Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Мейрманова Г. А.
ФАЛЕРИСТИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ

Мақалада тарихи қосалқы пәннің бір тарауы ретінде фалеристика ғылымының зерттеу объектісі қарастырылған. Марапат жүйелерін зерттеуде фалеристика тарихи деректерге сүйенетіндігі айтылған. Сонымен қатар, олардың ішінен бірнеше негізгі топтарын бөліп көрсетуге болады; марапат белгілері (орден ,медаль және т.б); марапат құжаттары (марапат актісі, әртүрлі жазба деректерден алынған марапат белгісі туралы статистикалық мәліметтер); фоноқұжаттар; көркемдік деректер-живописьтік және кескіндемелік жұмыстар, кино, фото, фоно құжаттар.

Хайрулдаева А.М.
Зар заман ақындары шығармаларындағы Қазақстанның ортазиялық елдермен қарым-қатынастары

Көркем әдебиеттегі шығармалар да тарихи деректердің үлкен тобын құрайтыны белігілі, бұл әсіресе XIX ғасырға дейін ауызша әдеби дәстүр берік сақталып, тарихы мен тағлымы, әдеби, мәдени мұралары ауыздан-ауызға жеткізіліп отырған Қазақстан тарихында маңызы зор. Көркем әдебиеттегі тарихилық ерекшеленеді, өйткені әдебиет тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын – олардың кісілік құлқы, әрекеті-харакеті, таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқаша айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты мән-мазмұнын, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ

ОТЕПОВА Г.Е.
НОВЫЕ АРХИВНЫЕ МАТЕРИАЛЫ О СОБЫТИЯХ 1916 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ

Статья посвящена трагическим событиям 1916 года в Казахстане. На основе новых опубликованных архивных материалов, автор показывает, как в высших кругах власти обсуждался вопрос о привлечении местного населения к воинской повинности. Анализ архивных материалов помогает понять истинные причины восстания, его последствия. Автор обращает внимание на необходимость дальнейшего объективного изучения событий 1916 года на основе документальных материалов.

Байғараев Ж.А.
НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДІГІ ҮКІМЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Бұл мақалада, мемлекеттік суверенитеттің маңызды элементі болып есептелетін, Нидерланды Корольдігі үкіметінің қазіргі заманғы сыртқы саясаты қарастырылған. БҰҰ, Европалық Одақ және НАТО сияқты халықаралық ұйымдарға мүше Нидерланды Корольдігінің сыртқы саясатының халықаралық аренадағы маңыздылығы көрсетілген.

МУХАМЕДОВА М. С.
ПРИНЦИПЫ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПРОПАГАНДЫ ОБЪЕКТОВ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ В РЕГИОНЕ НИЗОВЬЕ АМУДАРЬИ

В качестве объекта исследования здесь рассматривается регион нижнего течения Амударьи. Это, в частности, те памятники истории, которые удалены от современных культурных центров, но представляют значительную архитектурно-художественную ценность и вызывают неменьший интерес для массового туризма.