Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Research works of  young scientists

Research works of  young scientists

Аңдатпа. Сармат дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер жүз жылға жуық уақыт бойы зерттелген. Алайда, бұл мәдениеттің шығу тегіне қатысты көптеген шешілмеген сұрақтар бар. Сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеуде олардың кезеңдемелерімен бөлініп қарастырылуы ХХ ғасырдың басына жатады. Бұл мәселені шешудің таптырмас шарты – ерте сармат мәдениетін зерттеу және ең алдымен оның табиғаты мен өмір сүру уақытына байланысты сұрақтар. Мақалада ерте сармат мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу мәселелері туралы негізгі көзқарастарға қысқаша шолу жасалған. Мақалада мәдениеттер өзгерген кезде немесе кезеңнен кезеңге ауысқан кезде сабақтастық мәселелерін талдауға байланысты даулы мәселелерді талқылауға баса назар аударылған. Жұмысты жазу кезінде жүйелік және салыстырмалы-тарихи әдістері қолданылды. Сармат заманындағы халықтарының мәдениетін дәуірлеу және қалыптасу мәселелерін түсіндіру үшін оның қалыптасуының кезеңдерін зерттеу өзекті болып табылады. Бұл үдерістегі шешуші рөлі б.д.д. IV – II ғасырларда пайда болған ерте сармат мәдениетіне тән. Нәтижесінде ерте сармат кезеңіндегі халықтың мәдениетінің шығу тегі мәселесін зерттеудегі негізгі тәсілдер туралы мәліметтер жүйеленді. Қазіргі таңда сармат дәуірі ескерткіштері көшпелілер өркениетінің тарихының даму тенденциясын айқындап, оның маңыздылығын көрсетеді.
Мақалада тарихи ұқсастықтарға ие Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының екіжақты қатынастарындағы транзит мәселесі қарастылды. Географиялық орналасуы бойынша зерттеліп отырған екі ел үшін де ауқымды және өзекті болып табылатын транзит тақырыбы соңғы уақытта талқылануды көп қажет етуде. Шығыс пен Батысты байланыстырып, жүк тасымалы бойынша елдердің алдыңғы қатарынан орын алған Орталық Азия аймағындағы Қазақстан мен Еуропалық Одақ мүшесі Латвия арасындағы логистика мәселесінің күрделенуіне Латвия мен Ресей Федерациясының екіжақты қарым-қатынасының шешілмеген тұстары кедергі келтіруде. Латвия-Еуропалық Одақ, ТМД және Азия нарықтары арасындағы ұйымда транзиттік және логистика үшін қаншалықты деңгейде маңыздылығы талқыланады. Латвия аумағынан шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке өтетін мультимодальды көлік дәліздері қарастырылады. Латвия порттары арқылы шығыстан батысқа қарай жылжитын негізгі тауарлар ағыны – Ресей, ТМД және Азия елдерін Батыс Еуропамен ғана емес, бүкіл әлеммен байланыстыратын схемалық транзит картасы арқылы негізгі дәліздердің векторлары көрсетілген. Зерттеу жұмысында қазақстандық, латвиялық және ресейлік мамандардың жүйелі сараптамалары қарастырылды. Материалдармен жұмыс барысында автор жүйелік-сараптамалық әдісті, тарихи-сараптамалық әдісті және экономикалық болжау әдісін қолданды.
Мақалада бұрынғы Ғылым академиясының, қазіргі «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының құрылуы тарихы баяндалады. Авторлар кітапхананың кітаптармен толықтырылуы, кітапхананың директорлары мен кітапхананы дамытудағы К.И. Сәтбаев, М.О. Әуезовтің тигізген үлесі жайында мәліметтер келтіріледі. Ғылым академиясы жанынан құрылған Кітапхана Кеңесінің атқарған жұмысына тоқталады. Сонымен қатар кітапхананың «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімінде сақталған шығыс, шағатай, қазақ және басқа тілдердегі қолжазбалар, сирек кітаптардың жиналуы, сақталуы мен олардың маңызын ашады. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев және т.б. тарихи тұлғалардың қолжазбалары мен кітаптарына, парсы, араб, қазақ, түрік, қытай және т.б. елдердің қолжазбаларына талдау жасалынады, деректік маңызы айқындалады. Тәуелсіздік жылдарында кітапхананың сирек қор бөлімінің негізгі жұмыс бағыты мен өткізілген іс-шаралар, бөлімнің шығарған еңбектері баяндалады. Сирек қорды қолжазбалар мен кітаптармен, ұлттық әдебиеттермен толықтыру мақсатында арнайы түрде ұйымдастырылған экспедициялар, ғылыми іссапарлардың мәнісі нақтыланады. ХХ-ХХI ғасырдағы кітапханалар арасындағы айырмашылықтардың мәнісі түсіндіріледі.