Аңдатпа. Адамзат тарихында мемлекет құрудың маңызы ерекше. Халықтарды өркениет жолына бастайтын, оның күрделі өмірін ұйымдастырушы да мемлекет. Мақалада тарихи процестегі мемлекет феноменінің орны мен рөлі анықталады. Әлем халықтары өз тағдырын және даму болашағын тәуелсіз мемлекет құрумен байланыстырады. Мемлекет құбылысы б.з.д. 6-5 мыңжылдықтардан басталып, қазіргі заманға дейін жалғасып келеді. Себебі, адамзат өз қоғамын ұйымдастырудың мемлекеттен басқа формасын таба алған жоқ. Қандай кезеңдерде болмасын мемлекет парадигмасы күн тәртібінде. Озық ойлы адамзат мемлекеттің қызметін жетілдіру жолдарын, әділетті қоғам орнатуды ойластырып, жоспарлаумен келеді. Әсіресе, тәуелсіз мемлекетті дамыту мәселелері тіптен маңызды. Халықтардың мемлекетті күшейтуге, немесе жаңадан құруға деген ұмтылыстары әлемдік дамудың және қайшылықтар мен соғыстардың қайнар көзі болып қалуда.
Мақалада әлемдік тарих саханасына мемлекеттердің пайда болуының себептері, жолдары және заңдылықтары талданып, автордың мемлекет генезисі туралы өзіндік көзқарасы негізделеді.Ортақ территория, ортақ шаруашылық, тайпалар мен халықтардың бірігіп өмір сүруге деген ұмтылысы, тұтқиыл шабуылдардан қорғану, басым топтар мен таптардың өз эгоистік мүдделерін қорғау жолында ұйымдасуы, мүліктік бөлініс т.б. себептер мемлекеттердің пайда болуына әкеледі. Кейбір халықтар басқа жерде пайда болған мемлекет үлгісін қабылдайды. Жаңа мемлекеттер ірі импеиялар күйрегеннен кейін пайда болады. Жаһандық деңгейде 19-20 ғасырларда империалистік елдердің отарлық жүйесінің күйреуі ондаған жас мемлекеттердің өмірге келуіне себеп болды.
Адамзаттың ұлы ойшылдары түгел дерлік мемлекетті, қоғамды жетілдірудің жолдарын қарастырды,зерттеді.Мақалада ірі ойшылдардың мемлекет туралы көзқарастары талданып автордың мәселеге позициясы негізделеді.
Аннотация. В статье рассматриваются теоретические и исторические аспекты изучения элиты в кочевых обществах Евразии в эпоху поздней древности и средневековья. Дается некоторый историографически обзор научным трудам посвященных социальным реконструкциям, в которых использовались идеи и принципы теории элит. Значительное внимание уделяется методологии и методике исследования элитных групп в социально-политической организации кочевников, теоретическим принципам изучения элиты в социуме номадов. В статье выделяется ряд моделей, подходов и методов, которые используются в процессе изучения феномена элитизма. Так, же рассматриваются некоторые подходы для определения сущности самого понятия «элита». В процессе исследования выделяются те аспекты, которые характеризуют элиту с различных сторон ее деятельности. Среди них показаны такие аспекты, как функциональны, культурыный и индивидульный. Особо выделяется мировоззренческий аспект, с которым связано сокрализация персоны правителя, праящих родов и племен. Начиная с познесакской истории, мировозренческий аспект в формировании степной элиты ярко прослеживается до позднего средневековья, включая гуно-сарматский, тюркский, монгольский периоды, период Казахского ханства вплоть до пореформенного периода середины ХІХ века, что отразилось в наименованиях элитарных социальных групп в традиционном казахском обществе.
Исследование выполнено в рамках проекта грантового финансирования Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (ИРН проекта: АР08855800).
Аңдатпа. 2017 жылы Қостанай облысы Ішкі саясат басқармасының бастамасымен Торғай даласына «Ұлы дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми-ағартушылық экспедициясы ұйымдастырылды. Оның мақсаты – Нұрмағамбет (Кейкі) Көкембайұлына қатысты ел арасында сақталған деректерді жинау, аты аңызға айналған батырдың туған, қайтқан жері, халық көтерілісінің айтулы оқиғалары өткен өлкеге сапар жасау, даңқты тұлға қатысты елімізде, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың мән-маңызын түсіндіру сипатында болды. Мақала 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі болған Кейкі батырдың қазасына байланысты ел арасында айтылатын деректі талдауға құрылған. Ел аузындағы деректе ол Жалаулы өзекшесінің Жыланшық өзеніне құяр сағасында орын алған қанды қақтығыста отбасымен бірге қаза тапқан. Мақала авторлары қатысып жинақтаған ғылыми экспедицияның материалдарының негізінде Кейкінің қазасына қатысты зерттеулерді, ел арасындағы деректерді, қанды оқиға куәгерінің естелігін талдауға басты назар аударған. Даңқты батырдың қазасы туралы көпшілікке белгісіз жағдай мен жағдаятарды баяндалған және Кейкі батырдың ерлік істеріне қатысты түйінді ойлар бедерленген.
Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранты бойынша «ХХ ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» атты ғылыми жоба аясында дайындалды.
Аңдатпа. Кейкі (Нұрмағамбет) Көкімбайұлы – 1916 жылы Торғай даласында орын алған ұлт-азаттық көтеріліс қаһармандарының бірі, көтеріліс жетекшілері Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдиннің сенімді серігі. Көтеріліс кезінде ол мергендер тобын басқарады. Халық жадында ол даңқты мерген, қаһарман күрескер ретінде терең сақталды. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін азаматтық соғыс кезінде Кейкі Көкембайұлы кеңес үкіметінің саясатына қарулы қарсылық көрсетті. Сондықтан үкімет тарапынан қудалауға ұшырап, қуғынға түсті: жазалаушы отряд қолынан қаза тапты. Кеңес билігі тұсында Кейкі батырдың есімін атауға, оның ғұмырнамасы мен ерлік істерін зерттеуге тыйым салынды. Кеңестік идеология халық қаһарманын «қарақшы», «бандит», «қанішер жауыз» деп айыптады. Таптық идеологияның жазасына ұшыраған Кейкі батырдың бейнесі ел жадындағы аңыз әңгімелерде, өлең-жырларда және көркем шығармаларда сақталды. Даңқты қаһарманның есімін ақтау кеңес үкіметі құлап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Кейкі Көкембайұлы туралы естеліктер, деректі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мақала Қостанай облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылған «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми-ағартушылық экспедициясының материалдары негізінде дайындалып, көп жылдар бойы зерттеу нысанасынан тасада қалған Кейкі батырдың ғұмырнамасы мен ерлік істерін ел жадындағы естеліктер мен архивтік деректер арқылы талдауға бағытталады.
Аннотация. В статье, на основе архивных документов и исторических источников изучен процесс перевода казахского языка с арабского алфавита на латинскую графику в 20-е годы ХХ в. Движение за латинизацию, благодаря всесторонней поддержке большевистской партии, получило широкое распространение в национальных республиках СССР. «Алфавитная революция», выступавшая неотъемлемой частью национально-языкового строительства встретила серьезный протест со стороны защитников арабской письменности, вылившееся в противостояние «латинистов» и «арабистов» в Казахстане. Ядро последних составили члены бывшего автономистского движения Алаш, в лице таких видных деятелей как А. Байтурсынов, А. Букейханов, М. Дулатов и др. Оппонировала им группа «латинистов» во главе известного туркестанского деятеля Н. Тюрякулов. Несмотря на наличие административно-политического ресурса, группе «латинистов» стоило больших усилий сломить сопротивление своих идейных противников. Важную роль в этом деле сыграл I Всесоюзный тюркологический съезд. Дальнейших ход событий показал, что успех введения латиницы зависел не столько от противостояния «арабистов», а от общего социально-экономического и культурного состояния Казахстана. Создание ЦК НКА, придание ему статуса государственного, перевод делопроизводства на казахскую латиницу, серьезные финансовые затраты, широкая агитационно-пропагандистская работа даже в начале 30-х годов ХХ в., не смогли дать ожидаемых результатов. На протяжении следующего десятилетия в республике наряду с официальной латиницей, казахи в повседневной жизни продолжали активно использовать привычную арабскую графику.