Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Жас ғалымдар зерттеулері

Жас ғалымдар зерттеулері

Қазіргі таңда қазақ диаспорасының мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып отыр. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты Түркиядағы қазақ диаспорасының тарихына тоқталып, олардың әлеуметтік, мәдени, демографиялық мәселелерін айқындау. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі).
Мақалада ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Ертістің оң жақ жағалауын бойлай орналасқан Семей ішкі округының әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайының зерттелу тарихнамасы қарастырылады. Семей ішкі округі құрылуының алғышарттары XVII-XVIII ғасырлардан бастау алады. Мақалада Батыс Сібір аймағы туралы XVII-XVIII ғасырларда пайда болған алғашқы зерттеулерден бастап саяхатшылар мен арнайы құрылған экспедициялар, революцияға дейінгі, кеңестік,тәуелсіз кезеңдегі отандық және шетелдік зерттеулерге тарихнамалық шолу жасалған.
Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан территориясындағы Қалба-Нарым жоталарының археологиялық ерекшеліктері мен зерттелу тарихына шолу жасаған. Ежелден-ақ адамдардың қызығушылығын пегматиттер, түсті тастар, тарғын мөлдір-тас, азурит, малахит сынды минералдар туғызғанын археологиялық зерттеулерге сүйене отырып айтуға болады. Аталған минералдарды шығыс Қазақстан территориясында жүргізілген қазба немесе тау-кен жұмыстары орындарынан көптеп кездестіруге болады. Жекелеген ғалымдардың осы өңірде жүргізген зерттеу жұмыстары, олардың атқаратын рөлі және де аталған аймақтың да еліміздің тарихында алатын орны көрсетілген. Мақалада Қалба-Нарым өңіріндегі ірі металлургия ошақтары мен қорымдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері және ежелгі тау-кен өндірісінің әр түрлі технологиялары жайында деректер қарастырылған. Атап айтқанда Сарыкөл көлі бойындағы қорымдар, Жаңажұрт ауылы маңындағы ескерткіштер сынды ірі ескерткіштердегі зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алады. Ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде қола дәуірінде халықтардың шаруашылығы, тау кен ісі, әлеуметтік қарым-қатынастары, тұрмыс-тіршілігі, физикалық бейнесі жайлы көптеген тың деректер ашылды.
Мaқaлaдa жaһaндaну зaмaнындa өзекті болa түскен этникaлық сәйкестік пен ұлттық бірегейлік мәселелері көтеріледі. «Этнос» және«ұлт» түсініктеріне aнықтaмa бере отырып, этникaлық және ұлттық сәйкестік ұғымдaрының мәні aшылaды. Сондaй-aқ сәйкестікті қaлыптaстырaтын критерийлер мен фaкторлaр aнықтaлaды. Aвтор «қaзaқстaндық» бірегейліктің ерекшеліктерін көрсете отырып, тaрихи отaнынaн жырaқтa қоныстaнғaн қaндaстaрдың сәйкестігінің ерекшеліктерімен қaтaр тaлдaу жүргізеді. Тәуелсіз Қaзaқстaндaғы жaлпымемлекеттік бірегейліктің мaңызы жaйлы сөз қозғaлaды. Түйін сөздер: этникaлық сәйкестік, ұлттық бірегейлік, этнос, тaрихи сaнa, қaзaқ ұлты, ұрпaқтaр сaбaқтaстығы.
Мәуераннахрдағы Шағатай әулеті құрған мемлекет XIV ғасырдың ортасында біржола екіге бөлініп, Моғолстан деген атпен белгілі болған. Шағатайдың жерлері бөліске салынғанда, одан бөлінген халық Моғолстан мемлекетін Қазақстанның шығыс аймақтарында құрып, билік етеді. Моғолстан жерлері туралы көптеген парсы тілді авторлар өз шығармаларында жазған. Алайда, Шағатайлық дереккөздердің ішіндегі ең танымалы «Тарих-и Рашиди» шығармасы болып табылады. XIV ғасырда жазылған Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и Рашиди» шығармасы Моғолстанның тарихы туралы өте құнды мәлімет береді. «Тарих-и Рашиди» шығармасында жазылған Моғолстанға қатысты қала, ауыл, өзен-көл, тау-тастар атаулары және олардың маңыздылығы жайлы басқа дереккөздерде кездеспейтін деректер айтылады. Шығармадан екі қаланың ара қашықтығы, өзен-суларының ерекше қасиеттері, табиғатының көркемдігі, бекіністерінің қорғанысы, халықтарының тұрмыс тіршілігі жайлы маңызды мәлімет аламыз.
Бұл мақалада Щербина экспедициясының мүшесі болған Әлихан Бөкейханның Омбы уезі қазақтарының кәсіпшілік түрлері баяндалады. Мұнда жер-су атаулары, егін салу мен оны өңдеу, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы, тұз өңдеу, сауда-саттық түрлері сипатталады.
Мақалада алғаш рет қазақ-жапон тілдерінің тарихи тамырластығының нақты көрсеткіші ретінде қос тілдің септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ғылыми салыстырмалы тұрғыда жан-жақты зерттеліп, қарастырылған. Қазақ-жапон тілдерінің генеологиялық классификацияда Алтай теориясында болса, морфологиялық классификация бойынша агглютинативті (яғни жалғамалы) тілдер тобына жататынын ескерсек, бұның өзі қос тілдің тарихи тұрғыда шығу тектерінің бір екендігіне үлкен сілтеме екені анық. Сол тарихи тамырластықты ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделеу Алтай тілдер тобындағы жапон-қазақ тілдерінің бір табан жақын екендіктерін аңғартса керек. Қос тілдің септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жапонтанушы жапондық және шет ел ғалымдардың зерттеулері мен қазақ тілі ғылымының мамандарының еңбектерін салыстыру бағытында ғылыми сараптама жасай отырып, әрбір септік жіті талданды. Септіктерге ғылыми мысал келтіріліп, оның оқылуы мен аудармасы да қоса берілген. Ондағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анық көрсетілді. Мақала қаза тілінде жазылса да зерттеу обьектісі ретінде жапон тіліндегі мысалдармен күшейтілген.
Мақалада Қытай иероглифінің ең ертедегі үлгілерінің бірі болған сауыт-сүйек жазуының (жя-гу-уын) табылуы, зерттелу барысы, зерттеу жетістіктері баяндалған. Сонымен бірге, жазу мәдениетінің кез-келген мемлекет пен ұлттың өмір сүруі мен дамуындағы рөлін тарихи фактілермен ашуды қарастырған. Қытайдың өте көне өркениеті саналатын Шаң патышалығының қоғамдық құрылысы мен мемілекеттік жүйесіне сауыт сүйек жазулары арқылы зерттеу жүргізіліп, көптеген құнды мәліметтерге қол жеткізген. Сондай-ақ шарап ішу Шаң патышалығы дәуірінедгі жалпылама халықтық сипат алған ерекше мәдениет түрі болғанын, ақыры соңында шарап ішу мәдениеті Шаң патшалығының құлап қирандылар астындағы таихи ескерткішке айналуының басты себебі болғаны баяндалады.
Бұл мақалада Қытай Халық Республикасының халықаралық имиджінің қалыптасуының ішкі және сыртқы факторлары қарастырылған. Қытай үшін халықаралық имидждікті дамыту жоғары орынды иеленеді, себебі бұл Қытайды әлемге танытудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Мақалада имидждік сипаттамалардың негізгі үш түрі қарастырылған. Халықаралық имиджді қалыптастыруда халықтың мәдени мұрасы мен оның шығармашылық экономикасын бейнелеу әлеуетін қолданады.
Мақалада қазақ халқының діндарлық дәстүрлері оның қалыптасуы, тарихы, қазақ халқының ұстанған діндері, діни наным-сенімдері және дінге қатысты ұстанған көзқарастары және олардың ерекшеліктері жайында бірер сөз қозғалады.Діндарлық және дін қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр, осыған орай діндарлық дәстүрлері аталмыш мақаламыздың арқауы болып отырған жайы бар. Бұл мақалада қазақ халқының ұстанған діндері мен наным-сенімдеріне жалпы қысқаша шолу жасалып, қазіргі таңдағы жиі қолданылып жүрген дәстүрлі ислам жайында түсініктеме беріледі.Жалпы қазақ халқының дінге деген көзқарасы, наным-сенімі осы мақала барысында көрініс табады. Сонымен бірге бірқатар тың әрі қызықты мәліметтер қарастырылып дәстүрлі ислам ұғымына кеңірек тоқталып, оның мағынасы ашыла түседі.Мақалада қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы діни ахуалға сипаттама, сондай-ақ статистикалық мәліметтер беріледі.Отандық дінтанушы-философ, зерттеуші-ғалымдардың жұмыстарында, мақалаларында ғылыми зерттеулерінде осы тұрғыдағы мақалалар қаралды. ҚР-ның білім беру саласындағы үздік ұстаздар, дінтанушы-философғалымдар Н.Ж. Байтенова, С.Е. Нұрмұратов, Б.М. Сатершинов, Д.Т. Кенжетай, Қ.М. Борбасова және т.б. зерттеушілер осы тақырыпқа қалам тартты. Аталмыш мақалада қазіргі жағдайдағы кезеңдегі діннің рөлі мен маңыздылығы жайында айтылады.