Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕТІМ БАЛАЛАР АХУАЛЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ

МУРЗАХОДЖАЕВ Қ.М. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері» бөлімінің кі

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕТІМ БАЛАЛАР АХУАЛЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3

Author:
Бұл мақалада автор Қазақтандағы балалар үйлері мен жетім балалардың ахуалын статистикалық мәліметтер негізінде қарастырған. Әсіресе соңғы 4 жыл ішіндегі сандық мәліметтерді зерттеп, талдап, ғылыми айналымға енгізген. Мақалаға өзек болған мәселенің өзектілігін ашу барысында автор көрші мемлекеттермен салыстыра отырып, пайыздық көрсеткішін шығарған. Автордың мәлімдеуінше, соңғы жылдары Қазақстандағы жетім балалар санының төмендеу динамикасы байқалуда, оған патронаттық отбасы институты мен асырап алушыларды ынталандыру шаралары себеп болуда. Кілт сөздер: жетім балалар, балалар үйі, патронаттық отбасы, жәрдемақы, тәрбиеленуші.
Text:

Соңғы кездері баласынан безген безбүйрек ата-аналардың қоғамда етек алу үрдісі байқалуда. Бауыр еті туған баласын саудаға салуы, әлеуметтік жағдайын алға тартып, ұл-қыздарын жетімдер үйіне өткізуі, ішкілік пен нашақорлықтың соңына түсудің нәтижесінде ата-ананың баласына құқықтары шектеліп, баланың жетім қалуысекілді көріністер күнделіктік сипат алғандай. Нәтижесінде адами құндылықтардың орны мен реті ауысып бара жатқан бұл заманда еліміздегі жетім балалар санының көрші елдермен салыстырғанда салыстырмалы түрде жоғары болуы, өзекті мәселе болып отыр. Жетімін жылатпаған, жесірін еліне қайтармаған, балалар үйін қажет етпеген еліміздің бүгінгі жағдайы тым басқа. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы мәліметтер бойынша жетім балаларға және ата-ананың қарауынсыз қалған баларға арналған 188 балалар үйі жұмыс жасайды. ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2014 жылы жасаған баяндамасына сүйенсек, елімізде 32362 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Бұл 32362 баланың барлығы толық жетім емес, көпшілігінената-аналары бас тартқан немесе балаларына құқықтары шектелген. Барлық балалар үйінде тәрбиеленушілердің 81,6 %-ң ата-аналары тірі, тек қалған 18,6 %-ң бір немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болған. Демек, 6000-ға жуық баланы толық жетімдер деп айтуға болады [1].

Дүние есігін ашқан әр сәби жетім болу үшін не тастанды бала атану үшін өмірге келмейді. Ата-ананың жылуын сезінуге әркімніңқұқығы бар. Ата-бабамыз ежелден-ақ бұл ақиқатты білген, сондықтан отбасындағы баланы ешуақытта жетім қалдырмаған, тіпті туыстарының да балаларын өз отбасына алып тәрбиелеген. Бүгінгі нәресте ертеңгі күні ұлттың болашағы, мемлекеттің потенциалы, байлығы болатынын түсінген. Республикамыздағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар көрсеткіші жылдан жылға азаю үдерісі – көңілге медеу болуда. Сөзімізді дәйектесек, 1999 жылы Қазақстан Республикасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 98 мың бала болса [2], 2009 жылы – 46 мыңнан астам [3], 2011 жылы – 36777 [4], 2012 жылы – 34785 бала, 2013 жылы – 33682-ге азайған [5], ал 2014 жылы – 32362 жетім бала тіркелген [6]. Бұл мәліметтер Қазақстандағы жетім балалардың саны жылдан жылға азайып келе жатқандығын көрсетеді. 1999 жылмен салыстырғанда жетім балалардың саны3 есеге азайған.

Бұл құрғақ статистикалық сандық мәліметтерді республикамызбен ғана шектеліп қарастыру бұл проблеманың еліміздегі толық ауқымын түсіндіруде жеткіліксіз. Сондықтан аталмыш мәліметтерді бұрыңғы КСРО, қазіргі посткеңестік мемлекеттермен салыстыра отырып талдап, ой жүгіртсек. Оңтүстіктегі көршіміз Қырғызстан Республикасындағы жетім балалар ахуалына қарасақ, Қырғызстан Республикасы әлеуметтік даму министрлігінің 2013 жылғы мәліметтерінде:«104 балалар үйлері бар, бұл интернеттарда 20 мыңға жуық бала тәрбиеленуде», – деген еді [7]. Ал келесі жақын көршіміз Өзбекстанның балалар үйлерінде 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 20500-ге жуық жетім бала тәрбиеленуде [8]. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы бала құқықтары жөніндегі ресми өкіліП. Астаховтыңмәліметінше 2013 жылы Ресейдегі жетім балалар саны 106 мыңды құраған [9]. Ал Қазақстанда 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 33682 мың жетім бала тіркелген [5]. Бұл сандық көрсеткіштер де толық ахуалды қамтуға жеткіліксіз. Енді осы 2013 жылғы жетім балалардың санын сол елдегі жалпы 0-18 жас аралығындағы балалардың санына қатынасын тауып, пропорция түрінде көрсетсек. Олай болса, Қырғызстандағы 20 мың жетім бала сол елдегіжалпы 0-18 жас аралығындағы балалардың (2 184 050) [10] – 0,9%-ын құрайды; Өзбекстанда 10 300000 мың баланың [11] – 0,2%-н жетім балалар құраса; Ресей Федерациясындағы 27 374 000 мың баланың[9] – 0,4%-ын ата-анасының қорғауынсыз қалған жетімдер құраған; ал Қазақстан Республикасындағы  5 029 936 мың баланың [5] – 0,7%-ын жетім балалар құрап отыр. Демек, көрші елдермен салыстырғанда жетім балалардың сандық үлесі біршама жоғары. Мысалы, Өзбекстаннан 0,5%-ға, ал Ресейден 0,3%-ға көп. Қырғызстаннан болса 0,2%-ға аз. Бірақ жылдан жылға еліміздегі жетім балалар саны азаю үстінде.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің сөзіне сүйенсек, жыл сайынғы жетімдер көрсеткішінің төмендеуіпатронаттық отбасы институтының жылдам дамуымен байланысты. 2015 жылы осындай патронаттық отбасыларда жеті мыңға жуық бала тәрбиеленіп жатқандығы айтылады [12]. Жалпы, патронаттық отбасы институтының мақсаты – балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерді болашақтағы қоғам өмірімен араластырып, өзінің орнын табуы үшін және жастайынан ана махаббатынан мақұрым қалған балаларға отбасылық жылу беріп, ата-ананың қамқорлығы арқылы толыққанды азамат етіп, әлеуметтік ортаға қосу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Патронат туралы ережесінде осы ұғымға төмендегідей анықтама берілген: «Патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаушы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берiлетiн тәрбиенiң нысаны.Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы органның арасында жасалатын баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың пайда болуына негiз болып табылады». Сондай-ақ, асырап алу, патронат атанудың шарттары, міндеттері, т.б. мәселелер Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысыменбекiтiлген [13].

«Шығармашылық бастама жөніндегі әйелдер лигасының» жетекшісі Әсия Хайруллинаның мәліметінше: «Осы жағдайды реттеудің бір жолы ретінде, әлгіндей балалардың арнайы мекемеде емес, отбасында тәрбие алуы керек деген ұсыныстар айтылуда. Бұл ойды жүзеге асыру мақсатында 2004 жылдан бері Қазақстанда жетімдер үйлерінің балаларын, уақытша отбасына тәрбиеге беру жұмыстары жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде Қазақстан бойынша, мың жарым бала отбасы жағдайында тәрбиеленуде». 2011 жылғы мәлімет бойынша жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың 23852-і қамқорлықта, қорғаншылықта, патронаттық тәрбиеде, 12 925-і  интернаттық  мекемелерде [4]; 2013 жылы – 23 803 бала отбасыларда қорғаншылықта және қамқоршылықта, патронаттық тәрибеленуде, 9 879 бала білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйелерінің мекемелерінде [5]; 2014 жылы – 23170 бала қамқорлықта, қорғаншылықта, патронаттық тәрбиеде, ал 9192-і интернаттық  мекемелерде тәрбиеленуде [6]. Жетім балаларды өзінің отбасында тәрбиелеуге алып, оның оқуын, тамағын, киімін тауып беру секілді күнделікті тұрмыстық мәселерді шешуді мойнына алу өте күрделі мәселе. Сондықтан еліміз патронат болған отбасыларға ай сайынғы көмек ретінде жәрдемақы тағайындаған. 2005 жылы бір балаға бір айда 17000 теңге төленетін. Отбасына жетім баланы тәрбиелеуге алған азаматтарды материалдық қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес патронаттық тәрбиешіге әр балаға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде жетім балаларды күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат және қосымша (еңбек өтілі мен категориялық санатына байланысты) 2011–2014 жылдары 36000-60000 теңге шамасында айлық төленеді.

Болашақта жетім балалардың саны тағы да төмендеу үрдісі күтілуде, себебі, 2015 жылдан бастап Елбасының тікелей тапсырмасымен 2014 жылғы Республикалық бюджетке асырап алушыларды ынталандыру мақсатында шығындарды көтеру мақсатында комиссия құрылып, нәтижесінде 2015 жылдан бастап жетім баланы қолына аламын деушілерге бір реттік 75 АЕК  (1 АЕК – 1982 тг.) – 148650 теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындалды. Бұл да өз кезегінде еліміздегі жетім балалар санының төмендеуіне септігін тигізеді деген ойдамыз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов: «Біз баламалы отбасылық құрылымдарды жетілдіру арқылы балалар үйлеріндегі жетім балалар санының азаюына қол жеткіздік. Жыл сайын еліміздегі жетім балалардың саны мыңнан астам балаға азайып, керісінше отбасылық құрылымдармен қамтылған балалардың саны көбейіп келеді», – деп мәлімдеді [14].

2014 жылдан бастап Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке ынтасымен Қазақстанда жаңа стратегиялық іс-шара – «Отбасы күні» тойланатын болды. 2013 жылдың 8-қырк.йегінен басталған бұл мейрам қыркүйектің әр екінші жексенбісінде аталып өтетін болып бекітілді. Бұл жөнінде ұлт көшбасшысы: Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек.Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі», – деген болатын [15].

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – демекші әлемнің бәсекеге қабілетті ең дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруді ойласақ, алдымен бала тәрбиесіне, отбасылық құндылықтарға көңіл бөлуіміз керек. Мемлекеттің ең басты байлығы да адам екендігін бір уақытқа да естен шығармаған абзал.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Доклад о положении детей в Республике Казахстан. – Астана, 2014. http://www.bala-kkk.kz/ru.

2 Қазақстанда жетім балалар саны 1999 жылдан бері 3 есеге азайған. – 8 ақпан 2013. http://bnews.kz/kk/news/post/123938/

3 Соңғы жылдары елімізде балалар үйіндегі жетімдер санының төмендеуі байқалып отыр. – 23 Қаңтар 2012.http://www.inform.kz/kaz/article/2435315

4Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама. – Астана қаласы, 2011. http://www.bala-kkk.kz/ru

5 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама.– Астана қаласы, 2013. http://www.bala-kkk.kz/ru

6 Доклад о положении детей в Республике Казахстан. – Астана, 2014. http://www.bala-kkk.kz/ru

7 В Кыргызстане пытаются решать проблемы сирот. http://www.uspeshnye-siroty.ru/news/v-kyirgyizstana-pyitayutsya-reshat-problemyi-sirot.html. 01.17.13.

8 В детских домах и интернатах Узбекистана воспитывается около 2500 детей-сирот. http://podrobno.uz/cat/obchestvo/v-uzbekistane-vospitivaetsya-2500-detei-sirot/. 15.03.2013.

9 В России увеличилась рождаемость. 19 декабря 2014. https://deti.mail.ru/news/v-rossii-uvelichilas-rozhdaemost/

10 http://stat.kg/images/stories/Demography1.pdf

11 Ашурова В.И. Демографические показатели Республики Узбекистан //http://congress-ph.ru/common/htdocs/upload/fm/vich/14/e3-25/1-31.pdf

12 Количество детских домов в РК ежегодно уменьшается на 10% //http://tv7.kz/ru/news/show/14261.29.04.2015.

13 Патронат туралы ереже //http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P990001346_

14 Қазақстанда жыл сайын жетім балалар саны 1 мыңға азайып келеді - ҚР БҒМ // http://www.inform.kz/kaz/article/2745772. – 12.02.2015.

15 Елбасы қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтады // http://strategy2050.kz/news/1227. – 08.09.2014.

REFERENCES

1 Doklad o polozheniidetej v RespublikeKazahstan. – Astana, 2014. http://www.bala-kkk.kz/ru

2 Kazakstandazhetіmbalalarsany 1999 zhyldanberі 3 esegeazaigan. 8 akpan 2013. http://bnews.kz/kk/news/post/123938/

3 Songy zhyldary elіmіzde balalar үuindegі zhetіmder sanynyn tomendeyі baikalyp otyr. 23 kantar 2012. http://www.inform.kz/kaz/article/2435315

4 KazakstanRespublikasyndagybalalardynzhagdajyturalybajandama.Astana kalasy, 2011. http://www.bala-kkk.kz/ru

5 KazakstanRespublikasyndagybalalardynzhagdajyturalybajandama.Astana kalasy, 2013. http://www.bala-kkk.kz/ru

6 Doklad o polozheniidetej v Respublike Kazahstan. Astana, 2014. http://www.bala-kkk.kz/ru

7 V Kyrgyzstane pytajutsja reshat' problem sirot. http://www.uspeshnye-siroty.ru/news/v-kyirgyizstana-pyitayutsya-reshat-problemyi-sirot.html. 01.17.13.

8 V detskih domah i internatah Uzbekistana vospityvaetsja okolo 2500 detej-sirot. http://podrobno.uz/cat/obchestvo/v-uzbekistane-vospitivaetsya-2500-detei-sirot/. 15.03.2013.

9 V Rossii uvelichilas' rozhdaemost'. 19 dekabrja 2014. https://deti.mail.ru/news/v-rossii-uvelichilas-rozhdaemost/

10 http://stat.kg/images/stories/Demography1.pdf

11 Ashurova V.I. Demograficheskie pokazateli Respubliki Uzbekistan. http://congress-ph.ru/common/htdocs/upload/fm/vich/14/e3-25/1-31.pdf

12 Kolichestvo detskih domov v RK ezhegodno umen'shaetsja na 10%.  http://tv7.kz/ru/news/show/14261. 29.04.2015.

13 Patronat turaly erezhe. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P990001346_

14 Qazaqstanda ji'l sayi'n jetіm balalar sani' 1 mi'nggha azayi'p keledі - QR BGhM // http://www.inform.kz/kaz/article/2745772. – 12.02.2015.

15 Elbasi' qazaqstandi'qtardi' otbasi' ku'nіmen qutti'qtadi' // http://strategy2050.kz/news/1227. – 08.09.2014.

Мурзаходжаев К.М.

МНС, Институт Истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, PhD докторант

ИССЛЕДОВАНИЕ О ПОЛОЖЕНИИ ДЕТЕЙ-СИРОТ В КАЗАХСТАНЕ: НА ОСНОВЕ СТАТИСТИЧЕСКИХ ДАННЫХ

Аннотация

Автор в данной статье приводит сведения о положении детских домов и о количестве детей сирот в Казахстане. Вчастности, были исследованы статистические данные последних четырех лет и введены в научный оборот. Также выявлено процентное соотношение детей сирот в контексте сравнении с соседними странами. По словам автора, внедрение института патронатной семьи и поощрение опекунства и попечительства дали свои положительные результаты, в последние годы прослеживается динамика понижения количеств детей сирот в нашей стране.

Ключевые слова:дети сироты, детские дома, патронатная семья, пособие, воспитанник.

Murzakhodzhaev K.M.

Junior Researcher, Institute of History and ethnology

named after Ch.Ch. Valikhanov, PhD

ORPHAN`S STATISTIC IN KAZAKHSTAN

Resume

The author of this article adduce information about condition of orphanages and orphans in Kazakhstan. Also, author was investigate the statistical data of the last four years, which later were introduce into scientific circulation. So revealed the percentage of orphans within the context compared with neighboring countries. According to the author, the introduction of the institute of patronage family and promotion of guardianship and trusteeship gave positive results, in recent years has traced dynamics of a reduced amount of orphans in the country.

Key words: orphans, orphanages, patronage family, allowance, pupils

No comments

To leave comment you must enter or register