Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Н. Әділжанов Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті Phd докторанты Астана, Қазақстан
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР: ФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ (ТАРИХИ-САЯСИ АСПЕКТІ)

Мақалада күні бүгінге дейін демократия мен демократиялық үрдістерді саясаттану пәні және оны саяси сипаттау тұрғысынан ғана қарастырылып, осыған орай оның ішкі мәніне тереңірек тарихи тұрғыдан үңіліп сараптау жүргізу ғылыми тұрғыдан алғанда тасада қалып келе жатқандығы айтыла келіп, батыстық және отандық зерттеушілердің еңбегі негізінде осыларға сараптау жүргізігу тырысады. Бұл тарихи, әлеуметтік, мәдени, психологиялық, этнографиялық, философиялық және т.б. зерттеулердегі демократиялық үрдіс құбылысының (феноменінің) теориялық негізін жасауға қазіргі қоғамдағы күн сайын өзгеріп, өсіп отырған заманауи дамулар талабынан туындап отыр. Өйткені тек өткеніміз бен оның тарихын жазуда ғылыми жаңаша суреттеуді ғана енгізіп қою ғана емес, оны қалпына келтірудегі зерттеулер негізіне методологиялық жаңалықтарды енгізу болмақ. Сондықтан болар, демократия мен демократиялық үрдістер тарихының пайда болуы – Батыстағы гуманитарлық ойлаудағы «тарихи-антропологиялық төңкеріс» деген атауменен ғылыми танымда ерекшелене бастағанын айтады.

М.Қ. Егізбаева. Т.ғ.к., Қазақстан, 140000, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, № 71, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, археология, этнологи
Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті

Тәуелсіз Қазақстан – көпұлтты мемлекет, елімізде 130-ға жуық ұлттың өкілдері өмір сүреді. Оның ішінде түркі халықтарының орны ерекше. Әлемдік өркениетте өзінің анық ізін қалдырған түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, оның ішінде түркі халықтарының тарихи-этнографиялық құндылықтары әлі күнге дейін толығымен кешенді түрде зерттелмей келе жатыр. Осындай маңызды зерттеу нысанына Орталық Азияның түркі халықтары да жатады. Аталмыш мәселе мақаламызда өзбек және қарақалпақ халықтарының дәстүрлі мәдениеті негізінде қарастырылады. Бүгінгі таңда кең байтақ Еуразия алқабын бізге мұра етіп қалдырған бабаларымыздың мол дүниетанымға толы мәдени құндылықтарының сырын ашу этнология ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Аталған проблемалар жалпы түркі жұртына ортақ мұра. Мұндай мәселелерді зерттеу Қазақстандағы ұлттар арасындағы түсіністік пен ынтымақтастыққа қол жеткізуде үлкен септігін тигізері даусыз.

К.Б.Баудиярова Республика Казахстан, г.Алматы КазНУ им.аль-Фараби
ӘОЖ 316.35:39 ОТБАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДАҒЫ ТҮРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Қазіргі таңдағы Қазақстан тұрғындарының алдындағы басты мақсат – отбасы тұрақтылығы. Отбасының тұрақсыздығы қоғамды, мемлекетті алаңдатады. Отбасы тұрақтылығын ғылыми тұрғыда зерттеу үшін теориялық-әдістемелік, ақпараттық, әдістік мәселелер қаралады. Зерттеу барысында түрлі тәсілдер қолданылды: этнографиялық дерек жинау, сауалнама, анкета, сұхбат, құжаттарды талдау, бақылау, психологиялық тест және т.б. Бұл әдіс-тәсілдердің әр қайсысының артықшылығы мен кемшіліктері бар. Аталған талдау неке-отбасылық қатынас мәселесін шешуде, яғни жаңадан құрылған жас отбасының тұрақтылығын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.

Алпысбес Махсат Алпысбесұлы
ӘӨЖ 94 (574) Жаһандану үдерісіндегі халықтар бірлігін нығайтудағы түркі əлемінің рухани жəне мәдени тарих мұралары

Аңдатпа. Бұл мақалада адамзат тарихының дамуы мен табиғи өзгеру барысында халықтардың бірегейлігі мен бірлігіне қатты әсер ететін жаһандану үдерісінің ықпалы, және жаһандану жағдайындағы түркі әлемінің рухани және мәдени тарих мұралары мен өркениеттік дамуының ерекшеліктері, исламдық құндылықтар мен дүниетанымының халықтар бірлігін нығайтудағы қызметі тарихи еркін ой тұрғысынан қаралады.

Асанова Салтанат Амиргалиевна. Старший научный сотрудник института истории и этнологии им. Ч.Ч.Валиханова, к.и.н.Асанова Салтанат Амирг
Исторический нарратив - источник идентичности в современном Казахстане

Статья посвящена одной из актуальных проблем современного гуманитарного дискурса кризиса казахстанской идентичности и активизации поиска новой тождественности. Автор предпринимает попытку выявить связь национального характера и исторического нарратива, а так же определить его роль и место в эволюции современной казахстанской идентичности. Апробируетеся положение о существовании определенных базовых ценностей и черт национального характера, которые существенно не меняются на протяжении истории народа. Анализируются современные этнологические подходы в определении факторов влияющих на формирование картины мира современных казахов.