Яндекс.Метрика
Home » Materials » Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы

Досанова Разия Шаяхметқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2 курс магистранты

Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(10), 2017

Tags: азаматтық ұлтшылдық., Қазақстандық барабарлық, ұлтының қалыптасуы, 5 институционалды реформалар, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы
Author:
Аңдатпа. Бұл мақалада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының теоретикалық негізі және оның жүзеге асырылуы қарастырылады. Сонымен қатар, ұлттық идея мен 5 институционалды реформалар және 100 нақты қадамдар атты даму жобалардың негізгі тұжырымдамалары талқыланады. Және де «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының алғышарты ретінде Қазақстан ұлтының қалыптасу негізгі кезеңдері қарастылады. Ұлттық идеяны сараптау Геллнердің азаматтық немесе волюнтаристік ұлтшылдық негізінде жасалады және соның арқасында ұлттық идеяны келешекте толыққанды асыру үшін қажет болатын негізгі жағдайлар мен құндылықтар анықталады.
Text:

2014 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті өзінің жыл сайынғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жариялады, оның ағылшын тілінен аудармасы «Мәңгілік Ел/ Мемлекет» деген мағынаны береді. Сонымен, Мемлекет немесе Ұлт деген не?  Классикалық Еуропа және Вебера анықтамасы бойынша, мемлекет пен ұлт бір әлеуметтік-саяси құрылымға негізделген. Кеңестік кезеңнен кейін бұл сөздердің мағынасы ауысты, себебі сол кезеңде ұлттық және этноцентристік саясат құқық теңсіздігіне, тіпті ұлттық келіспеушіліктерге әкелді. Сонымен бұл сұрақтың жауабын қалай табуға болады және болашақта орын алатын ұлт теңдігі жөніндегі келеңсіз ойлардың алдын алу үшін не істеу керек? Осы мақсатта Қазақстан тұрақтылық пен даму жолын қамтамасыз ететін жаңарту теориясын ұсынды. Аталған ұлттық жаңартуға негізделген саясат ұлттық жаңғырту деп аталады. Бұл 2013 жылы толығымен орындалып біткен алдыңғы «Қазақстан-2030» стратегиясымен логикалық сабақтасқан дамыту бағдарламасы. Салыстырмалы түрде, соңғы стратегия алдыңғысына қарағанда, жан-жақты мәселелерді қамтитын күрделі стратегия болып табылады.

«Қазақстан-2050» стратегиясы бірнеше бағдарламаны қамтиды: 5 институционалдық реформа, 100 нақты қадам, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және «Нұрлы жол». Жаңа стратегияның үлгілері келесі жылы әзірленеді. Әрбірінің өзіне тиесілі тапсырмасы болғанымен, олардың бір-бірімен өзара байланысы болуы керек. Бұл бөлімдер бір-бірімен өзара байланыста болу үшін қандай әрекеттер орындалады (бұл мәселе келесі параграфта қозғалады). Мысалы, 5 институционалдық реформа мен 100 нақты қадам бағдарламасын бір-бірімен алмастырға болады. Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы экономикалық саясат пен даму жолдарын қамтиды, сол себепті бұл бағдарламаны басқаларымен саясат арқылы байланыстыра аламыз. Стратегияның жан-жақты және жүйелі екендігін  бағдарламалардың өзара байланысынан байқауға болады. Келесі сұрақ, ұлттық теңдікке қатысты мәселе қиын стратегияларды қалай біріктіруі мүмкін. «Мәңгілік Ел» түсінігі дұрыс таңдау болуы керек. Алайда бұл стратегияның не себепті дұрыс таңдау екеніне және басқа компоненттермен қандай байланыста болатындығы туралы нақты анықтама берілуі керек. Ұлттық құрылым процесі Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін басталды. Қазақстандағы ұлттық құрылым 25 жылдың ішінде көптеген жақсы нәтижелерге қол жеткізді, алайда бұл уақытша нәтиже, себебі ұлттық құрылым процесі ұзаққа созылатын процесс болып табылады. Алайда, жасалып жатқан істер мен жағдайлар үнемі ұлттық-құрылыс процесінің ішкі және сыртқы жағдайларына бағытын анықтап отырады. Ұлттық-құрылыс процесінің әрбір кезеңінде заманауи Қазақстан өзінің  дара жолын қамтиды. Бұл процесс 25 жылдан астам уақытқа созылып, ұлттық-құрылыс әлі де бірнеше негізгі кезеңдерге бөлінуі мүмкін.

Бірінші кезең тәуелсіздік алған жылдары, яғни 90-шы жылдардан кейін басталды. Бұл кезеңде, яғни 1997 жылы қазақ тілінің ресми мәртебесін нығайта отырып, этникалық қарым-қатынас құралы ретінде орыс тілін орнықтыру барысында ұлттық таным белсенді үлес қосты.

Екінші кезең 2000 жылдардан кейінгі және соңғы он жылдыққа дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңде экономикалық даму байқалды, себебі көші-қон кезінде өздерінің тарихи Отандарына оралып жатқан оралмандар саны өсті. Бірақ бұл процесс шектеулі болды, себебі мұнай бағасының қымбаттау кезеңі аяқталды. Соған қарамастан, оралмандардың келу процесі жалғасып, ұзақ мерзімдік нәтиже берді.

Үшінші кезең, Қазақстанның жаңа даму жолын анықтау процесіне жауапты Қазақстанның Халық Ассамблеясының функциясын қорғау ісіне байланысты болды. Ал 2010 жылы Қазақстан Халық Ассамблеясы Ұлттық бірлік доктринасын қабылдады. Бұл азаматтықты анықтау негізінде жасалған алғашқы әрекет болды. Бірақ келесі жылы Қазақстандықтардың ұлтын анықтау мәселесі талқыға салынды, алайда қазақтар сияқты орыстар мен ұйғырлар да жаңа қоғамдық таным процесіне дайын болмады. Осы көзқарасты қолдау үшін ҚЗСИ осы мәселеге байланысты зерттеу жүргізіп, этникалық қатынастың маңыздылығы дәлелденді. Азаматтықты анықтау отбасын және туыстықты анықтаудан кейінгі үшінші орынға орналасты.

Кесте 1: Азаматтық ұлттық-құрылыс үлгісі

1

Қазақстан этникалық ерекшеліктеріне қарамастан, бір ұлтқа бірігуі керек

79.1%

2

Қазақстан көпұлтты мемлекет, бірақ азаматтықты анықтау мәселесімен өзі айналысу керек

13.3%

3

Қазақстан қазақтардың мемлекеті, сол себепті қазақтар ғана Қазақстанның болашағын анықтай алады

3.2%

4

Жауап беруге қиналды

4.5%

1-кестеге сәйкес, ҚЗСИ-дің 2013 жылы жүргізген сауалнамасы бойынша, жауап беруші адамдардың көпшілігі (79.1%) Қазақстан этникалық ерекшеліктеріне қарамастан бір ұлтқа бірігуі керек деген нұсқаны таңдады. Қалған екі нұсқаны таңдаған адамдар азаматтықты анықтау кезінде қазақ халқы жетекші рөл атқару керек деген пікірде болды (13.3% және 3.2%). Сауалнаманың нәтижесі бойынша, осы уақыт аралығында халықтың ұлттық таным мағынасын қалай түсінетіндігі байқалды. Келесі жылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жарияланғандығы бәрімізге мәлім, бұл идея бағдарламаның сауалнамадағы көрсеткіштермен сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық идея негізгі құндылықтар болып табылатын- тұрақтылық, төзімділік және дін мен ұлт айырмашылықтарына қарамастан орнайтын теңдікке негізделеді. Қазақстандықтарды біріктіретін жалпы құндылықтарға - жалпы тарих, мәдениет пен тіл жатады. Және бұл өзгерістер ұлттық-құрылыстың төртінші кезеңін белгілейді. Бұл кезеңде екі тарихи оқиға орын алды: бірі Қазақ Хандығының құрылуына 550 жыл толуы болса, екіншісі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Сол себепті бұл кезең ұлттық-құрылыс процесіне үлкен әсерін тигізді.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның ұлттық танымы мен бірлігін нығайту және дамыту» туралы жарлыққа қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес ұлттық-құрылыс саясатына қатысты 4 негізгі қағида жарияланды: азаматтықты анықтау қағидасы; «Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясының ұлттық тәуелсіздікке әсері; үш тілділік (Қазақ, Орыс және Ағылшын); «Мәңгілік Ел» идеясының жалғасуы.

Теориялық тұрғыда, «Мәңгілік Ел» идеясы Гельнердің ұлтшылдық туралы көзқарасымен ұқсас, әсіресе, волюнтаристік ұлтшылдық (немесе азаматтық ұлтшылдық). Гельнердің ұлтшылдық туралы анықтамасы «Мәңгілік Ел» идеясына теориялық және сыни тұрғыдан қарауға көмектесті:

1) Ұлтшылдық - этникалық және саяси қауымдастықтың үнемі сәйкес келуі туралы идеологиялық ұсыныс.

2)  «Егер екі адам бір-біріне деген ұлттық байланысты мойындаса, онда олар бір ұлтқа жатады...» Немесе белгілі бір адамдар тобы өздерінің этникалық және мәдени құндылықтарымен бөліссе, екі жақты құқық теңдігін мойындаса, бір-біріне адами көзқараста болса, олар бір топқа жатады. Өзара қарым-қатынасты мойындаған топ мүшелері ғана бір ұлтқа айналады.

3) Ұлтшылдықтың пайда болуы негізінен қоғамның аграрлық экономикалық қарым-қатынас түрінен өндірістік түрге өтуімен тығыз байланысты. Бірінші берілген анықтама талқылау мәселесі болып табылады. Қазақстанның барлық тұрғындары этникалық ұлтшылдық тұрғысында бір саяси жүйеге келе алмай, әр түрлі көзқарасты ұстанды. Этникалық құрылымда өзгеріс бола алмайды, ал азаматтардың ұлтшылдық туралы көзқарастарын бір жүйеге келтіру үшін және нәтижені жақсарту үшін саяси шеңбер құрылымын өзгерту керек. Мәселе азаматтық ұлтшылдық тұрғысында жүріп жатыр. Сондықтан бұл мәселе қазақстандықтардың келісімі бойынша шешіледі. Алайда сауалнаманың нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың бұл мәселеге байланысты өздерін жайлы сезінбейтіндіктерін байқатты. Қоғамның пікірі мен азаматтық құқықтарын арттыруға қатысты тағы бір сауал туындайды. Гельнердің анықтамасына сәйкес, волюнтаристік ұлтшылдық мына дерекке баса назар аударады: адамдар бір-бірінің алдындағы өзара құқықтары пен міндеттерінің тең екендігін мойындаса ғана, бір ұлтқа бірігеді. Осылайша, адамдар бір-бірінің мәдени құқықтарына құрметпен қарап, өз міндеттеріндей көңіл бөлсе, адамдардың өзара қарым-қатынасы өзгерер еді.

Бұл мақалада «Заңның үстемдігі» белгілеген, негізгі аспект болып табылатын 5 институционалдық реформаға жүгінеміз. Сондай-ақ, 2 негізгі аспекті бар,»Кәсіби Үкімет құру Аппараты» және «Жауапкершілікті Үкімет». Сондықтан бес реформаның үшеуі Қазақстан қоғамының саяси құрылымы -»Заңның үстемдігіндегі» басты рөлдерді атқаратын есептілік пен жоғары кәсібилікке негізделген. Төртінші анықтамада ұлтшылдық түсінігіне индустрияландырудың әсері және «Нұрлы жол» экономикалық реформасы айқын түсіндіріліп, ұлтшылдық идеясына бағытталған экономикалық сұрақтар талқыланады. Осы орайда индустрияландырудың жаңа қоғамдық қатынаспен байланысы дамып, жеке адам бір қоғамның мүшесі ретінде және бірлікте өмір сүру мүмкіндігіне ие болады.

«Мәңгілік Елдің» екі қағидасы үшінші анықтамамен сәйкес келеді, олар «Жоғары экономикалық өсуге индустрияландыру және инновациялар негізінде қол жеткізу» және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» болып саналады. 5 институционалдық реформа бойынша «Индустрияландыру мен экономикалық өсу» 50 нақты қадамды қамтиды. Оған қоса үш тілділік идеясы бойынша,( яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдері) ағылшын тілі мен қазақ тіліне енетін латын алфавиті қазақстандық мамандар үшін әлемнің түкпір-түкпірімен ақпарат алмасу және технологияларды жаңғырту мүмкіндіктерін туғызады. Кейбір сарапшылардың пікірінше, ұлттық идеяның нақты ұсыныстары жоқ және ұлттық идеяның рөлін анықтауға жеткіліксіз дейді. Басқа сарапшылар ұлттық құқықтық пікірге қарамастан, қоғамда даму байқалады дейді. Әрбір сарапшының ұсынған пікірлерінде мағына бар. Бірақ еске сала кететін жайт, Қазақстан Халық Ассамблеясының функциясы бойынша, ұлтшылдық түсінігі адамдардың күнделікті өміріндегі заңды, саяси, қоғамдық және экономикалық түсінігімен өлшенеді, Гельнердің анықтамаларына сүйене отырып, қазақстандықтардың арасында жаңа қоғам орнату ұсынылады.

Досанова Разия Шаяхметовна

магистрант 2-го курса

Казахского Национального университета им. Аль-Фараби

Аннотация. В этой статье рассматривается теоретическая основа национальной идеи «Мангилик Ел» и ее воплощение. В статье также рассматриваются основные концепции, как из национальной идеи, так и из связанных с ней программ развития, таких как 5 институциональных реформ и 100 конкретных шагов. Также обсуждается основные этапы становления нациестроительства в Казахстане как предпосылки созданию национальной идеи «Мангилик Ел». Анализ национальной идеи сводится к рассмотрению ее через призму идеи волюнтаристского или гражданского национализма Э. Геллнера, что является важным, с точки зрения понимание необходимости развития определенных условий и ценностей для успешного воплощения национальной идеи в дальнейшем.

Ключевые слова: Национальная идея «Мангилик Ел», 5 институциональных реформ, нациестроительство, Казахстанская идентичность, гражданский национализм.

Dosanova Razia Shayahmetovna

2 course MA

Kazakh National University named after Al-Farabi

Abstract. This article examines the theoretical framework of the national idea «Mangilik El» and its implementation. It reviews basic concepts both in the national idea and relevant programs such as 5 institutional reforms and 100 concrete steps. Also it discusses main stages of nation-building process that were premise to «Mangilik El». Analysis of the national idea was done based on Gellner’s view of civic or voluntaristic nationalism. This approach was helpful to understand necessary conditions and values that have to be developed for effective implementation of the national idea in future.

Keywords: National idea of «Mangilik El», 5 institutional reforms, nation-building process, Kazakhstani identity, civic nationalism.


No comments

To leave comment you must enter or register