Аңшылық пен саятшылық кәсібі, аң-құс аулаудың тәсілдері мен құрал-саймандары, сан ғасырлар бойына қалыптасқан халық тәжірибесінен туындады. Аңшылықтың байырғы, әрі кең тараған түрі – құс салу, аңшы-лыққа берілгендікпен қатар, шыдамдылықты қажет ететін еңбек. Аушы құстарды баптап, аңға салып, саятшылық құру ертеден ерекше өнер саналған. Далалық аңшылар аңға жыртқыш құс салу, тазы жүріртумен де мал баға жүріп қоса қабат айналысқан. Мыңдаған жылдар бойына тазы ит салып, аңға шығуды дамытты. Тазы шапшаң, олжасын алуға құмар, қырағы ит болып саналады. Аңшылықтың ең байырғы әдісі – қақпан құру. Қарсақ, түлкі, қоян, тышқан сияқты ұсақ аңдарды ұстауға – бала қақпан, қасқыр, аю, қабан аулау үшін қазақ қақпан мен тісті қақпан құрылады. Ертеде қақпанды киік, ақбөкен, қарақұйрыққа да құрған. Қазақ аңшыларды аң аулаудың ұрып алу, тұзақ құру, тор құру, ор қазу, атып алу сияқты әдістерін жетік меңгерді.
Кілт сөздер. Аңшылық, құс салып саятшылық құру, қақпан құру, қаскыр культі, халықтық білім.