Яндекс.Метрика
Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Макро- және микротарих

Макро- және микротарих

Мақалада Қытай қазақтарынан шыққан белгілі тарихшы, этнограф ғалым Нығмет Мыңжанидың этнографиялық зерттеулері қарастырылған. Нығмет Мыңжанидың этнографиялық зерттеулерінің ерекшелігі өзі өмір сүрген Қытайдағы қазақ диаспорасының тарихы, ғұрып-әдеті, тұрмыс тіршілігі және дәстүрлі шаруашылығы, рухани мәдениеті жайлы мол мәліметтер қамтылған. Қазақстандағы этнология ғылымының негізгі зерттеу бағыттарының бірі шетелдегі қазақ диаспорасы екендігін ескерсек, ғалымның Қытайда жарық көрген көлемді этнографиялық зерттеу мақалаларында, яғни «Еліміз қазақтары» «Қазақтың таңба, ұрандары туралы зерттеу», «Қазақ шежіресі жайында», «Ислам дінінің қазақ халқына таралуы» т.б. көлемді ғылыми зерттеу мақалаларында қарастырылған мәселелер өз құнын жойған жоқ. Бұл зерттеу мақалаларында өз көзімен көрген, халықтың арасынан жинақтаған мәліметтерді жазба деректермен салыстыра отырып ғылыми тұжырымдар жасаған.
Annotation Kanysh Imantaevich Satbayev - a scientist, a prominent public figure. He is also the founder and top researchers all major fields of Kazakhstan. The range of of academician interests KISatpaev was unusually wide and goes beyond the natural sciences. He was a great connoisseur of Kazakh history, literature, culture, ethnography, music and folklore, generally known of his archaeological research on the territory of Central Kazakhstan, as well as writings on pedagogy and literature.
Берілген ғылыми-танымдық мақалада қазақ жазуы мен КСРО-да тұратын түркі тілдес және 1920-1950 жж. дейін өзіндік жазу жүйесі болмаған аз ұлттардың жазу мәдениеті тарихына шолу жасалады. Латындастыру үдерісі ХХ ғасырдың 1910-1950 жж. жаһандық сипатқа ие болып, КСРО аумағында тілтанушы, әдебиетші ғалымдардың әрі қоғам мен саясат қайраткерлерінің тарапынан ерекше сын мен талқылауға түсті. Аталмыш мақалада сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларды, қоғамдық пікірді ескере отырып, зиялылардың атқарған қызметтері мен жұмысының нәтижелеріне баға беріледі. Материалдар «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінде ұйымдастырылған «Латындастыру мәселесінің тарихы» атты көрмесіне негіз болды.