Яндекс.Метрика
Главная » Материалы » «МОҢҒОЛ ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕСІ» ЖАЗЫЛҒАН УАҚЫТЫ ЖАЙЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ПІКІР ТАЛАСТАРЫ

Е. КАЛЕМШАРИВ, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2 курс магистранты

«МОҢҒОЛ ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕСІ» ЖАЗЫЛҒАН УАҚЫТЫ ЖАЙЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ПІКІР ТАЛАСТАРЫ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(10), 2017

Теги: Шыңғысхан., Игорь де Рахевильц, моңғолдар, тарихнамалық ескерткіш, Моңғолдың құпия шежіресі
Автор:
Мақалада «Моңғол құпия шежіресінің» жазылған нақты уақыты жайлы шетелдік Қытай, Корей, Ресей, Жапон т.б. шетелдік ғалымдардың 1901-2007 жылдар аралығындағы зерттеулері, болжамдары және алуан түрлі пікірлеріне назар аударылған. Тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың ішінде Австралиялық ұлттық университетінің профессоры Игорь де Рахевильц және Индиана университетінің доценті, Орталық Азия зерттеулері Адъюнкт доценті Кристофер П. Этфуудтың көлемді жұмысы қарастырылған.
Содержание:

«Моңғол құпия шежіресі» кейде «Юан Чао Би Ши» - Юан патшалығының құпия шежіресі – атты жазба мұрасының нақты жазылу уақыты жайлы әлі күнге дейін пікір таластар жалғасуда. Ғалымдар бұл мәселе жайлы негізгі ой пікірлері және болжамдарының көбінің бастауы төмендегі 282 тараушаға негізделген.

«282. Үлкен құрылтай болған тышқан жылдың тамыл-жыған (тамыз) айында Керліннің Көде аралының Долон бұлтығы мен Сілкінсек екеуінің арасында хаған ордасы қонып жатқанда тәмәданды» [1, 206-б.].

«282. Их хуралдаан болж, хулгана жилийн хуран (долдугаар) сард Хэрлэний Хөдөө арлын Долоон болдог, Шилхинцэг хоёрын завсар хаан орд бууж байхад бичиж төгсгөв» [2. 254-б].

«282. [We] finished writing [this History] at the time of the Great Assembly, in the Year of the Rat and the Month of the Roebuck, when the palaces were being set up at Dolo’anboldaq of Köde’e-aral on the Kelüren [River] between two [places called] Shilginchek» [3, 279-б].

Түркілердің күнтізбесіндегі 12 мүшел жыл есебі бойынша тышқан жылы дегеніміз 1228, 1240, 1252 және 1264 жыл. Осы жылдарға байланысты көптеген болжамдар және пікір таластардың негізгілеріне тоқтайық.

1228 – тышқан жылы. Шыңғыс хан 1227 жылы қайтыс болғаннан кейін 1229 жылы ұлы құрылтайда Үгедей хан таққа отырған. Ұлы құрылтай Керулен өзеніндегі «Хөдөө» деген аралында орын алған, осыған негізделе, Дин Цянь 1901 жылы сол кезде жазылған деген пікірді айтқанымен алғаш рет ғылыми талқылауға Уэмура Сейджи әкелген. Дин Цянь пікірінше «МҚШ» авторы, Үгедей таққа отырған кезеңдегі оқиғларды жазғанда тараушадағы уақытты түзетуді ұмытып кеткен. Осы болжамды қолдаушылар Игорь де Рахевильц, Герхард Доерфер, Пол Ратченевский т.б. себебі ұлы құрылтай сол кезде шынымен орын алғаны жайлы жазбаша дәлелдер болған.

1240 – тышқан жылы. Бұл Үгедей дүниеден озар алдындағы жыл (11 желтоқсан 1241 жылы).Моңғол құпия шежіресінің 269-281 тараушалыры Үгедей хан жайлы жазылған. Осығын негізделе 1240 жылы жазылған деген болжамға жалпылай Қытай, Жапон, Орыс, Моңғол және Батыс ғалымдары қосылады. Зерттеушілердің көбісі соңғы тараушадағы уақыт «МҚШ» толығымен байланысты деп қарастырады. Бірақта Нака Мичио және Ишиама Джунтаро ойы бойынша кітаптің алғашқы 10 бөлімі Шыңғыс хан кезінде жазылған ал қалған Үгедей хан жайлы жызылған екі бөлім, кейінен 1240 жылы қосқан деген пікір келтіреді. Игорь де Рахевильц 1965 жылы жазған мақаласында «Шыңғысхан жайлы жазылған он бөлім (1-268 тараушалар) және Үгедей жайлы жазылған екі бөлім (269-281 тараушалардың) арасындағы стилистикалық өзгешілікті білікті лингвист салыстырмалы стилистикалық талдау жасаса көптеген сұрақтарға жауап табылады» [4, 205-б.].

1252 – тышқан жылы. Француз ғалымы Рене Груссе 1941 жылы жоғарыда көрсетілген болжамдарға қарсы шығады. Рененің пікірінше 255-ші тараушада Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төленің ұрпағы таққа иелік ету тиісті екенін меңзеп жазған, Мөңке 1251 жылы таққа отырған. Сонымен қоса  281 тарауша Үгедей ханның соңғы сөздері ретінде оқылатынын айтқан. Груссенің болжамы Пеллиоттың назарын аударған дегеніменде өзінің 1240 – тышқан жылы деген ойын өзгертпеді. Себептері: 1) Төле ұрпағының ниеті Үгедей 1241- ші жылы қайтыс болмас бұрын белгілі болған; 2) «Юань-шида» 1240 және 1252 жылдарында Керулен өзені маңында Ұлы құрылтай болғаны жайлы деректер жоқ. Индиана университеті профессоры Кристофер П. Этвуд өзінің 2007 жылы жазған өте көлемді мақаласында, көптеген жылдар бойы жиналған ақпартарды зерттей, «МҚШ» талдау жасай келе 1250 жылдан кейін жазылған деген қортындыға келген [5, 43-б.].

1264 – тышқан жылы. 1951-ші жылы профессор Уиллиам Хунг Моңғол құпия шежіресі жайлы маңызды еңбек жарыққа шығарды.Бұл еңбекте бұрынғы болжадамдарды қарастыра келе жаңа ойға келген. Хунг француз ғалымы Груссенің 255 және 281-ші тараушаларға негізделген болжамына келіседі. Бірақта Хунгтың пікірінше соңғы тараудағы тышқан жылы – 1264 жыл деген өз болжамын 247-ші тараудағы географиялық атауға сүйене келе жазған. Бұл тарауда, «Сюнь-де-фу» деген географиялық атау екі рет қолданылған. Хунг айтуынша бұл географиялық атау «Хцуан-те Чоу» деген атпен Қытай Моңғолдар билігі астына көшпес бұрын аталған және кейінде осылай аталғаны және тек 1263 жылы 7-ші қыркүйектен бастап «Сюнь-де-фу» болып аты өзгертілген жайлы құжаттарда бар. Осы дәлелдерге негізделе келе Хунг Моңғол құпия шежіресі 1964-ші жылы жазылғанына сенімді. Хунтың теориясы Антуан Мостертте «МҚШ» шыныменде 1964-ші жылы жазылған болса Үгедей хан қайтыс болғаннан тыс көптеген маңызды оқиғаларды неге жазбаған деген сұрақтарды тудырған. Б. И. Понкратовтың ойыда осы.

Кейінгі жылдары Хунгтың интерпретациясын қолдайтын жаңа зерттеулер пайда болды. Мәселен Артур Уайлей және доктор Гари Ледиардтың 1960 және 1964-ші жылы жазған мақалалары.Бұл мақалада Уайлей бұрын жазылған Нака Мичионың 274-ші тарауға байланысты байқауларына назар аударған. Осы тарау Кореяда тек 1258-ші жылы орын алған Моңғол әскерлерінің әрекеті жазылған. Нака кейінен бұл тараудағы ақпарат күмән тудыратынын жазған.Уайлей болса «МҚШ» XIII ғасырдың ортасында жазылған деген ойға тоқтаған.Г. Ледиард 274-ші тараушаға негізделе 1258-ші жылдан бұрын жазылған деген ойға келген және ең ерте дегенде 1964-ші жыл жазылған болу мүмкін деген пікірге қосылған.

Профессор Л. Легетидің «МҚШ» Венгр тіліндегі аудармасы 1962-ші жылы Уайлейдің мақаласынан кейін, Гари Ледиардтың зерттеуінен бұрын жарық көрген. Легетиге Уайлейдің мақаласы қол жетімді болғанымен, ол мақала ішіндегі Наканың пайымдаулары мен тұжырымдарымен Легети таныспағанын байқамыз.Ол Мостерттің, Хунгтың пікіріне байланысты айтылған сөздеріне келіседі және соңғы тараудағы, тышқан жылы 1264-ші жыл болуы мүмкін емес, о құрылтай болған жайлы ешқандай ақпарттың жоқтығы дәлел деген. Дегеніменде, Груссеткеде қосылады, себебі кейбір ақпарат алдын ала жазылғанына қарай кейінгі жаңа нұсқасына қосылған. Легети ойынша «МҚШ» бүгінгі бізге жеткен нұсқасы Мүңке ханның таққа отырғанға дейінгі Шыңғыс ханның ежелгі өмір баянымен бірге сақталған. Сол себепті кітаптың толық нұсқасы 1252-ші жылы жазылып аяақталған, ежелгі нұсқасы 1228-ші жыл жазылған. Наканың маңызды байқауына Легети назар аудармай, 1264-ші жылды назарынан тыс қалдырғандықтан, болжамын қабылдау қиынға соғады. Қазіргі кезде Корея жайлы 274-ші тараушада жазылған ақпаратқа негізделе келе 1264-ші тышқан жыл ең үйлесімді. Дегеніменде бұл жылдың үйлесімділігіне байланысты сұрақтар туындайды.

Хунгтың теориясы жайлы айтқан Мостерттің сыны – «МҚШ» 1264-ші жылы жазылған болса Үгедей ханның өлімі неге жазылмаған?

Неге бұл еңбектің аты қарапайым түрде «Шыңғыс ханның ата тегі» тек кітаптің басына үйлесімді қойылған?

Хөдөө аралда ұлы құрылтай болған болса неге «Юань-шида» ешқандай ақпарат жазылмаған?

Ледиард бірінші сұрақтың жауабын беруге тырысқан.Мостерттің сынына жауабы: «МҚШ» жазған автор тек Шыңғыс хан кезеңін жазып Үгедей хан билік еткен кезеңімен аяақтағандықтан оның өлімі жайлы жазудың қажеті болмаған. Оған қоса автор әдейі өлім жайлы жазбаған болу мүмкін. «Sheng-wu ch’in-cheng lu» (Данышпан әскери императордың жеке науқандары жазбасы) атты еңбекте Шыңғыс хан өлімі жайлы ақпарат өшірілген, тек Үгедей хан таққа отыру жайлы жазбаның басында меңзеп жазған.Шыңғыс ханның өлімі жайлы тікелей жазу және айтуға тыйым салынған секілді, Үгедей ханның өлімі жазылмаған болу әбден мүмкін. Атақты моңғол танушы және синолог Профессор Игорь де Рахевильц Ледиардтың тұжырымына келіспеген. Игорь де Рахевильц мақаласында «Шыңғыс ханның өлімі табу болғанына еш қандай күмән жоқ, сол себепті Моңғол құпия шежіресінде 268-ші тарауда тарауда қайтыс болды дегеннің орнына «тэнгэрт халив» – тәңірге көтерілді, деген эвфемизм қолданылған. Егерде Үгедейдіңде өлімі табу болған болса біз сол секілді Үгедейдің қайтыс болуы жайлы Шыңғыс ханға байланысты жазылғандай оқушы едік. Ледиардтың жазғаннындай автор Үгедей билік құрған кезінде кітапті аяақтаған болса оған дәлеле ретінде «Sheng-wu ch’in-cheng lu» (Данышпан әскери императордың жеке науқандарының жазбасы) – на сүйенуге келмейді» [4, 192-б.].

Кітаптың аты жайлы мәселені шешу үшін Ишиама Джунтаро жаңа теория айтады. «Cinggis Qa 'an hujaur» (Шыңғыс ханның ата тегі) – кітаптің алғашқы он бөлімінің аты, ал қалған екі бөлімі болса Үгедей хан жайлы кейінірек қосылған деген.Хунг болса кітаптің соңғы екі бөлімі Шыңғыс хан жайлы ақпараттың жалғасы деп сын айтқан.Шыныменде кітаптің бөлімдерге бөлінуі кейінірек Мин әулеті кезіндегі редакторлар жасаған және оның алғашқы түп нұсқаға ешқандай байланысы жоқ.Осы себеті Ишиама болжамы жоққа шығарылды бірақта кітапің аты жайлы мәселе әлі шешімі табылмаған.

Жоғарыдағы екі сұрақ маңызды болғанымен негізгі емес. Моңғолдардың он үшінші ғасырдағы дәстүрі бойынша ең маңызды іш шара, ұлы құрылтай болған жайлы «Юань – шидан» басқа ешқандай еңбектерде жазылмаған. Осыған негізделе Пеллионың Груссеттің тезисіне, Легеттидің Хунқа қарсы айтқан сынына негіз. 1264-ші тышқан жылы ұлы құрылтай болмағанына басты дәлел өте мұқиат ақпараттар жазылған Құбылай ханның жазбаларында ешқандай ақпарат болмағанында. Оған қоса ұлы құрылтай Хөдөө аралда болған. Бұл қасиетті жерде Шыңғыс ханның ордасы болған және оның мұрагері сайланған. Осындай қасиетті жерде орын алған қандайда болсын маңызды іш шара жайлы ешқандай ақпарат, жазба деректерде жоқ болуы мүмкін емес. Ұлы құрылтай сол жылы болмағанына Құбылай ханның 1264-ші жылы (тышқан жылы) наурыздың 27 – қыркүйектің 22 аралығында өзінің жазғы резиденциясы Шанг-туда болғаны дәлел. Хунг осы дәлелге тоқтасада Құбылай хан Хөдөө аралда өзінің бауыры Арықбұғамен бейбітшілік келісімге келу үшін ұйымдастырылған, бірақта жазылмаған жасырын құрылтайға шілденің 25 – тамыздың 22 аралығында қатысқан болуы мүмкін.Бұл ойыда жоққа шығарылған себебі жазбаларда 1264-ші жылы 7-і қыркүйекте Арықбұға және оның соңыннан ерушілері Құбылай ханның жазғы ордасы Шанг-туға келіп бас игені жайлы жазылған және бұл оқиға орын алғаны мұқиат жазылған.

  Жоғарыда келтірілген теориялар және соңғы Хунг пен Ледиардтың  пікірлердің жиыны күмән тудырады. Осыларға негізделе келе Игорь де Рахевильц төмендегідей қортындыға келген. «Біріншіде 1240, 1252 және 1264 жылдары ұлы құрылтай болғаны жайлы Юань – шида ешқандай ақпарат жоқ. Екіншіде 282-ші тараушада жазылған Хөдөө аралда тышқан жылы Үгедейді таққа отырған ұлы құрылтай, Дин Цян жоғарыда айтып өткендей 1228-ші жылы шілде айында өткен. Үшіншіде «Cinggis-qahan-u huja’ur»  (Шыңғыс ханның ата тегі) жайлы тарау оның 1227-ші доңыз жылы “тәңірге көтерілді” дегенімен аяақталған. Төртіншіде, Үгедей хан жайлы жазылған 269-281-ші тараушалар Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін 1258-ші жылы Минг кезеңінде Шыңғыс ханның ата тегіне қосылып жазылған. Бесіншіде, 282-ші тарауша «Шыңғыс ханның ата тегінен» алынып кітаптың аяғына көшіріліп жазылған» [4, 193-б.].

Оған қоса «МҚШ-де» - «Шыңғыс ханның ата-тегі» 1-268 тараушалар 1228-ші жылы жазылған болса Хунг пен Груссет меңзеген тараушалар оның кейінен жазылған екенін көрсетпей ма? – деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабы, теориялардың бәрі 1228-ші тышқан жылын меңзеп тұрған ақпараттар «МҚШ-дегі» Үгедей ханға байланысты жазылған тараулар және Шыңғыс хан жайлы жазылған  247 және 255-ші екі тараушаға негізделген ақпараттар.Жоғарыда Игорь де Рахевильц көрсеткендей Үгедей ханға байланысты жазылған тараушалар кейінрек 1258-ші жылы жазылған ал 247 және 255-ші тараушалардағы ақпаратты жоққа шығаруға тура келеді. Бұл екі тараудағы ақпараттың зерттеуге ешқандай кедергі болмайтынына көз жеткізуге болады.  

Ал 247-ші тараушадағы Сюнь-де-фуға келетін болсақ Хунгтың келтірген дәлелі сенімсіз. Бұл жердің Сюнь-де-фу атауы өзгертілмес бұрын 1230-ші жылдан бұрын белгілі болған. Сюнь-де-фу атауы P’eng Taya-ның тапсырған есебі Hei-Ta shih-lueh-де жазылған [4, 196-б.]. P’eng-тің моңғолдардың билігі астында болған Солтүстік Қытайға 1232 жылы арнайы тапсырмамен жорық жасаған, бірақта қазіргі кездегі Hei-Ta shih-lueh мәтіні 1237 жылы тәмәмданған. Демек Hsu T’ing болса P’eng тің жазған мәтініне өзгерту жасамағанына сүйене 1232 жылы  Сюнь-де-фу мекеннің сол кездегі атауы болғанына күмән келтіре алмаймыз.

Ал 255-ші тараушаға келітін болсақ. Пеллиот айтуынша бұл тараушадан, болу тиісті оқиғаны алдын ала біліп жазған деп айтуға келмейтіннін және Төленің хан тағына деген талпынысын 1227-1229 жылы өткен ұлы құрылтайда байқалғанын айтқан. Қытай және парсы деректерінде Үгедейді және Төлені хан тағына сайлауда қолдаушыл топтар арасында түсініспеушілік болған. Ежелден қара шыңырақ иесі ретінде үйдің кенже ұл баласы болған. Дегенменде Төле сол жолы хан тағына отыра алмаған, оның ұрпағы, Гүйік хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырған. Осының бәріне негізделе келе Игорь де Рахевильц жазуы бойынша 247 және 255-ші тараушаларда келтірілген ақпарат «МҚШ» 1252 жылы немесе одан кейін жазылған деген теорияны жақтауға келмейді. [4, 197-б.]

Қорытындылай келе «МҚШ» нақты жазылған уақыты жайлы алуан теориялардың ішінде шыныменде ойға сыйатындары бар. Дегеніменде алғашқы түп нұсқа табылған жағдайда физико-химиядық тәсіл, радио көміртек талдау арқылы немесе Шыңғысхан жайлы жазылған тарауларды Үгедей хан жайлы жазылған тарауларға салыстырмалы зерттеу жасау арқылы көптеген сұрақтарға жауап табуға болады. Дегенменде ғалымдар әлі күнге дейін ортақ шешімге келмеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР

1. Моңғолдың құпия шежіресі. Екінші басылым. // Мағауи Сұлтанияұлы аудармасы. – Алматы: Өнер, 2009. – 206-б.

2. Монголын нууц товчоо // Улаанбаатр: Улсын ХГ, 1990. – 254-х.

3 The Secret History of Mogols // Urunge Onon translation. –London: 2001. – 279 p.

4 Igor de Rachewiltz. Some remarks on the dating of the SHM // Monumento Serica. – 1965. – vol. 24. – 185-206 pp. 

5 Christopher P. Atwood. The date of the “Secret history of the Mongols” reconsidered. // Journal of Song-Yuan Studies. –№. 37, 2007. –1-48 pp.

Е. КАЛЕМШАРИВ,

магистрант 2 курса Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова

ТЕОРИЙ УЧЁНЫХ О ВРЕМЕНИ СОСТОВЛЕНИЯ «СОКРОВЕННОГОСКАЗАНИЯ МОНГОЛОВ»

Аннотация

В статье рассматриваются все основные теорий и догатки начиная с 1901 до 2007 года учёных с Запада, Китая, Кореи, Россий, Японии и других стран о времени составления «Сокровенного сказания Монголов».

В особенности рассмотрены работы учёных по этому вопросу, в том числе Игорь де Рахевильц знаменитый монголист и синолог. Один из крупнейших специалистов по монгольской средневековой литературе и филологии, автор фундаментального комментированного перевода Сокровенного сказания монголов на английский язык.Профессор Австралийского национального университета, вице-президент конгресса монголистов и Кристофер П. Этфууда доцента Индианского Университета.

Ключевые слова:Сокровенное сказание монголов, Историографический памьятник, Монголы, Игорь де Рахевильц, Чингисхан

Y. KALEMSHARIV,

2-nd year Master’s Student of the Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology

SCIENTISTS THEORIES ON THE TIME OF COMPOSITION OF THE "SECRET HISTORY OF MONGOLS"

The article examines all the basic theories and thoughts from 1901 to 2007 by scientists from the West, China, Korea, Russia, Japan and other countries about the time of compiling the "Secret History of the Mongols".

In particular, the work of scientists on this issue, including Igor de Rachevitz, the famous Mongolian and Sinologist, is considered. One of the largest specialists in Mongolian medieval literature and philology, the author of the fundamental commentary translation of the Secret History of the Mongols into English. Professor of the Australian National University, Vice President of the Mongolian Congress and Christopher P. Etfuud, Associate Professor of the Indian University.

Keywords: The secret legend of the Mongols, Historiography pamyatnik, Mongols, Igor de Rachevitz, Genghis Khan


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь