Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2022_1_58

ТАЛАС ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2022_1_58

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(29), 2022

Author:
Е.Ш. Ақымбек¹ID, М.С. Шагирбаев¹*ID
¹Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Қазақстан, Алматы қ. 
*Автор-корреспондент 
Е-mail: eraly_a@mail.ru (Ақымбек), mambet_87@mail.ru (Шагирбаев)
Аңдатпа. Мақалада Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдердің зерттелуіне хронологиялық негізде тарихнамалық шолу жасалады. Аталған өңірдегі төрткүлдердің зерттелуі жүйелі түрде топтастырылып, төрткүлдер туралы мәліметтердің ғылыми айналымға енуіне сараптама жүргізіледі. Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдердің зерттелуін ХІХ ғасырдың ортасынан бастап бүгінге дейінгі ауқымды хронологиялық кезеңде қарастыра отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері салыстырмалы түрде зерттеледі. Зерттеу жұмысында Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, К.А. Ақышев, К.М. Байпақов, П.Н. Кожемяко, Т.В. Савельева, М. Елеуов, А.А. Нұржанов, М.С. Қасенов, Н.Н. Маханбаева және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі кезеңдестіру мәселесіне тоқталып, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары сипатталады. Мақала авторлары бірқатар төрткүлдердің баламалануындағы өзекті мәселелерге тоқталып, Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдерге қатысты ақпараттар кешенін хронологиялық тұрғыдан қайта жүйелеу қажеттігін алға тартады. Мақаланың қорытынды бөлімінде төрткүл тәріздес ескерткіштерді зерттеудегі негізгі міндеттерді сипаттай отырып, төрткүлдердің атқарған қызметін анықтау қажеттігі айтылады.
Түйін сөздер: Талас өңірі, ортағасырлық ескерткіштер, төрткүлдер, қала мәдениеті, археологиялық зерттеулер, археологиялық материалдар, тарихнама.

Text:

Кіріспе. Ортағасырлық ескерткіштердің ішінде өзінің сыртқы пішіні бойынша ерекше болып келетін түрі бұл – төрткүлдер. Төртбұрышты келген, бұрыштары мен қабырғаларының бойында мұнара орындары сақталған төрткүл тәріздес ескерткіштерді Қазақстан территориясында шығыста Зайсан, Алакөл өңірінен бастап, Орталық Қазақстан, Жетісу, Сырдария және Маңғыстауға дейін кездестіруге болады. Соның ішінде, төрткүлдердің ерекше көп шоғырланған аймағы – Талас өңірі. Төрткүл тәріздес ескерткіштер Талас өңірінде Алатаудың тау бөктерлерінен бастап, өзен жағалауы мен далалық жазық аймақтарда кейде шоғырланып, кейде жеке дара орналасқан. Талас өңірінің климаттық жағдайы мен табиғаты шаруашылықтың бірнеше түрін дамытуға қолайлы болуымен қатар, геосаяси тұрғыдан халықаралық сауда жолдарының бойында орналасуы, орта ғасырларда аймақтағы халық санының артуына және қала мәдениетінің дамуына әсер етті. Алайда, Қазақстанның орта ғасыр археологиясында маңызды орын алатын төрткүлдер туралы ортақ ғылыми тұжырымдар әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ. Бүгінде төрткүлдердің топографиялық орналасқан аймақтары жалпы белгілі болғанымен, басым бөлігінің стратиграфиялық ерекшеліктері, материалдық мәдениеті мен хронологиясы, атқарған қызметі мен қалыптасу, даму және құлдырау кезеңдері туралы сұрақтар толық шешімін таппаған.

Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдердің археологиялық тұрғыдан зерттелуі эпизодттық сипатқа ие десек те болады. Қазба жұмыстары көбіне ірі қалалар мен оның маңайындағы төрткүлдерді қамтығанымен, арнайы бағыт бойынша кешенді зерттеу жүргізілмеген. Археолог ғалымдар төрткүлдердің пайдаланылу мақсатын бекініс, керуен сарай, билік ордасы немесе шекаралық бекет және т.б. байланыстырғанымен, ол пікірлердің басым бөлігі санаулы төрткүлдерді немесе белгілі бір шағын ауданның шеңберіндегі ескерткіштерді қамтуымен шектеледі. Бұл өз кезегінде Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениетінде ерекше орын алатын төрткүлдердің қандай саяси-экономикалық жағдайда қалыптасқаны, неге белгілі бір кезеңде ерекше дамығандығы және құлдырау кезеңдері мен себептерінің ғылымда ақтаңдақ күйінде қалуына әсер етіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдерге кешенді зерттеу жүргізу арқылы, топографиялық орналасуы мен стратиграфиялық, фортификациялық ерекшеліктері, материалдық мәдениеті мен шаруашылығы туралы сұрақтарға жауап іздеу маңызды болып табылады. Ол үшін алдымен, Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдерге қатысты ақпараттар кешені хронологиялық тұрғыдан жүйеленуі тиіс. Жүйелі мәліметтер ортағасырлық төрткүлдер туралы қордаланған деректерді қайта ой елегінен өткізуге және келешектегі зерттеу жұмыстарына дұрыс бағыт-бағдар алуға әсер етеді.

Материалдар мен әдістер. Мақаланың материалдық базасын ортағасырлық төрткүлдерге ХІХ ғасырдың ортасынан бастап бүгінге дейін жүргізілген өлкетанулық, архитектуралық, археологиялық зерттеулердің жарияланымдары, археологиялық барлау-іздестіру, қазба жұмыстарының нәтижелері көрсетілген Есептер, сонымен қатар, ескерткіштерді тізімдеу жинақтарын құрайды. Мақаланың мақсаты Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдер туралы мәліметтерді жүйелеп, нақты ақпараттар кешенін (төрткүл атауы, төрткүлдердің басқа ортағасырлық ескерткіштерден бөлек қарастырылуы, фортификациялық және стратиграфиялық ерекшеліктері, мерзімделуі және т.б.) анықтауға бағытталады.Зерттеу жұмысы Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдердің зерттелуімен байланысты болғандықтан, тарихнамалық шолу хронологиялық әдіс бойынша жасалды.  Мақаланың бүкіл құрылымында аталған әдіс алдыңғы орында болады, себебі бұл археологиялық зерттеулердің хронологиялық шегін көрсетіп, төрткүл туралы тұжырымдардың ғылымда орнығып, жеке ескерткіш ретінде қарастыруға алып келгенін көрсетуге мүмкіндік береді.

Талқылау. Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдерге қатысты зерттеу жұмыстарын зерделеу барысында, ескерткіштің бұл түрінің ғалымдардың назарын ХІХ ғасырдың өзінде-ақ аудартқаны байқалады. «Төрткүл» жергілікті халықтың берген атауы екені сөзсіз. Ескерткіштің сыртқы пішінінің белгілі геометриялық сипатқа ие болуы, халық арасында «төрткүл» деп аталуына әсер еткен. Яғни, сыртқы шаршылы немесе тіктөртбұрышты болып келген жалдарының, не бұрыштарының әлемнің төрт тарабына бағытталып орналасқанына байланысты аталғаны анық. Ал зерттеушілер көп жағдайда жергілікті атауды басшылыққа алған.

1867–1892 жж. зерттеулерде Талас өңірінің ортағасырлық төрткүлдері туралы аса көп мәліметтер алынбағанымен, жалпы ортағасырлық ескерткіштер, оның ішінде ежелгі Тараз қаласы, Түймекент, Ақыртас кешені, Кішібурылдағы мұнара және Айша бибі кесенесі белгілі болады. М. Елеуов айтып өткендей: «... бұл кездегі зерттеулер ортағасырлық қалалар туралы қысқа хабар беріп, олардан табылған заттарға тоқталып, ескерткіштерге қатысты аңыздар жазып алумен шектеледі» (Елеуов, 1998: 97).

Жалпы 1893–1935 жж. аралығындағы зерттеулер Талас өңірінің ортағасырлық қала мәдениеті туралы мәліметтерді толықтырып қана қоймай, төрткүлдер туралы ой-пікірлердің алғаш ғылыми айналымға енуімен ерекшеленеді. Әрине ортағасырлық төрткүлдер жеке зерттеу нысанына айналмағанымен, оның этимологиясы, сыртқы пішіні ғалымдардың назарын аудартты, сондай-ақ, ортағасырлық ескерткіштердің типологиясында жеке ескерткіш ретінде атала бастады. Алайда, төрткүлдерге археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілмеуі, ескерткіштердің мерзімделмеуі төрткүлдер туралы ғылыми пайымдаулардың үстірт күйінде қала беруіне әсер етті.

1936–1945 жж. Талас өңіріне қатысты зерттеулер ортағасырлық төрткүлдер туралы бұрын белгілі деректерге бірқатар түзетулер енгізгендей болды. А.Н. Бернштам және Г.И. Пацевичтің зерттеулерінде төрткүлдердің өлшемдері алынуымен қатар, мәдени қабаты, материалдық мәдениеті туралы ақпараттар легі қалыптасты. Жоғарыда жазғанымыздай, төрткүлдердің атқарған қызметі шекаралық бекет немесе керуен сарай ретінде қолданыс тапты деген тұжырым ғылыми тұрғыдан беки бастады десе де болады. Алайда, аталған жылдардағы археологиялық зерттеулер Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен қоныстарын, сонымен қатар төрткүл тәріздес ескерткіштерін толық қамти алған жоқ. Ортағасырлық ескерткіштерге жүргізілген қазба жұмыстарының көлемі шағын, көп жағдайда аяқталмаған күйі қалуымен, әрі алынған деректердің де жеке ескерткіштер шеңберінде топталуы, төрткүл тәріздес ескерткіштерге қатысты сол кездегі тұжырымдардың әлсіздігін көрсетіп отыр.

1960 ж. дейін Талас өңірінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің басты ерекшелігі, 1946 ж. бастап Қазақ КСР-і Ғылым академиясындағы тарих институтының археология бөлімі мұрындық болып, зерттеу жұмыстарын жергілікті мамандардың жүргізуі болып табылады. Ә.Х. Марғұлан, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, Т.Н. Сенигова, П.Н. Кожемяко және т.б. зерттеулері нәтижесінде, жалпы «Шу және Талас өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен қоныстардың негізін жергілікті халық қалаған» деген тұжырым беки түсті. М. Елеуов бұл мәселеге келесідей баға береді: «...Олардың даму кезеңдері анықталып, қазба барысында анықталған заттарды хронологиялық тұрғыдан жүйелеу және жіктеу бағытында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді» (Елеуов, 1999: 50).

1960–1991 жж. жүргізілген зерттеулерде Талас өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштер, оның ішінде төрткүлдер туралы археологиялық мәліметтер кешені қалыптасты. Типологиялық тұрғыдан алғанда, ортағасырлық ескерткіштердің ішінде төрткүлдер жеке ескерткіш ретінде қарастырылып, олардың қорғанысы мен ішкі құрылысы анықталып, мерзімделу мәселесі нақтылана бастады. Мысалы, К.М. Байпақов Талас өңіріндегі төрткүлдердің Х–ХІІ ғғ. қалыптаса бастағанына назар аударады. Ғалымның бұл пікірі кейінгі зерттеулермен, оның ішінде радиокөміртекті әдістермен де анықталып жатқанын ескеру керек.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулерде төрткүлдер туралы бұрыннан белгілі деректер қосымша ақпараттармен толықты. Жамбыл облысында орналасқан ортағасырлық ескерткіштерге қайта барлау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, төрткүлдердің саны мен орналасқан жерлері нақтыланды. Бұған соңғы жылдары белсенді қолданыла бастаған ғарыштық түсірілімдердің ықпалы көп. Сонымен қатар, төрткүлдердің өмір сүрген уақыттарын анықтауға қатысты жүргізілген археологиялық зерттеулер (қазба, стратиграфиялық шурф, траншея және т.б.) де, ескерткіштердің даму-қалыптасу кезеңдері туралы тұжырымдарды бекіте түсті десе де болады.

Қазақстан территориясындағы ортағасырлық ескерткіштердің (қала, төрткүл, бекініс, керуен сарай, қоныс және т.б.) зерттелу мәселесі тарихнамалық тұрғыдан талданған еңбектерде, ескерткіштердің зерделену мерзімдерін екі және алты кезеңге топтаумен ерекшеленеді.

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы ортағасырлық қалалардың зерттелуін Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич «XVIII ғасырдан бастап кеңестік кезеңге дейін» және «кеңестік кезең» деп екіге бөліп қарастырады (Агеева, Пацевич, 1958: 12-20). Алайда, аталған ғалымдар төрткүлдерді жеке қарастырмай, ортағасырлық қалалармен бірге қарастырады. Зерттеу жұмыстарын талдауда екі кезеңге топтау мысалын Н.П. Кожемяконың еңбегінен көреміз. Автор Талас өңірімен іргелес орналасқан Шу өңірінің ортағасырлық қалаларының зерттелуін «1880 жылдардан бастап кеңестік кезеңге дейін және кеңестік кезең» - деп екіге бөледі (Кожемяко, 1959: 10-19). Аталған екі топтамада жалпы кезеңдестірілуі ұқсас боланымен, мерзімі жағынан алшақтық байқалады. Бұл жерде Н.П. Кожемяконың Шу өзенінің Қырғызстан бөлігіндегі қалаларды негізге алғандығын да ескеру керек.

Қазақстан территориясындағы ортағасырлық ескерткіштерді (төрткүлдер бірге қарастырылады) толық қамти отырып, қала мәдениетінің зерттелу тарихын алты кезеңге жіктеу мысалы К.М. Байпақовтың зерттеуінде кездеседі. Автор ескерткіштердің зерттелуін алты хронологиялық кезеңге бөлген: XVI ғ. – 1870 ж.; 1870–1917 жж.; 1917–1935 жж.; 1936–1945 жж.; 1946–1959 жж; 1960 ж – бүгінгі күнге дейін (шамамен 1996 жылға дейін) (Байпаков, 1996: 12-22).

Т.В. Савельева ескерткіштердің зерттелуін хронологиялық тұрғыдан жіктеуде К.М. Байпақовтың кезеңдестіруіне ұқсас мерзімдерді ұсынады. Автор өз зерттеулерінде Іле өңірінің ортағасырлық қалалары мен қоныстарының (оның ішінде бірнеше төрткүлдер де сөз болады) зерттелу кезеңін алтыға жіктеп көрсетеді: ХІХ ғ.ортасы – 1893 ж.; 1893–1917 жж.; 1917–1930 ж. ортасы; 1930 жылдардың ортасы – 1946 ж.; 1946–1960 жж.; 1960–1988 жж. (Савельева, 1994: 11-20).

М. Елеуов өзінің кандидаттық диссертациясында Шу өңірінің ортағасырлық қалалары мен қоныстарының зерттелу тарихын: ХІХ ғ. екінші жартысынан 1893 ж.; 1893–1917 жж.; 1917–1935 жж.; 1936–1945 жж; 1946–1959 жж.; 1960 жылдан бүгінге дейін (М. Елеуов бүгінге дейін деп – 1991 жылға дейінгі уақытты айтқан) – деп 6 кезеңге бөліп қарастырады (Елеуов, 1991: 18-28). Алайда, М.Елеуов өзінің кейінгі зерттеулерінде Шу және Талас өңірін бірге топтай отырып, аталған өңірлердегі ортағасырлық қалалар мен қоныстардың зерттелу тарихының кезеңдерін жаңаша қарастырған. Онда бастапқыда Шу өңірінің ортағасырлық қалаларының зерттелуін жіктеуде ұсынған 6 кезеңді қысқартып, 4 кезеңге бөледі: 1856–1935 жж.; 1936–1945 жж.; 1946–1960 жж.; 1961 жылдан бүгінге дейін (М. Елеуов 1998 жылға дейінгі мерзімді алып отыр) (Елеуов, 1998: 93). Дегенмен, М. Елеуов ХІХ ғасырдағы зерттеулерді «өлкетанушылық кезең» деп атап, өз ішінде 2-ге бөлуді ұсынады. Яғни 1856–1892 жж.; 1893–1935 жж. (Елеуов, 1998: 93).

Байқағанымыздай, отандық археологтардың тарихнамалық зерттеулерінде ортағасырлық ескерткіштердің (Талас өңіріндегі төрткүлдер ішінара қарастырылады) алты кезеңге топтастыру мысалдары бірін-бірі толықтыра түсетіндігімен және өзара ұқсас мерзімдерді қамтуымен ерекшеленеді. Кейбір айырмашылықтарды 1917 жылға дейінгі мерзімнен көреміз. К.М. Байпақов төңкеріске дейінгі кезеңдегі зерттеулерді «XVI ғасырдан бастап, 1870 жылға дейінгі» деп үлкен диапазонды қамтиды. Біздің ойымызша, ғалымның мұндай ауқымды мерзімді қамтыған себебі белгілі бір микроауданды емес, жалпы Қазақстан территориясын негізге алуымен байланысты. Т.В. Савельева мен М. Елеуовтың тарихнамалық талдауларындағы ұқсастықтар ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, 1893 жылға дейінгі мерзімде және 1930-шы жылдардың ортасынан бастап соғыстан кейінгі жылдарда (1946 ж.) жақсы көрініс табады. Екі автордың хронологиялық топтастыруындағы басты айырмашылық К.М. Байпақов атап өткен 1917 жылғы төкеріске дейінгі/кейінгі деген «шартты мерзім» Т.В. Савельеваның зерттеулерінде қолдау тапса, М.Елеуов бұл уақыттағы зерттеулердің ортағасыр археологиясына «үлкен әсері» болмаған деп атап өтеді.

Зерттеу нәтижелері. Талас өңіріндегі ортағасырлық қалалар, оның ішінде төрткүлдер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. 1867 ж. П. Лерх Сырдарияның төменгі ағысынан Жетісуға дейінгі аралықты жүріп өтіп, Талас өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштерге тоқталады. Оның ішінде ежелгі Тараз қаласы мен Ақыртас туралы алғашқы археологиялық сипаттама берген (Лерх, 1870: 38). Автор қытай деректерінде сақталған керуен жолдарының Талас өңірі арқылы өтетінін, әрі оның қазіргі (1870 жылдар сөз болып отыр – авт.) пошта жолдарының бойымен емес, тау бөктері арқылы өткеніне тоқталады. Сонымен қатар, «Ақыртас» сөзінің этимологиясына тоқталып, тастарда кездесетін ерекше ойықтарды құрылыстағы тас қалау әдістеріне байланысты деген тұжырым жасайды. Жалпы П. Лерх Талас өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштерге тоқталғанымен, төрткүлдерге назар аудармаған. Ақыртас кешеніне келіп, ондағы тас карьері және жақын жердегі Жетітөбе обалары туралы да жазғанымен, маңайындағы төрткүлдер туралы мәселе қозғамайды.

1880 жж. Д. Иванов өзінің Түркістанға сапары кезінде Ақыртаста болып, оның жобасын түсіріп, суреттеп жазған (Иванов, 1885: 1-16).

1890 ж. Е.Ф. Каль Әулиеата уездінде барлау жүргізіп, ортағасырлық Ақыртас, Түймекент қалаларында болып, аталған ескерткіштер Темір әулеті кезеңінде салынған деп айтады. Е.Ф. Каль Талас өңіріндегі бірқатар қорғандарды сипаттай отырып, ескерткіштердің саны туралы: «...Что касается Аулие-Ата и ближайших окрестностей города, то они не особо богаты памятникам» деген пікір айтады (Отчет императорской.., 1892: 77-122). Алайда, Е.Ф. Кальдың бұл тұжырымына М. Елеуов сын көзбен қарап, автордың Тараз/Талас өңіріндегі археологиялық ескерткіштерді толық қамти алмағандықтан айтылған болуы мүмкін деп жазады (Елеуов, 1998: 97).

Талас өңіріндегі ортағасырлық қалалар, оның ішінде «төрткүл» атауының этимологиясы туралы мәселелердің ғылыми тұрғыдан көтерілуі В.В. Бартольдтың 1893 ж. Талас өңіріне келумен байланысты (Бартольд, 1966: 31, 37). 1893 ж. В.В. Бартольд Талас өңірінің оңтүстік-шығыс бөлігін аралап, ортағасырлық Садырқорған, Ақтөбе (Орловка) қалаларын көріп, олардың фортификациялық құрылымына назар аударады (Бартольд, 1966: 31, 37). 1894 ж. В.В. Бартольд Талас өңірінің солтүстік-батыс бөлігіне сапар шегіп, ортағасырлық Шөлтөбе, Түймекент, Оққұм және Ақыртас ескерткіштерін көргенін жазады (Бартольд, 1966: 31, 37). В.В. Бартольд Талас өңіріне қатысты зерттеулерінде «төрткүл» атауына тоқталып, ескерткіштің бұл түрі туралы келесі мәліметтерді келтіреді: «... О происхождении ... турткулей у местных жителей существуют различные предания, но большей частью основание их приписывается калмыкам – единственному народу, о котором киргизы еще помнят. В тех местах, где более проявляется влияние оседлой культуры, предание, кроме калмыков, указывает также на эмира Тимура...» (Бартольд, 1966: 31). Ал, нақты «төрткүл» сөзінің этимологиясына қатысты В.В. Бартольд (аудармасы берілді): «Қапқын шатқалынан оңтүстікке қарай, Құмұштағ өзенінің оң жағалауында төртбұрышты бекініс қалдығы бар. Мұндай бекіністер Сырдария облысы және Жетісуда өте жиі кездеседі және жергілікті халық арасында мұндай ескерткіштер «төрткөл» (тегінде: «Төрт көл» атауы осындай бекіністердің айналасы батпақпен (сумен?) қоршалған, енді кепкен және сақталған бөлігінің пішінінен шыққан болуы мүмкін) деген атаумен белгілі» деп жазады (Бартольд, 1966: 31).

1895 ж. Ташкент қаласында Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі құрылып, оның хаттамаларының бірқатарында Талас өңірінің ортағасырлық ескерткіштері (төрткүлдер де кездеседі) туралы мәліметтер жарияланады.

1895–1896 жж. Талас өңірін зерттеген В.А. Каллаур Әулие ата өңіріне жасаған саяхатында ескі қиранды қала орындарын жергілікті халық төрткүл (турткуль) деп атайтынын жазады (Каллаур, 2011: 78). Сонымен қатар, Таластың жоғары ағысындағы Қалба және Ақтөбе өзендерінің бойынан бір ортағасырлық қала мен төрткүл және Үрмарал мен Қарабура өзендерінің бойынан ортағасырлық қалалар мен қоныстарды ашады (Каллаур, 1896: 12, 43-44, 268-269). Ақыртас кешеніндегі төрткүл туралы алғашқы мәліметтер де осы В.В. Каллаурда кездеседі (Каллаур, 2011: 351).

В.А. Каллаурдың жазбаларынан төрткүл атауын бірнеше жерден кездестіруге болады. Оның ішінде ортағасырлық саяхатшылардың жазбаларындағы деректерді анықтау/көру мақсатында сапарға шыққанын келесідей жазады: «... Жол бойы кездескен төрткүл (торт-куль) деп аталатын көне қала орындарына назар аудардым» (Каллаур, 1897 (2011): 78.). В.А. Каллаур ежелгі Тараз қаласының аумағындағы төрткүл бекінісі туралы да дерек қалдырған: «...Көне Тараз қаласының орны қазіргі Әулиеата қаласы орналасқан жерде болуы мүмкін. Себебі қаланың өзінде «төрткүл» түріндегі жалдары топырақтан тұратын ескі қирандылардың орны сақталған» (Каллаур, 1897 (2011): 79.).

1899 ж. В.П. Лаврентьев Әулие ата уездінің маңайында орналасқан төбелерді сипаттаған еңбегінде, 9 төбенің пішіндері төртбұрышты немесе шаршы тәріздес екендігін анықтап, оларды «төрткүл» (Турт-куль) деп атаған (Лаврентьев, 2011: 223).

1905 ж. жарияланған Ә.А. Диваевтың «Киргизская легенда о постройке Акыр-Таша» атты еңбегінде Түймекент деп аталатын «төрткүлде» бұрын белгілі жауынгер, қалмақ Көкшехан өмір сүрген деген дерек кездеседі (Диваев, 2011: 355).

Талас өңірінде төңкерістен кейінгі уақыттағы археологиялық зерттеулердің саябырсуын М. Елеуов келесідей сипаттайды: «1893–1935 жж. аралығында іздеу-барлау жұмыстарына баса көңіл бөлініп, қазба жұмыстары біршама саябырсып қалды» (Елеуов, 1998: 104). Талас өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштердің зерттелу мәселесінің белгілі бір кезеңде саябырсу мәселесін К.М. Байпақов та атап өтеді: «... В этот период, небольшие по обьему работы связанные в основном с регистрацией памятников и описанием их...» (АИ архиві, 2123: 17).

А.Н. Берштамның Талас өңірінде жүргізген археологиялық зерттеулері барысында, археологиялық материалдарды кезеңдестіру, қала тіршілігінің даму кезеңдері мен қала аумағының қалыптасу мәселелері анықталады. А.Н. Бернштам Талас өңірінде сол кездегі Молотов атындағы колхоздан бастап Орал ауылына дейінгі (Билікөл көлі аймағы) аралықты зерттеп, көптеген ежелгі қоныстардың орнын тапқанын жазады. Оның ішінде, Өрнек колхозының маңындағы төбенің «төрткүл» деп аталатынына және ескерткіштің сармат типіндегі тұрақ болып табылатынына назар аударады. А.Н. Бернштам ежелгі Тараз қаласы аумағында қорғаныспен байланысты бекіністердің көп екендігін айта келе, олардың «төрткүл» типінде екендігін жазады (Бернштам, 1941: 39). Төрткүл типіндегі ескерткіштердің Талас өңіріндегі көп таралуына көңіл аударған А.Н. Бернштам, төрткүлдердің топографиялық жағдайын келесідей сипаттайды: «Такие крепости с военными гарнизонами назывались рибатами или рабатами. Они представлены в Таласской долине многочисленными «турткулями» несколько особого типа. Это четырехугольное в плане строение, ориентированные по странам света с длиной сторон до 300-350 м. Стены укреплены башнями, въезд в ворота также сильно укреплен башнями, фланкирующими подходы к ним. Резко бросаются в глаза фортификационная продуманность плана, топография развалин и укрепления стен. Культурный слой в таких развалин невелик, однобразен и не дает ярких образцов богатой керамики и предметов вообще. В Таласе серия таких рибатов прослежена в северо-восточном углу долины на протяжении от с. Шаповловка (қазіргі Ақжар ауылы) вниз по Таласу до урочища Андрейтал, где расположена крепость Оххум» (Бернштам, 1941: 39). Жалпы А.Н. Бернштам Талас өңіріндегі төрткүлдерді отырықшы халық пен көшпелілер арасындағы «шекаралық бекет» деп түсіндіреді.

1941 ж. Г.И. Пацевич Ақыртас кешені орналасқан аймақта, төбенің үстінде орналасқан төрткүлдің археологиялық сипаттамалары туралы толық мәліметтерді береді: «Второй турт-куль – крепость находится примерно в 100 м на запад от каменоломни «Таш-Тюбе» где производилась ломка камня для Акыр-Таша, т.е. примерно в полукилометре от Акыр-Таш» (АИ архиві, 38: 2). Жалпы, Ақыртас кешеніндегі төрткүл туралы алғашқы мәліметтер В. Каллаурда кездеседі (Каллаур, 2011: 351). Онда Ақыртастың оңтүстік жағындағы топырақтан үйілген төрткүл, яғни тас құрылыстың оңтүстік қақпасынан шыққан жолды жауып тұрған төртбұрышты бекініс туралы айтылады.

1948 ж. Ә.Х. Марғұлан жариялаған «Некоторые итоги и перспективы археологического изучения Казахстана» атты мақаласында Талас өңірінде орналасқан ортағасырлық Тараз, Оққұм, Түймекент, Ақыртөбе ескерткіштерін зерттеу қажеттілігі айтылады (Маргулан, 1948а: 8). Ә.Х. Марғұлан осы зерттеуінде, Талас және Шу өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштердің Орталық және Іле өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштерден айырмашылықтарға ие екендігіне назар аударып, мұның себебін соңғы «...екі аймақтағы халықтардың жартылай отырықшы-жартылай көшпелі шаруашылықты ұстануымен байланысты» деп тұжырым жасайды. Сонымен қатар, Талас және Шу өңіріндегі қала құрылысы көбіне ортаазиялық қала үлгісіне жақын келетінін, мұны керамикалық материалдары да айғақтайтынына назар аударған (Маргулан, 1948а: 5).

1948 ж. жоғарыда аталған мақаламен қатар жарияланған «Оседлые поселения VII-XIII вв. на северных склонах Каратау (извлечение из археологического отчета)» атты зерттеуінде ғалым Қаратаудың солтүстік беткейіндегі ортағасырлық ескерткіштерге тоқталып, олардың тарихи-топографиялық құрылымын суреттеп, жобасын қағазға түсіреді. Сонымен қатар, ортағасырлық Құмкент қаласын жазба деректердегі Кинкат (Кинчат) қаласымен баламалайды (Маргулан, 1948б: 109-115).

1949 ж. Л.И. Ремпель Талас өзенінің төменгі ағысында барлау жұмыстарын жүргізіп, Жаңақорған, Шаруашылық және Тектұрмас қалаларын зерттеп, ортағасырлық Шаруашылық қаласын жазба деректегі Дех Нуджикеспен баламалайды (Ремпель, 1956: 71-72).

1950 ж. жарияланған Ә.Х. Марғұланның «Из истории городов и строительного исскуства древнего Казахстана» еңбегінде Талас өңірінің ортағасырлық ескерткіштер мен төрткүл туралы мәселелер қозғалады. Академик археологиялық зерттеулер мен жазба деректердегі мәліметтерге сүйене отырып, «...Қазақстандағы ежелгі қоныстар көбіне өзен аңғарлары, көл жағалаулары, тау етегі мен суғару алқаптарына жақын маңайларда қалыптасып, дамыған» деп тұжырымдайды. Қала мәдениетінің мұндай ошақтарының бірі ретінде Талас өңірін ерекше атаған (Маргулан, 1950: 8). Ғалымның төрткүлдер туралы пікірі келесідей: «...Развалины военных крепостей и караван-сараев имеют одинаковую четырехугольную конфигурацию (торткуль), но первые отличается от вторых более крупными размерами и укрепленными башнями у ворот» (Маргулан, 1950: 8).

1951 ж. Ә.Х. Марғұланның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының үш жылдық жұмысына байланысты жазған қорытынды мақаласында Шу өңіріндегі төрткүлдерге тоқталып, оның бірқатарының жобасын береді (Маргулан, 1951: 8-11).

1956–1958, 1960 жж. Талас өңірінде Қырғыз ССР Ғылым Академиясы Тарих институтының археология және этнография секторының Талас тобы Орловкалық Ақтөбе, Ақтөбе және Жуантөбе қалаларына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді (Кожемяко, 1963: 7-13; 125-143; 145-160).

1960 ж. С. Волиннің «Сведения арабских источников ІХ–ХVI вв. о долине Талас и смежных районах» атты мақаласы жарияланып, араб-парсы жазба деректерінде аттары кездесетін Талас өңіріндегі ортағасырлық қалалар туралы мәліметтер келтірілді (Волин, 1960: 72-92).

1960 ж. жарияланған «Археологическая карта Казахстана» атты ескерткіштер Жинағына қазақ жеріндегі сол жылдарға дейінгі зерттеулердің нәтижелеріне қарай, көптеген ескерткіштердің тізімі енсе (Археологическая карта.., 1960), оның ішінде Талас өңірінде орналасқан 63 ортағасырлық ескерткіш (Елеуов, 1999: 50) көрсетілген. Оның ішінде «бекініс» деп сипатталғаны – 23, «керуен сарай» – 6 (Археологическая карта..., Прилож.., 1960: 36-37). Аталған еңбек Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштерінің аймақ бойынша жүйеленіп, алғаш рет нақты тізімделуімен ерекшеленеді. Әрі Талас өңіріндегі ортағасырлық ескертіштер туралы мәліметтер топталып, картаға түсірілді.

1963 ж. жарияланған «Археологические памятники Таласской долины» атты ұжымдық жинақтағы П.Н. Кожемяконың «Оседлые поселение Таласской долины» атты мақаласында Талас бойындағы отырықшы қала мәдениеті санының 60-қа жуық екендігін айтады (Кожемяко, 1963: 145). Ғалым өз зерттеулерінің негізінде нақты 59 ортағасырлық ескерткіштің тарихи-топографиясын сипаттап шыққан. П.Н. Кожемяконың зерттеулеріне талдау жүргізу негізінде, 59 ескерткіштің 50-і төрткүл типіндегі ескерткіштер болса, тоғызының пішіндері дөңгелек келген. Төрткүл типіндегі 50 ескерткіштің 11-ін жергілікті атауы бойынша төрткүл деп берген. Қалған 39 ескерткішті көбіне қала (городище) немесе бекініс (укрепление) деп атаған (Кожемяко, 1963: 145–224). Е.Ш. Ақымбек пен М.С. Шагирбаев өз зерттеулерінде П.Н. Кожемяко «төрткүл» атауын екі себепте қолданған тәрізді деп жазады. Бірінші, белгілі бір ерекшелікте (шоғырланып орналасқан, көлемі кіші, қабырғалары биіктеу келген, іші тегіс, мәдени қабаты аса үлкен емес); Екінші, жергілікті төрткүл атауы бойынша. Кейбір жағдайда қоныс, бекініс және қала секілді баламалы атауларды да қолданған (Ақымбек, Шагирбаев, 2019: 49).

1972 ж. жарияланған Т.Н. Сенигованың «Средневековый Тараз» атты еңбегінде Талас өңіріндегі (Тараз қаласының аумағы) ортағасырлық ескерткіштерді арнайы археологиялық барлау жұмыстары негізінде анықтап, тарихи жазба деректердегі қалалармен баламалаған (Сенигова, 1972). Т.Н. Сенигова жүргізген барлау маршруттары Тараздан батыста 50 шақырымнан басталып (К.М. Байпақов жазба деректегі Дех-Нуджикеспен баламалаған Қаракемер төрткүлі), Тараздан шығысқа қарай 40 шақырым жердегі Ақшолақ елді-мекеніне дейін, солтүстікте Оққұм қаласынан, оңтүстікте Шельджи, Көл (Қырғызстан территориясында) қалаларына дейінгі аймақты қамтиды. Зерттеу барысында Талас өзенінің аңғарында орналасқан 200-ден астам ескерткіш анықталған. Т.Н. Сенигова ескерткіштерді топографиялық ерекшеліктеріне орай, 4 топқа бөледі: 1) Жобасы бойынша Таразға ұқсас қалалар яғни цитаделі, шахристаны және рабады бар қалалар. Мұндай қалалардың қатарына Төменгі Барысхан, Дех-Нуджикес немесе Қаракемер – (К.М. Байпаков бойынша), Атлах, Адахкет, Куль (Көл), Шельджи, Текабкет, Сус атты ескерткіштерді жатқызған; 2) Көлемі біршама кіші қалалар, бекініс-кешктер, бекіністі-қоныстар. Бұл топқа Жікіл, Шөлтөбе қалаларын жатқызған; 3) Ірі қалалардың (Төменгі Барысхан, Атлах) маңайына топтасқан ауылдық қоныстар; 4) Бекіністі керуен-сарайлар. (Жаңа ел, Молдабай төрткүлдері) (Сенигова, 1972: 66).

1978 ж. жарияланған К.М. Байпақовтың «Городища типа торткуль» атты мақаласы (Байпаков, 1978: 80-97) Қазақстан территориясындағы ортағасырлық ескерткіштердің ішінде «төрткүл» тәріздес ескерткіштерді жеке бөліп қарастырудың бастамасы болды деуге болады. К.М. Байпақов төрткүл тәріздес ескерткіштердің Қазақстан аумағынан бөлек, Тянь-Шань, Ыстық көл, Тува, Моңғолия, Азов теңізі аймақтарында кездесетініне мән бере отырып, олардың мал шаруашылығы басым болып келетін аудандарда орналасатынына көңіл бөледі (Байпаков, 1978: 81). К.М. Байпақов аталған мақаласында Талас өңіріндегі төрткүлдерге қатысты келесі ақпаратты көрсеткен: «...Аналогичная картина прослеживается и в долине Таласа. Здесь кроме городищ с длинными стенами встречаются остатки поселений с прямоугольной в плане планировкой, окруженных валом с башнями... Большинство их относится к X–XII вв. В отличие от городищ с длинными стенами, которые появились в VI–VIII вв., торткули Таласской долины являлись оседлыми поселениями, возникшими в X–ХІІ вв.» (Байпаков, 1978: 84).

1976–1982 жылдары С. Алипчеев және К. Байбосыновтардың Жамбыл облысының территориясына жүргізген археологиялық барлау жұмыстарының нәтижесін жариялаған Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштер Жинағына Талас өңіріне қатысты 40-тан астам ортағасырлық қалалар, төрткүлдер және қоныстардың орналасқан жері, мерзімделуі және сол кездегі сақталу жағдайы енген (Алипчеев, Байбосынов, 1982: 15-205).

1983–1984, 1990, 1997 жж. Талас өңірінде ҚазМУ-дің (қазіргі әл-Фараби ат. ҚазҰУ) археологиялық экспедициясының барлау тобы (жет. М. Елеуов) 52 ортағасырлық қоныстар мен қалаларды зерттейді (Елеуов, 1999: 55). Олардың 40-ы бұрыннан белгілі болса, 12-сі жаңадан ашылған ескерткіштер. Оның ішінде 11 ортағасырлық елді-мекенде әртүрлі көлемде қазба жұмыстарын жүргізіп (Елеуов, 1985: 42), Талас өзенінің төменгі ағысындағы керуен жолдарын зерттейді (Елеуов, 1991: 66-68).

1983–1986 жж. Тарих, археология және этнология институтының Тараз археологиялық экспедициясы (ТАЭ, жет. К.М. Байпақов) Талас өңірінде зерттеу жұмыстарын жүргізеді (АИ архиві, 2123; АИ архиві, 2079: 6-16). Аталған зерттеу жұмысында Талас өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштердің археологиялық зерттелу мәселесі қарастырыла отырып, ескерткіштердің типологиясына қатысты тұжырымдарға талдау жасалған. 1984 ж. аталған экспедиция Талас, Аса, Теріс өзендерінің бойында барлау жұмыстарын жүргізіп, Аса өзенінің бойында орналасқан ежелгі өткел бар екендігін анықтайды (Байпаков, 1986: 439-440.; Байпаков, 1987: 564-565). 1985 ж. Талас өңірінің ортағасырлық ескерткіштерін зерттеудің жаңа кезеңінің басталғаны жылы деуге болады. Бұл туралы М. Қасенов өзінің «Талас өңірінің отырықшылық мәдениеті» атты еңбегінде былай деп келтіреді: «...Талас өңірінің ортағасырлық ескерткіштерін зерттеудің жаңа кезеңі 1985 ж. басталады, бұл кезең (Қазақстан ескерткіштерін тізімге алу бөлімінің) құрамынан қала және отырықшы мәдениетті зерттеу үшін арнайы топ құрылған кез болатын. Тараз, Төрткүл, Жамұқат, Шөлтөбе қалаларына жоспарлы зерттеу жүргізіліп, қазба жұмыстары басталды» (Касенов, 2015: 14).

Тараз археологиялық экспедициясы Жамбыл (қазіргі Тараз қ.) қаласында орналасқан ортағасырлық төрткүлде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді (Касенов, 1987: 572-573). Төрткүлдегі қазба жұмыстары 1983 ж. басталып, №1-2 бөлмелер ашылады. Қазба барысында төрткүлдің мәдени қабаты 1,5 метрге жететіні және сыртқы қорғаныс қабатының құрылымы анықталады. 1985 ж. төрткүлдегі қазба жұмыстарын жалғасын тауып, табылған керамикалық материалдар негізінде, төрткүлдің өмір сүруін ХІ–ХІІ ғ. басымен мерзімдейді (АИ архиві, 2079: 9). Төрткүлге жүргізілген қазба және Талас өңірінде жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде, жалпы төрткүл тәріздес ескерткіштерге байланысты келесі тұжырым жасалғанын көруге болады: «Талас өңіріндегі төрткүл тәріздес археологиялық ескерткіштер зерттеушілер тарапынан керуен сарай және бекініс-сарай ретінде анықталады. Олардың негізгі белгілері ретінде дұрыс геометриялық пішін, құрылыс іздерінің болуы немесе олардың кездеспеуін айтуға болады. Мұндай ескерткіштердің (төрткүлдердің) бекініс қабырғалары 4 метр қалыңдыққа дейін жетеді. Зерттелініп отырған төрткүлге типі жағынан жақын аналогияны ортағасырлық Жақсылық және Тар-Су қалаларынан көруге болады. ...Зерттелініп отырған төрткүлдің барлық сипаты мен орналасу ерекшеліктері оның керуен сарай ретінде қазмет атқарғанынан хабар береді..» (АИ архиві, 2079: 10).

1986 ж. Тараз археологиялық экспедициясы ортағасырлық Өрнек қаласында қазба жұмыстарын жүргізіп, мұсылман мешітінің орны мен 2 тас ұстын (колонна) анықтайды (Байпаков, Попов, 1988: 479-480). Өрнек қаласындағы зерттеу жұмыстарының жалпы сипаттамасы М. Қасеновтің зерттеулерінде (Қасенов, 2015: 44-47; Касенов, 1987: 168-169) толығырақ берілген.

1984–1993 жж. Талас өңірінде зерттеу жүргізген М.С. Қасенов 133 ортағасырлық қала мен қоныстардың жобасын анықтап, өзара жіктей отырып, картаға түсірген. Автор Талас өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштердің пайда болуы мен дамуын зерттей отырып, оларды бес түрге жіктейді: ұзын қамалды қалалар, кіші қамалды қалалар, қорғаныс қалалар, керуен сарайлар және ауылдық мекендер (Касенов, 1995: 10-11).

1992 ж. жарыққа шыққан К.М. Байпақов және А.Ә. Нұржановтың «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» еңбектің «Талас және Шу аңғарларын бойлай» деп аталатын бөлімінде Талас өңіріндегі бірқатар ірі қалаларға шолу жасалады (Байпақов, Нұржанов, 1992: 92-166).

1999 ж. М.Е. Елеуов өзінің «Шу-Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен мекендері (VI–XIII ғ. басы)» атты докторлық диссертациясында Шу-Талас өңіріндегі төрткүлдердің тарихи-топографиялық құрылымы мен жіктелуіне терең талдау жасалған (Елеуов, 1999: 126–131). М. Елеуов Шу-Талас өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдерді көлеміне қарай 5 топқа жіктейді. Соның ішінде Талас өңіріне қатысты төрткүлдер келесідей жіктелген. 1-ші топ – көлемі 30 га асатын төрткүлдер. Автор Талас өңіріннен аталған топқа кіретін төрткүлдерді атамайды. 2-ші топ – көлемі 15–30 га аралығындағы төрткүлдер. Талас өңірінен бұл топқа Оххұм және Қостөбе енгізілген. 3-ші топ – көлемі 5–15 га аралығындағы төрткүлдер. М. Елеуов аталған топқа Талас өңірінен – 11 төрткүл (Қонысбай, Нарымбай, Бағара 1 төрткүлдері) енетінін жазады. 4-ші топқа көлемі кіші төрткүлдер. М. Елеуов аталған топқа Талас өңірінен 20 төрткүл (Өрнек, Төменгі Барысхан, Ақыртас төрткүлі және т.б.) енетінін айтады. Сонымен қатар, осы топты орналасу ерекшеліктері бойынша тағы 4 топқа жіктеген. 5-ші топқа көлемі 1 га-дан кіші төрткүлдер (Елеуов, 1999: 121-131). М. Елеуов Шу-Талас өңірінде жалпы саны 189 төрткүл бар екендігін ескере келе, оларды мерзіміне қарай екіге бөледі: бірінші, VI–VIІІ ғғ. қалыптасқан төрткүлдер саны – 40. Екінші, ІХ–ХІІ ғғ. қалыптасқан төрткүлдер саны – 149 (Елеуов, 1998: 102).

2000 ж. бастап арада аздаған үзілістермен 2014 жылға дейін ортағасырлық Ақыртас төрткүлінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ОҚКАЭ-ның Ақыртас отряды (З. Шарденова) Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қазба жұмыстарын жүргізеді (Шарденова, 2005, с. 217-220). Қазба негізінен оңтүстік қабырғаны жағалай және шығыс қабырғаның оңтүстік бөлігі мен ескерткіштің ішкі алаңының орта тұсына, сонымен қатар солтүстік қабырғаның орта жағына салынады. Нәтижесінде ескерткіштің қабырғаларына жағалай іргесі тастан қаланған бірнеше бөлмелердің қалдықтары ашылады. З.Ж. Шарденова ескерткішті «крепость» («қамал») деп есептеп, өмір сүруінің екі кезеңін көрсетеді: VІІ–VІІІ және ІХ–ХІ ғ.ғ. (Шарденова, 2010: 194). К.М. Байпақов төрткүлден ашылған құрылысты керуен сарай деп санып, оның өмір сүрген уақытын Х–ХІІІ ғ. басы аралығына жатқызады (Байпаков, 2018: 118).

2002 ж. жасалған Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштер жинағында Талас өңірінде орналасқан ортағасырлық төрткүлдер туралы құнды мәліметтер жинақталған. Талас өңірінде және оған жақын орналасқан бес аудан бойынша жалпы саны – 119 ортағасырлық ескерткіштер жинаққа енген. Оның ішінде ортағасырлық қалалар саны – 36, төрткүлдер – 26, қоныстар – 44, бекіністер – 13. Осы ескерткіштердің ішінде төрткүлдердің әкімшілік аудан бойынша топталуы: Байзақ ауданында – 9, Талас ауданында – 9, Жамбыл ауданында – 6, Жуалы ауданында – 2 төрткүл анықталған (Свод.., 2002: 99-280).

2008–2010 жж. қазіргі Тараз қаласы Сүлейменов көшесі бойында аумағында орналасқан ортағасырлық төрткүлде қазба жұмыстары Жамбыл облысы тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру Дирекциясының тапсырмасы бойынша жүргізіліп, Төрткүл туралы маңызды ақпарттар кешені алынды. 2008 ж. Төрткүл аумағындағы археологиялық зерттеулер бұл сәулет кешенінің жоспарлануы бойынша биік геологиялық террассада орналасқанын көрсетті. Алғашқы топографиялық зерттеу барысында төрткүлдің пішіні төртбұрышты, қабырғалары қалың, бұрыштары мен ортасында мұнаралары бар екені анықталды. Төрткүлдің бұлай жоспарлануы керуен-сарайлардың классикалық жоспары әлі қалыптаспаған кезде салынғанын көрсетеді. 2008 жылғы қазба материалдары бойынша төрткүлдің өмір сүрген мерзімі X–XI ғғ. келеді деп қорытынды жасалады [Отчет, 2008: 32]. 2009 ж. жалғасын тапқан археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде төрткүлдің құрылымы туралы келесі қорытынды жасалады: «...Нет сомнений, что оно несло функцию караван сарая. Все было подчинено приему сразу большого количества людей и животных. Отдельные комнаты, и группа комнат в одном коридоре. Хранилища и мастерские. Культовые и административные помещения.» [Отчет, 2009: 153].

2010–2014 жж. Жамбыл облысының территориясына археологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, тарихи-мәдени ескерткіштер жинағы аудандар (10 аудан және Тараз қаласы аумағы жеке) бойынша топталып енгізілді. Соның ішінде Талас өзеніне жақын орналасқан Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу және Жуалы аудандарында орналасқан ескерткіштердің сақталу жағдайы, мезімделуі мен зерттелу мәселесі және географиялық координаттары анықталып, қайта жасалды. Нәтижесінде Байзақ ауданында – 19 (Жамбыл облысы.., (Байзақ ауданы), 2010), Жамбыл ауданында – 11 (Жамбыл облысы.., (Жамбыл ауданы), 2010), Талас ауданында – 11 (Жамбыл облысы.., (Талас ауданы), 2010), Сарысу ауданында – 8 (Жамбыл облысы.., (Сарысу ауданы), 2014) және Жуалы ауданында – 23 (Жамбыл облысы.., (Жуалы ауданы), 2013) ортағасырлық ескерткіш бар екендігі анықталды.

2011 ж. А. Нұржанов «Средневековые города Чу-Таласского междуречья (вопросы типологии, топографии)» атты мақаласында Жетісу өңірінде қалалардың бірнеше типі кездесетінін айта келе, оларды келесідей топтастырады: Бірінші, «ұзын қорғанды қалалар». Әдетте мұнда топографиялық ерекшелігіне сәйкес цитадель мен шахристанды қоса қаланың өзі негізгі орталық болып табылады. Екінші, бірнеше күрделі бекініс қамалдарынан тұратын қалалар. Үшінші, төрткүлдер. А. Нұржанов төрткүлдердің қабырғаларының ұзындықтары 40–50 метрден 500–600 метрге дейін баратынын алға тарады. Мұндай типтегі төрткүлдер Шу аймағында 40-қа жуығы тіркелсе, Талас өңірінде 20-ға жуық төрткүлдер тіркелгенін мысалға келтірген (Нуржанов, 2011: 134–138).

2013 ж. М. Елеуов пен Д. Талеев Талас өңірінде орналасқан ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің қорғаныс жүйесін зерттеу мақсатында Талас өзенінің орта ағысында барлау жұмыстарын жүргізіп, ортағасырлық Бағара төрткүлінде батыс қабырғасы мен мұнарасында кесік-қазба, Қоңыртөбе, Жайтөбе, Қаратөрткүлтөбе, Қаракемер және Бектөбе қалаларының шаруашылық аймағын қоршап жатқан ұзын қорғандарында қайта зерттеу жұмыстарын атқарып, олардың ұзындықтарына толықтырулар енгізді және Қоңыртөбе мен Жайтөбе қалаларының ұзын қорғандарына кесік салды. Сонымен қатар, Кішібұрыл тауының шығыс беткейінде (Құмжота ауылынан батыста) орналасқан Кішібұрыл 2 қарауыл мұнарасы мен Ақбұлым қарауыл төбесі, Үлкенбұрыл оба-қарауыл төбесі ашылып, есепке алынды. Түймекент қаласының цитаделіндегі қазба онан әрі жалғастырылды (Елеуов, Талеев, 2016).

2015 ж. жарық көрген М.С. Қасенов «Талас өңірінің отырықшылық мәдениеті (VІ-ХІІІ ғғ.)» атты еңбегінде жалпы 136 ортағасырлық ескерткіш қарастырылған. Ортағасырлық ескерткіштерді ұзын қамалды қалалар (11), ішкі қамалды қалалар (36), қорғаныс қалалары (15), керуен сарайлар (9), ауылдық мекендер (65) деп топтастырған (Касенов, 2015: 19).

2016 ж. жарыққа шыққан Р. Сала мен Ж.М. Деомның «Геоархеология аридной зоны (на примере Казахстана)» атты еңбегінде төрткүлдерге арнайы тоқталып, олардың қалыптасу кезеңдеріне қатысты тұжырымдар жасалған (Сала, Деом, 2016, с. 181-205). Авторлар соңғы геоақпараттарға сүйене отырып жасаған қорытындысында Талас өңірінде жалпы ортағасырлық 232 ескерткіш бар деп көрсетеді. Орналасуы бойынша жалпы Талас өңірінде 171 ортағасырлық ескерткіш, ал Талас алқабының өзінде 61 ортағасырлық ескерткіш деп көрсетеді. Осы 232 ортағасырлық ескерткіштің ішінде 84-ін төрткүл тәріздес ескерткіштерге жатқызған (Сала, Деом, 2016: 188-189).

2018–2020 жж. Е.Ш. Ақымбек ҚР БҒМ ҒК қаржыландыруы бойынша «Шу өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдер (топографиясы, стратиграфиясы, хронологиясы)» жобасы аясында Шу өңіріндегі төрткүлдерді арнайы зерттеу нысанына айналдырып, төрткүлдерге мақсатты және кешенді зерттеулер жүргізеді. Соңғы бірнеше жылдың көлемінде ортағасырлық төрткүлдерді зерттеу жұмыстарында төрткүл атауы/этимологиясы (Ақымбек, Шагирбаев, 2018: 243-249) мен зерттелу мәселелері (Ақымбек, Шагирбаев, 2019а: 43-61) қарастырылды.

Шу өңірінің ортағасырлық төрткүлдері геоклиматтық, хронологиялық тұрғыдан Талас өңірінің төрткүлдеріне ең жақын аналогия болып табылады. Шу өңіріндегі төрткүлдерден алынған материалдық мәдениет кешені (керамика, темір, шыны және т.б. тұрмыстық бұйымдар), шаруашылығына қатысты ақпараттар (жануар сүйектері) және төрткүлдердің стратиграфиялық, фортификациялық және т.б. ерекшеліктеріне қатысты алынған мәліметтер қазіргі таңда, Қазақстан территориясында төрткүл тәріздес ескерткіштер туралы жинақталған деректердің ішінде ерекше орын алатыны сөзсіз.

Қорытынды. Талас өңіріндегі төрткүлдердің зерттелу кезеңдері – ақпараттар кешенінің көптігімен ерекшеленеді. Хронологиялық негіздегі тарихнамалық шолуда төрткүлдер ортағасырлық ескерткіштердің жеке түрі ретінде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қарастырыла бастағаны белгілі болып отыр. Алғашқы зерттеулерде төрткүлдердің сыртқы пішіні мен атауы ғана бөліп көрсетілгенімен, мерзімделуі, материалдық мәдениеті, стратиграфиялық қабаты туралы мәліметтер бере алмайды.

Төрткүлдердің нақты археологияық әдістер бойынша зерттелуі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасынан басталады. Осы кезеңде бірқатар төрткүлдердің жоспары алынып, шурф-қазба, қазба жүргізіліп, мәдени қабаты мен керамикасының негізінде алғашқы мерзімдеулер жасалады. Сонымен қатар, пішіні төртбұрышты төрткүлдердің көлемі бойынша өзара бірнеше түрге топталатыны анықталады. Алайда, аталған кезеңдегі зерттеулер шағын және аз ғана төрткүлді қамтығандықтан, жасалған тұжырымдарды Талас өңірі бойынша жалпы қарастыруға келмейді.

Талас өңірінің ортағасырлық төрткүлдері туралы теориялық талдаулар өткен ғасырдың 60-70 жылдары жүргізілген археологиялық барлау-іздестіру жұмыстары бойынша жинақталған мәліметтер бойынша жасалған. Мысалы, К.М. Байпақов алғаш рет төрткүл тәріздес ескерткіштерді жеке бөліп қарастырып, мұндай ескерткіштердің ортағасырларда Алтайдан бастап Қара теңізге дейін таралғанына назар аударады. М.Елеуовтың зерттеулерінде Шу-Талас өңірлеріндегі ортағасырлық төрткүлдер жеке ескерткіш ретінде қарастырылып, алғаш рет хронологиясы мен типологиясы жасалады.

Соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер, Талас өңіріндегі жеке төрткүлдер мысалында жүргізіліп (Тараз қаласындағы Төрткүл, Ақыртас төрткүлі, Бағара төрткүлі, Түймекент төрткүлі және т.б.), ескерткіштің өмір сүрген мерзімі мен мәдени қабаты туралы ақпараттар қордалануда.

Алдағы зерттеулерде, төрткүлдердің материалдарына радиокөміртекті және т.б. әдістер негізінде өмір сүрген мерзімін анықтап, олардың пайда болу, даму және құлдырау мерзімдерін жүйелеу қажет. Сонымен қатар, төрткүлдердің өлшемдері бойынша алынған мәліметтерді (көлемі, пішіні, ауданы, фортификациялық, стратиграфиялық және топографиялық ерекшеліктері және т.б.) статистикалық тұрғыдан өңдеп, төрткүлдердің типологиясын жасау керек.

Жалпы, ғылымда әлі күнге дейін төрткүлдердің атқарған қызметі туралы ортақ тұжырым жоқ. Бұған дейінгі зерттеулерде қазба жұмыстары кезінде алынған ақпараттарға орай әртүрлі пікір айтылғанымен, тұщымды пайымдаулар жетіспейтіні байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы зерттеулер негізінен төрткүлдердің атқарған қызметін анықтауға бағытталуы керек деп есептейміз.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселении и городов Южного Казахстана // Труды института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Том 5. Археология. – Алма-Ата, 1958. – 294 с.

Ақымбек Е.Ш., Шагирбаев М.С. Ортағасырлық төрткүлдер хақында // «Қазақстан мен іргелес елдердің тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі заманауи әдістер мен тұрғылар» атты «ІХ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары / жауапты ред. Ғ.Қ. Омаров. – Алматы: Қазақ университеті. – 2018. – 243-249 бб.

Ақымбек Е.Ш., Шагирбаев М.С. Шу-Талас өңірлеріндегі ортағасырлық төрткүлдердің зерттелу тарихы // Қазақстан Археологиясы. – Алматы, Хикари. № 1 (3). – 2019. – 43-61 бб.

Алипчеев С., Байбосынов К. Свод памятников истории и культуры Джамбулской области. – Джамбул, 1982. – 208 с.

Археологическая карта Казахстана // Коллективная монография. — Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР. – 1960. – 498 c.

Археологические памятники Таласской долины (Отв. ред. П.Н. Кожемяко) // Фрунзе: Изд-во АН Киргизской ССР. – 1963. – 264 с.

Байпаков К.М. Архитектурно-археологический комплекс Акыртас // Қазақстан археологиясы № 1-2. – 2018. – С. 118-132.

Байпаков К.М. Городища типа «торткуль». // Археологические памятники Казахстана. – Алма-Ата. Наука. – 1978. – С. 80-97.

Байпаков К.М. Исследования в Таласской долине и на городище Куйруктобе // АО 1985. – Москва, 1987. – С. 564-565.

Байпаков К.М. Работы на Таразе и Таласской долине // Археологические открытие1984. – Москва, 1986. – С. 439-440.

Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. – Алматы, Наука. 1996. – 255 с.

Байпаков К.М., Касенов М.С. Археологической изучение Таласской долины. Отчет об археологических исследованиях в охранной зоне Музея-заповедника «Древний Тараз» (1983-1986) // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана. Ф. 11. Д. 2123. л. 143.

Байпаков К.М., Попов А.П. Работы на городище Орнек // АО 1986. – Москва, 1988. – С. 479-480.

Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – Алматы, Қазақстан. 1992. – 198 б.

Бартольд В. В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью в 1893-1894 гг. – Москва: Наука, 1966. Т. IV. – 497 с.

Бернштам А.Н. Памятники старины Таласской долины. Историко-археологический очерк. – Алма-Ата: КазОГИЗ, 1941. – 87 с.

Волин С.Л. Сведения арабских источников IX-XVI вв. о долине реки Талас и смежных районах // Труды Института истории, археологии и этнографии АН Казахской ССР. Т.8. – 1960. – С. 72-92.

Диваев А.А. Киргизская легенде о постройке Акыр-Таша // Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей археологии. Историко-культурные памятники Казахстана / Авторы предисловия и составители Елеуов М., Бахтыбаев М.М. – Туркестан: Туран, 2011. – С. 355-356.

Елеуов М. Некоторые итоги исследования укрепления Ак-Кесене // Тезисы конференции молодых ученых Алма-Атинской области, проведенной на базе КазГУ, посвященная 40-летию Победы советского народа Великой Отечественной Войне. – Алма-Ата, 1985. – С. 41-49.

Елеуов М. Средневековая культура городов и поселений Чуйской долины: І – начало ХІІІ вв. (Вопросы тиипологии и фортификации). Дисс... канд... ист. наук. – Алма-Ата, 1991. – 234 с.

Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (VIII-XIII ғ. басы). – Алматы, Қазақ университеті. – 1998. – 207 б.

Елеуов М. Шу-Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары мен мекендері (VI-XIII ғ. басы) // Тарих ғылым. докт.., диссер... – Алматы, 1999. – 360 б.

Елеуов М., Талеев Д.А. Талас өңірінде 2013 ж. жүргізілген археологиялық барлау мен қазба жұмыстары // «Қазақстан археологиясы мен этнология ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы аясында ҚР ҰҒА құрметті академигі Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтың 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (16 мамыр 2014 ж.). – Алматы, Қазақ университеті. – 2014. – 65-70 бб.

Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Байзақ ауданы. – Алматы, 2010. – 204 б.

Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Жамбыл ауданы. – Алматы, 2010. – 212 б.

Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Жуалы ауданы. – Алматы, 2013. – 209 б.

Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Сарысу ауданы. – Алматы, 2014. – 184 б.

Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Талас ауданы. Алматы, 2010. – 223 б.

Иванов Д.Л. По поводу некоторых Туркестанских древностей. - Известия Имп. Русского Географического общества, 1885, Вып. 1-6. Т.21. с. 1–16.

Каллаур В. Новая археологическая находка в Аулиеатинском уезде // Записки Восточного Отделения Императорского Русского Археологического Общества. Том 11. Санкт Петербург, Типография Императорской Академии Наук, 1899. – С. 265-271.

Каллаур В. Поездка на Акыр-таш (Ахур-таш, Таш-акыр) и его окрестности // Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей археологии. Историко-культурные памятники Казахстана / Авторы предисловия и составители Елеуов м., Бахтыбаев М.М. – Туркестан: «Туран», 2011. – С. 349-354.

Каллаур В.А. Древние местности Аулиеатинского уезда на старом караванном пути из Тараза (Таласа) в восточной Туркестан // Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей археологии. Историко-культурные памятники Казахстана / Авторы предисловия и составители Елеуов М., Бахтыбаев М.М. – Туркестан: Туран, 2011. – С. 78-85.

Касенов М.С. Карлукские городище Орнек // Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизации. – Алма-Ата, 1987. – С.168-169.

Касенов М.С. Раскопки городища Торткуль // Археологические открытие 1985. – Москва, 1987. – С. 572-573.

Касенов М.С. Талас өңірінің отырықшылық мәдениеті (VІ-ХІІІ ғғ.). – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы АМУ баспасы, 2015. – 180 бет.

Кожемяко П.Н. Раннесредневековые города и поселения Чуйской долины. – Фрунзе, Типография АН Кирг. ССР. 1959. – 186 с.

Қасенов М.С. Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің мәдениеті (VІ-ХІІғ.). /Автореферат. / Тарих ғылымдарының кандидаты ғылымыи дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы. – 1995. – 20 бет.

Лаврентьев В.П. Краткий перечень бугров (курганов) находящихся в черте г. Аулие-ата // Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей археологии. Историко-культурные памятники Казахстана / Авторы предисловия и составители Елеуов М., Бахтыбаев М.М. – Туркестан: Туран, 2011. – С. 223-227.

Лерх П.И. Археологическая поездка в Туркестанский край. – Санкт Петербург, 1870. – 51 с.

Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного исскуства древнего Казахстана. – Алма-Ата, Издателсьвто АН КазССР. 1950. – 122 с.

Маргулан А.Х. Некоторые итоги и перспективы археологического изучения Казахстана // Известия АН Каз ССР. Серия археологическая. Вып. 1. – Алма-Ата, Издательство АН КазССР. 1948а. – С. 3-9.

Маргулан А.Х. Оседлые поселения VII-XIII вв. на северных склонах Каратау (извлечение из археологического отчета) // Известия АН Каз ССР. Серия археологическая. Вып. 1. – Алма-Ата, Издательство АН КазССР. 1948б. – С. 109-115.

Маргулан А.Х. Третий сезон археологической работы в Центральном Казахстане (отчет экспедиции 1948 года) // Известия АН Каз ССР. Серия археологическая. Вып. 3. – Алма-Ата, Издательство АН КазССР. 1951. – С. 3-53.

Нуржанов А. Средневековые города Чу-Таласского междуречья. (вопросы типологии, топографии). // Известия НАН РК. Сер. обществ. наук. 2011. № 3. – С. 134-138.

Отчет о научно-исследовательскич работах на археологическом памятнике «торткуль» (караван-сарай) // ГУ «Дирекция по охране и восстановлению историко-культурных памятников» Управления культуры акимата Жамбылской области. ТОО «Археологическая экспертиза». – Алматы, 2008. – 139 с.

Отчет о научно-исследовательскич работах на археологическом памятнике «торткуль» (караван-сарай) // ГУ «Дирекция по охране и восстановлению историко-культурных памятников» Управления культуры акимата Жамбылской области. ТОО «Археологическая экспертиза». – Тараз, 2009. – 154 с.

Отчет о работах Таразской археологической экспедиции в 1985 году // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана. Ф. 11. Д. 2079. л. 101.

Пацевич Г.И. Акыр-таш (Ахур-таш, Таш-акыр). Археологические работы. 1940 г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана. Ф. 2. Д. 38. л. 9.

Ремпель Л.И. Археологические памятники в дальних низовьях Таласа // Труды ИИАЭ. Т. 1. – 1956. – С. 60-72.

Савельева Т.В. Оседлая культура северных склонов Заилийского Алатау в VIII-XIII вв. (по материалам раскопок городища Талгар и памятников его периферий). – Алматы, Ғылым. – 1994. – 216 с.

Сала Р., Деом Ж-М. Геоархеология аридной зоны (на примере Казахстана): монография / Р.Сала, Ж-М Деом; пер. с англ. С.М. Байбековой. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 206 с.

Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. Алма-Ата: Наука, 1972. 219 с.

Шарденова З.Ж. Крепость Акыртас // Отчет об археологических исследованиях по Государственной программе «Культурное наследие» в 2005 году. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2005. – С. 217-220. На казахском и русском языках.

Шарденова З.Ж. Крепость средневекового Касрибаса // Известия НАН РК. Серия общественных наук. –2010. –№1. – С. 194-201.

References:

Ageeva E.I., Patsevich G.I. Iz istorii osedlyh poselenii i gorodov Yuzhnogo Kazahstana [From the history of settled settlements and cities of Southern Kazakhstan]. // Proceedings of the Institute of History, Archeology and Ethnography of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. Vol. 5. Archeology. – Alma-Ata. – 1958– 294 p.[in Russian].

Akymbek E.Sh., Shagirbayev M.S. Ortagasyrlyq tortkүlder haqynda [On the history of medieval tortkuls]. // Materials of the international scientific and methodological conference "IX Orazbaev readings", "Modern methods and approaches to the study of the historical and cultural heritage of Kazakhstan and neighboring countries" / Omarov G.Q. (ed). – Almaty: Kazakh University. – 2018. – P. 243-249. [in Kazakh].

Akymbek E.Sh., Shagirbayev M.S. Shu-Talas onіrlerіndegі ortagasyrlyq tortkulderdіn zerttelu tarihy [History of the study of medieval tortkuls in the Shu-Talas region]. // Archeology of Kazakhstan. - № 1 (3). – 2019. – P. 43-61. [in Kazakh].

Alipcheev S., Baibosynov K. Svod pamyatnikov istorii i kultury Zhambulskoj oblasti [A set of historical and cultural monuments of the Zhambul region]. – Zhambul. – 1982. – 208 p. [in Russian].

Arheologicheskaya karta Kazahstana [Archaeological map of Kazakhstan] // Collective monograph. – Alma-Ata: Publishing House of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. – 1960. – 498 p. [in Russian].

Arheologicheskie pamyatniki Talasskoj doliny [Archaeological monuments of the Talas Valley]. Kozhemyako P.N. (ed). – Frunze:Publishing House of the Academy of Sciences of the Kyrgyz SSR. – 1963. – 364 p. [in Russian].

Baypakov K.M. Arhitekturno-arheologicheskij kompleks Akyrtas [Architectural and archaeological complex Akyrtas]. // Archeology of Kazakhstan. № 1–2. – 2018. – P. 118-132. [in Russian].

Baypakov K.M. Gorodishcha tipa «tortkul». [Settlements of the "tortkul" type]. // Archaeological sites of Kazakhstan. – Alma-Ata, Science. – 1978. – P. 80-97. [in Russian].

Baypakov K.M. Issledovaniya v Talasskoj doline i na gorodishche Kujruktobe [Research in the Talas valley and on the settlement of Kuiruktobe]. // Archaeological discovery-1985. – Moscow. – 1987. – P. 564-565. [in Russian].

Baypakov K.M. Raboty na Taraze i Talasskoj doline [Works on Taraz and Talas valley] // Archaeological discovery-1984. – Moscow. – 1986. – P. 439-440. [in Russian].

Baypakov K.M. Srednevekovaya gorodskaya kultura Yuzhnogo Kazahstana i Semirechya [Medieval urban culture of Southern Kazakhstan and Semirechye]. – Almaty, Science. – 1996– 255 p. [in Russian].

Baypakov K.M., Kasenov M.S. Arheologicheskoj izuchenie Talasskoj doliny. Otchet ob arheologicheskih issledovaniyah v ohrannoj zone Muzeya-zapovednika «Drevnij Taraz» (1983-1986) [Archaeological study of the Talas valley. Report on archaeological research in the protected area of the Museum-Reserve "Ancient Taraz" (1983-1986)]. // Archive of the Institute of Archeology named after A.H. Margulan. Found 11, сase 2123. 143 p. [in Russian].

Baypakov K.M., Popov A.P. Raboty na gorodishche Ornek [Works on the Ornek settlement]. // Archaeological discovery-1986. – Moscow. – 1988. – P. 479-480. [in Russian].

Baypakov K., Nurzhanov A. Uly Zhіbek zholy zhane ortagasyrlyq Qazaqstan [The Great Silk Road and medieval Kazakhstan]. – Almaty, Kazakhstan. – 1992. – 198 p. [in Kazakh].

Bartold V.V. Otchet o poezdke v Srednyuyu Aziyu s nauchnoj celyu v 1893-1894 gg. [Report on a trip to Central Asia for scientific purposes in 1893-1894]. – Moscow, Sciense. – 1966. – Vol. IV. – 497 p. [in Russian].

Bernshtam A.N. Pamyatniki stariny Talasskoj doliny. Istoriko-arheologicheskij ocherk [Monuments of antiquity of the Talas valley. Historical and archaeological essay]. – Alma-Ata: KazOGIZ. – 1941. – 87 p. [in Russian].

Volin S.L. Svedeniya arabskih istochnikov IX-XVI vv. o doline reki Talas i smezhnyh rajonah [Information from Arab sources of the IX-XVI centuries. about the Talas River Valley and adjacent areas] // Proceedings of the Institute of History, Archeology and Ethnography of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. – Vol. 8. – 1960. – P. 72-92. [in Russian].

Divaev A.A. Kirgizskaya legende o postrojke Akyr-Tasha [Kirghiz legend about the construction of Akyr-Tasha] // Minutes of meetings and messages of members of the Turkestan circle of archeology lovers. Historical and cultural monuments of Kazakhstan / Eleuov M., Bakhtybaev M.M. (ed). – Turkestan: Turan. – 2011. – P. 355-356. [in Russian].

Eleuov M. Nekotorye itogi issledovaniya ukrepleniya Ak-Kesene [Some results of the study of the strengthening of Ak-Kesene] // Abstracts of the conference of young scientists of the Alma-Ata region, held on the basis of KazSU, dedicated to the 40th anniversary of the Victory of the Soviet people in the Great Patriotic War. – Alma-Ata. – 1985. – P. 41-49. [in Russian].

Yeleuov M. Srednevekovaya kul'tura gorodov i poselenij CHujskoj doliny: І – nachalo HІІІ vv. (Voprosy tiipologii i fortifikacii) [Medieval culture of cities and settlements of the Chui Valley: I - beginning of the XIII centuries. (Questions of typology and fortification)]. Diss... Candidate of... ist. sciences. – Almaty. 1991. – 234 p. [in Russian].

Eleuov M. Shu men Talas onіrlerіnіn ortagasyrlyq qalalary (VIII-XIII g. basy) [Medieval cities of the Chu and Talas regions (VIII-early XIII centuries)]. – Almaty, Kazakh University. – 1998. – 207 p. [in Kazakh].

Eleuov M. Shu-Talas onіrlerіnіn ortagasyrlyq qalalary men mekenderі (VI-XIII g. basy) [Мedieval cities and settlements of the Shu-Talas Region (VI-early XIII centuries)] // Historical science. doct.., disser... – Almaty. – 1999. – 360 p. [in Kazakh].

Eleuov M., Taleev D.A. Talas өnіrіnde 2013 zh. zhurgіzіlgen arheologiyalyq barlau men qazba zhumystary [Аrchaeological research and excavations conducted in the Talas region in 2013]. // Мaterials of the international scientific and practical conference dedicated to the 90th anniversary of the honorary academician of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan Wahit Khamzayevich Chelekenov within the framework of the 80th anniversary of Al-Farabi Kazakh National University "Actual problems and prospects of development of Kazakhstan's archaeology and ethnological science" (May 16, 2014). – Almaty, Kazakh University. – 2014. – 65-70 рр. [in Kazakh].

Collection of historical and cultural monuments of Zhambyl region. Baizak district. – Almaty. – 2010. – 204 p. [in Kazakh].

Collection of historical and cultural monuments of Zhambyl region. Zhambyl district. – Almaty. – 2010. – 212 p. [in Kazakh].

Collection of historical and cultural monuments of Zhambyl region. Zhualy district. – Almaty. – 2013. – 209 p. [in Kazakh].

Collection of historical and cultural monuments of Zhambyl region. Sarysu district. – Almaty. – 2014. – 184 p. [in Kazakh].

Collection of historical and cultural monuments of Zhambyl region. Talas district. – Almaty. – 2010. – 223 p. [in Kazakh].

Ivanov D.L. Po povodu nekotoryh Turkestanskih drevnostei [About some Turkestan antiquities]. – Izvestia Imp. Russian Geographical Society. – 1885. – Vol. 1-6. – P. 1-16. [in Russian].

Kallaur V. Novaya arheologicheskaya nahodka v Aulieatinskom uezde [A new archaeological find in Aulieatinsky district] // Notes of the Eastern Branch of the Imperial Russian Archaeological Society. – Vol. 11. – St. Petersburg, Printing House of the Imperial Academy of Sciences. – 1899. – P. 265-271. [in Russian].

Kallaur V. Poezdka na Akyr-tash (Ahur-tash, Tash-akyr) i ego okrestnosti [A trip to Akyr-tash (Akhyr-tash, Tash-aryk) and its surroundings] // Minutes of meetings and messages of members of the Turkestan circle of archeology lovers. Historical and cultural monuments of Kazakhstan / Eleuov M., Bakhtybaev M.M. (ed). – Turkestan: "Turan". – 2011. – P. 349-354. [in Russian].

Kallaur V.A. Drevnie mestnosti Aulieatinskogo uezda na starom karavannom puti iz Taraza (Talasa) v vostochnoj Turkestan [Ancient localities of Aulieatinsky district on the old caravan route from Taraz (Talas) to East Turkestan] // Minutes of meetings and messages of members of the Turkestan circle of archeology lovers. Historical and cultural monuments of Kazakhstan / Eleuov M., Bakhtybaev M.M. (ed). – Turkestan: "Turan". – 2011. – P. 78-85. [in Russian].

Kasenov M.S. Karlukskie gorodishche Ornek [Karlukskie gorodishche Ornek] // Interaction of nomadic cultures and ancient civilizations. – Alma-Ata. – 1987. – P. 168-169. [in Russian].

Kasenov M.S. Raskopki gorodishcha Tortkul [Excavations of the Turtkul settlement] // Archaeological discoveries 1985. – Moscow. – 1987. – P. 572-573. [in Russian].

Kasenov M.S.Talas onіrіnіn otyryqshylyq madenietі (VІ-XIII gg.) [Settled culture of the Talas Region (VI-XIII centuries.)]. – Atyrau, Publishing house of H. Dosmukhamedov State University. – 2015. – 180 p. [in Kazakh].

Kozhemyako P.N. Rannesrednevekovye goroda i poseleniya Chujskoj doliny [Early medieval towns and settlements of the Chui Valley]. – Frunze, Printing House Academy of Sciences Kirg. SSR. 1959. – 186 p.[in Russian].

Qasenov M.S. Talas onіrіnіn ortagasyrlyq qalalary men eldі mekenderіnіq madenietі (VІ-XIII gg.) [Culture of medieval cities and settlements of the Talas Region (VI-XIII centuries)]. / Abstract. / Dissertation for the degree of candidate of historical sciences. – Almaty. 1995. – 20 p. [in Kazakh].

Lavrentiev V.P. Kratkij perechen bugrov (kurganov) nahodyashchihsya v cherte g. Aulie-ata [A short list of mounds (mounds) located within the city of Aulie-ata] // Minutes of meetings and messages of members of the Turkestan circle of archeology lovers. Historical and cultural monuments of Kazakhstan / Eleuov M., Bakhtybaev M.M. (ed). – Turkestan: "Turan". – 2011. – P. 223-227. [in Russian].

Lerkh P.I. Arheologicheskaya poezdka v Turkestanskii krai [Archaeological trip to the Turkestan region]. – Saint Petersburg. – 1870. – 51 p. [in Russian].

Margulan A.H. Iz istorii gorodov i stroitel'nogo isskustva drevnego Kazahstana [From the history of cities and the construction art of ancient Kazakhstan]. – Alma-Ata, Publisher of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. – 1950. – 122 p. [in Russian].

Margulan A.H. Nekotorye itogi i perspektivy arheologicheskogo izucheniya Kazahstana [Some results and prospects of the archaeological study of Kazakhstan] // Izvestia of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. The series is archaeological. – Vol. 1. – Alma-Ata, Publishing House of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. – 1948a. – P. 3-9. [in Russian].

Margulan A.H. Osedlye poseleniya VII-XIII vv. na severnyh sklonah Karatau (izvlechenie iz arheologicheskogo otcheta) [Settled settlements of the VII-XIII centuries on the northern slopes of Karatau (extract from the archaeological report)] // Izvestiya AN Kaz SSR. The series is archaeological. – Vol. 1. – Alma-Ata, Publishing House of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. – 1948б. – P. 109-115. [in Russian].

Margulan A.H. Tretij sezon arheologicheskoj raboty v Central'nom Kazahstane (otchet ekspedicii 1948 goda) [The third season of archaeological work in Central Kazakhstan (the report of the expedition of 1948)] // Izvestiya AN Kaz SSR. The series is archaeological. – Vol. 3. – Alma-Ata, Publishing House of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. – 1951. – P. 3-53. [in Russian].

Nurzhanov A. Srednevekovye goroda Chu-Talasskogo mezhdurech'ya (voprosy tipologii, topografii) [Medieval cities of the Chu-Talas interfluve (questions of typology, topography)] // Izvestiya NAS RK. Ser. societies. sciences. – 2011. – № 3. – P. 134-138. [in Russian].

Otchet o nauchno-issledovatel'skich rabotah na arheologicheskom pamyatnike «tortkul'» (karavan-saraj) [Report on research work on the archaeological monument "tortkul" (caravanserai)] // State Administration "Directorate for the Protection and Restoration of Historical and Cultural monuments" of the Department of Culture of the Akimat of Zhambyl region. LLP "Archaeological expertise". – Almaty. – 2008. – 139 p. [in Russian].

Otchet o nauchno-issledovatel'skich rabotah na arheologicheskom pamyatnike «tortkul'» (karavan-saraj) [Report on research work on the archaeological monument "tortkul" (caravanserai)] // State Administration "Directorate for the Protection and Restoration of Historical and Cultural monuments" of the Department of Culture of the Akimat of Zhambyl region. LLP "Archaeological expertise". – Almaty. – 2009. – 154 p. [in Russian].

Otchet o rabotah Tarazskoj arheologicheskoj ekspedicii v 1985 godu [Report on the work of the Taraz archaeological expedition in 1985] // Archive of the Institute of Archeology named after A.H. Margulan. Found 11, case 2079. 101 р. [in Russian].

Pacevich G.I. Akyr-tash (Ahur-tash, Tash-akyr). Arheologicheskie raboty. 1940 g. [Patsevich G.I. Akyr-tash (Akhur-tash, Tash-akyr). Archaeological work. 1940.] // Archive of the Institute of Archeology named after A.H. Margulan. Fоund 11, case 38. 9 р. [in Russian].

Rempel L.I. Arheologicheskie pamyatniki v dal'nih nizov'yah Talasa [Archaeological sites in the far lower reaches of Talas] // Proceedings of the Institute of History of Archeology and Ethnography. – Vol. 1. – 1956. – P. 60-72. [in Russian].

Savelyeva T.V.Osedlaya kultura severnyh sklonov Zailijskogo Alatau v VIII-XIII vv. (po materialam raskopok gorodishcha Talgar i pamyatnikov ego periferij) [Sedentary culture of the northern slopes of the Trans-Ili Alatau in the VIII-XIII centuries. (based on the materials of the excavations of the Talgar settlement and the monuments of its peripheries)]. – Almaty, Science. – 1994. – 216 p.[in Russian].

Sala R., Deom zh-M. Geoarheologiya aridnoj zony (na primere Kazahstana) [Geoarchaeology of the arid zone( on the example of Kazakhstan)]. – Almaty: Kazakh University. – 2016. – 206 p. [in Russian].

Senigova T.N. Dnevnik Dzhambulskoj arheologicheskoj ekspedicii 1958 g. [Diary of the Dzhambul archaeological expedition of 1958]. // Archive of the Institute of Archeology named after A.H. Margulan. Fund 11, list 2, case 497, sheet 49. [in Russian].

Shardenova Z.Zh. Krepost' Akyrtas [Akyrtas Fortress] // Report on archaeological research under the State Program "Cultural Heritage" in 2005. – Almaty: A.H. Margulan Institute of Archaeology, – 2005. – P. 217-220. [in Kazakh and Russian].

Shardenova Z.Zh. Krepost srednevekovogo Kasribasa [Fortress of medieval Kasribas] // Proceedings of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Social Sciences series. – 2010. – №1. – P. 194-201. [in Russian].

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша № AP09260358 «Талас өңірінің ортағасырлық төрткүлдері және мәдени ландшафты» жобасы аясында орындалды. 

МРНТИ 03.41.91

ИСТОРИЯ ИЗУЧЕНИЯ СРЕДНЕВЕКОВЫХ ТОРТКУЛЕЙ ТАЛАССКОЙ ДОЛИНЫ

Е.Ш. Акымбек¹, М.С. Шагирбаев¹*

¹Институт археологии имени А.Х. Маргулана, Казахстан, г. Алматы. 

*Корреспондирующий автор

Е-mail: eraly_a@mail.ru (Акымбек), mambet_87@mail.ru (Шагирбаев)

Аннотация. В статье дается историографический обзор результатов археологических исследований средневековых торткулей Таласской долины по хронологическому принципу. Историю проведения археологических исследований торткулей в Таласской долине можно разделить на несколько этапов. Проводится сравнительный анализ результатов исследований, рассматривая изучение средневековых торткулей в Таласской долине в широким хронологическом диапазоне с середины ХІХ века до наших дней. В исследовательской работе затронуты вопросы периодизации результатов, достигнутых в трудах ученых: Е.И. Агеевой, Г.И. Пацевича, К. А. Акишева, К.М. Байпакова, П.Н. Кожемяко, Т.В. Савельевой, М. Елеуова, А.А. Нуржанова, М.С. Касенова, Н.Н. Маханбаевой и других, описываются их взаимные сходства и различия. Авторы статьи акцентируют внимание на актуальных вопросах локализации ряда торткулей и указывают на необходимость хронологического переосмысления комплекса информации, относительно средневековых торткулей Таласской долины. В заключении говорится о необходимости определения функции торткулей, выделены основные задачи, ставящиеся при изучении памятников типа торткуль.

Ключевые слова: Таласская долина, средневековые памятники, торткули, городская культура, археологические исследования, археологические материалы, историография.

IRSTI 03.41.91

HISTORY OF STUDY OF MEDIEVAL SITES OF TORTKULS IN THE TALAS VALLEY

Y.Sh. Akymbek¹, M.S. Shagirbayev¹*

¹A.Kh. Marghulan Institute of Archaeology, Kazakhstan, Almaty. 

*Corresponding author 

Е-mail: eraly_a@mail.ru (Akymbek), mambet_87@mail.ru (Shagirbayev) 

Abstract. The article gives a historiographical overview of the results of archaeological research of medieval tortkuls (square shape urban sites) of the Talas valley on a chronological basis.Archaeological research of tortkul sites in the Talas Valley can be divided into a few stages. A comparative analysis of the results of the studies is carried out, considering the study of medieval tortkuls in the Talas Valley in a wide chronological range from the middle of the 19th century to the present day. The research work addressed the issues of periodization of the results achieved in the researched works of scientists of E.I. Ageyeva, G.I. Patsevich, K.A. Akishev, K.M. Baipakov, P.N. Kozhemyako, T.V. Savel’yeva, M. Eleuov, A.A. Nurzhanov, M.S. Kassenov, N.N. Makhanbayeva. The authors of the article focus on topical issues of localization of several tortkuls and indicate the need for a chronological rethinking of the information complex regarding medieval tortkuls of the Talas Valley. The final part of the article refers to the need to define the function of tortkuls, highlighting the main tasks set in the study of sites such as tortkuls.

Keywords: Talas Valley, medieval sites, tortkul type site, urban culture, archaeological research, archaeological materials, historiography.

Авторлар туралы мәліметтер: 
¹PhD доктор 
¹*Магистр

No comments

To leave comment you must enter or register