security. The problem is aggravated by the fact that these conflicts are intractable and their roots lie very deep. They last a very long time since the conflicting countries do not seek a truce. It is important to note that most of these conflicts are within the OIC. Therefore, the resolution of these conflicts has become a key issue that remains at the top of the organization’s agenda.
The Organization of Islamic Cooperation (OIC) is the second largest intergovernmental organization after the United Nations, which includes 57 states. The organization is the collective voice of the Muslim world. It seeks to protect the interests of the Muslim world in the spirit of promoting international peace and harmony among the various peoples of the world. The organization was created by decision of the historic summit, which was held in Rabat, Kingdom of Morocco, on the 12th Rajab of 1389 (September 25, 1969) after the arson attack on the Al-Aqsa mosque in occupied Jerusalem.
One of the important point in the history of the organizations is the renaming of the «Organization of the Islamic Conferences» into the «Organization of the Islamic Cooperation» in the 38th session of the CFM, which was held in Astana, Kazakhstan in June 2011. Today, the OIC is a mini-UN for Muslims. The OIC actively cooperates with the UN, the EU and other international organizations in the fight against international terrorism and conflict.
Keywords: terrorism, international conflicts, international organizations, religion, Islam, Organization of Islamic Cooperation.
Мaқaлaдa жaһaндaну зaмaнындa өзекті болa түскен этникaлық сәйкестік пен ұлттық бірегейлік мәселелері көтеріледі. «Этнос» және«ұлт» түсініктеріне aнықтaмa бере отырып, этникaлық және ұлттық сәйкестік ұғымдaрының мәні aшылaды. Сондaй-aқ сәйкестікті қaлыптaстырaтын критерийлер мен фaкторлaр aнықтaлaды.
Aвтор «қaзaқстaндық» бірегейліктің ерекшеліктерін көрсете отырып, тaрихи отaнынaн жырaқтa қоныстaнғaн қaндaстaрдың сәйкестігінің ерекшеліктерімен қaтaр тaлдaу жүргізеді. Тәуелсіз Қaзaқстaндaғы жaлпымемлекеттік бірегейліктің мaңызы жaйлы сөз қозғaлaды.
Түйін сөздер: этникaлық сәйкестік, ұлттық бірегейлік, этнос, тaрихи сaнa, қaзaқ ұлты, ұрпaқтaр сaбaқтaстығы.
Бұл мақалада ұлттың тағдырын ойлаған қазақ зиялылары қауымының ХХ ғасырдың 20 жылдың соңы мен 30 жылдың басында патша үкіметі тұсындағы орыс үкіметінің отаршылдық саясатына, кеңестік жүйе кезіндегі большевиктік биліктің қыспағына қарсы шығып қуғын-сүргінге ұшырау тарихы зерттелген.
Қазақ азаматтарын қуғындау 30 жылдары қатты өршіп, мерзімді баспасөзде кеңестік жүйеге қарсы шығушылардың қатарын жұртшылыққа жариялауға белсене кіріскендігі, тұтқындалып, істі болғандар, мерзімдерін өтеп келгеннен кейін де үкімет тарапынан мұқият бақылауға алынып, олардың үстінен 1937-1938 жылы қайтадан іс қозғалып, ақыры қуғын-сүргін құрбанына айналғаны мәлім. Қазақстандағы бұл кездердегі қуғындау барысына қазақтың ұлт зиялыларымен қатар қарапайым жұмысшы да, шаруа да ілініп кетті.
Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының анықтамасында бұрынғы алашордашылар мен қазақ ұлтшылдарының революцияға қарсы әрекеттері келтірілген. Халық жауы ретінде айыпталғандарға қателіктерін жариялы түрде мойындауларын талап еткен. Қысым көрсету, қорқыту нәтижесінде көпшілігі өзіне жабылған жала айыпты мойындауғамәжбүр болды.
1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде қамауға алынған азаматтардың арасында 30-жылдары жаламен сотталып келгендер, ату жазасына кесілгендердің тағдыры қарастырылған.
Түйін сөздер: ұлт интеллигенциясы, патша үкіметі, отаршылдық саясат, большевиктік билік, буржуазиялық-ұлтшылдар, қуғын-сүргін, ұлтшылдық, жікшілдік.
Түркістан қаласының тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі ерекше кезеңнің бірі болып табылады. Бұл кезеңде Түркістан қаласын патшалық Ресей жаулап алып, онда өзінің отаршылдық саясатын жүргізуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ сол тарихи дәуірде қазақ халқының арасында отарлық тәуелділікке деген наразылықтың қарқын алуында Түркістан қаласы да өзіндік маңызға ие болды. Оның мұндай маңыздылығы 1917-1918 жылдардағы әлеуметтік-саяси үдерістер кезінде айқын сезілді.
Патшалық Ресейдің Түркістан қаласын жаулап алуын, онда өзінің отарлық билік жүйесін құруы және отаршылдыққа қарсыластықтағы Түркістан қаласының орны отандық тарих ғылымында арнайы зерттелген емес. Сондықтан да бұл мәселені қарастыру өзіндік ғылыми маңызға ие деп санауға болады.