Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ

А.Д. Құрманалиева¹, Ж. Хумархан². ¹Философ. ғыл. докторы, профессор. ²PhD докторант. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы қ., Қазақстан.

ҒТАМР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(22), 2020

Tags: әлеуметтік топ, жамағат, үмбет, діни топтар
Author:
Аңдатпа. ХХІ ғасырда және жаһанданған әлемде көптеген әлеуметтік мәселелер барша әлем жұртшылығына ортақ жағдайға жетті. Ислам тарихы үшін жаңа кезең деп айтуға болатын осы ғасырда діннің таралуы және мұсылман елдерде дінді қайта түсінуге тырысу әрекеттері кеңінен байқалады. Бұл үрдіс өткен ғасырдың ортасынан бастап мұсылман елдерінде діннің жаңа заманға қатысты мәселелерге деген қырын ашу, әлеуметтік деңгейде әртүрлі ұйымдар құрып, дінге қызмет ету сынды талпыныстармен көрініс тапты. Сол кезде пайда болған діни топтар жамағат, секта, радикалды топтар және тағы да басқа сипаттармен қоғамда белсенділіктерін көрсетті. Солардың бір бөлігі агрессивті сипатқа ие емес діни жамағаттар. Олар да дін әлеуметтануы саласының тақырыбына кіреді. Осы мақалада әлеуметтік таным негізінде діни жамағаттарды айшықтау назарға алынды. Діни топтарды басқа дисциплиналар тұрғысынан зерттелген еңбектерге көз жүгірте отырып анықтау, сипаттау және пайда болу себептерін көрсету оларды түсінудің алғы шарты ретінде аса маңыздылыққа ие. Діни топтардың тек діни терминдермен сипатталған анықтамасына сүйеніп қана қоймай, әлеуметтік құбылыс және табиғи бір үрдіс екенін ұғынғанда ғана олардың сипаттамалары мен санаттарын түсінуге мүмкіндік бар.
Text:

Кіріспе. Егемендіктің алғашқы жылдарында халық арасында рухани құндылықтарға бет бұрыс көбірек көріне бастады. Әсіресе ұлттың негізін құрайтын дін, діл секілді негізгі құндылықтарға халық ерекше ықылас таныта бастады. Жаңа тәуелсіздік алған ел ретінде мелекеттің күн тәртібінде бірінші кезекте экономиканы нықтау және халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту сынды басты қажеттіліктер тұрғандықтан, басқа салалар, соның ішінде руханият саласы назардан тыс қалды. Нақтырақ айтсақ халықтың діни ұстанымы, діни бағыты, рухани жолы бақылаусыз ағымда дамыды. Сонымен бірге 1992 жылдың 15-қаңтарында алғаш қабылданған дін туралы заң да либералды болды. Елімізде діни бірегейлік қалыптаспаған және барлық діни наным-сенімдер мен топтарға есік айқара ашық болды. Қазақ халқының көнеден келе жатқан діни жолы жоқ емес. Алайда Кеңес үкіметінің атеистік саясатының салдарынан рухани сабақтастық үзілген еді. Сондықтан бәрін басынан бастау керек болды. Бірнеше ғасырға созылған дінсіз кезеңнен кейін қоғамда дінге еркіндік берілген шақта әртүрлі діни қозғалыстар мен діни топтар, жамағаттардың пайда болуы өткен ғасырдың соңынан бастап жаһандық деңгейдегі үрдіске айналды. Сол кезеңде кейбір ислам елдерінен Қазақстанға әртүрлі діни топтар келе бастады. Олардың ішінде ресми мемлекеттік діни мекеме өкілдері де, бейресми діни топ өкілдері (жамағаттар) де болды. Нақтырақ айтсақ дәстүрлі діни жолды ұстанатын жамағаттар да, радикалды діни топтар мен секталар да бар еді.

Осы діни топтардың бірқатары Түркия елінен келген діни жамағаттар болатын. Ел аумағында қызмет етіп жатқан басқа да шетелдік діни конфессиялар мен діни ұйымдар секілді түрік жамағаттары да әлі күнге дейін кең ауқымды зерттелмей, олардың діни бағытының ерекшеліктерінен халық көп жағдайда бейхабар болып отыр. Біз бұл мақаламызда Түркиядан келген жамағаттардың тарихын, сипатын және Қазақстанда нақты қай бағытта жұмыс жасап жатқанын қарастыратын боламыз. Сондай-ақ, оларға қатысты көпшіліктің санасында жүрген кей сұрақтарға жауап іздейміз.

Материалдар мен әдістер. Мақалада еуропа және түрік әлеуметтанушыларының материалдарына сүйендік. Оның басты себебі елімізде дін әлеуметтануы деген сала мүлдем қалыптаспағандықтан және оған қатысты зерттеулер жасалмағындықтан туындағ отырған қажеттілік. Объективті ұстанымдар, сараптама жүргізудегі жалпығылыми әдістер қолданылды. Онтологиялық, гносеологиялық және психологиялық тұтастықтағы танымдық негіздерді көрсетуде индукция, дедукция, анализ және синтез әдістері негізге алынды. Отандық және шетелдік дереккөздер қолданыларда герменевтика әдісі, тарихи компаративистика зерттеу әдісі қолданылды, әлеуметтанулық-исламтанулық талдау жасалды.

Талдау. Діни топтар, жаңа діни ағымдар, және сол санатта да зерттелетін исламдық жамағаттар мәселесі бұдан бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың қызығушылығын тудырып келді. Осы тақырыпқа жақын мәселелерді қарастырған зерттеушілердің қатарында Ә. Нысанбаев, А. Құлсариева, А. Масалимова, Н. Байтенова, С. Нұрмұратов, А.Д. Құрманалиева, А.Г. Косиченко, Б. Сатершинов, Ш. Рысбекова, Н.Л. Сейтахметова, Қ.М. Борбасова, Қ.С. Бағашаров және т.б. атап өтуге болады.

Елімізде діни топтар мен сектатану саласына қызығушылық ғылыми ортада соңғы жылдары артып келеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясында академик Әбдімәлік Нысанбаев және филос.ғ.д., профессор Г.Г. Соловьеваның жетекшілігінде жарық көрген «Фетхуллаһ Гюлен и современный мир: толерантность, диалог, взаимопонимание» атты еңбек Гүленнің гуманистік ой-пікірлеріне қатысты Қазақстанда жарық көрген ең кешенді зерттеу. Бұл еңбекте түрік ойшылының қоғамдық еңбектері мен шығармашылығына отандық философтар (А. Нысанбаев, Ғ. Барлыбаева, Н. Байтенова, С. Нұрмұратов) өзіндік баға берген. Бұл да жамағаттарды зерттеудің үлкен ауқымының бір бөлігі деуге болады. Өйткені ол жамағаттардың әрқайсысы жеке-жеке зерттелуге әбден мүмкін топтар болып саналады.

Зерттеу нәтижелері. Кез-келген әлеуметтік топтың қалыптасуы үшін жағрапиялық байланыс немесе топтың ішіндегі жеке тұлғаларда ортақ сипаттардың болуы жеткілікті бола бермейді. Керісінше, тікелей қарым-қатынаста болмаса да, әртүрлі ортадан шыққан және мінез құлықтары мен ерекшеліктері бірбіріне ұқсамайтын адамдардың арасында белгілі бір әлеуметтік топты қалыптастыратын ортақ түйіндер бола алады. Әлеуметтану ілімінде белгілі бір қоршаған ортада бірге өмір сүруден басқа ешқандай ортақ ерекшелігі жоқ топтарға «тобыр» сөзі қолданылады. Ал ортақ ерекшеліктері бар топтарға «әлеуметтік тап» деген атау беріледі. Қай-қайсысының да мүшелері арасында қарым-қатынас бар болса онда олардың жалпы атауы топ болады (Lundberg және т.б., 1985: 59). Олай болса екі немесе одан да көп тұлғадан құралған топтарды әлеумет деп атауға болады. Өйткені жеке тұлғалар арасында міндетті түрде арақатынас, байланыс орнайды.

Адам баласының ең алғашқы қоғамдық тәжірибесі, бір әлеуметтік топтың мүшесі болуымен басталады. Өйткені дүниеге келген сәби үшін оның әлеуметтік тобы өзінің отбасы болмақ. Сол сәттен бастап оның отбасындағы орны жынысына, нешінші бала болғанына т.б. байланысты белгіленеді және өзара қарым-қатынастарында тікелей рөл ойнайды. Сол сәттен бастап адам баласы әрдайым әлеуметтік топтардың ішінде болады, әлеуметтік топтар қалыптастырады (Homans, Georg, 1991: 1). Әлеуметтану ілімінде сол себепті «топ әлеуметтануы» деген зерттеу субьектісі пайда болған. Бұл сала әсіресе АҚШ қоғамында кең тараған және америкалық әлеуметтанушылардың ең бірінші маңыздылыққа қоятын саласы ретінде қалыптасқан.

Әлеуметтік рөл дегеніміз, кез-келген әлеуметтік топтың мүшелерінің жасауға тиісті немесе жасамайтын іс-әрекеттері мен сөздері. Этикалық нормалар мен этикеттер осы түсініктің негізінде қалыптасады. Әлеуметтік рөлді қоғамдағы топтар белгілейді. Тұлғалардың сол топқа мүшелігін әрі қарай жалғастырып жалғастырмауы ол тұлғаның рөлін атқарып атқармауына байланысты болады. Топ мүшелерінің өзара ішкі байланысы осы айтылған мүшелік сезіміне және берілген рөлдер жиынтығына қарай дамып отырады. Сол себепті әлеуметтік топтарды рөлдердің жүйесі ретінде де қарастырсақ болады.

Бір тұлға бірнеше әлеуметтік топтың мүшесі бола береді. Сонымен қатар мүше болған барлық тобының оған жүктеген міндеттерінің барлығын қатар орындап жүреді. Осы рөлдердің жиынтығы ол тұлғаның дүниетанымы мен әлеуметтік сипатын қалыптастырады (Homans, Georg, 1991:9). Мүшесі болған топтар тұлғаның іс-әрекеттерін белгілеп беретіндіктен тұлғаны не шектеп тастауы немесе тәуелсіз етуі мүмкін. Бір тұлғадағы әртүрлі топтардың міндеттеген әр алуан рөлдері көбінесе әртүрлі уақытқа немесе жағдаятқа қарай іске қосылатындықтан рөлдер арасы қақтығыс пайда болмайды. Сонымен қатар, бір біріне қатысы жоқ немесе қарама-қайшы рөлдердің де бір тұлғаның бойында жиналған болуы мүмкін. Мұндай қақтығыстар әсіресе дамыған дәуірдегі қала тіршілігінде жиі кездеседі. Жаңа заман талабына қатысты ескі рөлдердің өз функциясын атқара алмай қалатын немесе жаңа рөлдерге жеңіліске ұшырайтын жағдайлар да кездеседі. Заманауи заңдылықтарға және талаптарға жауап бере алатын жұйе шыға қоймағандықтан тұлғаларда рөлін анықтай алмау дағдарсытары да жиі қайталанатын болған (Lundberg және т.б., 1985:156).

Қандай да бір әлеуметтік топтың пайда болуы және өміршең бола алуы үшін топтық сананың болуы қажет. Ауызбіршілік пен топтық сезім мүшелерде әлеуметтік топ психологиясының қалыптасуына да үлкен ықпал етеді. Эмиль Дюркгеймнің пайымдауынша, тұлғаның белгілі бір топқа өзін мүше сезінуі, ол топтың құндылықтарын мойындап, қабылдауына байланысты (Durkheim, 1986:21). Осылайша топта рөлдер пайда болады және барлық әлеуметтік топтарда өзіндік тіл, термин қалыптасады. Бұл, мүшелердің рөлдерін орындауының нәтижесінде пайда болады. Оның пайдасы, мүшелер арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, мүшелердің бір-біріменынтымақтасуға жол ашады (Sanay, 1985:197-198).

Әлеуметтік топтың бір-бірімен жақсы байланыс құруы ішкі интеграцияны пайда болдырады. Топтардағы интеграцияның деңгейі топтың құрамына тікелей қатысты болады. Сол себепті кішкентай топтарда интеграция жылдам қалыптасады (Dönmezler, 1978:193).

Тұлғалардың іс-әрекеттері мүше болған тобының ішкі нормаларымен жылдам біте қайнасып қабылдап кетсе онда бұл «нормативті интеграция» болады. Бұндай интеграция түрінде әлеуметтік топ  мүшелері өздерінің мәдениеттерін басқалардан жоғары санайтындықтан топ іші қарым-қатынастар үшін жақсы болады. Алайда топтар арасы қарым-қатынаста бұндай интеграция түрі қиындық тудырады немесе жайсыз нәтижелерге алып барады.

Мүшелерінің міндеттері әртүрлі болуына және бірінің кемшілігін екіншісі тәмамдауына байланысты бір-бірімен біте қайнасқан интеграция түрі «функционалды интеграция» деп аталады. Интеграцияның мұндай түрі топтың ішкі механизмін қолайлы қылып, жұмыс істеу әлеуетін арттырады.

«Рухани интеграция» деп аталатын үшінші интеграция түрі, әртүрлілік үлгісіндегі тұлғалар көбінесе оларды бір арнаға тоғыстырып тұрған құндылықтар негізінде бір-бірін тәмамдап интеграцияланады.

Интеграцияның рөлі топтардың өміршең болуына өте үлкен ықпал ететін маңыздылыққа ие. Топтардың бір бүтін болып қалыптасып, интеграциялануына әсер ететін екі негізгі фактордың бірі хабар алмасу екіншісі көлік.

Топтың хабар алмасу және байланыс құру ерекшелігі барлық мүшелерінің қатысуымен іске асады. Бұл уақыт өте келе одан ары дами түседі де, әлдеқайда көп құндылық тудыратын нәрсеге айналады. Осылайша осы үрдіс жалғасады береді және сол топқа тән құндылықтар жүйесі, өмір салты, көзқарас, және де әртүрлі түсыныктер жиынтығы бірігіп кішігірім суб-мәдениет болып қалыптасады. Осы суб-мәдениет топтың сипатын белгілейді.

Әлеуметтік топты түсіну үшін мүшелерінің жасауға тиісті болған нормалармен әдет-ғұрыптарды танып білу қажет. Бұл нормаларды мүше болған жеке тұлғалар жасауға міндетті және де оларды жасаудағы бұйрықтың демократиялық жолмен немесе күшпен жасалуына байланысты сол құндылықтардың рөлі анық болады (Freyer, 2016:79).

Топтар құрылымдарына, функцияларына, мақсаттарына, ауқымдылығына қарай әртүрлі санаттарға бөлінеді. Сонымен қатар топтың ішкі жүйесіне қарай түрақтылық, нақтылық, рөлдердің бөлінуі және басқа топтармен ара қатынасына қарай қандай негізге қаланғанын анықтауға болады. Ендігі кезекте әлеуметтік топтарды бір-бірінен басқа қылатын ерекшеліктерге тоқталайық.

Әлеуметтік топтарды бір-бірінен айрықша қылып тұратын ерекшеліктердің бірі интеграцияның түріне және қаншалықты деңгейде (тығыздығы) іске асқанына байланысты болады. Ал интеграцияның түрін және тығыздығын әлеуметтік топтың ішкі хабар алмасу ерекшелігі анықтайды. Хабар алмасуы тығыз болған топтарда мүшелер арасындағы байланыс көбінесе жеке басқа қатысты және табиғи түрде іске асады. Бір бірін саналы түрде жақыннан танитын мүшелері бар және мүшелер арасы байланыстары өзара құрметке, сүйіспеншілікке негізделген топтар бірінші деігейдегі топтар санатына жеткен болып саналады. Бұлардың әлеуметтанудағы атауы «бетпе-беп топтар». Бұндай топтардың мүшелері арасында қажетті қарым-қатынас оңайлықпен іске асады және мүшелер арасындағы түсіністік те соған сәйкес оңай болады. Ал мүшелер арасындағы байланыс пен қарым қатынас белгілі бір формалар негізінде немесе келіссөздер айналасында болса онда бұл топтар екінші деңгейдегі топтар санатына кіреді (Бринкерхоф және т.б., 2018:145).

Бірінші деңгейдегі топтар мүшелері үшін құндылық болып есептеледі. Бұл топтардың мүшелерінің қарым-қатынасы әлеуметтік бақылауды жасай алатын күшке ие. Мүшелердін әлеуметтік орнын белгілейтін де осы бірінші деңгейдегі топтар. Қарым-қатынастары бетпе-бет болғандықтан тұлғның ең маңызды және ең терең қажеттіліктерін өтей алады. Бұл қарым-қатынас түрлерінде тастай қатып қалған қағидалар болмайды. Тұлғалар өзара байланысқа немесе қарым-қатынасқа түскенде адами сезімдердің барлығын дерлік осы деңгейде тәжірибесінен өткізе алады. Бірінші деңгейдегі топтарда адамдар бір-бірін қандай болмыста болса солай қабылдайды, яғни әркімге өз мінез сипаттарына ие болған тұлғалар ретінде қаралады. Бірінші деңгейдегі топтарда қарым-қатынастар рационалды негіздерге сүйене бермейді. Достық, сүйіспеншілік, мистикалық-діни бірлік секілді рухани негіздерге сүйенген қарым-қатынас бұл топтарда кеңінен байқалады. Сонымен қатар салт-дәстүрдегі немесе тұрмыстағы иррационалды әдет-ғұрыптар да осы бірінші деңгейдегі топтарда көрініс табады. Әртүрлі қоғамдар мен ұлттардың өміршеңдігі тікелей бірінші деңгейдегі топтардың бар болуына тәуелді болып келеді. Өйткені бұл топтардағы мүшелер бір-біріне арқа сүйер болады және ортақ құндылықтарды қатты ұстанады. Өзара көмектесу, асарласу деген салт ол топтардың ажырамас бөлігі. Мүшелер көптеген нәрселерді бір-бірінің демеуімен, қолдауымен жасайды (Бринкерхоф және т.б., 2018:145-147).

Адам баласының әлеуметтік сипатқа ие болуы тұлғаның тұлғамен, топтардың басқа топтармен қарым-қатынасқа түсуін міндетті қылады. Әлеуметтік қарым-қатынастың барлық түрінде тұлғалапдың мүшесі болған топтың ішкі нормалары мен құндылықтары көрініс табады. Белгілі бір топтың мүшесі болу, тұлға тұрғысынан оны әлеуметтендіруге пайдасын тигізеді. Тұлға әлеуметтік сипаттары мен қажеттіліктерін, белгілі бір топ мүшесі болғанда ғана іске асыра алады. Ал әлеуметтенудің нәтижесінде мәдениеттер мен дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа мирас боп қалады. Сол себепті қоғамдық қалыптасқан жүйе кең ауқымды әлеуметтенудің арқасында өзін сақтап қала алады.

Тұлғалар, қандай да бір тотың мүшесі болу арқылы сол топтың рухани құндылықтарын бойына сіңіреді. Сол құндылықтар болса, топтың қоғамдағы орнын және рөлін белгілейді. Топтың құндылықтарын алдыңғы буын кейінгі буынға жеткізгенде қолданылатын ең маңызды құрал тәлім тәрбие мен оқыту болады. Сол себепті қоғам өзінің өміршеңдігін сақтап тұру үшін тәлім тәрбие қажет (Durkheim, 1991:49).

Қорытындылай келсек, топ дегеніміз қанша жерден әр алуандық болса да бірден көп мүшелерден құралады және мүшелерінің арасында азды көпті бір біріне демеу болу ерекшелігі болады. Бұл тұрғыдан қарайтын болсақ, жеке қалғанда әлсіз болып қалатын тұлғалардың бір мақсат аясында шоғырлануын топтасу десек болады. Тұлғаның белгілі бір топқа қосылуы ол тұлғаның ерекшеліктеріне қарай дүниеге келу, басқалардың оны сол ортаға шақыруы, азаматтық, ұлт т.б. сияқты себептермен іске асады. Алайда ескеретін бір жәйт, тұлғаның сол топпен біте қайнасып сініп кетуі оның рухани немесе материалдық қажеттіліктерінің өтелуімен тығыз байланысты. Топтың қалыптастырған мәдениетіне қарай қоршаған ортаны, сыртқы дүниені танып, біліп қарым-қатынас құрады. Сонымен қатар, дүниетанымы бірдей және ұқсас көзқарастағы тұлғалармен байланыс құру және олармен арқа сүйер болу адамда сенімділік пен психологиялық қанағаттану сезімі пайда болады. Адамның іс әрекеттері мен көзқарастары қоғамдық шытырманның ішінде өзінің мүше болған тобының арқасында жүйеленіп қалыптасады. Өйткені жоғарыда айтылғандай дүниетаным мен құндылықтарды белгілеп беретін фактор тұлға үшін өзінің мүше болған тобы болмақ. Қоғам, ішіндегі көптеген топтармен үнемі қарым-қатынаста болғандықтан олармен арасында әсер ету үрдісі жалғасып отырады. Қоғамның әрбір мүшесі осы топтардың бірнешеуіне мүше болады. Қоғамның белгілі бір деңгейде интеграцияға жетуінде, тұлғалардың қоғамның ең маңызды құндылықтарын қастерлеуі және «біз» деген санаға жете алуы өте маңызды рөлге ие.

Діни топ деп, діни мақсаттар мен мүдделер аясында қалыптасқан топтасуды айтамыз. Діни топтар да басқа әлеуметтік топтар секілді ерекшеліктеріне қарай әртүрлі классификацияға бөлінеді. Ерекшеліктерін құрылымына, функциясына, сүйенетін пікірлеріне, үлкен немесе кішіліктеріне, көшбасшыларына т.б. қарай бөліп қарауға болады. Әртүрлі сипаттағы діни топтардың шығуы әлеуметтік, саяси, мәдени структураның жылдам өзгеріске ұшырауына және қоғамдағы діни тәжірибенің дамуына байланысты (Wach, 1967:131).

Жаңа діни ағымдардың немесе топтардың пайда болуы әрдайым діни тұрғыдан жаңа діни тәжірибе пайда болғанының белгісі. Діни топтың қоғамда пайда болуы, табиғи қалыптасқан қоғамның ішіне жаңа діннің келуі немесе дінге басқаша бір көзқараспен (интерпретация) қарайтын пікірдің пайда болуы арқылы жүзеге асады. Жаңа діни топ, мүшелерінің діни ұстанымына байланысты қоғамға қатты әсер етуі мүмкін немесе өте аз әсер етуі мүмкін. Мысалы, өте либералды діни ұстанымы бар діни топ дәртүрлі діни көзқарсты ұстанатын қоғамға әсер ете алса, онда діни көзқараста түбегейлі өзгеріс пайда болуы мүмкін.

Адамдар үшін діннің немесе рухани сипатқа ие кез-келген күштің қоғамдағы көрінісі әртүрлі болады. Қоғамдағы көрініс дегеніміз адамдардың бір діни сенім айналасында топтасуы. Бір діннің өзінен әртүрлі жамағаттар мен қауымдастықтар пайда болады. Бұл тұрғыдан дін социологтарының классификациясына жүгінсек негізі екі санатта діни топтарды қарастыруға болады. Бұлар, табиғи діни топтар және діннен пайда болған топтар.

Жалпы белгілі бір қоғамда қалыптасқан әлеуметтік табиғи ортаның белгілі бір діннің өкілдері болып қалыптасатын болса табиғи діни топтар пайда болады. Олардың қалыптасу үрдісі кем дегенде екі-үш буынға жалғасқаннан кейін орнығады. Табиғи діни топтарда белгілі бір діни мақсаттардың аясында топтасу, топ құру мәселелері болмайды. Топ мүшелері онсыз да бір қоғамның мүшелері болғандықтан олардың діни тұрғыдан да ортақ тұстары болады және солай жалғаса береді. Бұндай жағдайда діннің рөлі қоғамның ұйытқысын, ынтымақтастығын одан әрі күшейту болады (Wach, 1967:65-66). Табиғи діни топтар көбінесе тайпаның немесе кішкентай қоғамдардың діндері болып келеді. Қоғамның әрбір мүшесі біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін қағидасымен өмір сүретіндіктен пікір қарама-қайшылықтары тумайды және діни тұрғыдан ешқандай конфликт шықпайды немесе өте аз (Durkheim, 1990:15-16). Сол себепті табиғи діни топтар дін социологы тарапынан қызықты және зерттеуге татитын тақырыптар арасына кіре бермейді.

Мүшелерінің арасында діни негіздерге құрылған байланыс болған әлеуметтік топтар діннен пайда болған топтар деп аталады. Діннің қоғамда көрініс табуы, өзіне тән әлеуметтік сипатта басқалардан даралануымен іске асады. Отбасы, достық, отандастық секілді қоғамды біріктіретін іргелі әлеуметтік ұйытқылар ең басты әлеуметтік топтар қатарына жатады. Ал діннен пайда болған топтар осы негізгі ұғымдар адамдардың қажеттілігін өтей алмайтын жағдайға жеткенде іске қосылады. Бұндай топтар көбінесе жаһандық діндерден шығады.

Бір діннен діни топтың пайда болуында ол діннің құлшылық, немесе басқа да ритуалдарының ерекшелігі және әртүрлілігі маңызды рөл ойнайды. Осы құлшылықтардығң немесе діни жоралғылардың өте жоғары деңгейде орындалуы діни топтардың ықпалымен іске асады. Бір діннің мүшелері бола тұра сол діннен шыққан үлкенді кішілі діни топтардың шығуы және діндарлық деңгейлері бір бірінен асып түсуі, сол діннін қасиетті мәтіндерін интерпретациялауға байланысты. Өзі ұстанған пікірді басқаларға қарсы қорғауға түскен топ мүшелері кейде толығымен дінді қорғап жатқандай жаңдайға түседі. Яғни адамның өзінің діни ұстанымы кейде толығымен дін деген осы деген сияқты пікірді қалыптастырады. Діни топтардың барлығының ішлі бір ізділігі мен ауызбіршілігі белгілі бір ортақ тұжырымдарға негізделеді. Бұл тұжырымдар наным сенімге қатысты мәселелерді ашықтау, құлдың құдаймен ара қатынасын күшейту, құлшылықтарды жоғары деңгейге жеткізіп орындау т.б. сияқты рухани сипатта болады. Діни топ үлкейген сайын бұл интерпретацияларды қайта жаңартып, күшейтіп отыруға қажеттілік пайда бола береді. Діни топтың үлкеюіне байланысты тағы маңызды бір мәселе, жаңадан қосылған мүшелер саны көбейген сайын мүшелер арасындағы қарым-қатынас та кең ауқымды болып кетеді және топтың көшбасшысы қайтыс болғаннан кейін топ ішінде басқа көзқарастар мен пікірлер пайда болады. Бұл үрдіс кей жағдайда топтың ішінен бөлінуіне әкеліп соғады (Бринкерхоф және т.б., 2018:151).

Тағы бір ескеретін мәселе, діни топтардың құрылу мақсаты сол діннен немесе дін өкілдерінен бөлініп шығу емес. Діни топ боп қалыптасу, дінді әлдеқайда жақсырақ немесе ең кемеліне жеткізіп өмірде және қоғамда іске асыру, яғни кәміл діндар болу мақсатының нәтижесі. Мүшелердің жаппай қолдайтын ортақ мүдделері дінді толыққанды ұстану. Міне осы ұлы мақсат топтың ауызбіршілігін ұстап тұратын негізгі тұтқасы. Басқа адамдармен ортақ діни тәжірибеге қосылған адам психологиялық тұрғыдан ішкі жан дүниесінде тұрақтылық, сенімділік және батылдық сияқты сипаттарға ие болады. сол себепті дін дегеніміз адам психикасына қатысты феномен ретінде тұлғаны басқалармен қарым-қатынасқа кіруге итермелейтін күш болады.

Діни топты ыдыратпай ұстап тұратын факторлардың тағы бірі дін ұғымының эмоциялық тұсы. Топ мүшелерінің ортақ рухани сезімдердің тоғысуынан пайда болған эмоциялық күш әлеуметтік өмірде өте әсерлі болып келеді. Күнделікті өмірге қатысты рационалды ұғымдарды дінге негіздеудің немесе діннің ықпалында ұстауға тырысудың себебі осында. Мысал ретінде мына ұғымдарды келтіруге болады; құқық Алла тарапынан белгіленген, отан қасиетті ұғым, Алла әрдайым бізбен бірге т.с.с. Иррационалды және эмоция басымырақ сезімдердің рационалды әлеуметтік ұғымдарға өміршеңдік пен динамизм сыйлайтыны осыдан байқалады. Тұрмыстық өмірдің көптеген мәселелері мен қажеттіліктері діни сипаттағы бояумен қанығатыны да діннің эмоциялық зор күш екенін байқатады.

Діни топтардың діннен немесе өз ішінен бөлініп, жол айрығына түсуінің себептері діннің ішкі себептері және діннің сыртынан келген себептер деп екіге бөлінеді. Ішкі себептер діни тәжірибенің сипатына, орындалуына, діннің доктриналары мен теория практика арасындағы қарым қатынас және оны түсіндіріа жеткізу (интерпретация) сияқты факторларға байланысты. Сыртқы себептер болса техникалық, мәдени, әлеуметтік және экономикалық факторларға сүйенеді (Wach, 2016:68).

Дінтанулық немесе діндер тарихы тұрғысынан қарайтын болсақ діни топтардың құрылымы, сипаттары, даму үрдістері әлемдік діндерге ұқсайды. Ол топтар ауқымы кішкентай, бірнеше ғана адамның бетпе-бет қарым-қатынасына негізделген топтар болып бастайды. Ол адамдарды бір жерге шоғырландыратын ең басты фактор, құрушысының харизмасы болады. Ал мүшелерге қатысты тұсы болса, бірлік рухы, көшбасшының дінді түсіндіру (интерпретациялау) үлгісінің барлық мүшелер тарапынан қабылдануы мен мойындалуы сияқты факторлардан құралады.

Топ құрылып бастаған алғашқы кезеңдерде ұйымдасу, жүйеге қою, мүше тарту т.б. сияқты жұмыстар жасалмайды. Яғни табиғи түрде қалыптасып, құрыла бастайды. Құрушы көшбасшы және оный айналасына шоғырланған бірнеше адамнан басталған шеңбер кейіннен үлкейіп, жан-жаққа жайыла береді. Мүшелерінің саны көбейген сайын іс бөлісу, міндеттерді бөлісіп алу басталады. Топтың үлкейе бастау үрдісі осы кезеңде басталады деп айтуға болады. Мүшелер осы кезеңде қабілеттеріне, мамандықтарына, өз қалауларына және топтың қажеттіліктеріне қарай міндет (жұмыс) бөлісіп алады. Профессионализмге бір қадам жақындаған топтың құрылымына осы кезеңде кішігірім өзгерістер кіре бастайды, тіпті топтың ішінде кішкентай топтар немесе таптар пайда бола бастайды.

Топтың құрылған қаласында немесе аймағында ең маңызды мүшелері және ең кіші бөлшегі топты кеңейте түседі. Ол қала үшін көзделген мақсатқа белгілі бір мөлшерде жеткеннен кейін маңайындағы қала мен ауылдарға немесе үлкен қалада болса басқа аймақтарға топтың миссиясын жеткізу қажеттілігі туындайды. Бұл міндет бірінші кезекте көшбасшының ең жақынындағы өзін сол жолда дамытқан мүшелерге жүктеледі немесе олар өздері осы міндетті мойындарына алады. Бұл үрдіс топтың құрылымындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Осы кезеңде аталмыш мүшелердің білімділігі мен біліктілігі топтың мақсат мүдделері мен міндеттерінің басқа аймақтарға жетуінде өте үлкен рөлі бар.

Топтың құрушысының дүниеден өтуі топ үшін ең маңызды және ең үлкен өзгеріс кезеңі болып саналады. Топты бұдан кейінгі кезеңде руханиятын ұстап тұратын, мүшелерінің мотивациясын белгілі бір деңгейге көтеріп тұратын фактор, құрушысынан қалған жазбалар мен сөздер және оның жасаған іс әрекеттері мен олардың қалай жасалғаны болмақ. Сонымен қатар табиғи түрде жаңа көшбасшы топтың басына әкелінеді. Кей кездерде ол кісінің бірінші көшюасшыныкіндей харизмасының болмауы топтың бөлінуіне сабап болатын факторлардың біріне айналады. Топтың бүтін болып толыққанды қалыптасуына әсер еткен барлық функциялар рухани құндылықтарға мүшелерінің қандай деңгейде мән беруінің арқасында іске асады, немесе сонымен парапар топ кұшейеді және кең етек жаяды (Durkheim, 1991:51).

Діни топтарда тұлғалар арасы қарым-қатынас екінші деңгейде маңыздылыққа ие болады. Бірінші маңыздылыққа ие болған нәрсе мүшелердің құдаймен байланысы. Бұл дін тілінде тақуалық деп аталады. Топты бір ғимаратқа ұқсатсақ мүшелерінің тақуалық деңгейі топтың фундаменті сияқты қызмет атқарады.

Діни топтардың басты мақсаттары құндылықтарын қорғау, шарттар ыңғайлы болса сол құндылықтарын басқаларға жаю, қоғамдағы қажеттіліктерге қарай шешім ұсыну және жалпы осы мақсаттардың іске асу үрдісін бақылау. Бұл кең ауқымды немесе тар шеңберде де болуы мүмкін. Сондай-ақ діни элитаны да топ қылып біріктіру ең басты мақсаттардың қатарында орын алады.

Діни топтардың мүшелерінің, топ сыртындағыларға көзқарасы немесе қатынасы өзінің болмысына қарай және де топтың оған берген рухани құндылықтарын түсінуіне, оған қаншалықты маңыз бергеніне қарай өзгереді. Егер топ өзіне мүше қабылдауда таңдампаздықпен қарайтын болса мүшелікке бейім кандидаттар мен мүше болу ықтималы өте төмен адамдарға деген қарым-қатынасы екі түрлі болады. Топтың әлемдің ауқымдағы мақсаттары бар болса топ мүшелері мен сырттағыларға деген қарым-қатынасының айырмашылығын сезу қиынға соқпайды. Алайда сырттағылармен байланыс құрғанда ешбір бөлінушілік немесе алалаушылыққы бармайды (Bilgiseven, 2005:112-114).

Жоғарыда қоғамдағы табиғи топтың мүшелері бірнеше кіші топтарға мүше бола беретітіне тоқталған едік. Діни топтың әрдайым өі ішінде өмір сүретін табиғи топқа есігі ашық болады және онымен өте тығыз байланыста болады. Әлеуметтік топтарды және қоғамды құрастыратын тұлғалар, белгілі бір діннің мүшелері немесе діни топтардың мүшелері болып келеді. Бұл табиғи түрде діни топтар мен әлеуметтік басқа да топтарды бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Орталық жүйе, мінсіздігі барлық сенушілер тарапынан мойындалған қасиетті кітаптар, қоңамның дәстүрі сияқты діннің негізін қалыптастырып тұратын құндылықтардың бар болуына қарамастан, әлемдік діндердің барлығында интерпретацияның басқа болуы, мәтіндер мен құлшылық түрлеріне басқаша қараудың алдын алу мүмкін болмаған. Таптық бөлінушілік бар қоғамдарда діни терминдер, тақуалықтың түрлері, құлшылық сияқты ұғымдарда әлеуметтік алғышарттар мен қоғамдағы өзгерістердің әсері көрініс табады. Бұлар қаншалықты универсал сипаттағы ұғымдар немесе дінде нақты үлгілері болса да осы қоғамдық әсерлердің себебінен өзгешелікке ұшырайды. Олардың өзі емес адамдардың бойындағы көрінісі өзгешелікке ұшырайды.

Діндегі обьективті ұғымдар, көбінесе әлеуметтік плюрализмнің әсерінде қалады. Мысал берер болсақ бір уақытта, бір мәдениетті бөлісетін екі адамның бір жамағаттың ішінде әлеуметтік статустары, мамандықтары, және экономикалық жағдайы бөлек болса да трансцендентальдық тәжірибелері бірдей болады. Алайда имани түсініктері, құлшылықты қабылдау психикалары бір бірінікінен өзгеше болады және екеуі екі басқа басқа діни ұйымдарға мүше болуы мүмкін.

Қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайлары діни топтардың қоғаммен қарым қатынасында маңыздылыққа ие факторлардың ең бастыларына жатады. Қоғамның құндылықтарында қандай-да бір дағдарыс болып жатқан болса, сол қоғамның мүшелері сол дағдарыстан оларда алып шығатын рухани тірек іздейді. Діни топтардың осындай қиындықтар мен дағдарыстарға қатысты адамды жұбататын, шешім ұсынатын ерекшелігі осы сәтте үлкен рөл ойнайды. Әлемдік діндерде пікір мен интерпретацияның көп болуы да адамдарды сол пікірлердің арасынан өзінің жан дүниесіне жақынын таңдайды. Осылайша тұлға, бір діни топты да таңдап алады [Bilgiseven, 2005: 115 б.].

Дін тек топ немесе жамағат болғанда ғана әлеуметтік сипатқа ие бола алады. Басқаша айтқанда, діни топтар – қоғамдық өмірде діннің тәнге айналған формасы. Бұл - қоғамдық мағынада дінді түсіндіру және өмір сүру тәсілін ортаға шығарады. Осы тұрғыда, барлық діндер жамағат болуды қолдайды.

Жамағат, арап тіліндегі «жә-ма-ға» етістігінен шыққан (Мухитдинов, 2012:27). Жинау, біріктіру, құрастыру деген мағыналарға келеді. Әлеуметтік мағынада діни топқа және мешіт жамағатына келетін адамдарға қолданылады

Жамағат ұғымы ислам дінін ұстанатын халықтарда ерекше орынға ие. Жамағат – мұсылмандардың бір-бірінің діни сенім негізінде құратын қауымдастығы. Бұл тұрғыда ислам дінін жамағат діні деп те айтуға болады. Ислам ғұламалары дін адамы институтының қалыптастыруына және қоғамнан алшақ монастырлық сипатта дін бағуға үзілді-кесілді қарсы болды. Діни практиканы толыққанды өмір сүргісі келетін әрбір мұсылман имамның артында ұйиды, ол оны жамағаттың тікелей мүшесі етеді. Жамағатпен бірге ғибадат ету жалғыз жасаған ғибадатқа қарағанда әдеқайда құрыс екендігі және жамағатпен бірге болудың ұжымдық сана-сезімді қалыптастыруда үлкен рөл ойнайтыны белгілі. Тіпті, исламдағы үмбет ұғымын, жамағат құрылымының ең үлкен ауқымы ретінде көруге болады (Mardin, 1992:75).

Әрбір жеке және әлеуметтік тәжірибе белгілі бір дәрежеде әлеуметтік оқиғалардың қалыптасуына үлес қосады. Дін адам өмірінің маңызды бөлігінде орын алатын ұғым болумен қатар оған белгілі бір деңгейде үлес қосатын фактор(Bilgiseven, 2005:117). Сондықтан, дін мен қоғам, қауымдастық арасындағы қарым-қатынасында, сондай-ақ діни көзқарас тұрғысынан жамағат болып қалыптасу мәселесі діннің табиғатында бар компенсаторлық ұғым ба әлде кездейсоқ оқиға ма дегенді нақтылап алу керек.

Қоғамның құрылымын және қоғамдағы діннің көрінісін түсіну үшін дін мен қоғамның бір-біріне ететін әсерін дұрыс ұғыну қажет. Мұның оң немесе теріс өзара әсерлерінің қайдан шыққан екендігін анықтау да қатты қажетті мәселе.  Сондай-ақ, ең алдымен жеке адамды, сосын кішігірім топтарды (кіші жамағаттарды), содан кейін тұтас қоғамды біріктіретін дін ұғымының біртұтас әлеуметтік орта қалыптастыра ала ма жоқ па дегенге тоқталмақпыз.

Адамдардың ұстанатын әртүрлі сенімдері, олардың институттарына, әлеуметтік қатынастарына, өндіріс және т.б. өмірдің барлық салаларына әсер етеді. Сенімдер алдымен жеке тұлғада көрініс табады, бірақ олардың нақты өлшемі мен атрибуттары осы нанымды бөлісетін адамдардың институттарында (діни топ немесе қоғам) байқалуы мүмкін. Шын мәнінде, тарихтағы әрбір өркениетте сол кездегі кез-келген нанымға  сенушілердің белгілі дәрежеде бояуымен қаныққан болады(Günay, 1993:181).

Діннің элементтері әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда тікелей әсер етеді. Бұл элементтердің өзі де мұндай құрылысты жасайды. Әрбір дін адамның жан дүниесіне сіңгеннен кейін жайлы өмір сүру кеңістігін құратын қоғам құруды қалайды. Дін мұны қамтамасыз ететін құрылымды өзімен бірге әкеледі. Осылайша дін, оған сенген адамдардан құралған топтың арқасында жеке адамның бойында жоқ, қолынан келмейтін күшке ие болады(Raymond, 1989:81).

Жамағат деген ұғым жайында сөз қозғау арқылы, діни кеңістік немесе діни призма туралы да айтқан боламыз. Себебі жамағат рухы Құдайға дейін жетеді, немесе жамағат трансценденталды күшін тікелей Құдайдан алады(Topçu, 1997:303). Адамдар біріккенде, өз мүдделерін ысырып тастап жамағаттың мүддесін қолдауға итермелейтін қуатты фактор болуы керек. Бұл діннің нағыз өзі.

М. Вебердің айтуынша(Вебер, 1969:253) барлық әлемдік діндерде байқалатын өзгерістер процесі бар: біріншіден, дінді әкелген пайғамбарлардың айналасына шоғырланған, оны жеке адам ретінде кіру басым болады. Алайдa, дінді қабылдау уақыт өткен сайын алғашқы формасында діл солай қалмайды, және дінге кіру белгілі бір кезеңнен соң нақты бір ұйымға кіру арқылы іске асады. Мәселен, шіркеу немесе мешітке негізделген діни жамағаттар осылайша пайда болды.

Осындай жолмен ықпал еткен дін басқа институттармен кейбір қатынастарды бірге дамытады. Сондықтан дінге мүше болу сенімнің негізін қалаушының айналасында шоғырлану ғана емес, сондай-ақ бірқатар заңды және моральдік байланыстарға негізделген ұйымдармен араласуды қажетті қылады(Weber, 1989:101).

Дін, сенушілер тобына кейбір құқықтар мен міндеттер жүктейді. Бұл ретте, ең алдымен, ол мүшелеріне әлем мен оқиғалар туралы дүниетанымын қалыптастыруға тырысады. Мысалы, дін «қасиетті және қасиетті емес» екеуінің ара-жігін ажыратып, ақ пен қараны анықтайтын оқиғаларға қатысты көзқарасты қалыптастырады. Бұл құндылықтардың қалыптасуын білдіреді діни тәжірибе осы жерден басталады. Осылайша бүкіл әлемді өзімен тікелей қатысты жүйе ретінде қарайтын дін, осы дүниенің де адамдар үшін мағыналы болуына тырысады. Осындай мағынаны түсініп талдау жасай алмаған адам үшін өмір сүріп жатқан әлемі шексіз ұғымдар мен заттар болып көрінеді, ал ең бастысы оның қарсысында шешілмеген жұмбақ ретінде – белгісіздер жиынтығынан тұратын басы және соңы беймәлім өзінің болмысы тұрады(Eliade, 2000:49).

Адамдарда бірдей наным мен мүдделерге ие болу біріктіруші, дәнекер рөлін атқарады. Ең кіші және ірі қоғамдық ұйымдардың бірлігін қамтамасыз ететін фактор қажет. Дін мүшелерінің барлығында болуын қалайтын белгілі бір көзқарастар сенімдер жүйесін олардың санасында қалыптастыру арқылы олардың бір тұтастығын қамтамасыз етуге тырысады. Діннің нанымдары мен рәсімдері сенушілерге оларды біріктіруге қатты ықпал етеді. Бұл ықпал, сондай-ақ, сол топтың сыртқа қарсы қорғануында және сыртқа ашылуына қалауы арқылы көрініс табады. Бұл да маңызды біріктіруші функция бола алады(Lundberg және т.б.,1985:25).

Дін қоғамдық өмірге жүйе орнатуды қалайды. Тіпті әлеуметтік өмірдегі тәртіпті қалыптастырған күш дін деп айтуға болады. Дін – хаос пен жүйесіздіктің барлық түрлеріне қарсы тұрады. Діндар адамдар жалпы алғанда қоғамның тәртібін бұзатын барлық мінез-құлықтан қашық болады деп есептеледі. Бұл консервативті ұстаным қоғамдағы қауымдастық түсінігінің дін арқылы нығайтылатынын білдіреді. Дін бір наным-сенімдегі адамдардан құралған ұлттың қалаған үйлесімін және бірегейлігін жүзеге асыруда сөзсіз маңызды орынға ие. Қоғамда кішігірім жамағаттарда өз ішінен бірегейлік қалыптастыруда әсері тар көлемде болғанымен, ұлт немесе біртұтас қоғам тәрізді ұғымдарда діннің біртұтастандырушы рөлі бей-жәй қаралатын мәселе емес. Осы тұрғыда, басшылардың дін ұғымына қатысты тәжірибесі мен болжамдары әлеуметтік бейбітшілік пен ортақ құндылықтарды сақтау үшін өте маңызды. Яғни дұрыс қолдана білсе дін, мемлекеттік саясат үшін таптырмас орасан күш.

Діни көзқарастар діни түсініктің теориялық аспектілері болады, оны сол діннің өкілі таңдайды немесе сол дінді ұстанатын қоғамда немесе ортада туады. Бір дінге жататын адамдар арасында шынайы қатынастар орнайды. Уақыт өте келе бұл қатынастар адамдарды жақын, достық қарым-қатынас орнатуға мәжбүр етеді. Психологиялық тұрғыдан алғанда, дін – оның мүшелері арасында ортақ құндылықтарға сенудің нәтижесінде ар-ождан қалыптастырады. Осылайша дін, теориялық тұрғыдан алғанда қоғамның әрекет ету бағытын анықтайды және психологиялық тұрғыда оларда ортақ ар-ождан қалыптастырады. Осы қоғамның мәдени деңгейіне тікелей қатысы бар діни түсініктің тұжырымдамасы кейде ол пайда болған теориялық құрылымнан өзгеше болуы мүмкін. Алайда, бұл мәселе соншалықты ауқымды болғандықтан, басқа зерттеудің тақырыбы болады. Сол себепті әрі қарай талқылау жасамай тоқталуды жөн көрдік.

Әрбір діннің белгілі бір дәрежеде сенім жүйесі бар. Діндер жалпы мақсаттарға жету үшін теориядан жалпыға ортақ құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде мүшелері арасында мықты байланыс құруды қамтамасыз етеді.

Ұжымдық ғибадат және басқа да діни амалдар сырттан түсініксіз болып көрінгенімен біріктіру мен ықпалдастыру күшіне ие. Бірдей рәсімдерді орындайтын жамағат мүшелері бір-бірін түсінуге, сүйеуге және олармен қолындағысын бөлісуге оп-оңай жол табатын психологиялық қарым-қатынас сезінеді. Бұл жақындық дамыған сайын, өзара сүйіспеншілікке негізделген белгілі қатынастар мен артықшылықтар өмірдің діни емес аспектілерінде (сауда және т.б.) ерекше орын алады. Жамағат мүшелері ортақ құлшылық міндеттерді орындау арқылы өзімшілдіктің алды алынады, өйткені олар бірдей рухани тәжірибені бастан кешеді. Өзімшілдік – адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасына кедергі келтіретін маңызды фактор. Діни нанымдардың және ғибадаттың сырт көзбен қарағанда адамға материалдық зиян тигізетін сияқты болып көрінгенімен нәтижесінде берілетін уәделер мен марапаттар мәнді және мағыналы қылады.

Діни сенімнің өміршеңдігі мен әсерін сақтап тұруы көбінесе ғибадатқа тәуелді болады. Діни әдет-ғұрыптарды жүзеге асыру үшін жиналған адамдар діни наным-сенімдерін психологиялық тұрғыда жаңартуды бастан кешіреді, сонымен қатар екінші дәределі маңыздылыққа ие мәселелерді қайта қарастырады және олардың қайта жандануына қол жеткізеді. Себебі, сенімі мен ғибадаты туралы білімнің жетіспеушілігі мен кемшіл тұстары білім деңгейлері әртүрлі мүшелері бар жамағатта оңайырақ көрінеді(Günay, 1993:177).

Г. Х. Меадтің айтуынша, ғибадаттың біріктіруші күші – жұмбақ(Меад, 2004:25). Сондықтан оны рационализациялау мүмкін емес. Ішкі наным-сенімдерді сыртқы тұрғыдан толық түсіну мүмкін емес. Бірдей ғибадатқа қатысатын адамдар, бір-бірін жақсы түсінеді.

Қорыта келсек, сенім мен ғибадат біріктіруші рөлге ие екені сөзсіз. Жалпы алғанда, діндердің теориялық  және практикалық аспектілері бөлек қаралса да, діндердің тұтастығы тұрғысынан қарасақ бір-бірінен ажыратылмайды. Сонымен қатар, олардың жеке тұлғаға және жамағаттарға әсері туралы тұтас көзқарас бізді дәлірек тұжырымға жетуге көмектеседі.

Дін екі жақ жүзі де өткір қылышқа ұқсайды. Діннің біріктіруші күшімен пара пар бөлуші құдіреті де өте ықпалды болып келеді. Адамдарды біріктіретін рөлінен басқа, діннің сепаратистік және қайшылықты күшейтетін функцияға ие күш ретінде қарастырылуы да керек. Бұл ажыратушылық күш, өмірдің әр саласында сезінуі мүмкін. Экономикалық тұрғыдан; бір дінге сенетіндер сатып алатын тауарын өзімен ортақ сенімге ие сатушыны таңдағанды артық көреді. Көршілестік, достық және тағы басқа қоғамдық қарым-қатынастарда діни наным немесе діни жамағат мүшесі болу, шешуші рөл атқарады және «бізден басқалар» деген сананы қалыптастырады

Көп конфессия бірге өмір сүретін тәжірибелі қоғамдарда әр дін өз мүшелерінің арасында бір бірлікке қол жеткізудің маңызды құралы болумен қатар, басқа діндерге, мәзхабтарға немесе діни жамағат мүшелеріне қарсы тарап болу әрекетін тудырады. Сол сияқты, сенетін адамдар жүоген жерде, дінге сенбейтіндер де болады. Осындай қоғамда діннің ажырамас функцияларының бірі бөлуші қасиеті көрініс табады. Жамағаттық үлгідегі өмірді қабылдаған және бір дінге кіретін адамдар арасында да діни түсіністіктің кейбір айырмашылықтары діннің жалпы принциптері бойынша бөлушілік функцияларын атқарғанын байқауға болады. Жабық жамағат құрылымын өміршең қылып ұстайтын «біз» ұстанымының мағынасы, «сіз» немесе «олар» деген ұғымды ортаға шығарадыБір діннен шыққан мәзхабтардың немесе жамағатардың мүшелерінің бір-бірімен қайшылықтарын түсіндіру тек осы тұрғыдан ғана мүмкін бола алады. Тарихта осыған байланысты көптеген мәзхабтардың шайқастарын көруге болады(Bilgiseven, 2005:200-202). Бүгінгі таңда да осындай даулардың болуы христиан әлемінде де, ислам әлемінде жиі көріледі.

Жамағат мүшелері арасында ынтымақтастық ұғымы жеке адамдарға немесе топтарға қатысты, екі бағытта болады: бірінші бағыт бойынша олар өздері сияқты сенбейтіндерді толықтай ысырып тастап, оларға қарсы көзқарас қалыптасуы мүмкін, және оның салдары күтпеген өлшемдерге жетуі мүмкін. Немесе оларды потенциалды мүше ретінде көреді, бұл олармен жұмсақ қарым-қатынасқа түсуге әкелуі мүмкін. Идеологияға негізделген діни жамағаттардың мүшелері бұл көзқарасты ұстанады. Діндердегі «тәблиғ» немесе «миссионерлік» қызметі осы түсінік аясында жүзеге асырылады.

Ендігі кезекте, діннің немесе жамағаттың деградацияға ұшырау мәселесіне қысқаша тоқталайық. Қоғамдық қатынастардың ешқайсысын, әлеуметтанудағы «ештеңе өзгеріске ұшырамай қоймайды» жалпы ережесінен тәуелсіз деп санауға болмайды. Адамдар, олар құрылған институттар және олар әсер ететін барлық элементтер бірнеше факторларға байланысты өзгеріске ұшырайды. Әрине, адамдардың өмірлерінде басынан аяғына дейін маңызды орын алатын діндер мен олардың рухани институттары бұл өзгерісте «өзгеруші» немесе «өзгертуші» ретінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан өзгеріс, діни жамағаттардың құрылымы, өмірлерінің ұзақтығына және т.б. әсер етеді. Дін қоғамды өзгертуге және одан тыс «идеалды мәдениетті» құруға күші бар. Дегенмен, дін мен діни жамағат арасында өзгерістердің нәтижесі байқалады және діни наным-сенімге дейін әсерін көруге болады. Діннің мәніне сəйкес келмейтін дінді түсіну қозғалыстарының дамуы діни жамағаттың бөлінуіне мүмкіндік беретін деңгейге əкелуі мүмкін. Г. Меншингтің айтуынша, діни жамағаттардағы бұзылу үш негізгі себептерге байланысты болады:

1. Өмір стилінің (діни өмір) немесе діннің өзінің бұзылуы;

2. Жамағаттың секуляризацияға ұшырауы;

3. Діни міндеттердің күрделілігі (Mensching, 1994:270).

Бұл гипотездің Батыс Еуропадағы христиан қоғамына бағытталып айтылғанын ескерсек толықтай келіспеуге болады. Алайда алдыңғы екі себебі әмбебаптыққа жақын деуге болады. Діни жамағаттың өзгеруі дінге қол жеткізген тұтас құрылымды бұзуға әкеледі. Ақыр соңында, өзгерістердің соңында діни жамағаттар негізінен екі жолмен аяқталады: моральдық жағынан нашарлау/бұзылу және қатты догматикалық көрініске көшуі(Mensching, 1994:266). Діни жамағаттың діни наным-сенімдерінің діни құрылымына, діни көзқарасқа, және діни сенімге қатысты белгілі бір дәрежеде діннен өзге көзқарастардың пайда болуы, барлық нәрсені логикаға салу тәрізді трендтер пайда болады. Бұл да діни жамағаттың жойылуына әкеледі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, діни ғибадат сияқты таза трансценденталдық сипаттағы адам мен жаратушының байланысын білдіретін діни құбылыстарды рационалды негізге салу мүмкін емес және оны сол қалпында қалдыру және қабылдау керек(Wach, 1967:46).

Тақырыбымыздың субьектісі ислам қоғамында пайда болған жамағаттар мәселесә болғандықтан, ислам дінінің алғашқы кезеңіндегі әлеуметтік жағдайын, жалпы діндегі қауымдастық түсінігін және үммет ұғымын айқындыққа қауыштыру зерттеуіміздің дұрыс нәтижемен аяқталатынының кепілі болмақ. Сондықтан осы мәселелерге кеңірек үңілу керек.

Исламның қандай өмірлік стил алып келгені және уақыт өте келе қандай өзгерістер болғаны сияқты мәселелерді зерттегенде, ол пайды болған ортада қандай қоғамдық өмір салты бар екенін елемеуге болмайды. Белгілі болғандай, исламның алғашқы дәуірінде араптар рулық негіздегі өмір салтын ұстанатын(İzutsu, 2000:97). Жаңа діннің қағидалары қауымдастықтың жаңа түрін тудырды, бірақ олар ескі құрылыммен де ортақ ұстанатын тұстары болды және біраз уақыт екі ұғым бірге жалғасты. Бұрын өте күшті болған рулық ұстанымдар, мұсылмандықтың алғаш шыққан кезінде ынтымақтастық функциясын жалғастырды. Ақыр соңында, өркениетті және отырықшы өмір салтына өту арқылы қалалық өмірге қатысты ұғымдар мұсылман қоғамында пайда бола бастады. Біртіндеп исламның әлеуметтік өмір салты, діннің қағидаттары негізінде пайда болды. Бүгінгі таңдағы мұсылмандық-қоғамдық өмірді айқын ұғыну үшін бірінші кезеңді нақты түсіну қажет. Құранда оң немесе теріс мағынада қоғамның тұжырымдамасын білдіруге болатын хизб, фәриқ, фәуж, таифә және шиға сияқты терминдер кездеседі және олардың мағыналары олар пайдаланылатын кезеңге байланысты өзгереді. Ең алдымен, Құран әлеуметтік бірлік қалыптастыру үшін күшті қарым-қатынас желісін құрғысы келеді. Оның қағадалары бойынша, идеалды қоғамды құрудың негізі – рухани қағидаттарға негізделудің қажеттілігі(Ebu Zehra, 1981:47). Салауатты әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үшін, ислам алдымен жеке адамға бағытталады және бір тұлғадан бастап қоғамның бүкіліне қарай өту әдісі басым болады. Мықты тұлғалардың жоқ болған жерде үйлесімді, сапалы жамағат немесе қауымдастық болады деп айту мүмкін емес. Сондықтан ислам кемел адам тұлғасын құруды көздейді. Сонымен қатар, ислам «тәухид» қағидасына негізделген дін болғандықтан шағын жамағаттардан құралған қоғамды құп көрмейді, өйткені оның мәртебесін үммет қоғамдастығы ретінде сақтау қажет(Bilgiseven, 2005:84).Монотеизмдік негіздегі тәухид қағидаты мұсылмандар арасында ортақ ұстанымдарды белгілеу арқылы «діни және әлеуметтік-мәдени интеграцияның» қалыптасуын тудырады. Бірдей трансценденттік сенуді талап ететін қағидалар адамдардың өзара қатынастарында оңайшылықпен орната алмайтын жан-жақты және өте күшті ортақ сезімді қалыптастырады.

Құран сенушілерінің арасындағы қарым-қатынастарды өте жоғары деңгейге дейін жеткізеді. Бұл отбасылық қарым-қатынастармен, адамның жақындығы ең күшті болып табылатын бауырластық қарым-қатынаспен тепе-тең дәрежеге келтіру арқылы бірлік түсінігін нақты түрде қалыптастырады. Бірліктің үздіксіздік жағдайын көрсететін Құран – діни сеніммен қамтамасыз етілген ынтымақтастықты, сондай-ақ мәселелерді еңсеру үшін қолданылуы мүмкін мәселерге қатысты кеңестер берді(Eren, 2000:109). Уақыт өте келе, Құранның ережелері түрлі деңгейдегі мәдениеттердің өкілдері болған мұсылмандар тарапынан әртүрлі түсінікпен қабылданды.

Қандай-да бір қауымдастықтың жалпы құрылымын зерттеген кезде, бірлікті қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылатын Құдайдың хабарымен қатар, осы топта қалыптасқан ол хабарды түсіну стилінің де маңызды фактор екенін ұмытпауымыз керек. Бұл, әрине, осы топтың мүшелері қалыптастырған форма болмақ. Бір мағынада қауымдастық мүшелері бірдей қайнаркөзден сусындауына қарамастан, білім мен мәдениеттің деңгейіне байланысты түрлі институттар мен өркениеттер құра алады. Тарихтан көптеген факторларға, әсіресе уақыт пен кеңістікте қатысты өзгешеленген мұсылман институттары мен өркениеттерінің айырмашылықтарын көруге болады.

Адамдардың нәсіліне, жынысына және әлеуметтік табына қатысты кемсітушілік қасиеттерін жоққа шығаратын Ислам, адамдар арасындағы артықшылықтың тек Аллаға жақын болумен өлшенетін екенін айтқан(Хужурат сүресі-10 аят). Бұл тұрғыда ислам діні, әмбебап және кең ауқымды толерантты қоғам стилін қалыптастырды деуге әбден болады. Өйткені аллаға жақындық қоғамда тікелей көрініс таппайтын, керісінше трансценденталды іргелі ұғым. Демек, дін арқылы әлеуметтік интеграцияның іргетасын қалайтын ислам діні, толыққанды идеалды қоғамды қалыптастыруға кедергі келтіретін кез-келген бөлінушілікке тыйым салады. Осы үрдістің негізінде бастапқыда Пайғамбардың жеке басының моралдық сипаты болып қалыптасқан ислам принциптері, ислам қауымдастығының жалпы құндылықтарына айналды. Қауымтастықтың өсуі неғұрлым жан-жақты құрылым мен түсініктер жүйесін әкелді. Ол жүйе «үммет» түсінігі.

Үмметке қатысты миымызда карта сызу қажет болса, адамдардың экономикалық, топтық және этникалық айырмашылықтарының үлкен хауыздағы сумен араласып еріп кеткен кішігірім химиялық элементтер іспетті құрылымды көреміз (Mardin, 1992:75). Ислам дінінің тұлғалық даралықты дамытуға қаншалықты ден қойғаны сияқты, сенушілердің кемел қауымдастығын құруға да соншалықты ұмтылатынын оның барлық бұйрықтарынан көруге болады. Тіпті Құдай мен сенушілердің байланыстарында да ұжымдық түсінік қажет. Өйткені жамағатпен бірге жасалған құлшылық жеке басымен жасағаннан әлдеқайда жоғары және сауабы мол болады. Қажетті кемелдіктің пайда болуы үшін алдымен бұл сана-сезімді тұлғалардың бойында қалыптастыру қажет. Бұл сана-сезімге қол жеткеннен кейін, бірыңғай түсінікпен әрекет ете алатын жазылмаған келісімге негізделген әлеуметтік ұйым пайда болады деп айтуға болады. Исламның бауырластығы, қайырымдылық, моральдық және т.б. рухани ұғымдар сенушілердің физикалық күшінен де асып түсетін бірлік санасын тудырады.

Үкіметтегі ең жоғарғы лауазымды адам мен қарапайым азаматты бір сапқа тұрғызатын намаз, әртүрлі мәртебеге ие болғанына қарамастан оларды бір үлгіде киіндіріп құлшылық жасауға мәжбүрлейтін қажылық, аштық пен қайыршылық сезімін таттыратын ораза және жәрдемдесу сезімінің ең жоғары үлгісі бола алатын зекет сиқты құлшылық түрлері тек қана рухани маңызы бар құлшылық болып қана қалмай, қоғамда қалыптастырған әлеуметтік теңдік, қауіпсіздік және басқа да қоғамдық ұғымдардың пайда болуына маңызды үлес қосады.

Діни қауымдастықты қалыптастырудың қазіргі мысалдары болған жамағаттарға қарасақ, кейбір жағынан ислам белгілеген бірлік сана-сезімін қамтамасыз ететін қатынастар желісін көруге болады. Түркияда пайда болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен сенімсіз орталар қалаларда тариқаттар мен жамағаттардың белсенді рөл ойнап, жылдам қалыптасуына әкелді. Әлеуметтік сенімділік механизмі ретінде жұмыс істейтін бұл жамағаттар қалалық адамдарға дайын үлгіде әлеуметтік қатынастар желісін ұсынады. Қоғамдастырушы функциясы бар жамағаттар қазіргі заманғы қалалық өмірдің нашарлауына жол бермеуге тырысады. Оны жасай алмаған күннің өзінде өз мүшелері арасында шағын үлгідегі сенімді, адами қарым-қатынас орнатуға мүдделі көзқарасқа ие болды. Мүшелері арасында бір-біріне несие беру, жұмыссыздарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету немесе қаржылық көмек көрсету т.б. сияқты ынтымақтастықтың мысалдарын жамағаттардың әлеуметтік функциялары ретінде көруге болады (Atacan, 2009:54).

Қазіргі өмірдің ерекше дербестігі құрылымында тұлғалардың жалғызсырауына қарсы, әлеуметтік қамсыздандыру сезімін тудыратын осындай қайырымдылық қатынастары кейбір елдерде кәсіптік білім беру ошақтарын ашу және халықаралық экономикалық институттардың өзара ынтымақтастығы сияқты кеі ауқымды деңгейге дейін көтерілді. Әрине, кез-келген діни негізге сүйенген жәрдемдесу адам өміріндегі маңызды кемшілікті толтырады және әлеуметтенуге зор мүмкіндік береді. Дегенмен, А. Курткан, мәзхабтарға бөлінуден және ұсақ жамағаттар қалыптасуынан туындаған исламда жағымсыз боп есептелетін бөлінушілік жағдайы тәухидке де нұқсан келтіреді деген пікірді ескеру керек екенін алға тартады. Бұл пайым өте қысқа түсінікпен айтылған пайым болумен қатар жоққа да шығаруға болмайды деген түсініктеміз. Өйткені жоғарыда айтылғандағыдай діни ұғымдардың көп жағдайда екі жүзі де өткір қылыш сияқты екі тұсы болатыны белгілі. Қажетті орта жол ұстанымы ескерілмеген кезде, поляризация деңгейіне дейін жеткен құрылымдар әлеуметтік бірегейлікке зиян да келтіреді.

Қорытынды. Әрбір әлеуметтік топтың бір мақсат айналасында топтасып, ұйымдасып, өзіне сай сипат қалыптастыруының артында үлкен әлеуметтік, экономикалық, саяси және тағы да басқа факторлар жатады. Әсіресе бұл діни топ болса тіпті нәзік тақырып болмақ. Жамағаттар экстремистік топқа немесе қандай да бір секта категориясына жатпайды. Ол жамағаттарды жақсы немесе жаман деп ажыратудың да керегі жоқ. Барлығы да сырттан келген діни жамағат категориясында қарастырылу керек. Осы діни топтардың тарихи кезеңін, харизмалы көшбасшысын, ол елдегі беделін, бар болса олар жайында жауабын таппаған сұрақтарын егжей-тегжейлі қарастырып өз көзқарасымыз бен дүниетанымымыз тұрғысынан баға беру біздің міндетіміз. Шетелден келген діни жамағаттардың біздің еліміз үшін ең басты қиындығы оның сырттан басқарылатынында. Бұл ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі аясына кіреді. Сонымен қатар олардың ең потенциалды проблемасы бір-бірін мойындай бермейтіндері және алауыздыққа, топқа бөлінушілікке себеп болу ықтималдығы. Мұндай мәселе болса да, болмаса да біз оны қаперде ұстауымыз қажет. Олай дейтініміз олардың Түркияда ауызбіршіліктері айтарлықтай керемет деңгейде емес. Бөлінушілік жамағаттардың басындағыларда болмаса да төмендегілерде (ұстаздар, шәкірттер т.б.) көп байқалады. Осы сияқты кішкене бөлшектерде көптеген анықтауды, зерттеуді қажет ететін мәселелер жатады. Сондықтан жамағаттар мәселесі кең көлемді қарастыруды талап ететін маңыздылыққа ие.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Атажан A. Кутсал гөч, радикал исламжы бир грубун анатомиси. – Анкара, 2009. – 350 б.

Bilgiseven A. K., Genel Sosyoloji. Filiz, 5. baski, –Istanbul 2005. – 252 s.

Бринкерхофф Д., Уейтз Р., ОртегаС., Әлеуметтану негіздері. /Қазақшаға ауд.: Амандосова M.И. және т.б. t.b. – Алматы: ұлттық аударма бюросы, 2018 ж. – 464 б.

Dönmezler S. Sosyoloji. 7. baskı. – İstanbul, 1978. – 320 s.

Durkheim E. Dini hayatın ibtidai şekilleri. / çev: Yalçın H.C. – İstanbul, 1990. – 225 s.

Durkheim E. Sosyolojik metodun kuralları. / çev: Aytekin E. –İstanbul, 1986. – 340 s.

Durkheim E., Fauconnet P. Terbiye sosyolojisi. / çev.: Seydol M. –İstanbul, 1991. – 150 s.

Ebu Zehra M. İslam’da sosyal dayanışma / çeviren Fığlalı E.R. – İstanbul: Yağmur yayınları, 1981. – 250 s.

Eliade M. Dinin anlamı ve sosyal fonksiyonu. / çev: Aydın M. –Konya, din bilimleri yayınları, 2000. – 500 s.

Eren S: Cemaatsel oluşum ve dinin rolü // Dini araştırmalar dergisi . – İstanbul, Mayıs-Ağustos, 2000. – cilt 3. – s. 108.

Freyer. H, Din sosyolojisi. / çev: Kalpsüz T. – Ankara: Doğubatı yay, 2. baskı, 2016. – 122 s.

Günay Ü. Din sosyolojisi dersleri . – Kayseri: E.Ü. matbaası, 1993. – 350 s.

Homans, Georg. C İnsan grubu, çev: Onaran O, Oran B. – Ankara: T.O.A.İ.E yay, 1991. –121 s.

İzutsu Т. Kuranda Allah ve insan / çeviren Süleyman Ateş. – Аnkara: Kevser yayinlari, 2000. – 287 s.

Lundberg. A, Schlarg. C, Larsen. N. Sosyoloji. çev: Ozankaya Ö. – Ankara, 1985. – 403 s.

Mardin Ş.Bediüzzaman Said Nursi olayı, modern Türkiye’de din ve toplumsal değişim 2. baskı.  – İstanbul: İletişim Yayınları, 1992. – 353 s. 

Mead G.H. Mind, self and society. – Chicago: University of Chicago press, 2004. – 536 p.

Mensching G. Dini sosyoloji. / çev: Aydın M. – Konya, Tekin kitabevi, 1994. – 321s.

Мухитдинов Р.С. Діни терминдер сөздігі. – Алматы, 2012. – 140 б.

Raymond A. Sosyolojik düşüncelerin evreleri. çev: Korkmaz A. – İstanbul, bilgi yayınlrı, 1989. – 205 s.

Sanay E. Genel sosyoloji. – Ankara: Gazi Üniv yay, 1985. –250 s.

Topçu N. Yarınki Türkiye. Dergah yayınları. –Istanbul, 1997. – 403 s.

Wach J. Sociology of religion. – Chicago: The university of chicago press, 1967.–420 p.

Weber M. The sociology of religion. – 1969. – 550 p.

References:

Atacan A. Kutsal göç, radikal islamcı bir grubun anatomisi. – Ankara, 2009. – 350 s. [in Turkish]

Bilgiseven A. K., Genel Sosyoloji. Filiz, 5. baski. –Istanbul 2005. – 252 s. [in Turkish]

BrinkerhoffD., Weitz R., Ortega S., Aleumettanw negizderi. / Qazaqshagha audarghan: Amandosova M.İ.janet.b. – Almaty: ulttyq audarma byurosy, 2018 j. – 464 b. [in Kazakh]

Dönmezler S. Sosyoloji. 7. baskı. – İstanbul, 1978. – 320 s. [in Turkish]

Durkheim E. Dini hayatın ibtidai şekilleri. / çev.: Yalçın H.C. – İstanbul, 1990. – 225 s. [in Turkish]

Durkheim E. Sosyolojik metodun kuralları. / çev.: Aytekin E. –İstanbul, 1986. – 340 s. [in Turkish]

Durkheim E., Fauconnet P. Terbiye sosyolojisi. / çev.: Seydol M. –İstanbul, 1991. – 150 s. [in Turkish]

Ebu Zehra M. İslam’da sosyal dayanışma / çeviren Fığlalı E.R. – İstanbul: Yağmur yayınları, 1981. – 250 s. [in Turkish]

Eliade M. Dinin anlamı ve sosyal fonksiyonu. / çev.: Aydın M. – Konya, din bilimleri yayınları, 2000. – 500 s. [in Turkish]

Eren S: Cemaatsel oluşum ve dinin rolü // Dini araştırmalar dergisi. – İstanbul, Mayıs-Ağustos, 2000. – cilt 3. – s. 108. [in Turkish]

Freyer. H, Din sosyolojisi. / çev.: Kalpsüz T. – Ankara: Doğubatı yay, 2. baskı, 2016. – 122 s. [in Turkish]

Günay Ü. Din sosyolojisi dersleri . – Kayseri: E.Ü. matbaası, 1993. – 350 s. [in Turkish]

Homans, Georg. C İnsan grubu, çev.: Onaran O, Oran B. – Ankara: T.O.A.İ.E yay, 1991.–121 s. [in Turkish]

İzutsu Т. Kuranda Allah ve insan / çeviren Süleyman Ateş. – Аnkara: Kevser yayinlari, 2000. – 287 s. [in Turkish]

Lundberg. A, Schlarg. C, Larsen. N. Sosyoloji. / çev.: Ozankaya Ö. – Ankara, 1985. – 403 s. [in Turkish]

Mardin Ş.Bediüzzaman Said Nursi olayı, modern Türkiye’de din ve toplumsal değişim 2. baskı. – İstanbul: İletişim Yayınları, 1992. – 353 s. [in Turkish]

Mead G.H. Mind, self and society. – Chicago: University of Chicago press, 2004. – 536 p. [in Turkish]

Mensching G. Dini sosyoloji. / çev.: Aydın M. – Konya, Tekin kitabevi, 1994. – 321s. [in Turkish]

MukhitdinovR.S. Diniterminder sozdigi. –Almaty, 2012. – 140 p. [in Kazakh]

Raymond A. Sosyolojik düşüncelerin evreleri. çev: Korkmaz A. – İstanbul, bilgi yayınlrı, 1989. – 205 s. [in Turkish]

Sanay E. Genel sosyoloji. – Ankara: Gazi Üniv yay, 1985. –250 s. [in Turkish]

Topçu N. Yarınki Türkiye. Dergah yayınları. –Istanbul 1997. – 403 s. [in Turkish]

Wach J. Sociology of religion. – Chicago: The university of chicago press, 1967. – 420 p. [in Turkish]

Weber M. The sociology of religion. – 1969. – 550 p.

МРНТИ 03.20:03.29

ПРОБЛЕМА ВОЗНИКНОВЕНИЯ РЕЛИГИОЗНЫХ ОБЩИН

В КОНЦЕПЦИИ СОЦИАЛЬНЫХ ГРУПП

А.Д.Курманалиева¹,Ж.Хумархан²

¹Доктор философских наук, профессор. КазНУ им. Аль-Фараби.

г. Алматы, Казахстан.

²Докторант специальности исламоведение.КазНУ им. Аль-Фараби.

г. Алматы, Казахстан.

Аннотация: В ХХІ веке и глобализирующемся мире многие социальные проблемы достигли общей для всего мирового сообщества ситуации. В этом веке, где можно сказать, что новый этап для истории ислама, широко отмечаются распространение религии и попытки переосмыслить религию в мусульманских странах. С середины прошлого века в мусульманских странах развивались такие стремления, как раскрытие аспекта религии в современных вопросах, создание различных организаций на социальном уровне и служение религии. В то же время появившиеся религиозные группы проявляли активность в обществе с джамаатом/религиозная община, сектой, радикальными группами и другими характерами. Не агрессивный характер, часть из них в своих весовых категориях религиозных. Они также входят в сферу социологию религии. В этой статье было сделано раскрытие религиозных общин на основе социального познания. Выявление, описание и указание причин возникновения религиозных групп с точки зрения других дисциплин, изученных трудов, имеют особую значимость как предпосылки их понимания. Можно понять особенности и категории религиозных групп не только на основе их определения в религиозных терминах, но и тогда, когда они понимают, что они являются социальным явлением и естественным процессом.

Ключевые слова: социальная группа, религиозные группы, джамаат, умма.

IRSTI03.20:03.29

THE PROBLEM OF THE ESTABLISHMENT OF RELIGIOUS COMMUNITIES IN THE CONTEXT OF THE CONCEPT OF SOCIAL GROUPS

A.D.Kurmanaliyeva¹, Zh.Khumarkhan²

¹PhD, Professor. Al-Farabi KazNU. Almaty, Kazakhstan.

²PhD Student on Islamic studies. Al-Farabi KazNU. Almaty, Kazakhstan.

Abstract: In the 21st century and in a globalized world, many social issues have become common to the world community. In this century, which can be considered a new stage in the history of Islam, there is a widespread spread of religion and attempts to re-understand the religion in Muslim countries. Since the middle of the last century, this trend has been reflected in the efforts of Muslim countries to open the door to modern issues of religion, to create various organizations at the social level and to serve the religion. Religious groups that emerged at that time were active in society with communities, sects, radical groups and other characteristics. Some of them are non-aggressive religious communities. They are also a topic in the field of sociology of religion. This article explores religious communities based on social knowledge. It is important to identify, describe and explain the reasons for the emergence of religious groups by looking at the works studied in terms of other disciplines as a prerequisite for understanding them. It is possible to understand the characteristics and categories of religious groups not only on the basis of their definition in religious terms, but also when they understand that they are a social phenomenon and a natural process.

Keywords: social group, religious groups, congregation,Ummah.

No comments

To leave comment you must enter or register