Мақалада белгілі археолог Гаяз Абдулвалиевич Кушаевтың өмірі мен қызметі қарастырылады. Г.А. Кушаев туралы зерттеулер археология ғылымында сирек кездеседі. Зерттеу жұмысында Г.А. Кушаевтың шәкірттері мен әріптестерінің естеліктері талданып, ғалымның бізге белгісіз қырларын ашуға тырыстық. Отандық археологияда жеке тұлғаларға қатысты зерттеулер кездескенімен, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан ғалымдарымыздың бірі Г.А. Кушаев. Интервью тәсіліне негізделген зерттеу барысында Г.А. Кушаевпен бірге жұмыс жасаған және басқа салаларда еңбек етіп жүрген Т.З.Рысбеков, П.А. Давреев, Ф.А. Баюканский, С.И. Танабаева, Б.Б. Райымқұлов, М.Н. Сдыков, Х.Ж. Сүйіншалиев, Т.С. Жұмағанбетов секілді әріптестері мен шәкірттерінен құнды мәліметтер алынды. Автор ғалымның архив қорларында сақталған еңбектеріне шолу жасап, олардың құндылығына тоқталады.
Түйін сөздер: қазба, университеті, Г.А., Кушаев, Қазақстан, археологиясы, М.Өтемісов, атындағы, Батыс, Қазақстан, Мемлекеттік, жұмыстары, естеліктер