Кіріспе. Қали Біләлов 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында туған. Арғы аталары төре тұқымынан болып, болыс басқарушысы қызметтерін атқарған. 1938 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институты жанындағы жұмысшы факультетін бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) химия факультетіне оқуға түседі. Оқуда үздік болып, сталиндік стипендия иегері атанады, сол үшін де республиканың озық студенті қатарында Қазақстан мемлекеттік музейінің экспозициясына ұсынылады, озат студент ретінде суреті «Социалистік Қазақстан» газеті бетінде жарияланады.
Қ. Біләлов Ұлы Отан соғысы басталысымен 1941 жылы тамызда Кеңес Армиясы қатарына шақырылады, 1942 жылы Ташкент жаяу әскер училищесі мен жоғары әскери курстарды бітіргеннен кейін рота командирінің орынбасары ретінде Калинин майданында жаумен шайқасқа қатысады. Ұрыс кезінде ауыр жарақат алып, 1945 жылдың желтоқсанына дейін оқу взводының командирі қызметінде болады. Елге аман-есен оралғаннан кейін университеттегі оқуын жалғастырады. Студент бола жүріп Қазақ КСР Ғылым академиясы Тау-кен институты директорының көмекшісі қызметін атқарады. 1949 жылдың қарашасында Ғылым академиясы төралқасының шешімімен Химия институтына қызметке жіберіледі де, осы институтта кіші ғылыми қызметкер, институттың ғалым-хатшысы, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін абыроймен атқарады [1, 550-б.]. 1954 жылы химия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғап шығады. 1957 жылы Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институтының ректоры (қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) болып тағайындалып, сонымен бірге осы институттың физикалық және коллоидтік химия кафедрасын басқарады.
Қ. Біләловтың іскер басшылығының арқасында Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институтында республика экономикасының дамушы салалары үшін өте қажетті бірнеше жаңа мамандықтар ашылып, білікті оқытушы-профессорлар құрамы жасақталады, оқу орнының материалдық базасының кең ауқымды құрылысы басталады. Оның бастамасымен студенттер мен оқытушылар арасынан талантты жастар Мәскеу, Ленинград, Киев және Қазанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі. Соның нәтижесінде институт Қазақ химия-технология институты болып қайта құрылып, республиканың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының біріне айналады. Институттың Семей мен Жамбыл (қазіргі Тараз) қалаларындағы филиалдары негізінде дербес жоғары оқу орындары ашылады.
1959 жылдың тамызында Қали Біләлов Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары және арнаулы орта білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалады, кейін іле-шала, 1960 жылдың маусымында Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрі болып тағайындалады.
Тұңғыш Жоғары және арнаулы білім министрі болған Қ.Біләлов республика экономикасы дамуының басым жақтарын ескере отырып, осы саланы өзі басқарған он екі жыл ішінде бұл кең салалы жүйені бағытты және арналы даму жүйесіне дейін ілгері дамытуға қол жеткізді. Республиканың осы министрлігі жүйесінде 1960-1971 жылдары 12 жаңа жоғары оқу орны, 28 арнаулы орта оқу орны, жоғары оқу орындарының 6 филиалы мен 12 жалпытехникалық факультеттері ашылды, жұмыс істеп жатқан жоғары оқу орындарының көпшілігі қайта құрылып кеңейді, жоғары білімді студенттерді – 69, арнаулы орта білімді түлектерді – 59 жаңа мамандықтар бойынша даярлау ұйымдастырылды, жас мамандарды қабылдап бітірту жоспары біршама өсті.
ХХ ғасырдың 1960-1970 жылдары жоғары оқу орындарындағы ғылым қарқынды дамыды: білікті жас мамандар арасынан 83 ғылым докторы мен 940 ғылым кандидаты дайындалды, аспиранттарды дайындау сегіз есеге артты. Университеттер мен институттардың материалдық базасы айтарлықтай нығайды, атап айтқанда, ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) қалашығының ауқымды ғылыми-оқу кешенін салу осы жылдары басталды, оқытушылар үшін тұрғын үй құрылысын салу жүйесі қолға алынды.
Талқылау. Қ. Біләлов министрлікті басқарған жылдары республика оқу орындарының Ресей, Украина, Белоруссия, Балтық жағалауы, Орта Азия және басқа республикалардың жетекші оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнықты. Сол жылдары басқа республикалардың жоғары оқу орындарына мақсатты іріктеу мен мақсатты аспирантураны енгізу шаралары Қазақстан үшін білікті мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау ісінде жаңа бетбұрыс болды.
Министр Қ. Біләловтің кез келген тың бастаманы қолдап, қолдау көрсеткен қамқорлығы туралы Қарағанды политехникалық институтында ұстаздық еткен инженер-педагог Николай Гнилицкий: «Ол кезде мұндай жалғыз кәсіпорын Мәскеуде болды. Ол жоғары оқу орындарына арналған көрнекі құралдарды дайындап шығаруға маманданды. Алайда үлгілер және басқалары мүлдем жоқ болатын. Міне сол сәтте Қазақстанның жоғары білім министрі Қали Біләлұлы Біләлов өзі бастаманы қолына алды. Мен білген сегіз министрдің ішінде ол ең ақылды азамат болды, мен оны өле-өлгенше ұмытпаймын» деп Қ. Біләловтің 1963 жылы осы оқу орнында өте қажет кәсіпорын – конструкторлық бюроның ашылуына көмектескенін мақтаныш сезіммен айтып, ерекше ілтипат білдіріпті [2, 2-б.].
1971 жылдың маусымында Қ.Біләлов Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, 1974 жылға дейін бұл лауазымды қызметті жемісті атқарады, әлеуметтік салаға жауап берген ол республиканың білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спорт салаларын дамытуға үлкен үлес қосты.
Әдістер. Мақаланы жазуда негізінен талдау, тарихи-салыстырмалы әдістері кеңінен қолданылды.
Нәтижесі. Көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткері, Қ. Біләловтан кейін республиканың Жоғары және арнаулы орта
білім министрі болған Т. Қатаев өзінің «Соғыс туралы естелік және өмір туралы
ойлар» атты кітабында: «Республиканың жоғары оқу орындарының қалыптасып
нығаюына он жылдан астам Жоғары және арнаулы орта білім министрі болып істеген
Қ.Біләлов көп еңбек сіңірді. Ол іскер, бастамашыл, толғағы жеткен мәселелерді
жылдам шешетін қызметкер б-б.].
Қ. Біләлов Қазақстан Компартиясы ІХ-ХІІІ съездерінің, СОКП ХХІІІ съезінің делегаты, 1960-1961 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат, 1961-1974 жылдары – мүшесі болып сайланады. 5-8 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, КСРО жоғары мектебі қызметкерлерінің көптеген съездеріне қатысып, Қазақстан атынан сөйледі. Екі рет Ленин орденімен, үш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Қорытынды. Қали Біләлов Кеңес Одағы тарапынан жүргізілген империялық сыңаржақ саясатының жол тауып, жоғары білімді ұлттық кадрлардың көптеп даярлануына ықпал етті. Ол – туған халқының жоғары білімге деген ерекше қабілетін мақтан тұтқан ұстаз ретінде танылған тұлға. Өзінің саналы ғұмырын жоғары білім саласына арнаған қайраткердің ғибратты өмірі мен еңбек жолы өз Отанын қалтқысыз сүйіп, халыққа адал да абыройлы қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала береді.
Әдебиеттер
1 Қазақ совет энциклопедиясы. Он томдық. − Алматы, Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы, 1973. – Т.2. – 640 б.
2 Индустриальная Караганда. – 1997. – 25 февраль.
3 Катаев Т. Память о войне и мысли о жизни (Воспоминания). – Алматы, 1995.
4 Біләлов Қ. Өнегелі өмір. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. 167-шығ. – 188 б.
References
1 Qazaq sovet entsiklopediasy. Оn tоmdyқ. − Аlmaty, Qazaq sovet entsiklopediasyngBas redaktsiasy, 1973. – Т.2. – 640 b.
2 Industrialnaia Каrаgаndа. – 1997. – 25 fevral.
3 Каtaev T. Pamiat o voyne i mysli o jizni. – Аlmaty, 1995.
4 Bilalov K. Onegeli omir. – Аlmaty: Qazaquniversiteti, 2018. 167-shyg. – 188 b.
Н.Т. ЖАНАКОВА,
Казахский университет международных отношений и мировых языков, г. Алматы, Республика Казахстан
КАЛИ БИЛАЛОВ – ТАЛАНТЛИВЫЙ ОРГАНИЗАТОР ОБРАЗОВАНИЯ В СТРАНЕ
Резюме
Статья посвящена жизни и деятельности видного государственного и общественного деятеля Кали Билалова. К. Билялов, начиная с 60-х годов, в течение почти двух десятилетий руководил сферой образования в Казахстане и внес неоценимый вклад в развитие республики. Он также способствовал росту целой плеяды крупных ученых и организаторов высшего образования, науки и экономики Казахстана. Он окончил рабфак при Казахском государственном медицинском институте (1938). В 1938 г. поступил на химический факультет Казахского государственного университета им. С.М. Кирова. В августе 1941 года призван в ряды Советской Армии. В 1942 году, завершив обучение в Ташкентском военно-пехотном училище и на Высших офицерских курсах, он направлялся заместителем командира роты на Калининский фронт для участия в боевых действиях. Был ранен и вплоть до демобилизации в декабре 1945 года служил командиром учебного взвода. В 1946-1949 годах продолжил учебу в университете, который окончил с отличием. В ноябре 1949 года по решению Президиума Академии наук был направлен в Институт химических наук, где проработал младшим научным сотрудником, ученым секретарем, заместителем директора института по научной работе. В 1954 году успешно защитил диссертацию на соискание ученой степени кандидата химических наук.
В 1957 году был назначен директором Шымкентского технологического института строительных материалов. Одновременно он руководил кафедрой физической и коллоидной химии института. Возглавляя институт, ему за короткое время удалось открыть целый ряд новых специальностей, имевших важное значение для развивающихся отраслей экономики республики, сформировать квалифицированный профессорско- преподавательский состав и обеспечить начало строительства современной материальной базы института. К.Б. Билалов уделял большое внимание подготовке кадров высшей квалификации. По его инициативе из числа студентов и преподавателей талантливая молодежь направлялась на учебу в крупные передовые вузы Москвы, Ленинграда, Киева и Казани. В результате институт был преобразован в Казахский технологический институт, ставший одним из ведущих вузов Казахстана. На базе филиалов института в г. Джамбуле и г.Семипалатинске впоследствии были образованы самостоятельные вузы. В 1959-1971 годы Кали Билялович был министром Высшего и среднего специального образования Казахской ССР, затем заместителем Председателя Совета Министров Казахской ССР.
Ключевые слова: история, просвещение, высшее образование, наука, академия, институт, педагог, студент, специалист.
N.T. ZHANAKOVA,
Kazakh Abylay khan University of international relations and world Languages, Almaty, Kazakhstan
KALI BILALOV – TALENTED ORGANIZER OF EDUCATION IS IN COUNTRYS
Summary
The article is sanctified to life and activity of visible state and public figure of Kali Bilalov. K.Bilalov, since 60th, during almost two decades managed the sphere of education in Kazakhstan and brought in an invaluable contribution to development of republic. He assisted the height of whole pleiad of scientists and organizers of higher education also, sciences and economies Каzahstan. He finished rabfak at the Kazakh state medical institute (1938). In 1938 acted on the chemical faculty of Kazakh state university С.М.Kirov. In August, 1941 called in the rows of Soviet Army. In 1942, completing educating in Tashkent military-infantry school and on the Higher officer courses, he was directed by second in the command of company on Каlininskiy front for participating in battle actions. It was injured and up to demobilization in December, 1945 served as the commander of educational platoon. In 1946-1949 continued studies in an university that finished with a difference. In November, 1949 in decision of Academy of sciences was directed in Institute of chemical science, where е worked junior.
In 1957 was appointed by director Shymkent technological institute of building materials. At the same time he managed the department of physical and colloid chemistry of institute. Heading an institute, he for short time succeeded to open a number of new specialities having an important value for developing industries of economy of republic, form skilled профессорско- teaching staff and to provide beginning of building of modern material base of institute. K.Bilalov spared attention to training of personnels of higher qualification. On his initiative from a number students and teachers talented young people headed for studies in large front-rank institutions of higher learning of Moscow, Leningrad, Kyiv and Kazan. As a result an institute was regenerate in the Kazakh technological institute becoming one of leading institutions of higher learning of Kazakhstan. On the base of branches of institute in Djambul and Semey afterwards formed independent institutions of higher learning. 1959-1971 of Kali Bilalov was the minister of Higher and middle special education of Kazakh SSR, after by the vice-chairman of Council of Ministers of Kazakh SSR.
Keywords: history, inlightening, higher education, science, academy, institute, teacher, student, specialist.