Яндекс.Метрика
Главная » Материалы » Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер

ЕГІЗБАЕВА М.Қ.

Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 1

Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер
Теги: Этнос, ұлт, этнография, салт-дәстүр, баспана, киім, тағам.
Автор:
Түркі әлемі халықтарының этнографиясын жан-жақты зерттеу отандық этнология ғылымының басты бағыттарының біріне айналып отыр.
Содержание:
Татарлар ертеден әр түрлі кәсіптермен шұғылданған халық. Татар қолӛнершілері ӛз тәжірибелерімен қатар, Кавказ, Иран, Орта Азия халықтарының дәстүрлерін де қабылдаған еді. Соның нәтижесінде, оларда қолӛнердің алдыңғы қатарлы техникасы пайда болды. Қазіргі татарларда да сол ертеден келе жатқан дәстүр жалғасын тауып келеді. Татарлар шеберлерінің тіккен әшекейлі етігі, бас киімі, аяқ киімі, кестелі шашақты шәлі орамалы, тоқыма бұйымдары, күмістен, алтыннан істеген зергерлік бұйымдары Ресей империясынан тыс жерлерде де жоғары бағаланып, сұранысқа ие болды. Тері, жүн ӛңдеу кәсібі дамыды. Татарлардың кӛршілес халықтармен арасындағы этномәдени байланыс әсіресе, Сібір татарларының киімдерінен анық байқалады. Сібір татарлары ертеден киімдерін қой жүнінен тоқылған және Орталық Азиядан саудагерлер әкелген маталардан тікті. Сонымен қатар, кӛрші отырған орыстардан алынған кенеп маталарды да қолданды [1, 119-124 бб.]. Тігін машиналары пайда болғанша татар әйелдері киімді қолмен тікті. Матаның сапасы сол отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Барлық жастағы ерлердің негізгі сыртқы киімі камзол болды. Әдетте оны муытыдан, тізеден тӛмен етіп, белін қынамалап, тік жағалы, 5-6 түймеге түймеленетін, бір ӛңірлі етіп тікті. Камзолды астарлады, алайда сырылып тігілмеді, жан қалталары болды. Татарларда қысқа жеңді камзолдра да болды, оны бешмет деп атады. Ауқатты татарларда мақтамен сырылып тігілген жылы камзолдардың жағасы және оның сол жақ ӛңірі құндыз, елтірі және т.б. бағалы аң терілерімен жұрындалды. Олардың мерекелік камзолдары әр түрлі сортты қамқа және басқа ақ түсті маталардан тігілді. Далалық жұмыстар кезінде кӛйлек пен шалбардың сыртынан татарлар кенептен тігілген шабыр деп аталатын жеңіл киімді киді. Пішіні жағынан ол камзолмен бірдей болды. Татарлар бұл киімді дәстүрлі ұлттық киім деп санады, бірақ киімнің мұндай түрі Саян-Алтай халықтарында да кездеседі. Татарлар жүн ӛңдеу, материал дайындау, киім тігудің әр түрлі техникаларын меңгерді. Жүннен цикмэн деп аталатын киімді тоқыды. Оның формасы камзолға ұқсас болды, алайда камзолдан ұзын, тік жағалы, етегі кең болды және сол жағына қарай қалың теріден жасалған 4-5 түймеге түймеленді. Белі жүннен тоқылған белбеумен буылды. Сыртқы жылы киімдердің барлығын татарлар тун деп атады. ХХ ғ. 30 жж. дейін татарлар арасында мақтамен сырылып тігілген, тік жағалы, кейде жағасы аң терісімен жұрындалған сырт киімнің түрі кең тарады. Бұндай киімнің түрін татарлар пирэцэ деп атады. ХІХ-ХХ ғ. басында татарлар арасында қой терісінен жаслған ұзын және қысқа тондар танымал болды. Оның жағасы болмады, 4-5 түймеге түймеленіп, белі белбеумен буылды. Ауқатты татарлар, саудагерлер, ірі мешітердің моллалары түлкі немес қасқыр терісінен тігілген тондарды киді. Алыс жолдарға шыққанда қой терісінен жүні сыртына қаратылып тігілген тұлыптарды киді. Тұлыптар ит және ешкі терісінен де тігілді. Ерлерге арнап тері шалбалар да тігілді. Мерекелік киімдер қымбат маталардан дайындалды. Бұндай киімдердің қатарына шапандар жатты. Оны ауқаттылар қамқадан тгіп киді, ал кедейлер тіктен киді. Шапандарды олар діни мерекелер кезінде мешітке барғанда киді. Мерекелік киім ретінде татар әйелдері бүрмелі кӛйлектерді киді. Бүрмелер кӛйлектің әр түрлі жерлеріне әр түрлі мӛлшерде тігілді. Жасы үлкен әйелдердің кӛйлегінеің етегіне бірнеше қатар ұсақ бүрмелер салынды. Кӛйлектің сыртынан әйелдер камзол киді. Ол ерлер камзолынан етегінің кеңдігімен ерекшеленді. Татар әйелдері камзолды үнемі киіп жүрді. Әйел камзолдары қамқа, барқыт, атластан тігілді. Ерлер мен әйелдердің киімі қарастырылып отырған кезеңде әр түрлілігімен ерекшеленбеді. Еркектер қыстан басқа айларда етік киіп жүрді. Оның ішінен жүннен тоқылған шұлықтар киді. Татарлар ертеден ичиги деп аталатын қысқа етіктерді киді. Ол қой немесе ешкі терісінен тігіліді және жұмсақ табанды болды. Оның сыртынан ерелер де әйелдер де теріден жасалған, қатты табанды аяқ киім кенкэні киді. Қысты күні ерлерді де әйелдердің де аяқ киімі пима болды. Жасы ұлғайған адамдар қыста киіз калоштарды киді, ол пиманың қысқа түрі болды. Суық күндері татарлар қой жүнінен тігілген және тері қолғаптар киді. Ер адамдардың негізгі бас киімі тақия болды. Тақияның екі түр болды: бірі – жартысфера тәріздес болса, екіншісі кэлэпуш – тӛмен жайпақ тӛбелі, конус тәрізді бас киім. Тақияның екінші түрін қара түсті барқыттан тікті. Қысты күні малақайлар киді. Әйелдердің негізгі бас киімі орамал болды. Суық күндері жұқа ормлдардың сыртынан фабрикалық немесе қолдан тоқылған жүн шәлілер тақты. Ормалдың сыртынан татар әйелдері жиі бойы еркектердікімен салыстырғанда жіңішкерек, аң терісімен жалпақ етіп жұрындалған бас киімдерді киді. Татар әйеледрінің мерекелік бас киімдеріне әр түрлі қалпақтар жатты. Соның бірі сарауц болды. Сарауц – тұрмыстағы әйелдердің диадемаға ұқсас бас киімі. Бас киімнің бұл түрі қымбатқа түсті және оны ауқатты отбасылыраның әйелдері ғана киді [1, 119-124 бб.]. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында татарлармен араласу барысында қазақ әйелдерінің дәстүрлі киіміне де ӛзгерістер енді. 1897 жылғы санақ бойынша татарлардың саны 9,9 мыңға жеткен Семей ӛңірі - қазақтар мен татарлардың этномәдени сабақтастығын айқын кӛрсететін аймақ. Мәселен, ҚР МОМ қорлары мен жеке семья архивтерінен татарлардың ұлттық киімін киген Семей қазақтарының фотосуреттерін кездестіруге болады (1-сурет). Сондай- ақ керісінше, қазақтың дәстүрлі киімінің элементтері бар киім киген татарлардың да фотосуреті бар (2-сурет). ХХ ғ. басында Шығыс Қазақстандағы әйел кӛйлектерінің пішілуі татар әйелдерінің кӛйлектеріне ӛте ұқсас болып келді. Сондай-ақ, сәннің татар ұлттық түріне «кысмалы күлмәк» жатады. Бұл кӛйлек түрінің белі біршама жоғары орналасқан, артқы етегі ұзын, перделеніп ӛңделген. ХХ ғасырдың басында кӛйлектің аталмыш жаңа стилі әйел адамға, әсіресе қаладағыларға әдемі жаңа реңк берді. Кӛбінесе кӛйлектің бұндай түрін ауқатты қазақтар татар тігіншілеріне тапсырыс беріп тіккізген. ХХ ғ. басында қазақ халқының киімінің ӛзгеріске ұшырауының бір белгісі – сәнге татар үлгісіндегі тік жағалы кӛйлектердің енуі еді. Ол кең, тұтас пішілген дәстүрлі кӛйлектерді сәннен ысырып шығарды. Тікжағалы кӛйлектер мен жейделер ӛзбек халқының арасында «ноғай кӛйлек» немесе «қазақы» деп аталды [2, 22 б.]. Татар халқында зергерлік ӛнер де жоғары деңгейде дамыды. Волга-орал татарларының зергерлік ӛнері ХVIII-XIX ғ. ортасында ӛзінің гүлденуінің жоғары деңгейіне жеткен еді. Оның қайнар кӛзі Волга Булгариясы және Алтын Орда қалалары, кейінгі татар хандықтары, әсіресе Қазан хандығы зергерлік ӛнер дәстүрлерімен тығыз байланысты болды. Ертедегі тарихи және сауда, этномәдени байланыстардың нәтижесінде татар зергерлік ӛнерінің техникалық әдістері жергілікті фин-угор және славян халықтарының дәстүрлерімен сусындады. Славян, әсіресе орыс ӛнерінің әсері XVI-XVII ғғ. күшейе түсті. Алайда, шығыстың әсері одан да күштірек болды, ол IX-X ғғ. Шығыс пен Европа арасындағы сауданың күшею кезеңіне сәйкес келеді [3, 90 б.]. Зергерлік ӛнердің ежелгі және ірі орталығы Қазан мен Қазан маңындағы аудандар болды. Қазан-татар зергерлерінің ӛнімдері әйел киімдерінің әшекейлерімен байланысты болды. Татар зергерлері зергерлік ісінің барлық технологиялық үрдісін меңгерген еді. Әшекейлерді жасау үшін негізінен күмісті қолданды, тӛмен сапалы күмістер қарапайым халық үшін пайдаланылса, жоғары сапалы, алтындалған күмістер ауқатты, жоғары топтың ӛкілдеріне арналды. Қола және қалайы ӛте сирек қолданылды. Зергердің құралдары ӛте қарапайым болды. Олар кӛрік, егеу, қысқыш, кескіш, қайшы, балға, атауыз, тӛс сияқты саймандардан тұрды. Татар халқының зергерлік ӛнерінде ӛсімдік тектес ӛрнектерге кӛп кӛңіл бӛлінді, геометриялық ӛрнектер сирек қолданылды. Зооморфтық ӛрнектер тірі жан иелерінің бейнесін салуға тиым слатын ислам қағидаларына байланысты тіпті сирек пайдаланылды. Қазанның ертеден келе жатқан зергерлік ӛнерінде шекіме (чеканка) – чуку техникасы кең тарады. Шекіме техникасын қолдана отырып, татар зергерлері негізінен әйел әшекейлерінің салпыншақтары, білезік, ілгектерді дайындады. Қазан хандығы кезеңіндегі жаға ілгектерінде қой басының бейнесі кездеседі. Бұл сарын Орталық Азия және Қазақстан зергерлерінің ӛнерінде кеңінен қолданылады [4, 5 б.]. Татар зергерлері оймыштау (гравировка) және құйма (литье) техникалық тәсілдер де кеңінен қолданылды. Құйма салпыншақтар, әр түрлі әшекейлер жасау үшін қолданылды. Сол кездегі рубль ақшалар қайта ӛңделіп, мойын- кеуде және басқа арналған татар әйелдерінің әшекейлерінің элементтерін құрады. Оймыштау техникасының сарыны ретінде ислам дәстүрімен келген «игілік тілеуші» жазулар жиі қолданылды. Оймыштау әдісі қаралау әдісімен қатар жүрді.Зергерлік бұйымдар дайындауда асыл тастарды, топаз, жасыл ақық, сары түсті асыл тас (сердолик), кӛгілдір ақық (бирюза), аметист, яшманы да қолданды. Олар әдете бұйымның бетіне жапырақ түрінде қондырылды. Тастарды зергерлер орал кеншілерінен сатып алып отырды. Ауылдық жерлердің зергерлері дәстүр бойынша жалғы жұмс істеді және ӛзінің шеберлігін балаларына немесе жақын туыстарына үйретіп отырды, кейде бірнеше оқушылар ұстады. Мұндай шеберлер тек тапсырыс алып отырды, бағасы күміс, ақша немесе бидай, малмен ӛлшенді [5, 207-213 бб]. Татарларда кең тараған кәсіптің түрі – ағаш ӛңдеу болды. Татар ауылдарының барлығында дерлік үй, мешіт, қоғамдық және шаруашылық құрылыстарын салумен айналысатын ағаш ұстасы болды. Шеберліктері мен еңбексүйгіштіктерінің нәтижесінде олар кӛршілес халықтардың арасында да құрметке ие болды. Әсіресе, жиһаз, үй және асүй заттарын жасау кең етек алды. Мәселен, Қазан татарлары, оның ішінде Мамадыш уезінің ауылдарында ортаазиялық киіз үйлерге арналған мыңға жуық ағаш есіктер жасалынды. Сонымен қатар, ағаштан ыдыс-аяқ, оның ішінде шелек, кеспек (кадка), күбі, шыны (кесе) жасау да жоғары орында болды. Орта Волга бойы және Кама маңы ертеден ірі кӛлік орталығы болды. XVIII-XIX ғғ. осыған орай, әсіресе Қазан губерниясында, арба, шана және т.б. жегу әбзелдерін жасау ісі гүлденген болатын. Мұнда шеберлердің бір бӛлігі қамыт, ер, шана табаны, доңғалақ тоғыны және т.б. жасаса, екінші бӛлігі дӛңгелек, ал үшінші бӛлігі шана, арба, тарантасты құрастырып жасаумен айналысты. Кӛптеген татарлар қабық және жӛке жинап, оны ӛңдеумен айналысты, одан аяқ киім (чабата), себет, үй жиһаздары, тарантастың жоғары бӛлігін тоқыды, арқан ӛрді. Чабата деп аталатын аяқ киімнің түрін тоқу кең етек алды. Чабата деген сӛз тері аяқ киім деген мағынаны білдіреді. Алайда зерттеушілердің пікірінше, оның формасы мен дайындалу технологиясы мордва және чуваш халықтарынан алынған. Татар халқының аяқ киімінің бұл түрі әсемдігі жағынан орыс халқыныкіне жетпесе де, ӛзінің ыңғайлылығымен және арзандығымен орыс шаруалары және басқа да кӛршілес халықтар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Татар халқында кең таралған кәсіптің түрі – тері ӛңдеу ісі болды. Себебі, І Петрдің Қазанда тері ӛңдеу мануфактурасын ашуы кездейсоқтық емес еді [5, 13 б.]. Ӛңделген терінің кӛбі аяқ киім тігу үшін қолданылды. Ауыл қолӛнершілері күнделікті киетін қарапайым аяқ-киімдер: тері галош, туфли, етіктер жасады. Алайда татарлар жұмсақ, жұқа былғарыдан (юфть және сафьян) тігілген ӛрнекті аяқ-киімдерімен әйгілі болды. Түрлі түсті былғары қиындылары жібек немесе металл тәріздес жіптермен ӛрнектеліп тігілді. Ашық түсті, әдемі оюлармен ӛрнектелген етіктер мен туфлилер тек татар қоғамының ауқатты топтары арасында жоғары сұранысқа ие болып қана қойған жоқ, сондай-ақ, мұндай аяқ-киімді орыстар да киді, оны Сібір, Орта Азия, Кавказ, тіпті Ресейден тыс жерлер Англия, Францияға да жеткізіліп тұрды. Мәсі (ичик) ӛндіру ісі Қазанда және татар ауылдарында ерте кезден дамыды. 1988 ж. археологиялық қазба жұмысы кезінде Қазан кремлінен оюланған тері аяқ киімнің фрагементі табылған. Соған қарап зерттеушілер мәсі ӛндірісін Қазан хандығының тұсынан бастап пайда болуы мүмкін деп пайымдайды [6, 37 б.]. Жалпы татар мәсілерінің жалғыз әшекейі – қонышындағы жалғыз немесе қызыл теріден жасалған қайырмасы бар, бір түсті қара мәсілер және «каюлы читек» яғни, жоғары сапалы түрлі түсті теріден дайындалған, ӛсімдік оюы фрагменттерімен ӛрнектелген әйелдің ӛрнекті мәсілелері сияқты екі түрі болды [7, 81-83 бб.]. Егер аяқ-киімнің бірінші түрінің ерекшілігі аз және түркі-моңғол халықтарының кӛбіне тән болса, ал оюлы аяқ киім сӛзсіз татар аяқ киімінің ерекшелігін кӛрсетеді. Сондықтан да қазақтардың арасында мәсінің (ичиг) оюланған түрінің таралуы татарлармен байланысты деуге болады. Қазақ мәсілерінің татардікінен айырмашылығы – қазақтар мәсіні маусымдарға байланысты етікке ұқсастырып тіге бастады. ХІХ ғ. аймақтан тыс жерлерде (Орта Азия, Қазақстан, Сібір) үлкен сұранысқа ие болған оюлы аяқ киімді сыртқа шығаратын татар кәсіпкерлері мен саудагерлеріне кәсіптің бұл түрі үлкен табыс әкелді [7, 81 б.]. Татар халқының қолӛнер кәсіптерінің ішінде жүн ӛңдеу, оның ішінде жүн сабау және киіз басу да жоғары деңгейде дамыды. Мұндай шеберлер барлық ауылдарда болды. Киіз, киіз етік, пима, киіз қалпақ дайындауда татар шеберлері жоғары деңгейде болды. Мәселен, қызыл жіптерден ӛрнек салынған қара және ақ пималарды кӛршілес отырған барлық ұлттардың ауқатты адамдары киді. Тағы да бір маңызды кәсіптің түрі тоқымашылық болды. Әсіресе ол волга-орал татарларының арасында кең тараған еді. Сібір татарларының тұрмысында тоқымашылық тӛмен деңгейде болды. Ал Астрахань татарлары қоршаған табиғи-географиялық ортаның жағдайына байланысты кәсіптің бұл түрімен мүлде шұғылданбады. ХІХ ғ. қолдан тоқылған маталардың орнына фабрикалық маталарды қолдану тек қалалар мен оған жақын орналасқан ауылдарда ғана тарай бастады. ХХ ғ. 20 жж. дейін қолдан тоқылған маталар татар ауылдарындағы киім тігудің негізгі қоры болды. Тоқымашылық үшін басты материал ӛсімдік (зығыр, канапля), кейде мал ӛнімдері (жүн) болды. Ғасырлар бойы қордаланған халық тәжірибесі нәтижесінде талшықты ӛңдеудегі техникалық әдіс-тәсілдермен қоса, әр түрлі еңбек құралдары мен саймандар дамып, жетілдірілді. Зығыр мен канапляның сабақтарын ұсақтау үшін талқы деп аталатын әр түрлі формадағы құрал пайдаланылды. Кӛбінесе кӛлденең орналасқан тақтай талқылар қолданылды. Талшықты жуып болғаннан кейін оны каккышта түтіп, тазалады, одан соң темір тістері бар тарақпен тарады. Қой жүнін иірмес бұрын қоқыстан тазалап, жүн сабайтын құралмен сабады. Зығырдан жіптерді тартып шығару үшін каба және шығыр деп аталатын ұршық түрлері қолданылды. Ұршықтағы дайын жіпті киләп ағашқа орап алды. Дайын болған жіптерден тоқу станогында мата тоқып шығарды. Осындай жолдармен дайындалған маталар сапасы жағынан ғана емес, сонымен қатар, дайындау техникасы, ӛрнегі және қолданысына да байланысты алуан түрлі болды. ХІХ ғ. ортасына дейін киім тігуде негізінен үйде тоқылған кенеп пен мауыты болды. Зығырдан тоқылған ақ кенеп мата киім тігуде кеңінен қолданылды. Одан ерелер мен әйелдердің кӛйлектері, шалбарларын тікті. Ақ кенеп матамен қатар, боялған маталар да кеңінен қолданылды. Әсіресе, кенепті кӛк, кейде қызыл түстерге бояйтын. Кӛк түс және оның басқа да түрлері татарлардың барлық топтарында кездесті. Бұндай маталардан ерлер мен әйелдер кӛйлектері – буяу күлмәк тігілді. Кӛк түсті дӛрекі кенеп матадан ерлердің сыртқы шалбарлары тігілді. Қызыл түске боялған маталар әйел кӛйлектерін тігуге арналды. ХІХ-ХХ ғ. басында түрлі түсті жолақты кенеп маталар (алача) киім тігу және күнделікті тұрмыстағы заттарды дайындауға қолданылды. Мұндай маталардағы жолақтар түсі адамның жынысы мен жасына байланысты болды. Ерлер киімі үшін ұсақ жолақты маталар қолданылды, ал әйелдердің кӛйлегіне ірі ӛрнекті, жалпақ қызыл жолақ сары, кӛк жіңішке жолақтармен үйлесім тапқан маталар қолданылды.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 6429

Нет рецензий

Скачать файлы

tatar_.jpg 0.07 MB

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЭЛИТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті УДК 323.15(574) ИСТОРИЯ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ, МЕЖКОНФЕССИОНАЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН, ВКЛЮЧАЯ ИСТОРИЮ НАИБОЛЕЕ КРУПНЫХ ЭТНОСОВ: ОСН ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф ӘОЖ 391.745/749 Түркі және славян халықтарының әдет-ғұрыптарындағы ұқсастықтар (қазақ және орыс халықтарының негізінде) ТРАДИЦИОННАЯ МОЛОЧНАЯ ПИЩА КАЗАХСКОГО НАРОДА ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚТАР: ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ ҒТАМР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

Статьи автора

Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер