Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Т.Ә. ӘПЕНДИЕВ, жетекші ғылыми қызметкері, PhD. А.Н. ҚОҢҚАБАЕВА, кіші ғылыми қызметкер, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Алматы қ.
ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚТАР: ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Ресей империясының құрамында болған кезеңде жүргізілген саяси-әкімшілік реформалардың барысында қазақ жеріне өзге ұлт өкілдерін қоныстандыра бастағаны, бұл үдерістің кеңестік дәуірде күшейе түскендігі баршамызға мәлім. Соның нәтижесінде қазақ халқының құрамы өзгерістерге ұшырап, көпұлтты, яғни полиэтникалық сипатқа ие болған еді. Қазіргі кезде Қазақстан территориясында жергілікті қазақ халқынан басқа тұратын ұлт өкілдерінің тарихын, мәдениетін, өмір сүру салтын зерттеудің маңыздылығы зор. Мақалада қазақ жерін ертеден қоныстанған түркі тілдес халықтардың бірі қарақалпақ халқы жайлы баяндалады. Ғылыми мақаланың мақсаты – қарақалпақ халқының этникалық шығу тегі, тілі мен жазуы, қолөнері, киімі, діні мен наным-сенімдері, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, мерекелері, асханасы мен тағамдары, шаруашылығы, отбасылық дәстүрі туралы мәліметтерді талдау болып табылады.

Т. ӘМИНОВ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы инстиутының аға ғылыми қызметкері, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, Нұр-Сұлтан қ.
ОӘЖ 394:944 А 62 ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ШЫҒАЙҰЛЫ (1820–1877) – КҮЙШІ, ДАРЫНДЫ КОМПОЗИТОР, ҰЛТТЫҚ КҮЙ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ

РІМақала атақты күйші-композитор, XIX ғасырдағы дала демократиясының даңқты өкілі Дәулеткерей Шығайұлы өмірі мен шығармашылығының маңызын ашуға арналған. Ол өзінің шыққан тегі бойынша далалық ақсүйектер өкілдерінің сол дәуірдегі неғұрлым атақты тобына жатады. Дәулеткерей өзі сұлтан болған кезінде үлкен абыройға, халық құрметіне бөленеді. Алайда, ата тегі мен шықан ортасына қарамастан, Дәулеткерей халқымыздың сүйікті композиторына айналады. Оның лирикалық нәзік күйлері қазақ халқының баға жетпейтін асыл қазынасы болып табылады. Өмірінің соңғы жылдарында Дәулеткерей өзінің білімі мен тәжірибесін жас орындаушыларға беруге тырысады. Шәкірттері оны құрметтеп «Бапас» (әке) деп атайды. Дәулеткерейдің музыкалық мұрасы осы шәкіртерінің арқасында біздің заманымызға жетіп отыр.

А.З. ЖУМАНОВА, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, PhD, доцент
ӘОЖ 94:81(47+57) ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ТІЛ САЯСАТЫ

Кеңес өкіметінің орнауымен тіл саясатында өзгерістер орын алды. Алғашқы жылдары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеруге байланысты оң іс-шаралар жүргізілді. Қазақтар шоғырланған аймақтардағы іс-жүргізуді қазақ тілінде орындау талаптары қойылды. Жергіліктендіру мақсатымен мемлекеттік мекемелерге қазақ тілін білетін мамандарды қабылдау айтарлықтай нәтиже бермегенімен, ұлттық қызметкерлерінің санының артуына мүмкіндік берді. Жалпы, 1937 жылға дейін Қазақстандағы тіл саясатында қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде дамуына байланысты бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Дегенмен, осындай бірқалыпты саясаттың екінші қыры да болды. Әсіресе, жазу жүйесінде арабшадан латыншаға ауысу үрдісі қазақ тілінің дамуына әсер етті. Оған «Алашорда» өкілдері барынша қарсы болып, осы өзгерістің қазақ тіліне теріс ықпал ететіндігін дәлелдеуге тырысты. А. Байтұрсынов латын алфавитіне қарсылық білдіріп, кириллицаға бірден өтуді ұсынды. Оның бұл ұсынысы, А. Байтұрсыновтың болашақта орыс тілінің, жазуының ортақ болатындығын байқағандығынан хабар береді. Кіліт сөздер: тіл саясаты, қазақ зиялылары, араб жазуы, латын графикасы, кириллица, кеңестік лингвистика

Б.К. АЛЬЖАППАРОВА, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева г. Астана, Республика Казахстан
УДК 94(574).02./08 ИЗ ИСТОРИИ ОТКОЧЕВОК В ЦЕНТРАЛЬНОМ КАЗАХСТАНЕ (КОНЕЦ 1920-Х-НАЧАЛО 1930-х гг..)

В статье рассматривается социально-экономическая ситуация, в которой оказалось казахское кре¬стьянство в результате проведения политики коллективизации в конце 1920-х-начале 1930-х гг. Также в статье приводятся конкретные факты, свидетельствующие о катастрофических последствиях этой политики, выразившиеся, в частности, в откочевках населения. В статье, с привлечением широкого круга источников, в том числе архивных документов, рассматриваются масштабы откочевок. Воссоздаются факторы обнищания казахского крестьянства, процессы переселения населения в города, в районы промышленных строек. Методологической и теоретической основой исследования выступили общенаучные принципы, прежде всего, принцип историзма. Новизна этого исследования заключается в том, что впервые был изучен региональный аспект этой проблематики.

Р.С. МЫРЗАБЕКОВА, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, т.ғ.к., доцент.
ӘОЖ 94"04/14" ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЕУРОПА МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ҚАЛАНЫҢ ОРНЫ

Феодалдық Еуропаның дамуындағы жаңа саты еуропа қоғамының экономикалық, саяси және мәдени өміріне іргелі түрде ықпал еткен ортағасырлық қалалардың пайда болуымен байланысты. Мақалада ортағасырлық батыс еуропалық қалалардың дамуына қатысты мәселелер көтеріледі. Ортағасырлар кезеңіндегі Батыс еуропалық қалалардың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы концепциялар анықталады.