Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

ҚҰНАПИНА Қ., КӨЛБАЕВ Н.
Орта мектептерде арнаулы күндерді оқытудың тәрбиесі мен мәні

Ұсынылып отырған мақала Қазақстан Республикасындағы арнаулы күндердің орта мектептегі балаларды тәрбиелеудегі маңызы туралы болмақ. Тәуелсіздік алып, еңсені өтерген шақта жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа, имандылыққа және т.б. бойларындағы адами қасиеттерді қалыптастыру – ұстаз үшін басты міндет. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан, мектеп оқушыларын тәрбиелеу үстінде оларды рухани дамытуға басты назар аударғанымыз жөн. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз – өзінің өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру. Рухани даму жеке тұлғаның негізін қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері, басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру.

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОНЫҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Түйіндеме. Мақалада Алматы қаласы мен оның маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен дамуын 4 кезеңге бөліп қарастырған. Археолог-ғалымдардың қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректер, нунизматикалық мәліметтер және жазба деректер негізінде пікір талас тудырып жүрген қала жасының анықталуына талдау жасалған. Ресейдің отарлау саясатын жүргізу салдарынан 1854 ж. салынған (Верный) әскери бекінісіне 1867 ж. қала мәртебесінің берілуі, қаланың Қазақстан астанасы мәртебесі 1927-1997 жж. кезіндегі сәулет ескерткіштер құрылысының салынуы қамтылған. Мақалада, қаланың салыну тарихындағы кеңестік кезеңдегі бұрмалаушылықтар мен ақтаңдақтарға тоқталған. Қаланың бірнеше рет табиғат апатына ұшырап, жер сілкінісінен аман қалған ғасырлық тарихы бар және бүгінгі сәулеттік үлгіде салынған ғимараттардың ерекшеліктері талданған. Алматы қаласының бүгінде Қазақстанның ең көрікті, саяси ғылыми және техникалық орталығына айналып дүниежүзі назарын өзіне аударатын, өзіндік архитектуралық ерекшелігі бар нысанаға айналу тарихы қарастырылған. Кілт сөздер: қала, отарлау саясаты, тарихи ескерткіш, сәулетші

Калыш А.Б., Г.А. Мейрманова
Основные виды благословения в культуре общения у казахов

Благословление – это молитва в виде пожелания, процветания, плодородия и благополучия. Это у казахов является священным. Благословение произносят когда начинается новое дело и когда благополучно заканчивается начатое. Если кого-то благословляешь, то нужно обязательно чтобы перед тобой была еда. Издревле благословление совершали при людях и для одного человека. При людях благословляли уважаемого человека, и старший благословлял хозяина дома или виновников торжества от имени всех присутствующих, и благословлял тех, кто там присутствует. А одного человека благословлял один человек и ему желали всего хорошого, говорили только хорошие слова. В сюжетах традиционной эпической поэзии можно ясно увидеть, как отец благословляет своего сына.

Сәтбай Д.
1916 ж., Түркістан: патшалық отаршылдық жүйе дағдарысы

Мақалада 1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстардың шығу төркіні соңғы жылдары ғылыми айналымға еніп жатқан материалдар негізінде сарапталады. Ұлт-азаттық қозғалыс төңірегіндегі кеңестік және егемендіктің алғашқы жылдарындағы зерттеулерге шолу жасай келе, автор әлі де болса, басы ашық мәселелердің барлығына назар аударады. Тұңғыш рет Түркістан мен Дала өлкелеріндегі азаттық қозғалыстардың жай-жапсары салыстырмалы түрде қарастырыла келе, өлкедегі патшалық жоғары лауазым иелерінің арасындағы жеке тартыстардың негізінде отарлық басқару жүйесінің дағдарысы және күйреу барысы көрсетіледі.

Жаппасов Ж.Е., Тасилова Н.А.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ ЖАҢА КОНЦЕПТУАЛДЫ ТҰРҒЫЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Еліміз тәуелсіздігін алмай тұрып, XX ғасырдың басында қазақ тарихнамасын зерттеу, методологиясын жазу түрлі бағытта жүргізілген еді. Партиялық-бұйрық қазақ елінің тарихи танымын басты назарда ұстады. Сонымен әр кезеңде өзгеріп отырған методологиялармен бұйрықтар жаппай жылдар бойы жүріп жатты.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан республикасынын тарих ғылымы еркіндік алып, түрлі методологиялық проблемалармен бетпе-бет келді.Бұл мақалада Қазақстан Респупликасы тарихнамасындағы жаңа концептуалды зерттеулер және көзқарас туралы айтылады. Түйін сөздер: тарихнама, методология, әдіс, таным, синергетика.