Яндекс.Метрика
Главная » Материалы » ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2022_1_230

ЖЕТІАСАР ЕСКЕРТКІШТЕРІ ӨЛКЕТАНУШЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ МЕН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНДА (XIX ғ. аяғы – ХХ ғ. басы)

ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2022_1_230

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 1(29), 2022

Автор:
Ә.Ә. Тәжекеев¹*ID , Ы.С. Құрманиязов¹ID, Е. Каналхан¹ID
¹Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда қ.  
*Автор-корреспондент 
E-mail: a.tazhekeyev@gmail.com (Тәжекеев), yslam.kurmaniyazov@gmail.com (Құрманиязов), erom_kz@inbox.ru (Каналхан)  
Аңдатпа. Мақалада Сыр бойындағы аса көрнекті құнды ерте ортағасырлық Қаңлы тайпаларының ескерткіші, Қазақ тарихындағы ерекше орын алатын «Жетіасар мәдениеті» туралы зерделенеді. «Жетіасар» атауының шығуы туралы және Жетіасар қалаларына байланысты ғылыми өлкетанушылық, әдебиеттердегі жыр жазбалар және фольклорлық деректер, аңыз-әңгімелер, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған әскери-топографтардың картографиялық мәліметтері де қарастырылған. Поручик офицер А. Симонов алғаш болып Жeтiacap ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізген. Жергілікті халықтан осы қалаға байланысты аңыз әңгімелерін жинастырып, барлау шаралары аясында қазба жұмыстарын да жүргізеді. 1900 жылы «Түркестанские ведомости» газетінің екі санында өз мақаласын жазып қалдырады. Сырдарияның төменгі ағысы Жетіасар қалалары туралы басқа да деректерді А.И. Левшин, А.И. Макшеевтің, Л.Мейердің еңбектерінен кездестіруге болады. Картографиялық мәліметтер ішінен 1851-1863 жылдар аралығындағы Ресей империясы тарапынан түсірілген карталар Жетіасар шатқалындағы ұмыт қалған қалалар атауларын табуға болады. Сонымен қатар, Жетіасар қалаларының шоғырланған аймақтың әр кезеңде түсірілген картографиялық карталарын талдау, сипаттау, баламалану мәселесі қаралған. 
Түйін сөздер: Жетіасар, Сырдария, Арал маңы, өлкетану, картография.
Содержание:

Кіріспе. Сыр өңірі ежелгі дәуірден бүгінгедейін өлкеде өмір сүрген тұрғындар үшін құтты қоныс, қазақтың киелі мекендерінің бірі.Сырдарияныңтөменгі ағысынтасдәуіріненбастапмекендеген түрлітайпалар мен халықтар әлемдетеңдесі жоқ мәдениеттер қалыптастырды. Осы мәдениеттердің куәлары –бұлкүндері төбебоп үйіліп жатқан жүзденаса қала қирандыларыменжерлеуорындары, яғни,археологиялық ескерткіштер.

Сыр бойында орналасқан әлем ғалымдарынабелгілі ерекше ескерткіштер: қоладәуірінің Солтүстік Түгіскен кесенелері,сақтардыңШірік-рабат, Баланды,Бәбіш-мола, Сеңгіртам қала-қорымдары, қаңлытайпаларының Жетіасар ескерткіштері, оғыздардың Жанкент, Жент, Асанас, Сырлытам, Қыпшақ және Қазақ хандықтарының астанасыболған Сығанақ қаласы және тағы да басқа қалалар бар.

Солардың ішінде өзіндік ерекшелігімен көзге түсетіні – көпқабатты құрылыстары бар, бір аумаққа шоғырлана орналасқан, археологтар тарапынан көп зерттелсе де, жергілікті халыққа кеңінен таныс емес қаңлы тайпаларының археологиялық ескерткіші «Жетіасар ескерткіштері» болып отыр. Қазіргі таңда Жетіасар қалалары жайлы көптеген археологиялық еңбектер оның Қазақстан тарихының қаңлы кезеңіне тиісілі екенін көрсетеді. Бұл ескерткіштер тобы жайлы алғашқы өлкетанушы және әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулерінде, Ресей империясының картографиялық еңбектерінде жетіасар шатқалының атауларына қатысты ұмыт қалған қалашықтар туралы баяндалады. Зерттеу нәтижелері жетіасар қалалары жайлы қордаланған деректерді қайта ой елегінен өткізуге және болашақтағы зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар алуға көмектеседі.

Жалпы алғанда «Жетіасар» атауы «жеті» жəне «асар» көне түркі сөздерінен құралады. Жеті саны қазақ халқының дəстүрлі ұғымында қасиетті сан болып танылады. «Асар» сөзінің бір мағынасы көптің қатысумен көпшіліктің күшімен жасалатын əрекет, көмек дегенді білдірсе, екінші мағынасы Сырдың орта жəне төменгі ағысын мекен еткен байырғы қаңлылардың қала қонысына қатысты атау. Бір аймаққа 6-7 қала орнының шоғырлана орналасуына байланысты «Жетіасар жазирасы» аталып, ондағы ескерткіштер «жетіасар ескерткіштері» деп танылған (Қалыбекова, 2011: 30; Қазақтың этнографиялық ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі, 2011: 221).

Материалдар мен әдістер. Мақаланың материалдық базасын жетіасар қалалары жайлы ХІХ ғасырдың аяғынан бастап бүгінге дейін жүргізілген өлкетанушы ғалымдардың археологиялық, архитектуралық, картографиялық зерттеулері құрайды. Сонымен қатар ұмыт болғанқалалардың атаулары, аңыздар, ауызша деректер қарастырылады. Зерттеу жұмысы жетіасар қалалары жайлы тарихнамалық шолу, хронологиялық әдіс бойынша жасалды. Мақалада қосымша пәнаралық әдістерге негізделіп, тарихи география, этнология, лингвистика пәндерінің тәсілдеріне (салыстырмалық, тарихилық, объективтілік принциптері, деректемелік, картографиялық, дереккөздерді талдау, ментальдық тарих, ауызша тарих, семиотика, семантикалық әдістері) сүйенеді.

Талқылау. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Арал өңірінің Ресей империясының құрамына енуіне байланысты бұл аймақ орыс ғалымдарын қызықтырды. Арал аймағына әр түрлі мақсатта әскери экспедициялар жіберілді. Картографтар мен геологтар, өлкетанушы ғалымдардың мақсаты аймақтың пайдалы қазбалары мен тарихы, археологиялық-этнографиялық мәліметтерін жинап алу болды.

Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Жетіасар, Жанкент, Асанас, Сырлытам, Шірік-рабат, Жент қалаларына патшалық Ресей және Кеңестік кезең тарапынан ғылыми экспедициялар жіберілген болатын. Осы ескерткіштер тобынан Жетіасар қалаларының зерттелу тарихы бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырылады:

а) бірінші кезең – өлкетанушылық (XIX ғ. аяғы – ХХ ғ. басы);

ə) екінші кезең – Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедциясының алғашқы археологиялық зерттеулері (əрі қарай ХАЭЭ) (1946–1966 жылдар аралығы);

- археологиялық қазба жұмыстары (1948, 1949, 1951 жж.);

- барлау жұмыстары (1946, 1958, 1962-1963, 1966 жж.)

б) үшінші кезең (1971–1991 жылдар аралығы);

в) төртінші кезең (Тəуелсіздік жылдарындағы жаңа зерттеулер).

Бұл күнде асар-қоныстардың 40-тан астамы белгілі. Осы асарлардың жиынтығының «Жетіасар» мəдениеті деп аталуы Сырдың төменгі ағысы бойындағы бір-біріне жақын орналасқан асарлар кешеніне байланысты. Олардың біреуінің үстіне шығып қарағанда оның айналасынан алты-жетеуін көруге болады. Көп сырды ішіне бүккен ескерткіштер жайлы Сыр сүлейлері мен ақындары өз шығармаларына арқау етіп, жыр-əнге қосқан. Солардың ішінен қазіргі таңдағы ақын жырау Запа Дəулетбаевтың «Жетіасар жырлары» атты жинағында Нұрмұхамед Əбілқасымовтың «Заман біздің тыныштық» деген жырларынан кездестіруге болады. «Жетіасар жырлары» өлең жолдарында:

Бірі «Жалпақ» бірі Тік,

«Бидайықты» «Қоралы»

Бейне əдемі жиған жүк,

Бар сəулелі жолағы

Осынша асар үйілген

Заңы ма еді тұрмыстың?

Шығыстан сол кез шүйілген

Жолы ма екен Шыңғыстың?

Ертеде өткен сақтардың

Жұрты ма екен көшкен бұл? – деген Жетіасар тарихына байланысты аңыздарды саралайды (Cыр саңлақтары, 2010: 18-19).

Осы зерттеулердің алғашқысы Жeтiacap қалалары туралы ғалым саяхатшы этнограф А.И.Левшиннің 1832 жылы жарық көрген Орыс географиялық қоғамының хабарламасының бірінші бөлімінде Жeтiacap қалалары жайлы сипаттамасында бөліп қарастырып биік төбелер үйіндісі үлкен қалалар болу керек деп айтады (Левшин, 1996: 20).

Сыр өңірінің археологиялық ескерткіштері мен табиғи-географиялық жағдайы туралы мәліметтер А.И. Макшеевтің 1856 ж. «Морской сборник» жинағында жарық көрген «Описание низовьев Сырдарьи» мақаласында жазылған. Ол Сыpдaрияның төменгі ағысында орналасқан ескерткіштерді бірнеше түрлерге бөліп, олардың арақашықтығын есептеп, обалар мен қалаларды тізімге алады (Макшеев, 1856: 102-114).

А.И. Макшеевтің дерегінде Жeтiacap қалалары Үлкен Қара-acap мен Көктонды обасы жайлы дерек берген: «Возвышности Меде, на левомь берегу р. Сыра, по дорог изь форта Перовский вь упраздненый форть №3 занимають собою довольно значительно пространство. Два общирных кургана Кось-acapь, обнесены рвомь, находится не далеко оть леваго берега р. Кувана по дорог изь форта Перовский вь форта №3-го. Два кургана Кара-acapь, изь которыхь одинь на правомь берегу р. Кувана, а другой двумя верстами северного западные перваго. Курган Кукь-тунды, недалеко оть праваго берега Джамань-дарьи, по дорогь из форта №3 вь форты №2, на немь, по словамь Киргизовь, находилось, во времена Каракалпаковь укрепленіе» (Макшеев, 1878: 69-71). Бұл сипаттамада айтылған ескерткіштер қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш пен Қармақшы аудандары ортасында орналасқан Кіші Қара acap және Көктонды обалар. Автор 1867 ж. «Санкт-Петербургские ведомости» және «Русский инвалид» газеттерінде жарияланған мақалаларында қала қирандылары жайлы сипаттамасын жазады. Олардың ішіндегі Райым мәлімет беріп олардың жоспарын қағазға түсіреді және аймақта отырған халықтың этнографиясы, тарихы жайлы еңбектер қалдырады (Макшеев, 1896:106).

Осы жазылған естеліктері бойынша кейінен, 1896 жылы «Путешествия в Киргизская степямь Туркестанскому краю» атты кітап және бірнеше мақала болып жарыққа шықты (Макшеев, 1867: 66-80).

Oсы aймақта oрнaлaсқaн Жeтiacap қaлaларынaн бөлeк, Жaнкeнт қaлaшығында aлғaш бoлып қaзба жұмыcтaрын жүргiзгeн П.И. Лeрх бoлды. 1858 жылдың мaуcым aйындa aрхеологиялық комиссияның тaпcырыcы бoйынша П.И. Лерх Жaнкент қaлacынa зeрттeу жүргiзіп, қaлaның жoспaрын түсiрeді. Oрыc Импeратoрлық aрхеология Қoғaмының мүшecі П.Лeрхтің осы зepттeулeр aясында «Aрхеoлoгичскиe пoeздка в Тyркeстанcкий крaй в 1867 гoду» aтты кітaбы жaрық көрдi (Лерх, 1867: 3-6).

Сурет 1- Жетіасар шатқалындағы қалалар. Ресей империясының оңтүстік шекарасы Азия бөлігі 1895 жылы түсірілген (Это место.ru сайтынан алынған)

Ресей империясының бас штаб подполковнигі Л.Мейердің «Киргизcкая cтeпь Oрeнбyргcкoгo ведoмства» атты мақаласында осы өңірлердің қала қирандырларына байланысты VIII-бөлімінде «Развалины в степи соединения с преданами жителей» атты шағын хабарламасында Сыpдaрияның төменгі ағысындағы Жаңадария мен Қуаңдария арналарының бойында орналасқан қала қирандыларына сипаттама бере отырып, оның iшiндeгi тaқыpыбымызғa apқaу болып отырған Жeтiacap қaлaлaры жaйлы eрeкшe көңiл бөлiп oл тyрaлы «мeждy Кyвaнaмь и Сыpoм нecкoлькo oтдeльных yкpeплeнных поcтoвь, нoсяшихь oбщее название Acapы, а все урочище называется Джит-acap, т.е. семь acapов–обь этох развиланах точно также вы народ сохранилось разные преданья, но на разрушения ихь указывают как на события более, близкое именно на эпоху освобождения киргизовь от владычоства калмыковь...» деп сипаттама береді. Жергілікті халықтан аңыз әңгімелерді жинастырып Жeтiacap шатқалына байланысты ауыз әдебиеті шығармаларын жазып қалдырды (Мейер, 1865: 410).

Cырдың төменгi aғысын тaрихи-гeогpaфиялық зeрттeyдiң eң бiр үлкeн төңкeрістік уақыт Орта Азиядағы алғашқы ғылыми қоғам – 1895 жылы құрылған Түркіcтaн аpхeoлoгия әуeсқoйлaры үйiрмeсінің қызметімен тікелей байланысты болды. Үйірме жиырма жылдан аса (1895–1917 жж.) Орта Азия мен Қазақстанның археологиялық және материалдық мәдениетін зерттеумен айналысқан, сол кезеңдегі гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандандырылған жалғыз ғылыми-өлкетанушылық қоғамдық ұйым еді. В.В. Бартольд, А. Симонов, В.В. Радлов, В. Смирнов, В.А. Каллаур, А. Кастанье сынды көптеген білікті ғалымдар мен шығыстанушылар есімдері Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің жұмысымен тығыз байланысты (Елеуов, Бахтыбаев, 2011: 447).

Түркістан археология әуесқойлар үйірмесінің мүшесі В.А.Каллаур 1898-1899 жылдары Перовск уезіндегі (қазіргі Қызылорда облысы) Сығанақ, Асанас, Жент қалаларына барлау жұмыстарын жүргізіп, мәліметтер жинақтап, 1900 жылы Туркестанские ведомсти газетінде өзінің мақалаларын жариялады (Каллаур, 1900: 10-15; Бахтыбаев, 2013: 195-204: Кастанье. 2007: 15).

Алғашқы өлкетанушылық кезең Түркістан əуесқойлор үйірмесінің мүшелері Жетіасар қалаларына сипаттамасын жазып ескерткіштерге шағын қазба жұмыстарын жүргізеді. Соның ішіндегі А.Симоновтың «Джит-асар» деген мақаласында Шокь-тобе, Алтын асар мен Үңгірлі асардың орналасуын жəне осы ескерткіштерге қатысты аңыз-əңгімелерін айтуға болады (Симонов, 1900: 80-81). Аңыз-әңгімелерге, бұл ескерткіштерге қарап тың мәліметтер алуға, жер-су аттарын білуге болады. Жетіасар қалалары жайлы қазіргі уақытта екі аңыз сақталған.

Жетіасар қалалар жайлы жаңа зерттеулер ішінде белгілі әдебиетанушы әкелі-балалы Əуелбек Қоңыратбаев пен Тынысбек Қоңыратбаев «Туркестанские ведомости» газетінде жарық көрген мақалаларды аударып жарыққа шығара отырып, талдау жүргізіп орыс подполковнигі Л.Мейер мен поручик А.Симоновтың айтуынша Назым деген қазақтың қызы болыпты оны қалмақ ханы сұратып, бірақ, Қамбар батыр қалмақты жеңіп, Назымды өзіне алады деп айтылады. Қазақ әдебиетінде «Қара қасқа атты Қамбар» жыры халық мұрасынан қалған үлкен батырлық жырдың бірі. А.Симонов, Л.Мейер және Ә.Қоңыратбаевтың пайымдауынша осы жыр дастан Сыр бойында болды деп және оны Жетіасар қалалармен байланысы бар деп көрсеткен.

А.Симоновтың өз мақаласында бұл қалалардың салынып салтанат құруы Александр Македонский заманы байланыстырады және кейбірінде бұл қалаларды Əмір Темір қиратқан деп тұжырымдалады (Қоңыратбаев, 2004: 30).

Жетіасар аңыз әңгімесінде: Бұл қалаларда жеті халық мекендеген, қалалар тұрғызып, бұл қалалардың халқы жауынгер адамдар болған. Бұл қалаларды билеген хан-сұлтандар өте ер жүрек батыл адамдар екені, əр жылдары қалалар арасында сайыстар аңшылық саят құрған екен. Бұл қалалар арасында кейін бəсекелестік қатты болған екен, қала билеушілер жалдамалы əскер жалдаған, солардың ішіндегі Алтын-асар билеушісі аңшылық құрғанды, киіктерді, жабайы қазыларды аулағанды қатты жақсы көрген, жауынгерлері соғысқа шыққанда жеңген қарсыластарын аяусыз тонап талан-тараж қылып, байлығын жинайтын көрінеді. Бірде Алтын асар билеушісі аңшылық саят құрып жүрген кезінде қалың қамыстың арасында жолбарыс шабуыл жасап сұлтанды жерге құлатады, осы тұста жолбарысты аңдып жүрген батыр келіп жолбарыстың жүрегіне пышақ салып сұлатады. Батырдың ерлігін бағалаған сұлтан рахметін айтып дос болуды әрі өзінің қызына үйленуді ұсынады. Батыр бірден келісе кетеді, сұлтан қызын ұнатады екен осы уақытқа дейін, бұл мүмкіндікті пайдаланып сұлтаның батасын алады. Тойлары дүркіреп өтіп, сұлтан бар жанын салып бəйге ұйымдастырып, батырдың қарамағына бір түмен елін беріп, қала сыйға тартып қызын үйлендіреді. Бұл үйлену тойды жақтырмаған, қолдамаған сұлтан уəзірі қызға қатты ғашық болып, қыз қарамай қойған екен. Жүрегі жаралы уəзір қалай болса да кек алуды жоспарлап тойдың бітуін күткен, үш ай тойлаған той бітіп батыр бір күні аңшылық саятқа шығып қасына уəзірлер мен жауынгерлер ертеді қаладан шыға беріс жерде уəзірге садағын ұмыттым деп алып келуге бұйрық береді. Уəзір осы сәтті пайдаланып батырға садақ жебелерін кешігіп әкеліп беріп, батыр не үшін кешіккенін сұрағанда сұлтан қызының алдап-арбап қалуын өтінгенін айтады. Бұны естіген батыр қызғаныш өзінің жарын бір сөзге келместен басын алады. Сұлтан осыны естіп күйеу баласының еліне əскер жіберіп тас-талқан етіп қиратып бұл өңірден көшіп кетеді. Осы уақыттан бастап бұл қалалар қаңырап үйінді болып қалады.

Поручик А.Симонов өзінің естелігінде Жетіасар шатқалының екі үлкен қалашықтары жайлы келесідей дерек берген... Кроме Джиты-асарской группы есть два болыших городища Алтын асар (Золотое городища) и Унгурлы-асар (от слова «унгур» – пещера). Местонахождение первого городища указывали в степи же севернее Джиты-асара, а второго – среди разливов Куван-дарьи (Қоңыратбаев, 1996: 149; Шәлекенов, 1995: 15).

Осы асарлар жайлы ХІХ ғасыр авторларының жазба деректері ескерткіштердің сол уақыттағы сақталу деңгейін анықтайды. Сондай-ақ, фото түсірілімдік деректер өте сирек кезеңде осындай жазба деректердің маңызы жоғары, әрі бүгінгі таңдағы ескерткіштердің сақталу деңгейімен салыстырмалы сараптау жасауда аса қажетті мәліметтер қатарын құрайды. А.Симонов тарапынан Жетіасар қаласына барлау жұмысы, əсіресе обаларына жүргізілді. Екі ірі қалашыққа берген сипаттамасында: «В джетыасаркой группе городища расположены на расстоянии более пяти верст одно от углого, и взаимное их расположение напоминает очертания созвездия большой медвидицы. В окрестностях городища заметны многочисленные следы больших и малых каналов, причем большие имеют некоторые превышение над малыми; в этом я убедился во время бывшего при мне довольно сильного проливного дожди; вода текла из больших каналов в малые, причем в расположении и направлении каналов можно было заметить известную систему; вода, проникнув по одному из каналов во внешнюю ограду городищ, образовала в одном месте обширную и глубокую лужу с правильными очертаниями. Очевидно, здесь был когда-то устроен водоем» (Симонов, 1900: 81) Мақаласында поручик А.Симонов өз уақытының аз екенін айтып, Алтын-асар қалашығының бір жерінен шағын қазба жұмыстарын жүргізіп нəтижесіз оралғаны туралы жазбалар қалдырады.

Айта кететін жайт, кейінгі археологиялық зерттеулер бойынша А.Симонов қазба жұмыстарын жүргізген Алтын асар қалашығы Жетіасар қалашықтары ішіндегі ең үлкен қалашықтардың бірі екендігі және қалашықтың аумағы 17 гектар, мықты бекіністермен қоршалған, сондай-ақ қалашық сыртында шағын жерлеу орындары, обалары көп екендігі анықталған (Толстов, 1948: 35).

Тарихи-топонимикалық талдау. Жeтiacap шатқалы үлкeн тaқыpлы жaзықтықтa оpын тeпкeн, жaзықтықтa eшқaндaй шөп iзi де бaйқaлмaйтын шeкcіз бip сaзды тaқыp. Сырдарияның төменгі ағысы арналары Қуаңдария мен Жаңдария, Қуаңдария аралығында Қызылқұм шөлді жазығында орналасқан. Жaзықтың үcтiндe оpтaғaсыpлық қaлaлaр мен суландыру жүйeлeрiнiң оpындaры бар. Жeтiacap шатқалы Қуаңдария арнасының шығыс және солтүстік тармағымен қиылысып жатыр. Қазіргі таңда құрғап қалған арналар бойында Жeтiacap қалалары орын тепкен, ескерткіштердің маңында жақсы дамыған суландыру жүйелері әуеден қарағанда анық көрінеді. Қалалар маңындағы үлкен магистралды каналдар, осы жерлерде тіршілік қайнағанын анық көрсетіп отыр.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің Қызылорда облысы аумағынан кесіп өтетін тұсы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандар аумағында орналасқан (Воякин, 2017: 516-523).

Жетіасар қалалары алғашқы географиялық және топографиялық карталарда белгіленуі XVIII-ХІХ ғасырда Ресей империясы жаңа аймақтарды, жаңадан басып алған жерлерді, тезірек игеру үшін әскери корпустар құрамында картографтар мен топографтар тобы құрылып пайдалы қазба орындары, ірі сауда қалалары, керуен жолдары, өзен-су аттары мен жер атаулары, көне қиранды археологиялық ескерткіштер туралы тұшымды карталар жасала бастады.

Осы дәуір кезеңіне қатысты жаңа зерттеулер кешеніне Сыр бойының патшалық Ресей тарапынан түсірілген карталарын Т. Қартаеваның ХІХ ғасырдағы Арал маңы қазақтарының орыс деректеріндегі аңыз, жазбаша деректер және карталарды ұсынған.Автор Сыр өңірін қоныстанған ру тайпалар жайлы, керуен жолдары, көшу жолдары, суландыру жүйесінің карталарын ұсына отырып, «Сыр өңірі қазақтары: тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы)» атты 2 томдық монографиясын ғылыми айналымға енгізді (Қартаева, 2014).

Ресей империясында жасалған карталарға талдаулар жүргізген ғалымдар, қазақ даласы соның ішіндегі Арал маңы, Сырдария бойындағы елді мекендер мен жер-су аттарын түсіргенде өлшем арақашықтығын, шақырымды өлшеу үшін «верст» жүйені пайдаланғандығын жазады (Ерофеева, 2011: 330-358).

Көбінесе карталарды Ресей империясының министрлігіне қарайтын әскери-топографиялық мекеме немесе (депо) кәсіпорыннан шығарылған. Карталар арнайы нақышталып (гравировны) шығарылған, өлшемі 1 верстде дюймен есептіледі. Верст шақырым (1 верста в дюйме (1:42 000) (орыстың ұзындық өлшемі, 1 шақырым=500 сажын=1, 0668 км), бір дюйм – футтың он екіден бірі, болмаса 25 миллиметр шамасында болған.

Осыған байланысты келесі деректер кешені ішіндегі патшалық Ресей тарапынан келген әскери картографтардың түсірген карталары болып отыр. Бұл карталардың көбісінде Жетіасар шатқалындағы қалашықтарының ұмыт қалған атаулары көрсетілген.

Кейбір елді-мекендермен қалашықтар жайлы мәліметтер білу үшін Ресей империясының карталарына кезең-кезеңмен тоқталуды жөн көрдік. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында түсірілген карталарды қарай отырып, мынадай мәселелерді алдымызға қойылды.

Зерттеу нәтижелері. Жетіасар ескерткіштері жайлы Түркістанские ведомости газетінде жарық көрген А.Симонов мақаласында Александр Макендоский мен Әмір Темір кезеңдері мерзімделіп, қалаларды осы уақыт аралығында қиратылғандығы баяндалады. Л.Мейердің еңбегінде Жетіасар туралы жергілікті халықтан жазып алған аңыз әңгімелері қазақ әдебиетінде кездесетін Қамбар батыр Назым жайлы жыр әңгіменің желісі осы Жетіасар және Алтын асар маңында болды деп тұжырымдаған.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған карталарда Жетіасар шатқалының қалалары мен ұмыт қалған қалалар атауларын кездестіруге болады. Қазіргі таңда бұл қалашықтар республикалық немесе жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген. Бірақ та осы көне карталарды пайдалана отырып, шартты сан атаулармен берілген жетіасар қалаларының көне атауларын табуға және анықтамаға карта туралы жаңа деректер алынды.

Жетасар қалалары археологиялық деректер кешені ХХ ғасырдың 1946-1991 жылдары кешенді зерттеу жұмыстарын ХАЭЭ-сы тарапынан жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары көптеген Қуаңдария мен Ескідария бойынан Жетіасар қалаларын ашып ғылымға «Жетіасар мәдениеті» деген атаумен белгілі болды (Толстов, 1948: 40).

ХАЭЭ-ның зерттеу жұмыстары, бұл аймақтардан 50-ге жуық қалалар анықтаған. Жетіасар қалалары туралы 1960 жылы жарық көрген Археологическая карта Казахстана еңбегінде берілген (Археологическая карта Казахстана, 1960: 20).

Тәуелсіздік алғаннан кейін, Жетіасар ескерткіштері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта зерттеліп, орыс және қазақ тілдерінде ескерткіштер жинағы кітабына енгізілді (Байпаков, Құрманқұлов, 2011: 26-34; Тәжекеев, Сыздықова 2013: 59-68).

2017 жылы жарық көрген «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» атты еңбекте Жетіасар қалалары туралы мәліметтер суландыру жүйесі және материалдық кешені жайлы құнды деректер жазылды.

ХIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Сырдарияның төменгі ағысы Арал теңізіне дейінгі аралықта жасалған әскери карталар интернет ресурстарынан және картографтардың еңбектері, Ресей Федерациясының теңіз, құрлық әскери институттарының ашық қорынан алынып талдама сараптама жүргізілді. Сараптама барысында басты мақсатымыз Жетіасар қалаларының қазіргі таңдағы жаңа атауларынан бөлек көне ұмыт болған атауларды қарастырып отырмыз. Төмендегі карталар жылдармен беріліп отыр:

Біріншісі, 1852 жылы келген Ресей империясының әскери қолбасшысы генерал-лейтенат И.Ф.Бларамбергтің қағазға түсірген картасы, мұнда Қоқан және Хиуа бекіністерін алу барысында жасалған маршруттар көрсетілген. Бұл картада тек Күміс-қорған, Шымқорған және Ақмешіт бекінісі жайлы беріледі (Бларамберг, 1978:352).

Екіншісі, 1851-1853 жылы түсірілген «Орынбор өңірі, Хиуа және Бұхара хандықтарының жерлері» атты карта жинағы. Орынбор генералдық штабында түсірілген. Әдемі гравирюленген (боялған) көлемі мен масштабы 1:2100000, 1854 жылы толықтай аяқтаған. Бұл картадан Жетіасар шатқалы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жетіасар шатқалының қалаларының ішіндегі ұмыт қалған тізімді (Алып қалашығы, Асар бекінісі, Қарақ бекінісі, Бөрібай бекінісі) көруге болады (Электронды ресурс: URL http://elib.shpl.ru/ru/nodes/3227-generalnaya-karta-orenburgskogo-kraya-i-chastey-hivinskogo-i-buharskogo-vladeniy-1851-god қаралған күні 29.03.2022 ж.).

Үшіншісі, 1858 жылы түсірілген «Орынбор, Орал өңірінің, Башқұрт өңірінің казак әскерлерінің картасы». Картада тарихи аймақтар жайлы қысқаша анықтамалар берілген (Электронды ресурс: URLhttp://www.etomesto.ru/map-kazakhstan_kirgizskaya-step_1877/қаралған күні 29.03.2022 ж.)

Төртіншісі, «Каспий өңірі мен Хиуа хандықтарының жерлері» 1873 жылы қайта түсірілген. Картада Сырдарияның төменгі ағысы ұмыт қалған жер атаулары мен қорымдар жайлы ақпарат берілген. Бірақ, Жетіасар қалалары белгіленбеген (Электронды ресурс: URL http://www.etomesto.ru/map-kazakhstan_srednyaya-asia_1881/) (қаралған күні 29.03.2022 ж.).

Бесіншісі, 1854 жылы түсірілген «Орынбор өңірі, Хиуа және Бұхара хандықтарының жерлері» картасы 1875 жылы әскери-топографтармен қайта толықтырылған, Жетіасар шатқалының атауы көрсетілген. Бірнеше жаңадан пайда болған қалалар (Ақтөбе қалашығы, Апақай асар) бар (Электронды ресурс:-URL-http: http://www.etomesto.ru/map-orenburg_kray-1851-1875/)./) (қаралған күні 29.03.2022 ж.)

Алтыншысы, «Орталық Азияның картасы». Бұл картада жаңа деректер қосылып, 1863 жылы жасалып, 1881 жылы толықтырылған. Жетіасар шатқалындағы қалалар бекіністер деп белгіленген (Электронды ресурс: -URL - https://berdskasloboda.ru/karta-zemel-orenburgskogo-uralskogo-i-bashkirskogo-kazachih-vojsk-1858-goda//)./) (қаралған күні 29.03.2022 ж.).

Жетіншісі, «Ресей империясының Азия бөлігіндегі оңтүстік шекарасы» атты тақырыпта. 1895 жылы түсірілген картада Жетіасар шатқалының ескерткіштері анық көрсетілген. Жаңа асарлардың атын байқауға Тибет асар, Бидайық асар, Жансақ бекінісі, Асар қалашықтары және Жетіасар шатқалы атауы белгіленген (Сурет 1). (Электронды ресурс: - URL- http://www.etomesto.ru/map-atlas_ug-pogran/ (қаралған күні 29.03.2022 ж.).

ed3d88e1b2502c932a690525dc625dd2.jpg

Қорытынды. Сырдария төменгі ағысы ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Жетіасар ескерткіштері өлкетанушы ғалымдардың және ресейлік картографиялық еңбектері Қазақстан тарихы Арал маңы, Сырдарияның төменгі ағысы Жетіасар қалаларының ортағасырлық тарихының, соның ішінде этникалық тарихының маңызды дереккөздері болып табылады. Сондай-ақ, аймақ тарихының өткенін одан әрі зерттеу үшін айтарлықтай ғылыми қызығушылық тудырады.

ХІХ ғасырдың аяғында жұмыс жасаған Түркістан əуесқойлар үйірмесінің ғылыми ізденістері аймақтың терең тарихын айшықтады. Жетасар қалалары жайлы деректерді, соның ішіндегі аңыз әңгімелерді қарастыра отырып, шағын аймақта орналасқан қалалардың тарихын, мәдениетін, салт дәстүрін қарастыруға болады. Кейінгі археологиялық қазба жұмыстары барысында жетіасар қалалары материалдық мәдениеті бай және суландыру жүйелері дамыған тіршілігі қайнаған осы аумақта ұзақ өмір сүрген түрік халықтары оның ішіндегі қаңлы тайпаларына тиесілі екендігі анықталған.

Бүгінде Жетіасар шатқалына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындары жетіасар қалаларын өзгеше атай бастаған. Ол өз кезегінде болашақта зерттеушілерді тығырыққа тірері сөзсіз. Мысалы, ескі карталарда кездесетін Жалпақ-асар қалашығын «Москвич-асар» атап кеткен. Осындай жағдайлар орын алмас үшін өлкетанушылық және картографиялық сипаттағы ізденіс жұмыстары маңызды.

Соңғы жылдары жаңадан ашылған ортағасырлық қалаларды қазіргі таңда жаратылыстану ғылымдарының әдістері, оның геоақпаратық жүйеге (гис карта) салынып аймақтың ортағасырлық ескерткіштерінің толықанды туристік картасы жасалынып Жетіасар оазисіндегі қалалар енгізілген.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Археологическая карта Казахстана. Реестр Алма-Ата, Издательство АН КазССР. 1960. – 450 с.

Байпаков К.М., Құрманқұлов Ж. Қаңлылар мемлекетінің мәдениеті // Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштер жинағы Қызылорда облысы. – Алматы Аруна, 2011. – 504 б.

Бахтыбаев М.М. Историческая топография Перевского уезда в трудах В.А. Калаура // Ивестия НАН РК – 2012. – №3. – С. 195-204.

Бларамберг И.Ф. Воспоминания. – Москва, 1978. – 358 с.

Воякин Д.А. Жетіасар археологиялық кешені // Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және сәулет өнері нысандарының тізілімі/ Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы, 2017. – 1 шығарылым. – 904 б.

Генеральная карта Оренбургского Края и частей Хивинского и Бухарского владений. Архив Электронная библиотека ГПИБ России // СПб. Главный штаб, 1875. Масштаб 1: 2 100 000. -[Электронды ресурс]-URL-http://elib.shpl.ru/ru/nodes/3227-generalnaya-karta-orenburgskogo-kraya-i-chastey-hivinskogo-i-buharskogo-vladeniy-1851-god (қаралған күні: 29.03.2022 ж.)

Ерофеева И.В. Географические карты XVIII века: как источник по истории, этнологии и исторической топонимике Казахстана // История Казахстана в документах и материалах. – Алматы. 2011. – С. 330-358.

Каллаур В.А. О следах древнего города «Джент» в низовьях Сырдарьи // ПТКЛА. – 1900. – Приложение №5. – С.10-15.

Калыбекова А. Народная мудрость казахов о воспитании. 3-е издательство. – Алматы, 2011. – 512 с.

Карта земель Оренбургского, Уральского и Башкирского казачьих войск 1858 года выполнена в масштабе 50 верст в 1 дюйме и вошла в «Атлас землям иррегулярных войск 1858 года». - [Электронды ресурс:] -URL- https://berdskasloboda.ru/karta-zemel-orenburgskogo-uralskogo-i-bashkirskogo-kazachih-vojsk-1858-goda//). (қаралған күні: 29.03.2022 ж.).

Карта Средней Азии составленная по новейшим сведениям и гравирована при Военно-Топографическом Депо. Масштаб 1:4200000. Карта создана в 1863 году и исправлена в 1881 году. На четырех листах 63x52 см.- [Электронды ресурс]- URL -http://www.etomesto.ru/map-kazakhstan_srednyaya-asia_1881/) (қаралған күні: 29.03.2022 ж.)

Карта Средней Азии, составленная по новейшим сведениям и гравирована при Военно-топографическом депо. Спб., 1873. [Электронды ресурс] - URL–http:http://www.etomesto.ru/map-orenburg_kray-1851-1875/)./).(қаралған күні: 29.03.2022 ж.)

Карта южной пограничной полосы Азиатской части России. Под редакцией полковника (генерал-майора) Большева Андрея Александровича 1904). Гравировал военный художник Картаев и др. Издание корпуса военных топографов. Состояние местности 1888-1922 годы. Масштаб 40 верст в дюйме, 1:1680000. [Электронды ресурс]-URL- http://www.etomesto.ru/map-atlas_ug-pogran/ (қаралған күні: 29.03.2022 ж.).

Кастанье И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края. – Алматы, 2007. – 341 с.

Қазақтың этнографиялық ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы, 2011. 1-том. – 738 б.

Қартаева Т.Е. Сыр өңірі қазақтары тарихи этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы). І том. – Алматы, 2014. – 298 б.

Қартаева Т.Е. Сыр өңірі қазақтары тарихи этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы). ІІ том. – Алматы, 2014. – 325 б.

Қоңыратбаев Ə.Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. – Т.2. Түркітану жəне шығыстану мəселелері. – Алматы, 2004. – 518 б.

Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер Сыр бойының ежелгі тарихы мен мəдениеті зерттеу. – Алматы, 1996. – 272 б.

Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат. – 1996. – 656 с.

Лерх П.И. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году. – СПб., 1870. – 40 с.

Макшеев А.И. Географическое сведения книги большого чертежа о киргизсках степях и Туркестанкого края. – СПб., 1878. – 256 с.

Макшеев А.И. Описание низовьев Сырдарьи // Морской сборник. – Т. XXIII. – 1856. – № 9. – С. 102-114.

Макшеев А.И. Остатки старинного города на Сырдарье // Санкт-Петербургские ведомости. – 1867. – № 60. – С. 66-80.

Макшеев А.И. Путешествие по Киргизским степям и Туркестанкого краю. – СПб., 1896. – 257 с.

Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомоства // Материалы для географии и статистики Росии, собранные офицерами генерального штаба. – СПб., 1865. – 420 с.

Протоколы заседаний и собщений членов Туркестанского кружка любителей археологии // Историко культурные памятники археологии Казахстана. – Түркістан, 2011. – 447 с. /Авторы предисловия и составители Елеуов М, Бахтибаев М.

Симонов А. Джить-Асар // Туркестанские ведомости. – 1900. – № 80. – 1 б., 81 б.

Сыдықова Ж.Т., Тәжекеев Ә.Ә. Тұран өркениеті // «Мәдени мұра» журналы. – №3. – 2013.59-68 б.

Сыр саңлақтары /Жауапты шығарушы Б.Жүсіпов. – Алматы, 2010. – 664 б.

Толстов С.П. По следам древне хорезмской цивилизации. – М-Л., 1948. – 322 с.

Шəлекенов М.У. Взаимоотношения народов Приаралья в (XVIII-XIX вв.). – Алматы, 1995. – 168 с.

References:

Arheologıchıskaya karta Kazahstana. [Archaeological map of Kazakhstan] Reestr Alma–Ata, 1960. – 450 s. [in Russian].

Baypakov K.M., Qurmanqulov J. Kanlılar memleketiniñ mädenïeti[Culture of the Kangly state] // Kazakhstan Respublikasynyn tarihi-madeni eskertkishter jinagy Kyzylorda oblysy (2011) –Almatı,2011. –504 bet. [іn Kazakh].

Bahtybaev M.M. Istoricheskaya sobranie topografiya Perevskogo uezda v trudah V.A. Kalaura [Geografical Historical topography national of the Perevsky district in the works of V.A. Kalaura] // Izvestiya NAN RK, 2012. –№3. – S.192-204. [in Russian].

Blaramberg I.F. Vospominaniya [Memories]. – Moskva, 1978. – 358 s. [in Russian].

Voyakin D.A. Zhetiasar arheologiyalyk kezeni [Zhetyasar archeological complex] // Kazakhstannyn kieli oryndarynyn geografiyasy: Tabigat, arheologiya, etnografiya zhane saulet oneri nysandarynyn tizilimi / Zhalpy redakciyasyn baskargan KR UGA akademigi Baytanaev B.A. – Almaty: A.X. Margulan atyndagy Arheologiya instituty, 2017. – 904 b. [in Kazakh].

Generalnaya karta Orenburgskogo Kraya i chastey Khivinskogo i Bukharskogo vladeniy. [General map of the Orenburg Territory and parts of the Khiva and Bukhara possessions] Arkhiv Elektronnaya biblioteka GPIB Rossii // SPb. Glavnyishtab, 1875. Masshtab 1: 2 100 000. – [Electronic resource] – URL-http://elib.shpl.ru/ru/nodes/3227-generalnaya-karta-orenburgskogo-kraya-i-chastey-hivinskogo-i-buharskogo-vladeniy-1851-god. (Karalgan kuni: 29.03. 2022) [in Russian].

Erofeeva I.V. Geograficheskie karty XVIII veka: kak istochnik po istorii, etnologii i istoricheskoi toponimike Kazahstana (2011) [Geographical maps of the XVIII century: as a source on the history, ethnology and historical toponymy of Kazakhstan] // Istoriya Kazahstana v dokumentah i materialah. – Almaty, 2011. – S.330-358. [in Russian].

Kallaur V.A. O sledah drevnego goroda Dzhent» v nizovyah Syrdari [On the traces of  the ancient city "Dzhent" in the lower reaches of Syr Darya] // PTKLA. – 1900. – Prilozhenie №5. S.10-15. [in Russian]

Kalybekova A. Narodnaya mudrost' kazakhov o vospitanii.[ Kazakh folk wisdom about education] – izd.3- ye. –Almaty, 2011. – 512 s.[іn Kazakh].

Karta zemel' Orenburgskogo, Ural'skogo i Bashkirskogo kazach'ikh voisk 1858 goda vypolnena v masshtabe 50 verst v 1 dyuyme i voshla v «Atlas zemlyam irregulyarnykh voysk 1858 goda» [The map of the lands of the Orenburg, Ural and Bashkir Cossack troops of 1858 was made on a scale of 50 versts in 1 inch and was included in the Atlas of the Lands of the Irregular Troops of 1858»]- [Electronic resource]– URL - https://berdskasloboda.ru/karta-zemel-orenburgskogo-uralskogo-i-bashkirskogo-kazachih-vojsk-1858-goda//). (Karalgan kuni: 29.03. 2022). [in Russian].

Karta Sredney Azii sostavlennaya po noveyshim svedeniyam i gravirovana pri Voyenno-Topograficheskom Depo [A map of Central Asia compiled according to the latest information and engraved at the Military Topographic Depot]. Masshtab 1:4200000. Karta sozdana v 1863 godu i ispravlena v 1881 godu. Na chetyrekh listakh 63x52 sm. [Electronic resource] – URL- http://www.etomesto.ru/map-kazakhstan_srednyaya-asia_1881/). (Karalgan kuni: 29.03.2022) [in Russian].

Karta Sredney Azii, sostavlennaya po noveyshim svedeniyam i gravirovana pri Voyenno-topograficheskom depo.[ Map of Central Asia, compiled according to the latest information and engraved at the Military Topographic Depot.] Spb., 1873. [Electronic resource] – URL -http: http://www.etomesto.ru/map-orenburg_kray-1851-1875/). (Karalgan kuni: 29.03. 2022). [in Russian].

Karta yuzhnoy pogranichnoy polosy Aziatskoy chasti Rossii. Pod redaktsiyey polkovnika (general-mayora) Bol'sheva Andreya Aleksandrovicha 1904). Graviroval voyennyy khudozhnik Kartayev i dr.[Map of the southern border strip of the Asian part of Russia. Under the editorship of Colonel (Major General) Bolshev Andrey Aleksandrovich 1904). Engraved by the military artist Kartaev and others. Edition of the corpus of military topographers.] Izdaniye korpusa voyennykh topografov. Sostoyaniye mestnosti 1888-1922 gody. Masshtab 40 verst v dyuyme, 1:1680000.[Electronic resource] – URL - http://www.etomesto.ru/map-atlas_ug-pogran/ (Karalgan kuni: 29.03. 2022). [in Russian].

Kastane I.A Drevnosti Kirgizskoi stepii Orenburgskogo kraya [goroda Antiquities of the krai Kirghiz steppe and  the Orenburg region.] – Almaty: Daık Press, 2007. – 341 s. [in Russian]

Kazakhtyn etnografiyalyk kategoriyalar, ugymdar men ataularynyn dasturli juiesi. Entsiklopediya. [The traditional system of Kazakh ethnographic categories, concepts and names. Encyclopedia.] – Almaty, 2011 [іn Kazakh].

Kartaeva T.E. Syr oniri kazakhtary tarihi etnografiyalyk zertteu (XIX gasyrdyn ekinshi jartysy men XX gasyrdyn basy)[Historical and ethnographic study of the Kazakhs of the Syr region (second half of the XIX century and the beginning of the XX century)]. I tom. – 298 b. [іn Kazakh]

Kartaeva T.E. Syr oniri kazaktary tarihi etnografiyalyk zertteu (XIX gasyrdyn ekinshi jartysy men XX gasyrdyn basy)[Historical and ethnographic study of the Kazakhs of the Syr region (second half of the XIX century and the beginning of the XX century)]. II tom. – 325 b. [іn Kazakh]

Konyratbaev A.R.(2004) Kop tomdyk shygarmalar jinagy [Multi volume collection of works] – T. 2. Turkitanu jane shygystanu maseleleri. – Almaty, 2004. – 518 b. [іn Kazakh].

Konyratbaev T. Ertedegi eskertkishter Syr boiynyn ejelgi tarihy men madenieti zertteu [Ancient monuments The study of the ancient history and culture theSyr Darya] – Almaty, 1996. – 272 b. [іn Kazakh].

Levshin A.I. Opisanie kirgiz-kazachih, ili kirgiz-kaisatskih arhiva ord i stepei[ Description of the Kirghiz-Cossack, or Kirghiz-Kaisak hordes and steppes.] – Almaty, 1996. – 656 s.[ in Russian].

Lerh P.I. Arheologıcheskaya poezdka v Turkestanskii krai v 1867 gody[Archaeological trip to the Turkestan  region in 1867.] – SPb., 1870. – 40 s.[ in Russian].

Maksheev A.I. Opisanie nizovev Syrdari [Description of the lower reaches of Syr Darya] // Morskoi sbornik. – T. XXIII. – 1856. – № 9. – S.102-114. [ in Russian]

Maksheev A.I. Geografıcheskoe svedeniya knigi bolshogo cherteja o kirgizskah stepyah i Turkestankogo kraya [ Geographical information of the book of a large drawing about the Kirghiz steppes and  the соның Turkestan region.] – SPb., 1878.– 256 s. [ in Russian]

Maksheev A.I. Puteshestvie Kirgizskim stepyam i Turkestankogo kraya[Journey through the Kyrgyz istorıgrafıya steppes and the Turkestan region.] – SPb., 1896. – 257 s. [in Russian].

Maksheev A.I. Ostatki starinnogo goroda na Syrdare [Remains of an ancient city on the Syr- Darya] // Sankt- Peterburgskie vedomosti. – 1867. – № 60. S.66-80. [in Russian].

Meier L. Kirgizskaya step Orenburgskogo vedomostva [The Kyrgyz steppe о of kalaura the Orenburg department] // Materialy dlya geografii i statistiki Rosii, sobrannye ofitserami generalnogo shtaba. – SPb., 1865. – 420 s.[ in Russian]

Protokoly s zasedanii i sobshenii chlenov Turkestanskogo krujka lubitelei chlenov arheologii [Minutes of meetings and reports of members of the Turkestan circle of lovers of archeology] // Istoriko kulturnye pamyatniki arheologii Kazakhstana. – Turkistan 2011. – 447 s. /Avtory predisloviya i sostaviteli names Eleuov M., Bahtibaev M.[in Russian]

Simonov A.Jit-Asar [Zhit-Asar]// Kazakh Turkestanskievedomosti. – 1900. – № 80. – 1 р., 81 р. [in Russian]

Sydykova Zh.T., Tazhekeev A.A. Turan orkenieti [Turan civilization.] // Madeni mura jurnaly. – №3. – 2013. – 59-68 рр. [іn Kazakh].

Sır sañlaqtarı [Cheeses]/ Jawaptı şığarwşı B.Jüsipov. – Almatı, 2010. – 664 b.

Tolstov S.P. Po sledam drevne khorezmskoi sivilizatsii. [In the footsteps of the ancient Khorezm civilization]. – M.-L., 1948. – 322 s. [in Russian].

Shalekenov M.Ý. Vzaimootnosheniya narodov Priaralya v XVIII-XIX vv. [Mutual relations of the Aral region in (XVIII- XIX centuries)]. – Almaty, 1995. – 168 s. [in Russian].

МРНТИ 03.41.91

ПАМЯТНИКИ ДЖЕТЫАСАРА В ТРУДАХ УЧЕНЫХ-КРАЕВЕДОВ И КАРТОГРАФИЧЕСКИХ МАТЕРИАЛАХ РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ (КОНЕЦ XIX-НАЧАЛО XX ВВ.)

А.А. Тажекеев¹*, И.С. Курманиязов¹, Е.Г. Каналхан¹

¹Кызылординский университет имени Коркыт Ата

*Корреспондирующий автор

E-mail: a.tazhekeyev@gmail.com (Тәжекеев), yslam.kurmaniyazov@gmail.com (Құрманиязов), erom_kz@inbox.ru (Каналхан)

Аннотация. В статье рассматриваются уникальные ранеесредневековые памятники кангюйских племен на территории Присырдарьинского региона, «Джетыасарская культура», занимающая особое место в истории Казахстана.

Рассмотрены также научные краеведческие, литературно-фольклорные данные, легенды, картографические данные военных топографов конца XIX и начала XX веков о происхождении названий и городов Джетыасар.

Российский офицер поручик А. Симонов первым произвел раскопки джетыасарских памятников и собрал информацию местных жители о судьбе этих городов, в том числе местные легенды. В 1900 году в газете «Туркестанские ведомости» он написал свою статью об этих городах. Другие сведения о городах Джетыасар в низовьях Сырдарьи можно найти в работах ученых-краеведов и военных картографов А.И. Левшина, А.И. Макшеева, Л. Мейера. Среди картографических данных использованы военно-топографическая карта Российской империи с 1851 по 1863 годы, названия забытых городов в Джетыасарском ущелье.

Кроме того, в статье также рассматривается вопрос анализа, описания, топографических карт, снятых на каждом этапе освоения территорий, расположенных близ городов Джетыасар.

Ключевые слова: Джетыасар, Сырдарья, Приаралье, краеведение, картография.

IRSTI 03.41. 91

MONUMENTS OF ZHETYASAR IN THE WORKS OF LOCAL LORE SPECIALISTS AND CARTOGRAPHIC MATERIALS OF THE RUSSIAN EMPIRE

(LATE XIX- EARLY XX CENTURIES)

А.А. Tazhekeyev¹*, Y.S. Kurmaniyazov¹, E.G. Kanalkhan¹

¹ Korkyt Ata Kyzylorda University

*Corresponding author

E-mail: a.tazhekeyev@gmail.com(Тәжекеев), yslam.kurmaniyazov@gmail.com (Құрманиязов), erom_kz@inbox.ru (Каналхан)

Abstract. The article deals with the unique early medieval monuments of the Kangyui tribes on the territory of the Syrdarya region, the "Zhetyasar culture", which occupies a special place in the history of Kazakhstan.

The paper also considers scientific data on local history, literary and folklore, legends, ascartographic data of military topographers of the late 19th and early 20th centuries on the origin of the names and cities of Zhetyasar.

Russian officer lieutenant A. Simonov was the first to excavate the Zhetyasar monuments and collected information from local residents about the fate of these cities, including local legends. In 1900, he wrote an article about these cities in the “Turkestanskiye Vedomosti” newspaper. Other information about the cities of Zhetyasar in the lower reaches of the Syr Darya can be found in the works of local historians and military cartographers A.I. Levshin, A.I. Maksheyev, L. Meyer. Among the cartographic data used was the military topographic map of the Russian Empire from 1851 to 1863, the names of forgotten cities in the Zhetyasar Gorge.

In addition, the article also discusses the issue of analysis, description, topographic maps taken at each stage of the development of the territories, located near the cities of Zhetyasar.

Key words:Zhetyasar, Syrdarya, Aral Sea region, local history, cartography.

Авторлар туралы мәлімет:

¹*PhD

¹Ғылыми қызметкер

¹Магистрант

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь