Мақалада кеңестік Қазақстанның ең күрделі кезеңі – 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы, оның ішінде түркі халықтарының демографиялық тарихы қарастырылды. Жан-жақты зерттеуді қажет ететін әлеуметтік аласапыран өзгерістер – ұжымдастыру, көшпелілерді зорлықпен отырықшыландыру салдарынан болған ашаршылық, эпидемия, т.б. этнодемографиялық үрдістер Қазақстанның тұрғылықты халқы – қазақ халқының 1920-1930-жылдардағы трагедиясы арқылы сипатталды. Қазақстанның ұйғыр, өзбек, татар, қырғыз, әзербайжан, т.б. қазақтан да басқа түркі халықтарының демографиялық тарихы 1920-1930-жылдардағы кеңес санақтары материалдары негізінде талданды.