Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Macro- and Microhistory

Macro- and Microhistory

Бұл мақала Өзбекстан топырағында – қазақтардың киелі деп есептелетін жерінде жатқан Көктерек, Қарағашты, Жыланды аталар жайында. Бұнда Көктерек, Қарағаш әулиелердің қабірімен, ағаш культімен байланысты көне сенімдерден туындаған ырымдар мен ғұрыптар айтылған. Әруақ сыйлайтын қазақтардың ұғымында әулиенің рухы жануардың (жыланның) бейнесіне еніп, ауру-сырқауларға көмектесіп, жәрдем береді екен. Жылан туралы халықтың исламға дейінгі наным-сенімдері, халықтың тәжірибелері мен білімдері - материалданып ескерткішке айналуы Жыланды ата әулиеден анық байқалады, сондықтан жыланның тілін – ерекше қасиеттерін білген Жыланды атаға қатысты бақсылық, тұтынатын құралдардың да (бақан, темір заттар, найза) киелі мәнге ие болу себептері мақалада баяндалады. Түйін сөздер: әулие, ағаш, терек, киелі, жылан, топырақ, қабір, бақсылық, ғұрып, темір құрал, рәміз.
Таңбалар ежелден билік пен жеке меншіктің нышаны саналады. Таңбалардың маңызының ең артқан тұсы – құрамына көптеген ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктер енген ортағасырлық мемлекеттердің өмір сүрген уақыты. Олар таңбаларды әкімшілік-басқару, сыртқы саясат және басқа да мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру кезінде кеңінен қолданды. Ортағасырлық көшпелі халықтардың ең алдымен бәріне ортақ негізгі таңбалары және соны түрлендіру арқылы жасаған отбасылық және жеке таңбалар болды. Таңбалар қоғам мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын таныту үшін қойылды. Қазақтардың (және барша түркі түркі тілдес ұлттардың) этногенезін қалыптастырған бұл халықтардан бізге кең байтақ жер, аса бай тілмен қатар бойына ел тарихы үшін аса құнды ақпарат жасырған таңбалар мен белгілердің үлкен бір жүйесі мұраға қалды. Қазіргі археологиялық және этнографиялық далалық зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай таңба белгілер Қазақстанның барлық өңірлерінен, жартастардан, культтік-мемориалдық нысандардан, қыш ыдыстардан, теңгелерден, қару-жарақтар мен тұрмыстық бұйымдардан және т.б. табылуда. Бүгінгі таңда қазақ даласында орта ғасырларда өмір сүрген халықтардан қалған таңба белгілер бойынша көптеген құнды деректер жинақталып қалды. Олардың біразын зерттеушілер жеке-жеке ғылыми айналымға енгізіп те үлгерді. Дегенмен, олардың басын қосып, сұрыптап, жіктеп және деректану тұрғысынан талдау жасап, қордаланып қалған әдіснамалық мәселелерді шешуге қабілетті еңбек әлі де болса жарық көре қойған жоқ. Түйін сөздер. Таңба, белгі, орта ғасырлар, қазақ даласы, түркі халықтары, тайпалар, көшпелілер.
Мақалада қазақ халқының көшпелі дәстүрі отаршыл империя және кеңестік социализм әсерінен қаншалықты өзгергені және русификация үрдісі қалай жүргеніне талдау жасалады. Мақаланың негізгі бөлігі шетел тарихшыларының көзқарасымен баяндалады. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстандағы саяси өзгерістердің алғышарттарына назар аударылып, осы бағыттағы ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізіледі. Мақаланың хронологиялық шеңбері Қазақстанның Ресей бодандығына кірумен басталып, егемендік алу оқиғасымен шектеледі. Кілт сөздер: «индустрияландыру», «аграрлық революция», «отаршылдық», «интернационализм», «социализм», «ұжымдастыру», «егемендік».