Яндекс.Метрика
Главная » Материалы » ҒТАМР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ

Закарья Рахметолла¹. ¹Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің 1 курс докторанты. Алматы қ., Қазақстан.

ҒТАМР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(22), 2020

Теги: Көші-қон саясаты, шетелдік мамандарды тарту, еңбек миграциясы, халықаралық миграция
Автор:
Аңдатпа: Бұл мақалада Қазан төңкерісі және азамат соғысынан кейінгі КСРО-ға Еуропадан келетін саяси және еңбек мигранттарына қатысты Кеңес үкіметінің 1920-1930 жылдар аралығындағы саясаты баяндалды. Сонымен қатар, шетелдіктердің КСРО-ға аталған кезеңдегі қарқынды көшуін тудырушы факторлары анықталды. Коммунистік Ресейдің қоныс аудару саясаты және оның бір бөлігі ретінде еңбек көші-қоны саласындағы саясат 1917 жылдың қазан айынан кейін түбегейлі өзгерді. Мигранттардың негізгі тобы революциялық оқиғаларға және шетелдік коммунистік партиялардың қызметіне қатысқан коммунистер болды. Миграциялық процесс арқылы келген шетелдік саяси азаматтар мен коммунистерден басқа Кеңес Одағы шақырған шетелдік жұмысшылар мен білікті мамандар санаты ерекше және неғұрлым мұқият қарауға жатады. КСРО-да партия басшылығының бастамасымен индустрияландыру мәселелерін шешу аясында шетелдік жұмысшылар мен мамандарды тарту үшін үгіт-насихат жүргізілді. КСРО-ның Конституциясына сәйкес КСРО-ға қоныс аударған шетелдіктер саяси пана алуға құқылы болды.
Содержание:

Кіріспе. 1917 жылдың қазан айынан бастап 1920-1930 жылдар аралығында Кеңестік Ресей реципиент елге айналды. Бұған себеп 1920-шы жылдары Кеңес Одағына көшіп келген мигранттардың басым бөлігі Еуропа мемлекеттерінде болған революциялық қозғалыстарға қатысқан саяси эмигранттар болды. Өз отанында сәтсіз төңкеріске қатысып, кейін қудалауға ұшыраған революцияның белсенділері КСРО-да саяси пана алуға қол жеткізді. «Борьба Коммунистической партии за укрепление интернациональных связей рабочего класса СССР» атты Львуниннің еңбегіне жүгінсек 1917-1923 жылдары КСРО-ға 100 000 адам саяси тұрғыдан көшіп келсе, оның 10 000-ы шетелдік революцияға қатысқан коммунистік ұйымдардың мүшелері болды.

Кеңес Үкіметінде шетелдік революционерлер мен коммунистерді жайластыру мәселелерін шешуде Төңкеріс күресшілеріне халықаралық көмек ұйымы (МОПР) елеулі қолдау көрсетті. Аталмыш ұйым әлемнің барлық елдерінде таптық күрес құрбандарына материалдық және саяси көмек көрсетумен айналысты. Оның функциясына: политэмигранттарды қабылдау, оларды тұрғын үймен, ақшалай, азық-түлік және заттай үлеспен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысқа орналастыру кіреді.

Сондай-ақ, 1920 жылдардың басындағы дағдарыс кезінде қиын экономикалық жағдайға тап болған шетелдік мигранттар КСРО-ға қоныс аударды. Шетелдік жұмысшылардың, әсіресе маңызды саладағы мамандардың КСРО-да жұмыс іздеуден басқа амалы қалмады.

Әдістер. ХХ ғ бірінші жартысындағы КСРО-ға келген мигранттарға байланысты көші қон мәселесін жан-жақты айшықтау және аталған үдерісті бағалауға саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және психологиялық факторлардың кең көздерін ескере отырып, жүйелі зерттеу тәсілі қолданылды. Зерттеу тарихнамалық, объективтілік және ғылыми сияқты тарихи білімнің негізгі қағидаттарына негізделген. Мақалада шет елдік ғалымдар мен сарапшылардың маңызды болып табылатын еңбектері назарға алынған. Зерттеу барысында мемлекетаралық құжаттар мен тарихшылардың мақалаларын жинақтау, талдау мен сараптау әдістері пайдаланылды.

Талқылау. Зерттеу жұмысының дерекнамалық негізі Ресейде өткізілген конференциялар мен диссератациялық қорғауда қарастырылды. Мұндай деректердің қатарына КСРО-ның заңдар жинағы мен ғылыми жинақтар кірген. Кейбір мақалалар шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған. Зерттеу нәтижелері дүниежүзілік тарих бөлімінің, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының отырыстарында баяндамалар түрінде ұсынылды және талқыланды.

Нәтижелері. Халықтың көші-қонына қатысты (лат. migratio-қоныс аудару) алдымен адамдардың аумақтық қозғалысын (механикалық қозғалысын) түсіну керек. Ол әдетте, әртүрлі факторлардың – әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, діни, табиғи, экологиялық әсерімен; жекелеген өңірлер мен елдердің тарихи және шаруашылық даму ерекшеліктерімен негізделген елдің аумағы бойынша (немесе мемлекеттер арасында) орын ауыстырумен байланысты.

Көші-қон адамдардың уақытша немесе тұрақты тұрғылықты мекенге қоныс аударулары негізінде жүзеге асады. Көші-қон ағындарының бағыты бойынша оларды сыртқы (құрлықаралық және мемлекетаралық) және ішкі (ауданаралық, ауданішілік) деп бөледі. Сыртқы көші-қонға көшіп кету (тұратын елден кету) және көшіп келу (елге кіру), сондай-ақ реэмиграция немесе репатриация (Отанына кеткендердің қайтып келуі) жатады. (Воробьёва, 2003: 35) 1917 жылдың ақпан айынан кейін халықаралық көші-қон сипатының түбегейлі өзгерген алғашқы көрінісі – саяси эмиграцияның өз отанына қайтып келуі. Сонымен қатар өзгерген қоғамдық қатынастар 1917 жылдың қазанынан кейін Ресейден көшіп кетуге қатысты мемлекеттің позициясын, РКФСР аумағында болған шетелдіктердің жағдайын, РКФСР азаматтарының және шетелдіктердің болашақ КСРО аумағына келуі мен кетуін анықтады. (Турубинер, 1925: 528) 1920 жылдардың басында халықаралық көші-қон саласындағы КСРО саясатының бастапқы негіздері еуропалық мемлекеттерден ерекшеленетін принципте тұжырымдалды. Бастапқы негіздер, ең алдымен, буржуазияның саяси құқықтарынан айыру және шетелдік еңбекшілерге саяси құқықтар беру дегенді білдіреді. Сонымен қатар, эмиграцияға кездейсоқ түскен немесе мәжбүрленген адамдарға Кеңестік Ресейге қайта оралуға мүмкіндік беру қажет болды. 1920 жылдардың басында РКФСР-да болған шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтау қажет болды. Халықаралық көші-қон динамикасында 1922 жылғы «РСФСР азаматтарының және шетелдіктердің шетелге шығуына жол беру» декреті үлкен рөл ойнады. (Права и обязанности иностранцев, оптантов и беженцев по международным договорам и по постановлениям советской власти (С октября 1917 г. по октябрь 1921 г.) РКФСР 1918 жылғы Конституциясы бұрынғы Ресей империясының аумағында тұрған шетелдік азаматтарға ресейлік азаматтармен тең саяси құқықтарды берді. РКФСР саясаты халықаралық экономикалық көші-қон мәселесіне аталған сипаттағы коммунистік қозғалыстың көзқарасын көрсете білді. Мемлекетте белгілі бір уақыт өмір сүру арқылы азаматтық беру туралы мәселені байланыстыратын еуропалық мемлекеттердің заңдарынан айырмашылығы, болашақ КСРО-ның заңнамасы ондай шектеулерден бас тартты. Шетелдіктердің әртүрлі топтарының жағдайы елдің саяси, экономикалық мүдделерін ескере отырып одан әрі түзетіліп отырды.

Қоныс аудару саясаты және оның бір бөлігі ретінде еңбек көші-қоны саласындағы саясат 1917 жылдың қазанынан кейін түбегейлі өзгерді. Жас Кеңестік республика гомогенді халық-шаруашылық аумағын құруды талап ететін индустриализм және интернационализм идеалдарын қолданды. Кеңестік кезеңде қоныс аударудың мемлекеттік маңыздылығы ретінде қоныс аудару органдарын құру, қоныс аударудың материалдық базасы болып табылатын жеңілдіктер жүйесін қалыптастыруды айрықша белгілеп, қоныс аудару қозғалысының ынталандыруына әкеп соқты.

Әсіресе мигранттардың ағымы 1917 жылы қазанда Кеңес өкіметінің орнауы мен Азамат соғысы аяқталғаннан кейін байқалды. Әртүрлі елдердің жұмысшылары мен саясаткерлері КСРО-ның болашақ жоспарындағы марксистік идеялардың жүзеге асырылуын көріп, олардың бүкіл әлемге теңдік пен әділетті мемлекет құру туралы шақыруына қызығушылық танытты. Көбісі Кеңестік Ресейге шын жүректен, жаңа өмір іздеп, басқалары саяси себептермен өз елдеріндегі қудалаудың әсерінен көшіп кетті. Мигранттардың көбі Мәскеуді өздерінің жаңа тұрғылықты жері ретінде елдің қоғамдық және саяси өмірін шоғырландыру орталығы ретінде таңдады. Белсенді ұстанымды сақтап, революциялық оқиғалардың орталығында болғысы келетіндер Мәскеуге жол тартты. Қоныс аударған коммунистер мен басқа да шетелдік қоғамдық партиялар мен қозғалыстардың өкілдері жаңа мемлекеттің құрылысына қосылуы үшін арнайы ұйымдар құрылды. (Сон, 2012: 215-218) Елдің әлеуметтік-мәдени өміріне саяси эмигранттардың ықпалдасуы мәселелерімен БК(б)П Мәскеу комитеті жанындағы өзге ұлттар бөлімі айналысты. Халықаралық аренада революционерлерді қолдау мен революциялық күресшілеріне халықаралық көмек көрсету ұйымы айналысып, әлемнің 20 шақты мемлекеттерінде өздерінің бөлімшілері саяси мигранттарға көмек беріп отырған. 1930-шы жылдардың ортасына дейін аталмыш ұйым КСРО визаларын беру ісімен айналысты. Мигранттар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар жағдайды мынадай түрде көрді: «...Буржуазиялық елдерде күшейген реакция күн сайын билік тарапынан қудалаудың салдарынан Кеңестік Ресейге қашуға мәжбүр болған саяси эмигранттардың санын арттыруда». КСРО-дағы саяси көші-қон мәселесі бойынша кеңес өкіметінің ұстанымы осындай болды. 1923 жылы Мәскеуде Германия, Болгария, Венгрия, Латвия, Польша, АҚШ, Югославия, Греция, Италия, Түркия, Франция елдерінен шамамен 2000 мигранттар қоныс аударды.

Әлемнің көптеген елдері әлі мойындамаған жас Кеңес Үкіметі үшін бұл маңызды көрсеткіш болды. Мигранттардың ішінде революциялық оқиғаларға және шетелдік коммунистік партиялардың қызметіне қатысқан коммунистердің саны көп болды. Саяси эмигранттардың КСРО-ға келуі қуанышпен қабылданғанына қарамастан,жаңа өмір сүру жағдайларына үйренуінің күрделілігіне әсіресе, тілді білмейтіндіктен олардың Ресейдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуы шектелді. Көшіп-қонушылардың барлығы басқа ортаға түсіп, жаңа мәдени және саяси жұмыстарға табысты кірісіп кете алмады. Революция күресшілеріне халықаралық көмек көрсету ұйымының Орталық комитетіндегі Мигранттар жөніндегі комиссардың меморандумында айтылғандай, «орыс тілін жетік білмегендіктен Ресейдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігінен айырылып, олар құлдырау қаупіне ұшырайды. Өз-өзіне қол жұмсау және психологиялық күйзеліске ұшырағандар анықталды. Бұл мигранттар КСРО-ға жоғары рухани көзқараспен келіп, бірақ бірқатар факторлардың әсерінен олар жабырқаулық танытып, өкінішке батады». Бұл жағдайда 1923 жылдан бастап Мәскеуде көшіп-қонушылардың саяси өмірін дамыту бойынша жұмыс басталды. Көшіп-қонушылардың жергілікті жұмысшылармен қарым-қатынасы ерекше орын алып, оларға КСРО-дағы «шынайы» өмір көрсетілді: «...Әрбір өткізілген экскурсия мигранттарға көп түсінік береді, зауыттарда олар кеңес шаруашылығының құрылысшыларымен кездесіп, социалистік құрылыс жағдайымен танысады». Жаңадан келген көшіп-қонушылар ұлттық топтарға біріктіріліп, олардың саны 300 адамға дейін жетті. Олардың ұлттық клубтарында Лениндік және Марксистік үйірмелер жұмыс істеді, ал ЖОО мен институт оқытушылары оларға өзекті саяси мәселелерге арналған дәрістер оқыды. Сонымен қатар, саяси эмигранттардың өздері өз отандарындағы істің жағдайы туралы баяндама жасады. (Крякин, 2015: 30)

1920-шы жылдары КСРО-ға келген басқа елдердің азаматтарының арасында әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері, әр түрлі кәсіптегі мамандар болды. Көшіп-қонушылардың жеткілікті және білім деңгейі, олардың діни сенімі, ұлты мен жасы әртүрлі болған. Алайда, мигранттардың басым көпшілігі саяси себептер бойынша Кеңес Одағында қоныс аударуға бел буды. Көптеген адамдар үшін бұл қаржылық қажеттілік емес, шынайы идеялық сенім, жалпыға бірдей әділдік мемлекетінде өмір сүру деген үмітпен қоныс аударды. Әрине РКФСР осындай үміт берді. КСРО-дағы көшіп-қонушылардың негізгі ағыны елдегі саяси жағдайлардың өзгеруіне байланысты 1920-жылдардың соңында тоқтатылды. Көптеген көшіп-қонушылар КСРО-дан 1930-шы жылдардың басында кеткенмен, бірқатар мамандардың бір бөлігі индустрияландыру кезеңінде КСРО-да жұмыс істеуді жалғастырды. Өкінішке орай, 1930 жылдардың соңында Мәскеуде тұратын мигранттардың көбісі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Бірақ олар Кеңес үкіметінің дамуына, Кеңес қоғамы үлкен үлес қосқып мен Мәскеудің 1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарған. Мәскеудің әр түрлі саяси және қоғамдық ұйымдарының қызметі аталмыш көшіп-қонушылардың бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасауда үлкен рөл атқарды. (Крякин, 2015: 29)

Шетелдік азаматтардың мәртебесінің негіздері ең жоғары құқықтық деңгейде – Кеңес Үкіметінің конституциясында айқындалған. КСРО-ның Негізгі Заңынаа сәйкес Кеңес Үкіметіне қоныс аударған шетелдіктер саяси пана алуға құқылы болды: «КСРО саяси қызметі үшін немесе діни нанымдары үшін қудалауға ұшыраған барлық шетелдіктерге саяси пана құқығын береді». Саяси пана алу құқығы 1936 жылғы 5 желтоқсандағы Негізгі Заңда расталды. КСРО Конституциясының 129-бабында: «КСРО еңбекшілердің мүдделерін қорғау немесе ғылыми қызмет немесе ұлт-азаттық күрес үшін қудаланатын шетел азаматтарына саяси пана құқығын береді» (Липатов, Савенков, 1957: 12) КСРО-ға келген саяси эмигранттарды қабылдау және одан әрі қызмет көрсету мәселелерін шешу мақсатында Революция күресшілеріне халықаралық көмек көрсету ұйымының арнайы бөлімі – саяси эмигранттар бөлімі құрылды. Аталмыш бөлім Революция күресшілеріне халықаралық көмек көрсету ұйымының Президиумына бағынып, келесі міндеттерді орындауға кіріскен: 1) Мәскеуге келген саяси эмигранттарды қабылдауға, оларды КСРО аумағында қоныстандыру және КСРО аумағында орналасқан саяси эмигранттарды тіркеуді ұйымдастыру; 2) саяси эмигранттарға, Революция күресшілеріне халықаралық көмек көрсету ұйымының Орталық Комитетімен нормалар мен қызмет түрлерін белгілеу кезінде материалдық көмек көрсету (жұмыс, пәтер іздеуде жергілікті ұйымдар мен кәсіподақ органдарының көмегімен емдеу, техникалық қызмет көрсету); 3) тиісті партиялық ұйымдармен және кеңестік институттармен бірге саяси эмигранттар арасында саяси және ағарту жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты жоспарларды құру, олардың КСРО-да социализм құруға ертерек қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету және оларды отандарына оралғаннан кейін революциялық жұмысқа дайындау; 4) саяси эмигранттардың орталық үйін және саяси эмигранттардың жергілікті ұйымдарын басқару. (РГАСПИ. Ф. 539. Оп.2. Д.426. Л.29.)

Негізінен Германиядан, саяси мигрант мәртебесін алған және КСРО-ға кіруге және ұзақ тұруға рұқсат алған көшіп-қонушылар жұмысқа орналасқанға дейін мынадай жеңілдіктерге ие болды 1) тегін тұрғын үй; 2) тегін тамақтану; 3) олар үшін барлық қажетті киім-кешектер беру; 4) айына 50 сом ақшалай жәрдемақы; 5) медициналық қызмет көрсету (амбулаторлық, ауруханалық және санаториялық); 6) жұмыс іздеуге жәрдемдесу; 7) КСРО-да болу құқығына тиісті құжаттарды алуға жәрдемдесу, сондай-ақ шетелде қалдырылған заттарды КСРО-ға тасымалдау; 8) шетелде қалған отбасыларға белгіленген мөлшерлері мен мерзімдеріне сәйкес қаржылай жәрдемдесу; 9) олардың отбасыларының КСРО-ға келуіне жәрдемдесу.

Жұмысқа қабылданғаннан кейін эмигранттар айлық жалақы мөлшерінде ақша алып отырды, ал егер олар басқа қалаларға кетсе, онда жол жүру шығындарын Революция күресшілеріне халықаралық көмек көрсету ұйымы төледі. Егер қайта даярлау немесе жаңа біліктілік алу қажет болса, Революция күресшілеріне халықаралық көмек көрсету ұйымының Орталық комитеті қайта даярлау кезінде саяси эмигранттарға орташа жалақы мөлшерінде материалдық көмек көрсетті (Манукян, 2004: 52).

1924 жылдың ортасында біртұтас одақтық азаматтық туралы ереже бекітілді. Демек, кеңестік социалистік республикалардың барлық азаматтары үшін бірыңғай кеңес азаматтығы берілді. КСРО-да тұратын, жұмысшы табына жататын немесе басқалардың еңбегін пайдаланбаған шетелдік азаматтарға КСРО азаматтарымен тең барлық саяси құқықтарға ие болды. Азаматтық берудің ең қарапайым тәсілі еңбек кәсібі бар жұмысшы табына жататын немесе шетелдік жұмыс күшін пайдаланбайтын шаруа қожалықтарына жататын шетелдіктерге, сондай-ақ «саяси қуғын-сүргінге ұшырап, КСРО-дан пана іздеген шетелдіктерді» іріктеуді қамтыды. Аймақтық атқарушы комитеттер, сондай-ақ одақтас республикалардың орталық атқарушы комитеттері осындай өзге елдің адамдарына азаматтық берді. Шетелде тұратын азаматтардың азаматтығын алу процедурасы күрделене түсті. Бұл жағдайда одақтас республикалардың орталық атқарушы комитеттері мен КСРО Орталық Атқару комитетінің дипломатиялық және консулдық органдар арқылы жүзеге асырылатын шешімдері қажет болды. Одақтың азаматтығынан шығуға одақтас республикалар Орталық атқарушы комитетінің немесе КСРО Орталық Атқару Комитетінің шешімімен рұқсат етілді. КСРО азаматтығынан айырудың себептері: а) 1923 жылғы 6 шілдеге дейін жарияланған одақтас республикалардың заңдарымен немесе КСРО заңдарымен азаматтықтан айыру; ә) КСРО-ның немесе одақтас республикалардың органдарының рұқсатымен немесе рұқсатынсыз елден кетіп, оралмаған; б) заңда белгіленген тәртіппен одақтық азаматтықтан шығу. Нәтижесінде, 1920 жылдардың ортасында, негізінен КСРО азаматтығын алу және КСРО азаматтығынан шығару ережелерін қамтитын бүкіл КСРО бойынша халықаралық көші-қонды реттейтін заңнамалық база құрылды. (Моисеенко, 2017: 112)

Миграциялық процесс арқылы келген шетелдік азаматтардың жоғарыда аталған санаттарынан басқа Кеңес мемлекеті шақырған шетелдік жұмысшылар мен білікті мамандар санаты ерекше және неғұрлым мұқият қарауға жатады. Революциядан кейінгі Ресейде экономикада жұмыспен қамтылған халық санының күрт қысқаруы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеді. Бұл жағдай мемлекетті экономиканы көтеруге жетіспейтін еңбек ресурстарын шетелден мақсатты түрде тарту туралы ойлануға мәжбүр етті. Яғни, шетелде сатып алынған құрал-жабдықтармен өнеркәсіптік құрылыс процестеріне жүгіне алатын шетелдік жұмысшыларды ауқымды тарту туралы шешімдер шығарылған. Мемлекет ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеу үшін жұмысшылар мен жоғары білікті мамандарды жалдады. Шетелдік мамандар кеңес кәсіпорындарына келісім-шарт негізінде сарапшылар, кеңесшілер және тіпті мұғалімдер ретінде шақырылды.

Азамат соғысының аяқталуымен еңбек көші-қонын реттеудің сол кездегі жүйесі тиімсіз болды. Көші-қон ағындарын басқарудың, шетелдік жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын бақылаудың нақты тетіктерінің жоқтығымен байланысты 1920-1921 жылдардағы көптеген проблемалар және осы мәселенің құқықтық жағындағы олқылықтар көші-қон саясатына айтарлықтай өзгерістер еңгізуге себеп болды. Бұл еңбек ауылшаруашылық және өндірістік миграция және қайта көшу мәселелерін шешетін мемлекеттік қызметті құрудың негізін қалады. Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық миграцияны реттеу және жеңілдету үшін 1922 жылы 25 қазандағы Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен, еңбек, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік миграция және эмиграция бойынша Еңбек және Қорғаныс кеңесінің тұрақты комиссиясын (КОМСТО) құрады. Комиссияның құқықтары мен міндеттері РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің ережесімен анықталды. Тиісінше, еңбек көші-қонының негізгі бақылаушысы ретінде Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі жанында жұмыс істеген өнеркәсіптік миграциялық басқарманы 1922 жылғы 10 мамырдағы Еңбек және Қорғаныс кеңесінің тұрақты комиссиясына жіберілді.1922 жылғы 22 қарашадағы «Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің ауылшаруашылық және өнеркәсіптік көші-қонды реттеу жөніндегі тұрақты комиссиясы туралы» ережеде комиссияның функциялары толық сипатталған. Еңбек және қорғаныс кеңесі келесі қызметтермен айналысады:

- «КСРО үшін қажет мигранттар мен қайта көшіп келушілердің ауылшаруашылық және өнеркәсіптік топтарын құру және Ауылшаруашылық және Өнеркәсіптік Халық Комиссариатына тиесілі кәсіпорындарына жіберу, сондай-ақ бос жатқан жерлерді мигранттарға қолдануға беру.

- Жеке мигранттардың және жоғарыда аталған санаттағы мигранттардың бүкіл тобының КСРО-ға кіруін, сондай-ақ олардың порттар мен шекара бекеттеріне кіруін қадағалау.

- Кедендік рәсімдерді жүргізуге және мигранттар мен олардың әкелінген көліктері мен басқа да мүліктерін белгіленген жерге тасымалдауға жәрдемдесу.

- Иммигранттарға несие, қажетті материалдар мен түрлі жеңілдіктер беру бойынша және жұмысты ұйымдастыру кезеңіндегі көмек беру.

- Шекарадан заңсыз өтумен қарсы күрес. (Павлова, 2016: 45)

БК(б)П 16-шы съезі КСРО-ға 40 мың шетелдік жұмысшы мен мамандарды тартуды мақұлдады. Елдегі партия басшылығының бастамасымен индустрияландыру мәселелерін шешуге қатысу үшін шетелдік жұмысшылар мен мамандарды тарту аясында қуатты үгіт-насихат науқаны басталды. Бұл науқанның негізі сол кезде жұмыс жағдайында өте танымал болған халықаралық пролетарлық ынтымақтастық идеясы болды. (БК(б) П XVI съезінің стенографиялық хаттамасы,1931: 728)

Қорытынды. 1920-1930 жылдары шетелдіктердің КСРО-ға қарқынды көшуін тудырушы факторлары анықталды. Мысалы: КСРО-ға ағынмен Еуропа мен Шығыс елдерінен келген саяси қуылған мигранттар, коммунистік идеяны таратушы интеллигенция мен сенімді коммунистер, КСРО-да саяси панаға ие болған шетелдік революциялық қозғалыстың өкілдері, 1920-шы жылдардың ауыр экономикалық дағдарыс кезінде елдің жедел экономикалық дамуының қажеттілігі мәселелерімен тікелей байланысты, содан кейін 1929-1933 жылдар аралығындағы «Ұлы депрессия» кезеңінде Еуропа мен АҚШ-тан жалдамалы негізінде жұмыс жасап жүрген шетелдік жұмысшылар, «Реэмигранттар» - яғни орыс эмиграциясы өкілдеріне амнистия беру негізінде шетелден қайтып келуі және т.б. (Павлова, 2016: 43)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

БК(б) П XVI съезінің стенографиялық хаттамасы. – 1931. – 728 с.

Воробьёва О. Д. Миграционные процессы населения: вопросы теории и государственной миграционной политики // Проблемы правового регулирования миграционных процессов на территории Российской Федерации / Аналитический сборник Совета Федерации ФС России.– 2003. – № 9 (202). –35 б.

Крякин Е.Н. Политические мигранты в Москве в 1920–1930-е годы. 2015. – 29 с.

Липатов А.А., Савенков Н.Т.История советской конституции (в документах) 1917-1956 гг. – Мәскеу, 1957. – 12 с.

Манукян М.Н. Германская политическая эмиграция в СССР (1933-1941 гг.) Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук. 2004. – 52 с.

Моисеенко В.В. Международная миграция в России (СССР) в конце XIX – первой трети XX века. Часть третья. – 2017. – 112 с.

Павлова В.В. Международная трудовая иммиграция в СССР в 1920–1930-е гг. (на материалах РСФСР и Украинской ССР). Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук. 2016. – 45 б.

Павлова В.В. Международная трудовая иммиграция в СССР в 1920–1930-е гг. (на материалах РСФСР и Украинской ССР). Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук. – 42-43 с.

Права и обязанности иностранцев, оптантов и беженцев по международным договорам и по постановлениям советской власти (С октября 1917 г. По октябрь 1921 г.). – Пг., 1921.

Сон Ж.Г. Интернациональный клуб политэмигрантов имени Загорского(1920–1930-егг.). – Москва, 2012. – 215-218. – [Электронный ресурс] –URL: http://www.hse.ru/pubs/lib/data/access/ticket/1393873117bf59ae8a21affd90e05094229761c876/2012%20%D0%A1%D0%BE%D0%BD%20%D0%A0%D0%93%D0%90%D0%A1%D0%9F%D0%98.pdf

РГАСПИ.Ф. 539. Оп.2. Д.426. Л.29.

Турубинер А. Гражданство // Энциклопедия государства и права. –Т. I. – 2 шығарылым. / Редакция П. Стучка. – Москва, 1925. – 528 с.

References:

BK(b) P XVI s’yezíníң stenografiyalykˌ khattamasy. – 1931. – 728 b.  [in Kazakh]

Vorob'yova O. D. Migratsionnyye protsessy naseleniya: voprosy teorii i gosudarstvennoy migratsionnoy politiki // Problemy pravovogo regulirovaniya migratsionnykh protsessov na territorii Rossiyskoy Federatsii / Analiticheskiy sbornik Soveta Federatsii FS Rossii. –2003. – № 9 (202). – 35 s. [in Russian]

Kryakin Ye.N. Politicheskiye migranty v Moskve v 1920–1930-ye gody. – 2015. – 29 s. [in Russian]

Lipatov A.A., Savenkov N.T. Istoriya sovetskoy konstitutsii (v dokumentakh) 1917-1956 gg. – M.: 1957. – 12 s. [in Russian]

Manukyan M.N. Germanskaya politicheskaya emigratsiya v SSSR (1933-1941 gg.) Dissertatsiya na soiskaniye uchenoy stepeni kandidata istoricheskikh nauk. – 2004. – 52 s. [in Russian]

Moiseyenko V.V. Mezhdunarodnaya migratsiya v Rossii (SSSR) v kontse XIX – pervoy treti XX veka. Chast' tret'ya. – 2017. – 112 s. [in Russian]

Pavlova V.V. Mezhdunarodnaya trudovaya immigratsiya v SSSR v 1920–1930-Ye GG. (Na materialakh RSFSR i Ukrainskoy SSR). Dissertatsiya na soiskaniye uchenoy stepeni kandidata istoricheskikh nauk. –2016. –45 s. [in Russian]

Prava i obyazannosti inostrantsev, optantov i bezhentsev po mezhdunarodnym dogovoram i po postanovleniyam sovetskoy vlasti (S oktyabrya 1917 g. Po oktyabr' 1921 g.). – Pg., 1921. [in Russian]

Son Zh.G. Internatsional'nyy klub politemigrantov imeni Zagorskogo (1920–1930-ye gg.)– [Electron. resource]–URL:http://www.hse.ru/pubs/lib/data/access/ticket/1393873117bf59ae8a21affd90e05094229761c876/2012%20%D0%A1%D0%BE%D0%BD%20%D0%A0%D0%93%D0%90%D0%A1%D0%9F%D0%98.pdf[in Russian]

RGASPI. F.539 Op.2. D.426. L.29. [in Russian]

Turubiner A. Grazhdanstvo // Entsiklopediya gosudarstva i prava. – T. I. – 2 shyġarylym. / Redaktsiya P. Stuchka. – M.: 1925. –528 s. SSR. [in Russian]

МРНТИ 03.09.55

ПОЛИТИКА СОВЕТСКОГО СОЮЗА ПО ОТНОШЕНИЮ

К ИНОСТРАННЫМ ПОЛИТИЧЕСКИМ И ТРУДОВЫМ МИГРАНТАМВ ПЕРИОД 1920–1930 гг.

Закарья Рахметолла¹

¹PhD докторант 1 курса. Казахский национальный университет

имени аль-Фараби. г. Алматы, Казахстан.

Аннотация: Данная статья посвящена политике советского правительства 1920-1930 гг. по отношению к политическим и трудовым мигрантам приехавшим из европейских стран после Октябрьской революции и Гражданской войны. Были выявлены факторы, вызывающие интенсивный переезд  иностранцев в СССР в 1920-1930 годах. Политика в области трудовой миграции как часть политики переселения Коммунистической России кардинально изменилась после Октября 1917 года. Основную группу мигрантов составляли коммунисты, участвовавщиеся в революционных событиях и деятельности иностранных коммунистических партий. Кроме вышеупомянутых коммунистов-политэмигрантов, категории иностранных рабочих и квалифицированных специалистов, приглашенные советским государством подлежат особому и более тщательному рассмотрению. По инициативе руководства партии в СССР была проведена агитация для привлечения иностранных рабочих и специалистов для работы связи с НЭП. В соответствии с Конституцией СССР иностранцы, переселившиеся в СССР, имели право на получение политического убежища.

Ключевые слова: миграционная политика, трудовая миграция, международная миграция, привлечение иностранных специалистов.

IRSTI 03.09.55

POLICY OF THE SOVIET UNION REGARDING FOREIGN POLITICAL AND LABOR MIGRANTS IN THE PERIOD OF 1920-1930

Zakarya Rakhmetolla¹

¹1st year PhD student. Al-Farabi Kazakh National University.

Almaty, Kazakhstan.

Abstract: This article is devoted to the policy of the Soviet governments in 1920-1930. In relation to political and labor migrants who came from European countries after the October revolution and the Civil war. The factors causing the intensive relocation of foreigners to the USSR in 1920-1930 were identified. Labor migration policy as part of the resettlement policy of Communist Russia has changed dramatically since October 1917. The main group of migrants was communists who participated in the revolutionary events and activities of foreign communist parties. In addition to the above-mentioned communist political emigrants, the categories of foreign workers and skilled specialists invited by the Soviet state are subject to special and more thorough consideration. At the initiative of the party’s leadership, campaigns were conducted in the USSR to attract foreign workers and specialists to work with the NEP. In accordance with the Constitution of the USSR, foreigners who resettled in the USSR had the right to political asylum.

Keywords: migration policy, labor migration, international migration, attracting foreign specialists.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь