Яндекс.Метрика
Home » Materials » УДК 316.35:39 ОТБАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Баудиярова Қ.Б.

УДК 316.35:39 ОТБАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4

Tags: отбасы, неке, тұрақтылық, фактор, зерттеу.
Author:
Отбасы мәселесі, неке-отбасылық қатынастың нығаюы қоғамды да, мемлекетті де ойландырады. Қазақ отбасы мен некелік қатынастарын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір мүддесі үшін де зор маңызы бар. Этнография ғылымының қазіргі табыстары қоғам дамуы мен этнография тарихын зерттеушілерге аса құнды, жаңа деректер беріп отыр. Тәуелсіздік алған Қазақстанда өтпелі нарықтық қатынастардың ауыр кезеңін бастан кешірген неке және отбасы жағдайы тарихи-этнографиялық және этносоциологиялық зерттеулерді қажет етеді. Қазақстанның болашақта тұрақты дамуы үшін неке және отбасы жағдайы тұрақты болуы қажет.
Text:

Отбасы тұрақтылығын зерттеу мәселесінің бірі – тұрақтылыққа әсер ететін факторларды анықтау. Аталған мақсатқа жету үшін ең алдымен  «отбасы тұрақтылығы» дегеніміз не деген сұраққа жауап беруіміз қажет. Арнайы зерттеулерде «тұрақтылық» сөзі «беріктік», «қалыптасқан тәртіп», «адаптация», «теңдік», «бірлік», «достық» ұғымдарымен тығыз байланысты. Осы түсініктерді нақтылау мақсатында бірнеше зерттеулерді талдаймыз. А.Н. Баранов отбасылық тұрақтылықты оның құрамымен байланыстырады [1]. Санк-Петербург қаласының 2000 респондентіне сауалнама жүргізе отырып, тұрақтылыққа байланысты үш кезеңді анықтады: 1) 18-34 жас аралығы, бұл кезеңде некенің қалыптасуы, баланың дүниеге келуі, ата-анадан бөлек шығу процесі жүреді; 2) 40-49 жас аралығы, балалары өз отбасыларын құрып, ата-аналарынан бөлек шығады; 3) 60 және одан жоғары кезеңде отбасы тұрақтанады.

Келесі зерттеу отбасы тұрақтылығын ішкі отбасылық қатынаспен байланыстырады. А.Г. Харчев: «Тұрақтылық – отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы негізінде сақталады және отбасы мүшелерінің үстіне «киім кигізу» арқылы, яғни өз еркінен тыс билікті орнатуға байланысты қалыптасады» деп тұрақтылықтың екі түріне сипаттама береді [2].

Н.Г. Юркевич өз зерттеулерінде отбасы тұрақтылығына некелік қатынастар әсерін, «отбасы тұрақтылығы дегеніміз неке тұрақтылығы» деп көрсетті [3]. Автор ерлі-зайыптыларға деген өмірге деген көзқарас, қызығушылық, мінез-құлық, физиологиялық сәйкестік, мәдени деңгей, отбасылық міндет т.б. ортақ сәйкестікті талдайды.

Н.С. Мансуров неке тұрақтылығын анықтау мақсатында 660 адамға сауалнама жүргіп, нәтижесінде респонденттердің 70% отбасылық  өмірмен қанағаттанатынын жеткізді. Респонденттердің жартысы отбасын сақтайтын негізгі фактор ретінде – махаббатты, ал 1/3 бөлігі – «баланың болуын», «бір-біріне жақындықты», «рухани байланысты», «ортақ көзқарасты» көрсетті [4].

С.И. Голод 1970 жылдары заводта жұмыс жасайтын студенттерге сауалнама жүргізді. Респонденттердің 75% некеде тұрғандар, отбасының тұрақтылығына өзара қамқорлық, баланың болуын, ортақ көзқарас әсер етеді десе, қалған 25% материалдық құндылықты отбасын сақтайтын негізгі фактор деп есептейді [5].  

А.П. Априянның жүргізген зерттеулері бойынша 10 255 отбасының 95% отбасылық өмірмен қанағаттанатынын, 5% қанағаттанбайтынын білдірді. Оның негізгі себептеріне: материалдық жағдайдың төмендігі, баспананың болмауы, отбасылық қарама-қайшылық немесе ұрыс-жанжал, баланың болмауы [6].

М.Г. Панкратова Мәскеу қаласындағы 8-ші сынып оқушыларының 230 отбасына сауалнама жүргізген. Ата-ананың 28% өз отбасын өте жақсы, 26% жақсы, 23% қанағаттанарлық, 5% жаман деп бағалады. Негізгі себептер қаржы мәселесі, араққа салыну, жұмысбастылық [7].

В.Б. Голофастың зерттеулерінде отбасының төрт типін анықтайды:  

1. Отбасындағы тәртіп пен міндет орныққан. Патриархалды отбасы. Жасы, жынысы, денсаулығы, дәрежесіне байланысты міндеттер жүктелген. Бұндай отбасында буындар арасындағы қарама-қайшылық туындайды.

2. Отбасындағы тәртіп пен қызмет сәйкес келмейді. Отбасы мүшелері дәстүрлі көзқарасты ұстанады. Міндеттер нақты жүктелмеген, бір адамнан келесі адамға ауысып отырады.

3.Отбасындағы тәртіп пен қызмет сәйкес келмейді. Отбасы мүшелерінің көзқарасы үдемелі, отбасының қажеттілігіне және жеке адам ретіндегі көзқарасқа сай міндеттер жүктеледі. Бірақ міндеттер ауысып отыратындықтан, қарама-қайшылыққа әкеледі.

4. Отбасындағы тәртіп пен қызмет сәйкес келеді. Отбасындағы міндеттер  бекітілген, жүктелген. Отбасы мүшелерінің қызметі демократияландырылған. Жоғарыда аталған отбасы типтерін зерттей отырып, ішкіотбасылық қатынастағы отбасы міндеттері өзара келісіліп бекітілсеотбасы тұрақтылығы артады [8].

Н.В. Гаврилова айтуынша: «тұрақсыз отбасы – қарама-қайшылық шарықтау шегіне жетіп, күйреген отбасы». Жинақталған материалдардың нәтижесі бойынша зерттеуші тұрақсыз отбасындағы әйелдердің теңсіздігі анық көрінетітінін жазады. Автор бұндай отбасылардағы ер адамдардың үй шаруашылығындағы үлесін 77%, бала тәрбиесіндегі орнын 79% деп көрсетеді. Үй шаруасы шаршатқан әйел ашуланшақ, мазасыз болып балаларына дұрыс көңіл-күй, мейірім сезімін бөле алмайды. Қайшылықты отбасындағы балалардың оқу үлгерімі 38%, тәртіпсіздік 42%, өтірік айту 24%, зорлық-зомбылық көрсету 36%, ашуланшақтық 16% көрсеткіште [9].

Тұрақты және тұрақсыз отбасыларды зерттеуде Н.Г. Юркевичтің тікелей және қосымша сұрақтар арқылы жүргізген сауалнамасы «бақытты», «қанағаттанарлық», «бақытсыз» отбасылардың бар екенін анықтады. Оның ойынша отбасы тұрақсыздығы неке тұрақсыздығымен және отбасындағы өзара еңбек бөлінісімен байланысты. Н.Г. Юркевичтің зерттеуінше  тұрақты отбасылардың 60%-да  еңбек бөлінісі теңдей, 22%-да бар шаруашылық әйелдің мойнында. Тұрақсыз отбасылардың 59%-да еңбек міндеті әйелдің мойнында болса, 6% теңдей. Автор некемен қанағаттануды отбасындағы басшылықпен байланыстырады. Отбасындағы мәселелерді бірігіп шешетін, отбасы өмірін, демалысын бірігіп ұйымдастыратын отбасы – бақытты отбасы саналады. Осындай отбасының 60%-да, бақытсыз отбасының 28%-да қаржыны бірігіп жұмсайды.

Түрлі мәліметтерді зерттей отырып отбасы тұрақтылығы шаруашылық-тұрмыстық өмірге тікелей қатысты екенін көреміз. Д.М. Чечоттың зерттеуіне сүйенсек 100 некенің 24-де шаруашылыққа икемсіздік, күйеуінің тұрмысқа қолғабыс тигізбеуі ажырасудың негізгі себебі деп көрсеткен [10].

Аталған зерттеушілердің еңбегін талдай отырып неке тұрақтылығына нақты бір ғана фактор әсер етеді деп айта алмаймыз. Жоғарыда аталған бірнеше факторлар неке тұрақтылығын анықтауға ықпал етеді. 

Әдебиеттер

1  Баранов А.Н. Городская семья и личность. – социальные исследования. Методологические проблемы исследования быта. – М., 1971.

2  Харчев А.Г. Быт и семья как категории исторического материализма // Проблемы брака и семьи. – Вильнюс, 1970. – С.17-18.

3  Юркевич Н.Г. Советская семья. Функции и условия стабильности. –Минск, 1970. – 134 с.

4  Мансуров Н.С. Исследование особенностей семьи как общности // Проблемы социологического изучения семьи. – М., 1976. – С.54-67.

5  Голод С. И. Семья и брак: Историко-социологический анализ. –

СПб.: Петро-полис, 1998. – 272 с.

6. Априян А.П. Социологическое исследование семьи (по материалам сельских районов Армянской ССР). – Ереван: Айастан, 1974. – 242 с.

7. Панкратова М.Г. Семья в России после распада Советского Союза: преемственность и изменения // Проблемы женщин и семьи глазами социологов. – М., 1997. – С.17-24.

8. Голофаст В.Б. Социология семьи : статьи разных лет. – СПб.: Алетейя , 2006 . – 432 с.

9. Гаврилова Н.В. Проблемная семья как объект социологического исследования. – М.: Мысль, 1971. – 158 с.

10. Чечот Д.М. Социология брака и развода. – Л.:  Знание, 1973. – 264 с.

References

1.  Baranov A.N. Gorodskaja sem'ja i lichnost'. – social'nye issledovanija. Metodologicheskie problemy issledovanija byta. – M., 1971.

2.  Harchev A.G. Byt i sem'ja kak kategorii istoricheskogo materializma // Problemy braka i sem'i. – Vil'njus, 1970. – S.17-18.

3.  Jurkevich N.G. Sovetskaja sem'ja. Funkcii i uslovija stabil'nosti. –Minsk, 1970. – 134 s.

4.  Mansurov N.S. Issledovanie osobennostej sem'i kak obshhnosti // Problemy sociologicheskogo izuchenija sem'i. – M., 1976. – S.54-67.

5.  Golod S. I. Sem'ja i brak: Istoriko-sociologicheskij analiz. –

SPb.: Petro-polis, 1998. – 272 s.

6. Aprijan A.P. Sociologicheskoe issledovanie sem'i (po materialam sel'skih rajonov Armjanskoj SSR). – Erevan: Ajastan, 1974. – 242 s.

7. Pankratova M.G. Sem'ja v Rossii posle raspada Sovetskogo Sojuza: preemstvennost' i izmenenija // Problemy zhenshhin i sem'i glazami sociologov. – M., 1997. – S.17-24.

8. Golofast V.B. Sociologija sem'i : stat'i raznyh let. – SPb.: Aletejja , 2006 . – 432 s.

9. Gavrilova N.V. Problemnaja sem'ja kak ob#ekt sociologicheskogo issledovanija. – M.: Mysl', 1971. – 158 s.

10. Chechot D.M. Sociologija braka i razvoda. – L.:  Znanie, 1973. – 264 s.

К.Б. Баудиярова

к.и.н., доцент Казахского национального

университета им. аль-Фараби

ИССЛЕДОВАНИЕ СТАБИЛЬНОСТИ СЕМЬИ

  Проблемы семьи, укрепления семейно-брачных отношений представляют интерес как для общества, так и для государства. Исследование в этнографическом аспекте казахской семьи и брачных отношений важны не только для науки, но и для повседневной жизни. Современные достижения этнографической науки ценны для развитии общества и для исследователей истории этнографии своими новыми источниками. Брак и семья, испытывая трудности переходных рыночных отношений в условиях суверенного Казахстана, нуждаются в историко-этнографических и этносоциологических исследованиях. Для стабильного развития Казахстана в будущем требуется стабильность браки и семьи.

  Ключевые слова: семья, брак, стабильность, фактор, исследование.

K.B. Baudiyarova

researches of family stability


  Family, marriage and family relations in the society are important problem for society and state. Kazakh family and marital relations in the interests of the ethnographic approach to the study of science and everyday life is important. Ethnography of the development of the society and the success of the science of ethnography, history has given researchers a valuable new data. After Independence experienced a difficult period of transition to market relations, in marriage and family requires historical, ethnographic and ethno sociological researches. State stability related to family and marriage stability.

Keywords: family, marriage, stability, factor, study.


No comments

To leave comment you must enter or register