ISSN: 2710-3994
Volume 2 Number 30 (2022) 119-132

https://doi.org/10.51943/2710-3994.2022.2.82

IRSTI 03.09.55

R. Zakarya

Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Kazakhstan, Almaty.

*Corresponding author

E-mail: krzakarya@gmail.com (Zakarya Rakhmetolla)

Abstract. Since the 1930s, due to external political circumstances, the party's attitude towards foreign emigrants has changed. The possibility of spreading anti-Soviet propaganda among the peoples or carrying out sabotage caused the need for a "purge" among emigrants. Before the beginning of the "Great Terror", the procedure for arresting foreigners was somewhat different from the procedure for arresting Soviet citizens: for each such arrest or search, the sanction of the People's Commissar of Internal Affairs or his deputy was required. They also determined the jurisdiction of the case and sent them either to the court, or to the tribunal, or to the Military College. If, as a measure of social protection, expulsion abroad was supposed to be decided by a Special meeting, then it was preferable to do without arrest at all.
The "Great Terror" left little of these rules: coordination with Moscow during arrests and searches was no longer required. Political emigrants became hostages of the Soviet system, Soviet politics, they were isolated, they were under vigilant control, they were "dissolved" in society.

Key words: USSR, repression, foreigners, politics, anti-imperialism.

ISSN: 2710-3994
Volume 2 Number 30 (2022) 107-118

https://doi.org/10.51943/2710-3994.2022.2.81

ҒТАМР 03.00.20

Жүсіп Сұлтан Хан¹ , М.М. Қозыбаева²*

¹Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» ҒЗИ.
Қазақстан, Нұр-Сұлтан;

² Нұр-Сұлтан қаласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалы. Қазақстан, Нұр-Сұлтан.

*Автор-корреспондент

E-mail: prahacz2002@gmail.com (Жүсіп), koz.mahabbat_85@mail.ru (Қозыбаева).

Аңдатпа. Мақалада авторлар «Қазақ» газетінің маңызды қоғамдық-саяси орган ретінде қалыптасуына Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының ықпалы туралы мәселе көтереді. Орынборда 5 жыл бойы А. Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газеті қазақ өлкесінің қоғамдық-саяси, Ресей империясының ішкі істері мен халықаралық жағдай, оқу-ағарту, ғылым, көшпелі де отырықшы мал және егін шаруашылықтары, мәдениет, тіпті адам құқы, әйел теңдігі салаларын түгел қамтыған әмбебап мерзімді басылымға айналып, 1913-1918 жылдар бойы бүкіл Қазақ даласының қоғамдық пікіріне жалғыз өзі үстемдік орнатты. Зерттеушілердің пікірінше, «Қазақ» газеті мен «Алаш» қайраткерлері қазақ қоғамында «мәдени ренессанс» жасады, заманауи қазақ мемлекетін құрды. Тұңғыш жалпыұлттық әрі халықаралық «Қазақ» газетінің қазақ халқы мен қазіргі Қазақ мемлекеті алдындағы өшпес тарихи рөлі мен маңызын асыра бағалау мүмкін емес.

Түйін сөздер: «Алаш» қозғалысы, «Қазақ» газеті, ұлттық идея, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, мәдени реннесанс, ұлттық автономия, кеңес өкіметі.

ISSN: 2710-3994
Volume 2 Number 30 (2022) 96-106

https://doi.org/10.51943/2710-3994.2022.2.80

ҒТАМР 03.41.91

Қ.А. Жамбулатов*

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты. Қазақстан, Алматы.

*Автор-корреспондент

E-mail: kairo_88@inbox.ru (Жамбулатов)

Аңдатпа. Мақалада қазіргі Батыс Қазақстан аумағында б.д. ІІ ғ. екінші жартысы – IV ғ. аралығында өмір сүрген көшпелі халыққа тән жерлеу салтын сипаттайтын статистикалық мәліметтер келтірілген. Іріктемеге барлығы екі жүзден астам нысан есепке алынды. Жайық өзенінің бойы мен Мұғалжар маңында орналасқан кейінгі сармат мәдениеті ескерткіштерінің өңірлік ерекшеліктерінің бар екендігі байқалады. Бұл ерекшеліктердің қатарына қорым ішінде «П» және «батпантас» («гантель») тәрізді бірегей нысандардың кездесуі, жерлеу ғұрпының бірнеше түрлерінің таралуы жатады. Дегенмен, аталған екі өңірдегі кейінгі сармат ескерткіштерінде де қос өңірге ортақ қасиеттер сақталған. Олардың қатарына: қабір шұңқырының пішіні, жерленген адамның басын солтүстік секторге қарату, бас сүйек деформациясы және т.б. жатады. Атап айтқанда, Батыс Қазақстанның барлық аумағында таралған жерлеу салты, атап айтқанда, қабір шұңқырларының пішіні, жерлеу мүлкі және т.б. ерекшеліктері ортақ, әрі біртұтастыққа ие. Бұл нысандар нақты бір жерлеу салты, діни-ғұрыптық жерлеу немесе тек діни мақсатта қолданылған.

Түйін сөздер: Батыс Қазақстан, кейінгі сармат кезеңі, қорым, «батпантас», жерлеу салты.

ISSN: 2710-3994
Volume 2 Number 30 (2022) 81-95

https://doi.org/10.51943/2710-3994.2022.2.79

ҒТАМР 03.20:03.29

Д.А. Жұмағалиев* , З.Қ. Арынова

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты. Қазақстан, Нұр-Сұлтан.

*Автор корреспондент

E-mail: darhanbai@mail.ru (Жұмағалиев), z_k_71@bk.ru (Арынова).

Аңдатпа. Мақалада отандық тарихшылардың Қазақстан тарихындағы аса маңызды тұлғаларды қабылдауы мен бағалауы мәселелері зерттеледі. Жұмыс Қазақстан тарихының әртүрлі мәселелері бойынша мамандар арасында жүргізілген социологиялық сауалнамаларының нәтижелерін зерттеуге негізделген. Бұл зерттеу Қазақстандағы қазіргі тарих ғылымын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған жобаның бір бөлігі болып табылады. Зерттеуге тапсырыс беруші Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ал жобаны орындаушы – ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты қызметкерлерінің арнайы жұмыс тобы. Зерттеу респонденттерден арнайы сауалнама сұрақтарына жауап алу арқылы жүзеге асырылды, оның негізгі мақсаты Қазақстандағы тарих ғылымының жағдайын зерттеу болды. Алынған деректер негізінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мамандарының Қазақстан тарихында мейлінше оң рөл атқарған тарихи тұлғалар туралы пікірлеріне талдау жасалды.

Түйін сөздер: тарих, тарихи сана, тарихнама, Қазақстан, шетелдік зерттеушілер, замануи концепциялар, отандық ғалымдар, тарихи тұлғалар, пәнаралық байланыстар.

ҒТАМР 03.20.00
Р.А. Бекназаров*, Г.К. Кушкарова,Ж.Б. Бақтығали

Қ. Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе.

*Автор корреспондент

E-mail:r.beknazarov@gmail.com (Бекназаров), gulmira-alihan@mail.ru (Кушкарова), baktygali1999@list.ru (Бақтығали)

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан аумағына ХХ ғасырдың 30–40 жылдары
депортацияланған поляктар туралы, оның ішінде Ақтөбе облысына күштеп
қоныстандырылған поляктар тарихына алғаш рет тарихи-сараптамалық талдау
жасалады. Авторлар депортация және қоныстандыру процестерінің жүргізілу
барысына сипаттама бере келе, Ақтөбе облысы бойынша статистикалық-салыстырмалы
талдаулар жасады. ХХ ғасырдың 30 жылдары әлемдік державалар арасында қайтадан
территорияға байланысты шиеленістер туындай бастайды, сол кезеңде шекаралық
аймақтарда орналасқан халықтар жер аудару, күштеп қоныстандыру саясаттарының
құрбаны болды. Әсіресе, Батыс Украина мен Батыс Белоруссиядан неміс және поляк
халықтарын жер аудару қарқынды жүргізілді. Ақтөбе облысына қоныстандырылған
поляктарға жасалған іс-шаралар, еңбекпен түзету жұмыстарының іске асуы, түрлі
саяси істерге белсене қатысуы мен кейін осы елдің азаматы ретінде партиялық
істерге, тың игеру жұмыстарына белсене араласуы көрсетілген. Қазіргі таңда
жалпы Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам поляктар өмір сүруде.

Түйін сөздер: депортация, Польша, поляктар,
қуғын-сүргін, репрессия, қоныс аударту, жер аудару, делегатура.