Мақалада Сарыарқа даласының батыс аймағындағы фольклорлық мұралардың қазіргі сақталу деңгейі және осы құндылықтарымызды ұстанып отырған тікелей мұрагерлердің жағдайын ескере отырып, оларда сақталған ұлттық рухани құндылықтардың байырғы элементтерін жазып алу, сақтау, насихаттау жұмыстарын жүргізу көзделген.
Қазақтың рухани музыкалық мұрасы өзінің өміршеңдік қасиетімен, тарихи маңызын сақтап және ауызекі түрде қалыптасып, әлемдік адамзат прогресіне өзіндік үлесін қосуда. Халқымыздың тұрмыс-салтына, адет-ғұрпына байланысты туған, Жоқтау, Сыңсу, Жар-жар, Аужар, Ән, Күй, Жыр, Терме, Жарапазан сияқты мұраларымыз ауызекі түрде таралып, ұлт мәдениетінің тарихын ұзартты. Елімізде осындай құндылықтар сақталған өңірдің бірі - Қарағанды облысы.
Кілт сөздер: күйші, күйшілік өнер, рухани мұралар, Сарыарқа, Қарағанды облысы.