Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Жас ғалымдар зерттеулері

Жас ғалымдар зерттеулері

Аңдатпа. Мақалада архив материалдары негізінде Абылай ханның билігі мен халықаралық дипломатиялық қызметінің кейбір қырлары талданады. Абылай ханның Қазақ хандығының тұтастығы мен дербестігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралары, оның Батыс Сібірдегі Ресей билігімен қарым-қатынасы қарастырылады. Абылайдың Батыс Сібір аймағындағы Ресей әкімшілігімен дипломатиялық хат алмасуына талдау жасалады. Автор Ертістің оң жағалауындағы жер туралы мәселені және Абылайдың оны қазақтың меншігіне бекіту әрекеттерін деректер арқылы баяндайды. Абылайдың Жоңғар мемлекеті және Цин империясына қатысты саясатына назар аударады. Автор Цин империясының Орталық Азиядағы саясатын және Қазақ хандығы үшін империядан төніп отырған қауіп-қатерді сипаттайды.
Аңдатпа. Мақалада XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей империясының Орталық Азия территориясын игеруде тыңшылық қызметті пайдалануының маңыздылығы мен ерекшелігі қарастырылған. Сонымен қатар, Ресей империясындағы тыңшылық қызметтің рөлі мен құрылымдық дамуы, Орталық Азия аймағындағы тыңшылық қызмет жүргізудің ерекшеліктері туралы айтылады. Шетелдік зерттеулер негізінде Ресей империясы мен Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы, аймақтың геостратегиялық маңыздылығы талданады. Тыңшылық қызметі ежелден бері Ресей империясы сыртқысаяси ведомствалары мен әскери министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болғандықтан, жаңа территорияларды игеру барысындағы барлау, саралау жұмыстары ерекше қабілетке ие тұлғаларға жүктеліп отырған. ХIХ ғ. басында әскери қимылдардың күшеюіне байланысты тыңшылық алдына жаңа міндеттер қойылып, жаңа күштер мен құралдар тартыла бастады. Тыңшылық қызметті басқару органдарының даму ерекшеліктері, басқару формалары мен тыңшылық қызметке пайдаланылған жансыздардың классификациясы сараланған. Онымен қоса XIX ғасырдың бірінші жартысында аймақта орын ала бастаған ағылшын-орыс бәскелестігі жағдайындағы тыңшылық қызметі сипатталады. Екі ел бәсекелестігі тұрғысында, өңірдегі Ресей империясының тыңшылық қызметті жолға қоюы мен дамытуы, басқаруы, тыңшыларды таңдау ерекшеліктері қарастырылады. Орынбор шекаралық комиссиясының тыңшылар қызметін басқарудағы және дайындаудағы рөлі талданған.