Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Research works of  young scientists

Research works of  young scientists

І.Ғ. Ғалымова¹*ID
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Қазақстан, Алматы қ. 
*Автор-корреспондент. 
E-mail: i-n-k-a-r@mail.ru (Ғалымова)
Аңдатпа. ІХ-Х ғасырларда араб географтарының классикалық мектебі қалыптасып, «Жолдар мен елдер» (ал-массалик ва-л-мамалик) деп аталатын біршама еңбектер жарық көріп жатты. Көптеген араб саяхатшылары мен зерттеушілері Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері мен халықтары туралы мәліметтер жинақтай бастады. Осыған сәйкес, мақалада арабтілді жазба деректерді саралау арқылы, Орталық Азия аймағын мекендеген этностарды бөліп көрсетуге көңіл бөлінді. Аталмыш аймақ халықтарының этникалық тарихын зерттеу негізінен, сенімді деректік базаны қамтамасыз етумен тікелей байланысты болғандықтан, арабтілді деректерге қысқаша шолу жасалынған. Тақырыпты зерттеуде араб географтары Ибн Хордадбехтің, Макдисидің, Ибн Хаукальдың, Ибн Рустенің, әл-Истахридің, әл-Масудидің, әл-Идрисидің және тағы да басқа ғұламалардың еңбектерінің маңыздылығына назар аударылған.
Түйін сөздер: Орталық Азия, жазба деректер, этнос, этникалық болмыс, этникалық тарих.