Яндекс.Метрика

Пәнаралық зерттеулер

Мақалада инновациялық мүмкіндіктер, көпсалалы мәдениет тұрғысынан, пәнаралық байланыс және оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып дайындалған қазақстандық оқулықтардың үлгісіне арналған. Тарихи өткен мен, тарихи мұраны біріктіретін Қазақстан мен Ресейдің түркі-славяндық өзара ықпалы да қарастырылады. Түйін сөздер: инновация, мектеп оқулықтары, мәдени байланыстар, әлемдік-тарихи үдеріс, түркі-славяндық қарым-қатынас, мәдениетаралық байланыс.
Өзбекстан тәуелсіздігін Оңтүстік Корея 1991 жылдың желтоқсанында алғаш таныған уақыттан бастап екі ел арасындағы кең ауқымды екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық дами түсті. Сол жылы екіжақты сауда, инвестицияларды қорғау, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, визалық қолдау меморандумына қол қойылған болатын. 1992 жылғы Сауда келісіміне сай екі ел арасында неғұрлым тиімді қолайлы ахуал орнатылды. Соңғы жылдардағы (2015-2017 жж.) өзара тауар айналымы тұрақты түрде 2 млрд. АҚШ долл. асады. Түйін сөздер: Орталық Азия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, дипломатия, инвестициялар, транспорт, мәдениет.
Мақала Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастық сұрақтарын зерттеуге бағытталған. Қазақстанның тәуелсіздігін Еуропалық мемлекеттер, соның ішінде, Австрия да, 1991 жылы танығандығы белгілі. Осы жылдар кезінде экономика маңызды салаларының белгілі нормативтік-құқықтық базасы құрылды. Көлік, өзара инвестицияны қорғау, Акционерлік қоғам және бірлескен мекемелер құру аймағында бірнеше құжатқа қол қойылды. Австриялық компаниялар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, банк жүйесінде жұмыс істейді. Түйін сөздер: Қазақстан, Австрия, дипломатия, саясат, экономика.
Мақалада қазақ халқындағы «таңба» сөзінің этимологиясы мен этногенезіндегі орны туралы баяндалады. Қай халықтың болмасын өткен тарихы мен бүгінгі тарихында төл белгілердің атқаратын рөлі зор болып табылған. Қазақ халқының шығу тарихында да сол таңбаларды зерттеу арқылы бұл халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, рухани дүние-танымы т.б. көріп білуімізге болады. Таңба, мөрлер бүгінгі елтаңбаларымыздың тарихи бастауында тұрған мәдени-этникалық мұралар. Сонымен қатар, ерте ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған қағандық түрік мемлекеттерінде де қолданысының қызметі, оның қолдану аясы мен мағынасы ерекше мәртебеге дейін көтерілгені қарастырылады. Түйін сөздер: этногенез, халық, ұлт, белгі, таңба, ру.
Қазіргі таңда қазақтың тамақтануын шайсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен, ол салыстырмалы жақында ғана қазақтардың күнделікті өміріне кірді. Ғасырлар бойы қазақтардың өмірінде негізінен қой мен жылқыны бағу басым болған көшпелі мал шаруашылығы болды. Мұндай шаруашылық түрі ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде негізделген біржақты қазақ асханасының ерекшеліктері ең алдымен ет және сүт пайдалану, сондай-ақ, тары сияқты астық өнімдерін пайдаланудан құрылды. Алайда, XVIII ғасырдың аяғынан бастап саясаттың салдары ретінде, қазақтардың экономикалық өмірінде іргелі өзгерістер басталды. Салдары жерге отырықшылану мен жер үшін көрші халықтармен жиі қақтығысқа түсу процесіне әкелді. Қазақ тағамында көптеген кірме және жаңа өнімдер келе бастады. XIX ғасырдың аяғында қазақтардың рационына (қазақтар шәй деп атайды) шай кірді.
Кинофотофонодокументы, входящие в состав Национального архивного фонда, являются одним из специфических исторических источников, с помощью которого наглядно и образно представить события и факты реальной действительности. Будучи историческим источником, они выступают в качестве одного из важнейших средств массовой информации и широко используются в различных сферах общества. Именно в аудиовизуальных документах достаточно четко прослеживается соотношение «официального» и «неофициального» видения истории, трактовки определенных событий, явлений, фактов. В связи с огромной значимостью аудиовизуальных материалов как источников познания возникает актуальная и перспективная проблема организации их хранения. Эта проблема достаточно многоаспектная и включает в себя множество самостоятельных тем. Среди них особую значимость приобретают организационные вопросы комплектования, условия их хранения, использования, от разрешения которых зависит создание полноценной базы документальных источников и разработка теоретических и прикладных исследований в этой области. В статье рассмотрены эти важнейшие проблемы и их решение в различные периоды времени. Ключевые слова: архив, комплектование, хранение, использование, кинодокумент, фотодокумент, фонодокумент, аудовизуальный документ.
Мақалада автор ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Шығыс Қазақстан территориясында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген белгілі археолог Ф.Х. Арсланованың ертесақ кезеңі ескерткіштерін зерттеу ісіне және ғылыми мақалаларына шолу жасайды. Ғалымның ертесақ кезеңінің қалыптасуына қатысты пікірлерінің пайда болу табиғатына және сол кезеңдегі отандық археология ғылымында ертесақ мәдени кешенінің қалыптасуын зерттеген мамандарға әсер еткен теорияларды қарастырады. Түйін сөздер: Шығыс Қазақстан, археологиялық зерттеулер, ертесақ мәдени кешені, теориялар.
В статье рассмотрены результаты работ в рамках проекта «Сторожевые башни» Испиджаба». В работе приведены предварительные результаты разведочных и раскопочных археологических работ памятников по среднему течению реки Арысь и в предгорьях Каратау Туркестанской области. Объектом исследования являлись памятники типа Караултобе Испиджабского историко-культурного округа. Изначальными работами было выявлено 29 объектов. На пяти объектах – Караултобе Аккойлы-1, 2, Мадани-1, 3, Кумышбулакском проводились археологические исследования по определению характера культурных напластований и хронологических рамок. Стратиграфические данные, полученные при изучении всех объектов, показали, что они представляют собой искусственно возведенные насыпи с различными размерами. Выяснилось, что в некоторых случаях курганная насыпь вторично использована в качестве сигнального пункта путем усиления насыпи. Была подготовлена типологическая классификация памятников Караултобе на исследуемой территории. Ключевые слова: Караултобе, стратиграфия, наслоения, разведочные работы, раскопочные работы, средневековье, археология, типология, Испиджабский историко-культурный округ.