Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Жас ғалымдар зерттеулері

Жас ғалымдар зерттеулері

Ә.Б. Сейткен¹*ID
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы 
*Автор-корреспондент 
E-mail: seytken98@mail.ru (Сейткен) 
Аңдатпа. Ұлт зиялылар мұрасы мәселесі Отан тарихы мазмұнында ерекше өзекті проблема болып есептелінеді. Соған сәйкес, ғылыми мақала қазақ зиялыларының ұлттық сана-сезімді нығайтудағы рөліне арналады. Өткен ғасыр еншісіндегі Ресей патшалығының қол астында өз құндылықтарынан, ана тілінен, ділінен айырылған этносқа айналып кетудің алдын алып, орыстандыру мен вестернизациялау мәселесінде өзіндік ұлттық кодын сақтап қалуға талпыныс жасаған зиялылардың жан-жақты зияткерлік әрекеттері талданады. Халыққа үндеу тастау арқылы жақын болуға тырысып, мерзімді басылым беттерін коммуникация есебінде пайдаланған ұлт зиялыларының өз халқының құндылықтарын сақтай отырып, заман ағымымен ілесуге көмектесетін жаңашылдықтарға бет бұрған бастамаларына да көңіл бөлінген. Ұлт зиялыларының осы мәселедегі рөлі мен таңдаған бағыты туралы көзқарастарға салыстырмалы талдау жүргізіліп, нәтижесінде қазақ зиялыларының өз дәстүрі мен заманауи құндылықтарды сәйкестендіруге арналған құнды идеялары болғандығы негізделеді.
Түйін сөздер: Алаш, зиялылар мұрасы, қазақ интеллигенциясы, ұлттық код, этникалық болмыс, мәдени ассимиляция, мерзімді басылым, ұлттық идея. 
Қ.Қ. Бекетай¹*ID
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы 
*Автор-корреспондент 
E-mail: beketay.k@gmail.com (Бекетай) 
Аңдатпа. Мақалада Түргеш ұлысының тарихына қысқаша шолу жасалынып, бүгінде ерекше маңызы бар «Алаш» түсінігінің қалыптасу проблематикасы қарастырылады. Түргеш-Алаш синоним ретінде қолданылуы туралы ғылыми дискуссияның тұжырымдары жанданып үлгергендіктен, олардың әрқайсысын тереңірек ашып сипаттауға талпыныс жасалынған. Қытай жылнамаларындағы «Түргеш-Алаш-чор» деген түсініктің пайда болу себептеріне талдау жүргізіліп, зерттеушілердің көзқарастарын талдауға баса назар аударылған. Сонымен қатар, Алаш этнонимінің Түргеш ұлысында қолданылу аясы бойынша классификация жасалынып, түсініктеме берілген. Түргеш ұлысының этникалық тарихына қатысты зерттеулерге талдау жасалынып, Түргеш-Алаш ұлысы мен Алаш қауымдастығы немесе Қазақ халқының этникалық бастамасы түсінігіне анықтама беріліп, Т. Омарбеков пен Ә. Дәулетхан көзқарастары негізінде этникалық кесте қалыптастырылған. Мақалада Қазақ халқының қалыптасуындағы Алаш қауымдастығының орны мен маңызы сипатталып, тарихи рөлін анықтауға көңіл бөлінеді. Нәтижесінде, Түргеш ұлысы мен қазақ ру-тайпалары арасындағы бір тайпа бірлестіктерінің болғандығы айқындалып, салыстырмалы талдау жүргізілді.
Түйін сөздер: Түргеш ұлысы, Түргеш-Алаш ұлысы, Алаш этнонимі, Түргеш-Алаш-чор, Алаш чор, Түргеш қағанаты, этникалық тарих, қазақ ру-тайпалары.