Яндекс.Метрика
Home » Materials » ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНІҢ ҚОНЫС АУДАРУ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР (ХІХ Ғ. ІІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫ)

Г.Б. Тлеубекова¹. ¹Т.ғ.к., қауымд., проф. м.а. І. Жансүгіров ат. Жетысу мемлекеттік университеті. Қазақстан, Талдықорған қ.

ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНІҢ ҚОНЫС АУДАРУ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР (ХІХ Ғ. ІІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫ)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(25), 2021

Tags: отарлау. , құжат, қоныс аудару, Жетісу қоныс аудару басқармасы, Жетісу өлкесі, архив, дерек
Author:
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясы Қазақстан аумағын толық отарлаған соң, үлкен өлкені басқару мақсатында өзінің әкімшілік жүйесін енгізген болатын. Сол кезеңде, Жетісу өңірі отар аймақ ретінде экономикалық және саяси жағынан елеулі рөл атқарды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өлкеге орыс шаруаларының легі ағылып келді. Патша өкіметі қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру саясатын тез қарқынмен жүзеге асыру үшін, 1904-1905 жылдары Қазақстан территориясын бес қоныс аудару ауданына бөлді: Торғай-Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу. Бұл облыстарда Жерге орналастыру және егіншілік бас басқармасына қарасты арнайы Қоныс аудару мекемелері ашылды. Отаршылдық негізде құрылған Қоныс аудару басқармалары жергілікті халықтың пайдалануындағы «артық» жерлерді тартып алып, қоныс аудару телімдерін дайындады. Патшалық Ресей кезеңіндегі қоныс аудару мәселесі деректанулық тұрғыдан терең әрі объективті зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, ХХ ғасырдың басында құрылған Жетісу қоныс аудару басқармасының іс-жүргізу құжаттары өлкенің қоныс аудару тарихына қатысты негізгі деректер тобын құрайды. Сонымен қатар, өлкедегі қоныс аудару тарихына қатысты деректерді Ресей империясының ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы заңдары, Жетісу қоныс аудару басқармасы шенеуніктерінің және осы кезеңдегі зерттеушілердің еңбектері құрайды. Мақалада Жетісу өлкесінің ХІХ ғ. ІІ жартысын мен ХХ ғ. басындағы қоныс аудару тарихына қатысты архив құжаттарына және сол кезде жарыққа шыққан еңбектерге деректанулық талдау жасалады. Аталған деректер арқылы Ресей империясы кезіндегі отарлау саясатының барысы, бағыттары және нәтижелері айқындалған. Түйін сөздер: дерек, архив, құжат, қоныс аудару, Жетісу өлкесі, отарлау, Жетісу қоныс аудару басқармасы.
Text:

Кіріспе. Жетісу қоныс аудару басқармасының кейбір архив құжаттары тарихшылардың ғылыми еңбектерінде қолданыс тапқанымен, осы уақытқа дейін құрама тарихи дерек ретінде арнайы зерттелмеген. Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорындағы құжаттардың өлкедегі шаруалар отарлауының тарихын зерделеудегі рөлі ерекше. Кеңестік кезеңге дейінгі мемлекеттік мекемелерде жүргізілген іс жүргізу құжаттарының ерекшеліктерін көрсету, оларды сипаттау мен сыныптау, деректердің шынайылығын айқындау Жетісудағы ғана емес бүкіл қазақ даласындағы қарашекпенділердің қоныс аударуының тарихын, оның зардаптарын жан-жақты қарастыруға мұрындық болары даусыз. Өйткені анағұрлым дәйекті авхив құжаттары арқылы тарихи оқиғалар мен үдерістердің өткенін таразылауға болатындығына көз жеткізілген.

Архив құжаттарын талдап, ғылыми айналымға түсіріп, еліміздің тарихшылары көптеген ғылыми еңбектерді дүниеге әкелуде. Ол еңбектерде бұрындары айтылмаған, немесе біржақты қарастырылған тарихи құбылыстарға және тарихи тұлғалардың атқарған қызметіне объективті баға беруге деген талпыныс айқын аңғарылады. Мұндай бағыттағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері тарихи сананы қалыптастыруға және өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет етері сөзсіз. Соған орай еліміздің тарихын одан әрі тереңдете, көптеген деректік материалдарды ғылыми айналымға тарта отырып, зерттей түскеніміз абзал. Соның ішінде патшалық Ресейдің үстемдігі тұсындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі құбылыстарға да баса назар аударуымыз қажет. Себебі, олардың басым көпшілігінің тарихы тағылымды салдары зардапты. Мәселен, шаруалар отарлауы барысында Қоныс аудару басқармасының көшіп келгендерді жер телімдерімен қамтамасыз етіп, нәтижесінде қазақ халқының құнарлы жерлерінен айырылып, шаруашылығының тығырыққа тірелгендігі белгілі. ХХ ғасыр басында Қазақстанда жер мәселесінің шиеленісіп, өзекті түйткілдердің біріне айналғандығы – тарихи шындық. Осы тұрғыдан алғанда, Жетісу қоныс аудару басқармасы құжаттарын құнды дереккөз негізінде қарастырудың маңызы зор.

Өлкедегі қоныс аудару саясатына тікелей қатысы бар орыс шенеуніктерінің еңбектері де құнды тарихи деректер болып табылады. Атап айтсақ, Жетісу қоныс аудару басқармасының меңгерушісі болған С.Н. Велецкийдің (Велецкий, 1916), инженер В.А. Васильевтің (Васильев, 1915), граф К.К. Паленнің (Отчет по ревизии Туркестанского края, 1910), Мемлекеттік Думаның депутаты А.Л. Трегубовтың (Трегубов, 1910) және тағы басқа шенеуніктердің еңбектерінде сол кезеңдегі саяси мәселелер көрініс тапқан.

Материалдар мен әдістер. Мақаланы жазу барысында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивтің 19-қорында жинақталған іс жүргізу құжаттарына сипаттама жасалған. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдың ІІ жартысын мен ХХ ғасыр басындағы Ресей империясының заңдары, ХХ ғасыр басында жарыққа шыққан Ресей шенеуніктерінің еңбектері зерттеу жұмысымыздың деректік негізін құрады. Аталған деректерді зерттеу барысында негізінен деректанулық әдістер басшылыққа алынды. Атап айтсақ, тарихи сын, деректанулық талдау принциптерінің әлеуметтік және тарихилық ұстанымдары қолданылды.

Архив құжаттары мен ХХ ғасыр басындағы еңбектерді зерттей отырып, Ресей империясының қазақ даласында, оның ішінде Жетісу өлкесінде жүргізген отарлау саясатына сипаттама жасалынды.

Талқылау. Жетісу қоныс аудару басқармасы 1905-1918 жылдар аралығында болған мекеме. Бұл мекеменің қызметі нәтижесінде жинақталған құжаттар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде 19-шы қорда сақталған. Қор «Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі» деп аталады. Мұнда барлығы 4172 сақталу бірлігі жинақталған (ҚР ОМА. 19-қор).

Жетісу қоныс аудару мекемесі қызметінің нәтижесінде жинақталған құжаттар кешенінде циркулярлар, нұсқаулар, бұйрықтар, журналдар, хаттамалар, есептер, баяндамалар, анықтамалар, баяндаулар, ұсыныстар, штат қызметкерлерінің құжаттары жинақталған. Деректік құрамы жағынан қорда есептік және жеке штат қызметкерлері құрамының құжаттары ең көлемді болып табылады. Қорда топтастырылған барлық құжаттар кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің құнды деректері және олардың көп бөлігі түпнұсқа түрінде сақталған.

Қордың құжаттары мазмұны мен хронологиясына қарай 7 тізімдемеде топтастырылған. Тізімдемелерде қордың барлық құжаттары қамтылған. №1 тізімдемеде 1903-1918 жылдар аралығындағы барлығы 2868 сақтау бірлігі тіркелген. Мұнда, негізінен, басқарушы, хаттамалық, есептік, жеке құжаттар хронологиялық-құрылымдық әдіс негізінде топтастырылған. № 2 тізімдемеде Жетісу қоныс аудару басқармасының штат қызметкерлерінің 1904-1918 жылдар аралығындағы құжаттары хронологиялық принцип бойынша 482 сақтау бірлігі көлемінде жинақталған. № 3 тізімдемеде Верный қаласының 1917 жылғы санағына байланысты карточкалардың көшірмелері 25 сақтау бірлігі болып тіркелген. № 4 тізімдемеде гидротехника бөлімінің 1909-1916 жылдар аралығындағы есептік және зерттеу жұмыстарының құжаттары 14 бірлік көлемінде хронологиялық негізде жинақталып, сақталған. Верный және Жаркент уездерінің съемкалары және жерді пайдалану съемкаларының планшеттері, топосъемкалардың картограммалары 203 сақтау бірлігі көлемінде аймақтық принципке сәйкес № 5 тізімдемеде тіркелген. № 6 тізімдемені 1882-1916 жылдарындағы Жетісу қоныс аудару ауданының карталары 350 бірлік көлемінде аумақтық негізде топтастырылған құжаттар құрайды. Хронологиялық-құрылымдық әдіс бойынша жинақталған № 7 тізімдемеде орыс шаруаларына телімдерді дайындауға қатысты 1880-1917 жылдардағы құжаттарды қамтиды.

Жетісу қоныс аудару басқармасы қорында негізінен іс жүргізу құжаттары топтастырылып, бұл құжаттар ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы Ресей мемлекеттік мекемелерінде қолданыс тапқан іс-қағаз негізінде жүргізілген. Жетісу қоныс аудару басқармасы қорының құжаттары тарихи дереккөзі ретінде қоныс аудару мекемесінің және сол кезеңдегі Ресей мемлекеттік аппаратының жүйесін сипаттайды. Архив қойнауында сақталған құжаттар мазмұны жағынан өте құнды болып табылады.

Жетісудың қоныс аудару тарихына қатысты келесі топ деректерді Ресей империясының ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басындағы заңдары құрайды. ХІХ – ХХ ғасырдың басындағы заңдардың негізгілері: Ресей империясының Заңдар жинағы мен Үкіметтің заңдар және жарлықтар жинағы түрінде жарық көрді (Свод законов Российской империи, 1913). Ресей империясының Заңдар жинағына 1917 жылға дейінгі барлық заңдар енгізілген. Осы жинақтарда қоныс аударуға қатысты заңдар жарияланған: 1891 жылы 25 наурызда қабылдаған «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ереже (Полный свод законов Российской империи, 1911: 1178-1179); Ресей империясының Заңдар жинағының ІХ томының VIII кітабындағы Қазына жерлеріне қоныс аудару ережелері (Полный свод законов Российской империи, 1911: 741-745); Қоныс аудару басқармасының қызметіне қатысты ережелер (Свод законов Росийской империи, 1913: 392); Қоныс аудару ісіне қатысты заңдар мен өкімдердің 1909 жылғы Қоныс аудару басқармасының жинағы (Сборник законов и распоряжений, 1909).

ХХ ғасырдың басында болған Жетісу қоныс аудару басқармасы жергілікті табиғи-тарихи, шаруашылық-статистикалық зерттеулердің негізінде және 1891 жылы 25 наурызда қабылдаған «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ереженің 120-бабының қосымша қосылған 1-ескертуінде көрсетілген жерлерден қоныс аудару телімдерін дайындауға міндетті еді. Бұл баптың 1-ескертуінде, көшпенділер үшін артық болған жерлер Мемлекеттік меншік министрлігінің қарауына өтеді деп көрсетілген (Свод законов Российской империи, 1913: 1178-1179). Қоныс аудару мекемесі жергілікті көшпелі халықтың пайдалануындағы «артық» жерлерден қоныс аудару телімдерін дайындау қажет болды. Бірақ шын мәнінде халықтың пайдалануындағы құнарлы жерлерді тартып алып, қоныс аударушылардың мүдделеріне жұмсаған.

Ресей империясының Заңдар жинағының ІХ томының VIII кітабындағы Қазына жерлеріне қоныс аудару ережелерінің 124-154 баптарында қоныс аудару телімдерін дайындау тәртібі анықталды (Полный свод законов Российской империи, 1911: 741-745). Осы ережелерге сәйкес өлкеде қоныс аударушылар үшін телімдер дайындалды.

Қоныс аудару Басқармасының қызметіне қатысты ережелер Заңдар жинағының ІХ тараудың 112-113 баптары болып табылады. Мұнда Жерге орналастыру және Егіншілік Бас Басқармасы қоныс аудару істерін осы мекемеге жүктеуге құқылы деп айтылады (Полный свод законов Российской империи, 1911: 392). Бұл екі мекеме бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, Ресей империясының аграрлық мәселелерін отаршылдық аумақтарда бақылап, шешіп отырды. Жетісу қоныс аудару басқармасы Жерге орналастыру және Егіншілік Бас Басқармасына қарасты болды.

Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару тарихына қатысты еңбектер мен ақпараттық басылымдар негізінен ХХ ғасырдың бас кезінде жарық көрді. Нақтырақ айтсақ, 1905-1918 жылдар аралығындағы еңбектердің авторлары, негізінен, патша әкімшілігінің шенеуніктері болды. Бұл арнайы ғылыми еңбектер емес, Қоныс аудару бас басқармасына арналған жұмыс нәтижелері туралы есептік сипаттағы басылымдар болды.

Жетісу қоныс аудару басқармасында 8 жыл бойы меңгеруші болған С.Н. Велецкийдің «Семиреченская область и ее колония» атты еңбегінде 1906-1913 жылдардағы қоныс аудару ісіне қатысты жасалған нәтижелер көрсетілген (Велецкий, 1916). С.Н. Велецкий Жетісу облысының ХІХ ғасырдың 40-60-шы жылдарынан бастау алған қоныс аудару ісіне тоқталып, өлкеде әлі де болса артық жер қорының бар екендігін айтады. Автордың пікірінше, орыс шаруаларының қоныс аударуы өлкедегі отарлау жүйесінің ретті қалыптасуына әсерін тигізіп, ірі нәтижелер көрсетті.

С.Н. Велецкийдің «Записка о положении и нуждах переселенческого дела в Семиреченском районе к 1-му января 1913 года» атты келесі еңбегінде 1912 жылы өлкеде жасаған ревизияның нәтижелері алдыңғы жылдармен салыстырылып, есеп түрінде қарастырылған (Велецкий, 1913). Бұл еңбегінде Велецкий қоныс аударудың нәтижелерін қорытындылай келе: «Жетісу сәтсіз сібірлік қоныс аударушыларды қабылдап, жақсы өлке төменгі, нашар элементпен толды», - деп тұжырымдайды. Мұндай құбылыс отаршылдық жағдайда аймақты әлсірететіндігін атап көрсетті (Велецкий, 1913: 105). С.Н. Велецкий 1906 жылы өлкеге келгеннен бастап, қоныс аударуда алдына қойылған мақсатын тез қарқынмен және жоғарғы деңгейде жүзеге асырды. Жетісу қоныс аудару басқармасының жүзеге асырған іс-шаралары Ресей әкімшілігінің отаршылдық саясатына ықпал еткендігін көрсетті. С.Н. Велецкий еңбектерінің деректік құндылығы жоғары, өйткені есептік сипатта жазылған, яғни Жетісу қоныс аудару мекемесінің статистикалық құжаттары қолданылған.

Қатынас жолдар инженері В.А. Васильевтің «Семиреченская область как колония и роль в ней Чуйской долины» еңбегінде Жетісу облысын отарлау мәселесіне ерекше мән берген (Васильев, 1915). Автор өзінің еңбегінде Ресей империясының отарлау саясатының басты бағыттарының бірі орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру екендігін атап көрсетті. Жетісу қоныс аудару басқармасы өлкеде геоботаникалық, агрономиялық, статистикалық және гидротехникалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1906-1915 жылдар аралығындағы қоныс аудару телімдерінің көлемі және онда орналастырылған орыс шаруалары туралы статистикалық мәліметтер берген. Өлкені отарлау нәтижелеріне қатысты В.А. Васильев: «Қазіргі таңда облыста орыс үстемдігі тұрақтанған», - деп тұжырымдады (Васильев, 1915: 74). В.А. Васильев еңбегінің ерекшелігі, автор Жетісу мен Шу алқабындағы шаруалар қоныстандыруына тікелей араласып, зерттеу жүргізген. Сондықтан да автордың келтірген мәліметтері өзі жүргізген жұмыстардың қорытындылары болғандықтан, шынайы екендігі даусыз.

1908 жылы патша әкімшілігі Түркістан генерал-губернаторлығына граф К.К. Паленнің басшылығымен сенаторлық ревизияны жіберді. Ревизия барысында өлкедегі барлық мемлекеттік мекемелердің, соның ішінде Жетісу қоныс аудару басқармасының да қызметі тексерілді. Жұмыс нәтижесінде 1910 жылы «Отчет по ревизии Туркестанского края, произведенной по высочайшему повелению сенатором гофмейстром графом К.К. Паленом» атты ревизия материалдары жарияланды (Отчет по ревизии Туркестанского края, 1910). Тексеріс бойынша жүргізген есебінде К.К. Пален Жетісу қоныс аудару мекемесінің қызметін сынға ала отырып, өлкеде қоныс аудару ісі қанағаттанарлықсыз жүзеге асырылып жатқандығын айтты. Соның салдарынан қазақ халқының шаруашылығы күйзелісті жағдайда деп тұжырымдады (Отчет по ревизии Туркестанского края, 1910: 50). Ревизия барысында С.Н. Велецкийдің басшылығымен жүргізіліп жатқан қоныстандыру шаралары қанағаттанарлықсыз деп саналды. Сол себепті де К.К. Пален С.Н. Велецкийді патшалық әкімшіліктің қызметіне немқұрайлы қарайды деген негіздемемен сотқа берді. Алайда, Велецкийдің қызметін қаралайтын дәйектер жетіспегендіктен, мәселе сотта қаралмады.

К.К. Паленнің басшылығымен өткізілген ревизия нәтижесінде жарияланған жинақтың тарихи, деректік маңызы зор. Жинақта Жетісу өлкесіндегі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталған шаруаларды қоныстандыру жүйелі түрде көрсетілген.

1912 жылы А.П. Купластың авторлығымен «Семиреченская область» атты анықтамалық кітапша басылып шықты (Купласт, 1912). Бұл еңбекте Жетісу облысы туралы жалпы ақпарат беріліп, өлкедегі қоныс аудару ісі қарастырылған. Жетісу қоныс аудару мекемесі дайындаған телімдер және онда орналастырылған жанұялар туралы мәліметтер келтірілген. Автордың пайымдауынша, жергілікті халық мал шаруашылығымен айналысқандықтан, әр шаңыраққа 40-тан 120-ға дейін құнарлы жер бөлінген (Купласт, 1912: 23). Шын мәнісінде, әр шаңыраққа 40 десятинадан аспайтын шөлді, тасты, таулы аймақтардан қолайсыз жер үлестері тиетін. Ал орыс шаруаларына егіншілікке жарамды, суарылатын құнарлы жерлер берілетін. Анықтамалық сипаттағы кітапшада өлкедегі қоныс аудару ісі туралы мәнді мәліметтер жинақталған. Олар патшалық Ресейдің Жетісудағы отарлау саясаты тарихын, деректерін зерделеуге негіз бола алады.

1909 жылы шілдеде Қоныс аудару бас басқармасының жолдауымен Жетісуға Мемлекеттік Думаның депутаты, діни қызметкер А.Л. Трегубов іссапармен келген. Іссапар барысында А.Л. Трегубов орыс деревняларын, казак станицаларын аралап, қоныстандырушылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Діни уағыздарды насихаттап, жас жұбайлардың некелерін қиып, рухани шараларды өткізді. Нәтижесінде 1910 жылы оның «Переселенческое дело в Семипалатинской и Семиреченской области» атты еңбегі жарияланды (Трегубов, 1910). А.Л. Трегубов өз зерттеуінде өлкедегі орыс қоныс аударушыларының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталды. Әр уезд бойынша мәлімдеме жасап, Жетісу өлкесінде бос жатқан жер қорының көптігін ерекше атап, 1 миллионға дейін орыс шаруаларын әлі де болса орналастыруға болатындығын айтты (Трегубов, 1910: 42). Әсіресе, Қытаймен шекаралас территорияларда шаруаларды тығыз қоныстандыру қажет деп тұжырымдады.

Ресей әкімшілігіне қызмет еткен шенеуніктердің отарлау саясатына қатысты еңбектері ХХ ғасыр басында жарияланып тұрған. Солардың бірі - Г. Гинстің бірқатар еңбектері. Олар қоныс аудару ісіне және отарлау саясатына арналған (Гинс, 1913), (Гинс, 1912). Автор отарлаудың мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін қарастыра отырып, «Қоныс аудару – отарлаудың мықты қаруларының бірі» - деп көрсетеді арналған (Гинс, 1913: 4). Г. Гинстің пікірінше қоныс аудару ісі жергілікті «жабайы» халықтың мәдени дамуына әсерін тигізді. Автордың көрсетіп отырған мәдени дамуы - отырықшы егіншілік шаруашылығы. Қоныс аудару қазақ даласында көшпелі шаруашылықты тез қарқынмен жойып, көшпенді шаруа жер өңдеушіге айналды деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, статистикалық құжаттар Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару тарихына қатысты өте құнды деректер тобын құрайды. Н. Турчанинов пен А. Домрачевтің құрастыруымен Қоныс аудару басқармасының баспасынан 1916 жылы «Итоги переселенческого движения за время с 1910 по 1914 гг.» атты статистикалық жинақ басылып шықты (Итоги переселенческого движения за время с 1910 по 1914 гг., 1916). Жинақта Жетісу облысы бойынша да ресми түрде тіркелген қоныс аударушылар мен ходоктар туралы мәліметтер берілген. Құрастырушылар көрсетілген әр жылы қанша адам Ресейден қоныс аударып және отанына қайта оралған адамдардың санын кесте түрінде келтірген. Мәселен, 1910-1914 жылдар аралығында Жетісу облысына 58440 адам қоныс аударса, ал көрсетілген 5 жылдың ішінде 10610 адам Ресейге қайтып оралған (Итоги переселенческого движения за время с 1910 по 1914 гг., 1916: 50). Бұл жинақта Ресейде ресми түрде өлкедегі тіркелген қоныс аударушылардың саны ғана келтірілген, алайда жыл сайын «өз еркімен» келген және тіркелмеген шаруалардың құрамы тіпті көп болған.

Жетісу облысының 1909-1913 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты статистикалық мәліметтерді П.П. Румянцевтің басшылығымен өткізілген зерттеу экспедициясының құжаттарынан алуға болады. Экспедицияның статистикалық мәліметтері 1911-1916 жылдары 8 том көлемінде басылып шықты (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1911, т. 1), (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1913, т. 2), (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1912 т. 3), (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1913, т. 4), (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1914, т. 5), (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1915, т. 6), (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1916, т. 7), (Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, 1916, т. 8). Бұл жинақтағы мағлұматтар архивтағы Жетісу қоныс аудару басқармасының құжаттарымен салыстырмалы талдау жасауда өте құнды болып табылады.

Нәтижелері. ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан орыс шенеуніктерінің еңбектерінде Ресей әкімшілігінің өлкеде жүзеге асырған отаршылдық саясаты көрініс тапқан. Еңбектерде отарлау саясатының негізінен қоныс аудару ісі арқылы жүргізілгендігі айтылады. Авторлар қоныс аударудың тиімді тұстарын патшалық империяның мүддесі тұрғысында, ұлыдержавалық шовинистік көзқарастар аясында көрсетуге ұмтылған. Қоныс аударудың салдарын қазақ халқы үшін ұтымды шара ретінде сипаттаған. Өлке халқының саны орыс шаруаларының есебінен көбейгендігіне баса назар аударған. Бұл еңбектер қазақ даласындағы қоныс аудару тарихын терең зерттеуге септеседі, өйткені олар өз бойында да көптеген қайталанбас құжаттарды, статистикалық материалдарды сақтаған.

Деректерді жан-жақты талдай отырып, онда мазмұндалған мәселенің ғылыми құндылығын анықтауға болады. Жетісу қоныс аудару басқармасы қоры құжаттарының маңызы сонда, олар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Жетісу өлкесінің тарихын, өлкесінде жүргізілген отаршылдық саясаттың маңызды бағыттарының бірі қоныс аудару тарихын зерттеуде құнды дереккөздері болып табылады. Қордың ерекшелігі сол ол өзінің бойына патша үкіметінің отарлау мақсаты үшін Жетісу қоныс аудару басқармасының шенеуніктері мен арнайы мамандардың Жетісуда жүргізген зерттеу экспедиция материалдарын сақтаған. Бұл құжаттар арқылы патшалық Ресейдің қазақ даласында, соның ішінде жер жаннаты Жетісуда жүргізген отарлау саясатына баға бере аламыз.

Қорытынды. ХІХ ғасырдың аяғында Ресей әкімшілігі қоныс аудару ісін ретке келтіру мақсатында Петербург қаласында Ішкі істер министрлігіне қарасты Қоныс аудару басқармасын құрды. 1905 жылы Қазақстанның бес ауданында жергілікті қоныс аудару мекемелері ашылды. Солардың бірі Жетісу облысындағы қоныс аудару басқармасы болып, оның негізгі міндеті - өлкенің табиғи-тарихи және шарушылық-статистикалық жағдайын зерттеп, қоныс аудару телімдерін дайындау болды. Қоныс аудару қорына жергілікті қазақ халқының құнарлы, суармалы және егіндік жерлері тартып алынды. 1905-1918 жылдар аралығында Жетісу қоныс аудару мекемесі қызметі нәтижесінде жинақталған іс жүргізу құжаттары қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде сақталған. Қор құжаттарының маңызы сонда, олар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Жетісу өлкесінің тарихын, өлкесінде жүргізілген отаршылдық саясаттың маңызды бағыттарының бірі қоныс аудару тарихын зерттеуде құнды дереккөздері болып табылады. Қордың ерекшелігі сол ол өзінің бойына патша үкіметінің отарлау мақсаты үшін Жетісу қоныс аудару басқармасының шенеуніктері мен арнайы мамандардың Жетісуда жүргізген зерттеу экспедиция материалдарын сақтаған. Қайталанбас деректердің бір түрі болып табылатын фото құжаттары қордың ерекшелігін және құндылығын арттырады.

Жетісу қоныс аудару басқармасының тарихы және мекеме құжаттарының құрылымы мен мазмұны тарихи дереккөзі ретінде ғылыми еңбектерден арнайы көрініс таба алмады. Дегенмен әр кезеңде Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстарында қордың кейбір құжаттары қолданылды. Сондай-ақ Жетісу қоныс аудару басқармасының қызметі және Жетісу өлкесінің ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басындағы тарихы әр кезеңде жарыққа шыққан ғылыми зерттеулерде көрініс тапты. Бұл арнайы ғылыми еңбектер емес, Қоныс аудару бас басқармасына арналған жұмыс нәтижелері туралы есептік сипаттағы басылымдар болды.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Васильев В.А. Семиреченская область как колония и роль в ней Чуйской долины. – Петроград, 1915. – 278 с.

Велецкий С.Н. Семиреченская область и ее колония. Итоги работ по колонизации Семиречья за 8 лет (1906-1913 гг.). – СПб., 1916. – 62 с.

Велецкий С.Н. Записка о положении и нуждах переселенческого дела в Семиреченском районе к 1-му января 1913 года. – СПб., 1913. – 109 с.

Гинс Г. Переселение и колонизация. – Вып. 1. – СПб., 1913. – 48 с.

Гинс Г. Вопросы колонизации Азиатской России и выставка по переселенческому делу. – СПб., 1912. – 58 с.

Итоги переселенческого движения за время с 1910 по 1914 гг. / составители Н. Турчанинов, А. Домрачев. – Петроград: издание Переселенческого управления, 1916. – 81 с.

Купласт А.П. Семиреченская область. – Полтава, 1912. – 26 с.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві. 19-қ.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1911. – Т 1. Лепсинский уезд. Киргизское хозяйство. – 633 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1913. – Т 2. Копальский уезд. Киргизское хозяйство. – 529 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1912. – Т 3. Джаркентский уезд. Киргизское хозяйство. – 381 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1913. – Т 4. Верненский уезд. Киргизское хозяйство. – 439 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1914. – Т 5. Таранчи. Ч. 1. Текст. – 353 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1914. – Т 5. Таранчи. Ч. 2. Таблицы. – 988 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1915. – Т 6. Русские старожильческие селения Лепсинского, Копальского, Верненского, Пишпекского и Пржевальского уездов. – 997 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1916. – Т 7. Пишпекский уезд. Киргизское хозяйство. Вып. 2. Текст. – 407 с.

Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П. Румянцева. – СПб., 1916. – Т 8. Пржевальский уезд. Киргизское хозяйство. Вып. 1. Таблицы. – 603 с.

Отчет по ревизии Туркестанского края, произведенной по высочайшему повелению сенатором гофмейстером графом К.К. Паленом. Переселенческое дело. – СПб.: Сенаторская типография, 1910. – 436 с.

Полный свод законов Российской империи. Книга вторая. – СПб., 1911. – Т. 9. – 4680 с.

Свод законов Российской империи. Книга первая. Второе издание. – СПб., 1913. – Т. 2. – 2774 с.

Свод законов Росийской империи. Книга первая. Второе издание. – СПб., 1913. – Т. 1-4. – 2774 с.

Сборник законов и распоряжений по переселенческому делу и по поземельному устройству в губерниях и областях Азиатской России (по 1 августа 1909 г.). – СПб.: изд. Переселенческого Управления, 1909. – 698 с.

Трегубов А.Л. Переселенческое дело в Семипалатинской и Семиреченской области. – СПб., 1910. – 78 с.

References:

Vasilev V.A. Semirechenskaya oblast kak koloniya i rol v nej Chujskoj doliny [Semirechye region as a colony and the role of the Chuy valley in it]. – Petrograd, 1915. – 278 s.

Veleckij S.N. Semirechenskaya oblast i ee koloniya. Itogi rabot po kolonizacii Semirechya za 8 let (1906-1913 gg.) [Semirechye region and its colony. The results of work on the colonization of Semirechye for 8 years (1906-1913)]. – SPb., 1916. – 62 s.

Veleckij S.N. Zapiska o polozhenii i nuzhdah pereselencheskogo dela v Semirechenskom rajone k 1-mu yanvarya 1913 goda [Note on the situation and needs of the resettlement case in the Semirechensky district by January 1, 1913]. – SPb., 1913. – 109 s.

Gins G. Pereselenie i kolonizaciya [Resettlement and colonization]. – Vyp. 1. – SPb., 1913. – 48 s.

Gins G. Voprosy kolonizacii Aziatskoj Rossii i vystavka po pereselencheskomu delu [Issues of colonization of Asian Russia and an exhibition on resettlement business]. – SPb., 1912. – 58 s.

Itogi pereselencheskogo dvizheniya za vremya s 1910 po 1914 gg. [The results of the resettlement movement for the period from 1910 to 1914]. / sostaviteli N. Turchaninov, A. Domrachev. – Petrograd: izdanie Pereselencheskogo upravleniya, 1916. – 81 s.

Kuplast A.P. Semirechenskaya oblast [Semirechenskaya oblast]. – Poltava, 1912. – 26 s.

Kazakstan Respublikasynyn Ortalyk memlekettik arhivi [Central Archive of the Republic of Kazakhstan]. K. 19.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva [Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev]. – SPb., 1911. – T 1. Lepsinskij uezd. Kirgizskoe hozyajstvo. – 633 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva [Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev]. – SPb., 1913. – T 2. Kopalskij uezd. Kirgizskoe hozyajstvo. – 529 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva[Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev]. – SPb., 1912. – T 3. Dzharkentskij uezd. Kirgizskoe hozyajstvo. – 381 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva [Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev].  – SPb., 1913. – T 4. Vernenskij uezd. Kirgizskoe hozyajstvo. – 439 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva [Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev].  – SPb., 1914. – T 5. Taranchi. Ch. 1. Tekst. – 353 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva[Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev].  – SPb., 1914. – T 5. Taranchi. Ch. 2. Tablicy. – 988 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva [Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev].  – SPb., 1915. – T 6. Russkie starozhilcheskie seleniya Lepsinskogo, Kopalskogo, Vernenskogo, Pishpekskogo i Przhevalskogo uezdov. – 997 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva[Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev].  – SPb., 1916. – T 7. Pishpekskij uezd. Kirgizskoe hozyajstvo. Vyp. 2. Tekst. – 407 s.

Materialy po obsledovaniyu tuzemnogo i russkogo starozhilcheskogo hozyajstva i zemlepolzovaniya v Semirechenskoj oblasti, sobrannye i razrabotannye pod rukovodstvom P.P. Rumyanceva [Materials on the survey of the native and Russian old-timers' economy and land use in the Semirechensk region, collected and developed under the leadership of P.P. Rumyantsev].  – SPb., 1916. – T 8. Przhevalskij uezd. Kirgizskoe hozyajstvo. Vyp. 1. Tablicy. – 603 s.

Otchet po revizii Turkestanskogo kraya, proizvedennoj po vysochajshemu poveleniyu senatorom gofmejsterom grafom K.K. Palenom. Pereselencheskoe delo [Report on the audit of the Turkestan Territory, carried out by the highest order of the Senator, the Chamberlain, Count K.K. Palen. Resettlement affairs] – SPb.: Senatorskaya tipografiya, 1910. – 436 s.

Polnyj svod zakonov Rossijskoj imperii. Kniga vtoraya [Complete set of laws of the Russian Empire. Book 2]. – SPb., 1911. – T. 9. – 4680 s.

Svod zakonov Rossijskoj imperii. Kniga pervaya [Set of laws of the Russian Empire. Book 1]. Vtoroe izdanie. – SPb., 1913. – T. 2. – 2774 s.

Svod zakonov Rosijskoj imperii. Kniga pervaya. [Set of laws of the Russian Empire. Book 1]. Vtoroe izdanie. – SPb., 1913. – T. 1-4. – 2774 s.

Sbornik zakonov i rasporyazhenij po pereselencheskomu delu i p o pozemelnomu ustrojstvu v guberniyah i oblastyah Aziatskoj Rossii (po 1 avgusta 1909 g.) [Collection of laws and orders on the resettlement business and on land management in the provinces and regions of Asian Russia (until August 1, 1909)]. – SPb.: izd. Pereselencheskogo Upravleniya, 1909. – 698 s.

Tregubov A.L. Pereselencheskoe delo v Semipalatinskoj i Semirechenskoj oblasti [Resettlement affairs in Semipalatinsk and Semirechensk regions]. – SPb., 1910. – 78 s.

МРНТИ 03.81.37

ИСТОЧНИКИ ПО ИСТОРИИ ПЕРЕСЕЛЕНИЯ СЕМИРЕЧЕНСКОГО КРАЯ (ІІ ПОЛОВИНА ХІХ - НАЧАЛО ХХ ВВ.)

Гульжан Тлеубекова¹

¹Кандидат исторических наук, и.о. ассоциированного профессора.

Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова.

Казахстан, г. Талдыкорган.

Аннотация.Во II половине ХІХ века Российская империя в результате колонизации территории Казахстана ввела свою административную систему с целью управления большим краем. В тот период Семиреченский край как колониальный регион играл важную роль в экономическом и политическом плане. В конце XIX – начале XX века в Казахстан начали прибывать русские крестьяне. Для быстрой реализации переселенческой политики на казахской земле царские власти в 1904-1905 гг. разделили территорию Казахстана на пять переселенческих районов: Тургайско-Уральский, Акмолинский, Семипалатинский, Сырдарьинский и Семиреченский. В этих областях были открыты специальные переселенческие учреждения, подведомственные Главному управлению землеустройства и земледелия. Переселенческие управления, которые осуществляли колониальную политику царизма, изымали «излишние» земли у коренного населения и готовили переселенческие участки. История переселения в период царской России требует глубокого и объективного исследования с источниковедческой точки зрения. Документы Семиреченского переселенческого управления являются основной группой источников по истории переселения края. Кроме того, группу источников по истории переселения в крае составляют законы Российской империи II половины ХІХ – начала ХХ века, труды чиновников Семиреченского управления по переселению и исследователей этого периода. В статье дается источниковедческий анализ архивныв документов, законов и трудов, опубликованных во II половине ХІХ – начале ХХ века по истории переселения в Семиречье. По данным источникам были изучены ход, направления и итоги колониальной политики Российской империи.

Ключевые слова: источник, архив, документ, переселение, Семиреченский край, колонизация, Семиреченское переселенческое управление.

IRSTI 03.81.37

SOURCES ON THE HISTORY OF RESETTLEMENT OF THE SEMIRECHENSK REGION (II HALF OF THE XIX AND THE BEGINNING OF THE XX CENTURIES)

Gulzhan Tleubekova¹

¹Candidate of Historical Sciences, Acting associate professor of I.Zhansugurov Zhetysu University. Kazakhstan, Taldykorgan.

Abstract. In the II half of the XIXcentury, the Russian Empire, as a result of the colonization of the territory of Kazakhstan, introduced its own administrative system in order to govern a large region. During that period, the Semirechye territory, as a colonial region, played an important role in economic and political terms. In the late 19th - early 20th century, the flow of Russian peasants began in Kazakhstan. For the rapid implementation of the resettlement policy on the Kazakh land, the tsarist authorities in 1904-1905 divided the territory of Kazakhstan into five resettlement regions: Turgay-Uralsk, Akmola, Semipalatinsk, Syrdarya and Semirechensk. In these areas, special resettlement institutions were opened under the jurisdiction of the Main Department of Land Management and Agriculture. The resettlement administrations, which carried out the colonial policy of tsarism, seized «surplus» lands from the indigenous population and prepared resettlement plots. The history of resettlement during the period of tsarist Russia requires a deep and objective study from the source point of view. The documents of the Semirechye Resettlement Administration are the main group of sources on the history of resettlement of the region. In addition, a group of sources on the history of resettlement in the region are the laws of the Russian Empire of the II half of the XIX-early XX century, the works of officials of the Semirechensk Department of Resettlement and researchers of this period. The article provides a source study analysis of archival documents, laws and works published in the II half of the 19th - early 20th century on the history of resettlement in Semirechye. According to the sources, the course, directions and results of the colonial policy of the Russian Empire were studied.

Keywords:source, archive, document, resettlement, Semirechensk region, colonization, SemirechyeResettlement Administration.

No comments

To leave comment you must enter or register