Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Ж.Б Исабеков. – ҚР МОМ ғылыми қызметкері. Г.А.Мейрманова - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих, археология
ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ .

Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық киімдеріне қатысты жазылған еңбектерге талдау жасалған. Сонымен қатар олардың аймақтық ерекшеліктері және типтеріне жан-жақты қамтуға тырысқан. Киімдердің сипатына, тізілген негізгі материалдарға тоқталып, олардың атқаратын функциялары мен қазақ ұлттық киімдері жайлы жазған ғалымдардың еңбектері талданды. Мақаланы жазу барысында көптеген ғылыми еңбектер мен этнографиялық экспедициялардан жинақталған материалдар қолданылды.

Моминова Г.Т.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақала Қазақстан тарихындағы топонимикалық зерттеулердің ауызша тарих дәстүрі негізінде жинақталған қызықты мәліметтермен берілген. Топонимдер қоғам мен адамзаттың дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы мақалада Қазақстан тарихындағы топонимикалық зерттеудің кейбір мәселелерін Әбілғазы Бахадүр, Асан Қайғы, Ш. Уәлиханов, М.Ж. Көпеев, Қ. Халид, Т. Шонанұлы және т.б. Отандық зерттеушілердің еңбектерін негізге алған.

Кабдушев Б.Ж. - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (АЭжБУ) Нұрғалым К С. –саясаттану ғылымдарының кандидаты, (ҚазҰТЗУ)
ОӘЖ 94(574:347.963(092)ҚАЗАҚСТАН ДЕРБЕС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (мемлекет қайраткері С.Есқараевтың туғанына 120 жыл)

Мақалада С. Есқараевтың мемлекет қайраткері ретінде танылуы, шыңдалуы, өсуі құқық қорғау органдары жүйесінде қалыптасты. 1925 жылы Ішкі істер халқомы кейін алғашқы милиция мектебін ұйымдастырып, оны басқарғаны баяндалады. 1936 жылы С. Есқараевқа Қазақстанның дербес прокуратурасын құру жұмысы жүктеліп, оны ұйымдастыруда КСРО Прокуроры Вышинскийге, КСРО Әділет комиссары Крыленкоға материалдық және кадрлық жағынан қолдау сұрап қызметтік хаттар жазады. Қорытындысында С. Есқараевтың прокуратураны ұйымдастырудағы еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан үкіметі төрағасының орынбасары болады.

ҚАЛИЕВ Ж.Н., Мемлекет тарихы институты Ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айрықша еңбегінің арқасында елімізде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасқаны жайлы айтылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін Конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Сарсен А.К., магистрант Сибирского института управления - филиала РАНХиГС при Президенте РФ , г. Новосибирск, Российская Федерация
УДК 78+37:323](574) КУЛЬТУРА И ОБРАЗОВАНИЕ КАК ОСНОВЫ ЭТНОПОЛИТИКИ

В статье рассматриваются вопросы, касающиеся этнополитики в Республике Казахстан: языки обучения в общеобразовательных школах, квоты на высшее образование национальным меньшинствам в ВУЗах республики, формирование мультикультурного сознания, воспитание толерантности и межнационального общения у молодежи. Особое внимание уделяется роли этнической политики в формировании этнополитической культуры населения, отражены основные образовательные тенденции, характерные для этносов, проживающих в Республике Казахстан. Кроме того, автор проводит сравнительный анализ с ситуацией в данной сфере в Российской Федерации.