Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » History of the Homeland. New research methods

History of the Homeland. New research methods

Зерттеліп отырған кезеңде халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында,Кеңес үкіметі бүкіл одақ көлемінде, соның ішінде қарастырылып отырған Оңтүстік Қазақстан өлкесінде де, мемлекеттік билікті қорғау органдарынүнемі нығайту үстінде болды. Саяси қуғын – сүргін нәубеті негізінен контрреволюциялық қаскөйлік туралы заңдылық арқылы жүзеге асырылып, РКФСР ҚК ерекше бөлімінің І – тармағы бойынша контрреволюциялық қаскөйлікке байланысты 17 нақты құрамының 12-і ең жоғарғы – атужазасын қолдануды көздеді.1937-ші жылы осы істер бойынша белгіленген 10 жылға еркінен айыру 25 жылға ұлғайтылды. Соныме қатар, жалпы жағдай мен қылмыстың нақты құрамының екі ұшты құрастырылуы тергеу органдары мен соттарға интерпретация жасауға кең бостандық берді. Мақалада Оңтүстік Қазақстанда орын алған осындай оқиғалардың себеп – салдарлары нақты анықталған. Осылай, елдегі және өңірлердегі шиеленіс артқан сайын «дұшпан» бейнесін іздеп табу мақсатында құқық қолданушы органдар өз үкімдерін барынша қатайту бағытында болып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру және ең жоғарғы жаза қолдану қалыпты жағдайға айналды.
Беташар рәсімі – қазақ халқының үйлену тойының басты ғұрпы. Беташар қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа беріліп сақталып келе жатырған ерекше дәстүрі. Беташар рәсімін өткізуге сөзге шебер, сурып салма ақындығы бар, танымал жыршы жігіт шақырылады. Беташар рәсімінің басты ғұрпы келіннің бетін ашу үшін айтылатын беташар әнінің орындалуы. Беташар рәсімі сән-салтанатты өтілетін отбасылық әдет-ғұрып. Беташар рәсімінің басты мақсаты «беташар әнінің» көмегімен жас келінге ақыл-кеңес беру, жаңа отбасының мүшелерімен таныстыру, осылайша жаңа отбасылық өмірге бейімдеу. Беташар рәсімінен соң келіннің шәй құю рәсімі өтеді. Мақалада беташар рәсімінің аймақтық ерекшеліктеріне талдау жасалады.
Ғылыми мақала Қазақстан жерінде құрылған алғашқы музейлердің коллекциялық қорының қалыптасуына арналған. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында құрылған Орынбор, Жетісу, Семей музейлерінің қор жабдықтау, есепке алу, ғылыми-зерттеу, музей заттарын сақтау барысындағы жұмыстарының негізгі бағыттары ғылыми тұрғыда пайымдалып, коллекциялық қорларының қалыптасу барысы мәселенің ашылуына арқау болды. Аталмыш музейлер жұмысының оңтайлы жолға қойылуында белгілі ғалымдар мен қызығушылардың еңбектері назардан тыс қалған жоқ. Мақаланың жазылу барысында мұрағаттық деректер мен мәселе төңірегінде жарық көрген еңбектер ғылыми айналымға қосылды.
ПАРТИЗАН ОТРЯДЫНЫҢ БАЙЛАНЫСШЫСЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ  – НҰРҒАНЫМ БАЙСЕИТОВА
Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Белоруссия партизан отрядының қатарында жау тылында ерлікпен шайқасып, Кеңестік Белоруссия территориясын азат етуге қатысқан Қызыл Жұлдыз орденінің иегері радиобайланысшы Нұрғаным Байсеитованың жауынгерлік өмірі деректік негізде баяндалады. Автор майдангер қазақ қызының архив қорында сақталған ғұмырбаянын және әскери құжаттар мен тарихи деректерді пайдалана отырып, байланысшы Нұрғаным Байсеитованың жауынгерлік ерлігін тарихи танымдық сипатта тұжырымдайды.
Түйін Мақала ауызша тарих мәселелеріне арналған. Маңғыстау облысына жүргізілген экспедиция материалдарына деректанулық талдау тәжірибелері жасалынады. Ауызша тарих сипатында орындалған бұл жұмыстар, халық жадындағы естеліктердің тарихи дерек ретіндегі мүмкіндігін көрсетеді. Мағлұматтардың аса байлығы, оның дәстүрлі қазақ қоғамын және ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихын зерттеудегі пайдалы ақпараттық рөлін дәлелдей алады. Авторлар ауызша тарихтың методологиялық, тарихнамалық және деректанулық сұрақтарын қамтып, осы дерек түріне қатысты өз тұжырымдарын ұсынады. Түйін сөздер: ауызша тарих, Қазақстан тарихы, шежіре, естеліктер, деректеме, тарихи жад
Мақалада Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің аймақтық ерекшеліктері мен толық зерттелмей келе жатқан тұстарына назар аударылады. Соның мысалы ретінде 1916 ж. Ыстықкөл-Шу ошағының үлкен орталығы болған Меркі көтерілісі және оның басшысы болған батыр Аққөз Қосанов туралы қарастырылады. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң, әсіресе Ыстықкөл-Шу орталығы, оның ішінде Меркі көтерілісінің тарихы ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы жазылған Т. Рысқұлов, Г. Бройдо, Асфендияров, т.б. еңбектерде және архив құжаттарында, құжаттық жинақтарда, кейбір ауызекi әңгiмелерде, жазба әдебиетте (Ш. Мұртаза) жазылғанымен, бұл мәселе арнайы зерттелмеген. Мәселені зерттеу қажеттілігі 2000 ж. басында академик М.Қ. Қозыбаевтың ұсынысымен қайта қолға алынып, арнайы зерттеле бастағаны айтылады.
The paper deals with some issues of the Soviet Muslims’ participation in the Soviet Union’s military conflicts (on the example of the Great Patriotic War and the war in Afghanistan). There was considered how the religious leaders and officials interacted, the history of the Religious Administration of Muslims of Central Asia and Kazakhstan (SADUM) formation during the Great Patriotic War, as well as the usage of Muslim soldiers in the Afghan war.
Данная статья посвящена исследованию вопроса взаимоотношений между скандинавскими странами и Золотой Ордой. Предметом данного исследования являются анализ данных скандинавских и русских источников относительно отношений между Золотой Ордой и Скандинавией. Целью работы является получение достоверных научных данных относительно взаимоотношений татар и скандинавов. Новизной данного исследования является сама постановка вопроса о взаимоотношениях скандинавских стран с Золотой Ордой. Сведения новгородской первой летописи о баскаке Амрагане и его роли в заключении мира с скандинавскими странами и немцами в 1269 г. Татары не принимали участия в шведско-новгородской войне 1348-1352 гг. Исторической реальностью есть золотоордынская дипломатическая миссия в Норвегию в 1286 г. Готландские анналы сообщали совершенно достоверную информацию о участии татар в Грюнвальдской битве. Контакты между Золотой ордой и Скандинавией были эпизодическими. Фактически они свелись только к татарскому посольству в 1269 г. Скандинавские народы и Золотая Орда напрямую не сталкивались в XIII-XV вв.
Қазақстанда әкімшілік-аумақтық жүйені өзгертуге қатысты Ресей империясының заңнамасы Г.Е. Өтепова, А.М. Садықова Аңдатпа. Мақалада XVIII-XIX ғғ. Қазақстан аумағында әкімшілік-аумақтық басқару жүйесін енгізу және өзгерту мәселелелері Ресей империясының заңнамалық құжаттары негізінде қарастырылады. Авторлар Қазақстанда әкімшілік-аумақтық басқару мәселелері бойынша империяның көптеген заңнамалық құжаттарын тереңірек талдау қажеттігін атап өтеді. Кілт сөздер: Заңнамалық құжаттар, Патша үкіметі, Әкімшілік-аумақтық жүйе, Генерал-губернаторлықтар, Қазақ жүздері, Қазақстан тарихы, Отарлау.