Яндекс.Метрика

Пәнаралық зерттеулер

Аңдатпа. Мақала түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілінің тарихи орнын анықтауға бағытталған. Түркі тілдерінің тарихи глоттохронологиялық және тарихи-генеалогиялық классификацияларындағы қазақ тілінің орны жайлы көзқарастар сараланады. Қазақ тілінің қалыптасу, даму жолы қазіргі қыпшақ тобы тілдерінің тарихымен, этникалық үдерістермен бірлікте қарастырылады. Қазіргі қазақ халқының этникалық негізін құрайтын ежелгі түркі тайпаларының ауызша тілі, көне түркі, орта түркі жазба ескерткіштерінің тілі қазақ тілінің тарихи арналары ретінде айқындалады. Түркі тілдерінің тарихи классификациясының негізгі критерийін құрайтын фонологиялық, морфологиялық заңдылықтар талданып, қазақ тілінде жаңа белгілермен қатар көне белгілердің де молынан сақталғаны дәйектеледі. Қазақ тілінің тарихи тамырының тереңдігін тілдік деректер негізінде анықтау, халық тарихын нақтылаудың, ұлттық сананы жаңғыртудың, мемлекеттік тілдің тұғырын бекітудің негізгі тетігі ретінде өзектеледі.
Аңдатпа. Кейкі (Нұрмағамбет) Көкімбайұлы – 1916 жылы Торғай даласында орын алған ұлт-азаттық көтеріліс қаһармандарының бірі, көтеріліс жетекшілері Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдиннің сенімді серігі. Көтеріліс кезінде ол мергендер тобын басқарады. Халық жадында ол даңқты мерген, қаһарман күрескер ретінде терең сақталды. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін азаматтық соғыс кезінде Кейкі Көкембайұлы кеңес үкіметінің саясатына қарулы қарсылық көрсетті. Сондықтан үкімет тарапынан қудалауға ұшырап, қуғынға түсті: жазалаушы отряд қолынан қаза тапты. Кеңес билігі тұсында Кейкі батырдың есімін атауға, оның ғұмырнамасы мен ерлік істерін зерттеуге тыйым салынды. Кеңестік идеология халық қаһарманын «қарақшы», «бандит», «қанішер жауыз» деп айыптады. Таптық идеологияның жазасына ұшыраған Кейкі батырдың бейнесі ел жадындағы аңыз әңгімелерде, өлең-жырларда және көркем шығармаларда сақталды. Даңқты қаһарманның есімін ақтау кеңес үкіметі құлап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Кейкі Көкембайұлы туралы естеліктер, деректі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мақала Қостанай облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылған «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми-ағартушылық экспедициясының материалдары негізінде дайындалып, көп жылдар бойы зерттеу нысанасынан тасада қалған Кейкі батырдың ғұмырнамасы мен ерлік істерін ел жадындағы естеліктер мен архивтік деректер арқылы талдауға бағытталады.