Ерте ортағасырлық дәуірде тарих сахнасына көтерілген түркілердің діни жүйесі олардың тұрмыс-тіршілігіне және қоршаған ортасына сәйкес қалыптасып, өзіндік ерекше құбылыс ретінде көрініс тапты. Оларда табиғат культі басымдық танытып, көне түріктер жер-суға, көкке табынып, аң-жауарларды осы тылсым күшпен байланыстырушы буын ретінде қарастырды. Бұл өз кезегінде көне түріктер арасында көк бөрі культін қалыптастырды. Сондай-ақ көне түріктер аң-жауарларды әруақтардың көрінісіне балап, олардың киелі санады. Мұның өзі көне түріктердің қоршаған ортамен, табиғатпен үйлесімділік табатын өзіндік дүниетанымына негіз қалап, оларда тәңіршілдіктің орнығуына алып келді.
Тәңіршілдіктің қалыптасуы көне түріктерге дейінгі ғұндар дәуірінен,тіпті одан ертерек дәуірденбастау алады. Бірақ осы көне түріктер дәуірінде бұқаралық сипат алды. Сондықтан да мақалада тәңіршілдіктің көне түріктер арасындағы орнын талдау жәнеондағы сабақтастықты зерделеуге ерекше мән беріледі.
Түйін сөздер: дін, тәңіршілдік, Құдай, культ, Ұмай.