Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ

Мақалада Нәзір Төреқұловтың қызмет еткен, тағдыр кешкен жылдарында жинаған іс-тәжірибесінің арқасында жауапты қызметтер атқарғандығына талдау жасалған. Ол Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Түркістан Атқару Комитетінің төрағасы, Шығыс халықтары институты директорының орынбасары және КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы сияқты басшылық қызметтерді атқару барысына қысқаша түсінік берілген. Аталмыш жұмыстарды атқару барысында Нәзір Төреқұловтың қайраткерлік тұлғасын қалыптасып, мемлекет ісін терең меңгеруге жол ашты. Нәзір Төреқұлов шебер дипломат ретінде өз мемлекетінің беделін лайықты дәрежеде ұстап тұру, оның саяси, сауда-экономикалық, басқа да мақсаттарын табанды түрде қорғау және аса қажетті ақпараттарды дер кезінде ой елегінен өткізе білу сияқты салаларды терең меңгеріп, осыларды өз қызметінде орындап отырған саясаткер, қазақтан шыққан тұңғыш елші.

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Түйіндеме: мақалада Қазақстан мен Ресейдің мәдениет, ғылым мен білім саласындағы жемісті ынтымақтастығы мен оның жүзеге асу барысы қамтылған.Мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы жасалған келісімде, екі елдің халықтарына бір-бірінің мәдени өміріне кеңінен қатысып, тығыз араласу мақсатында орай өткізілген іс шаралар нәтижелері баяндалады. Қазақстан мен Ресейдің мәдени байланыстары арқасында екі ел арасындағы көп жоспарлы ынтымақтастық кеңейтіліп, халықтарымыздың игілігі мен гүлденуі үшін жаңа жүз жылдықта іске асырылатын мәдени саладағы жұмыстарға талдау жасалған.

САНДЫҚБАЕВА Ө.Д, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің,ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы философия ғылымдырының кандидаты МҰСА
ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЦЕНЗУРАНЫҢ 1950-60 ЖЖ. ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТКЕ,ӘДЕБИЕТКЕ ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ

Бұл мақалада кеңестік идеологияның шығармашылық өнімдерді қадағалау және бақылаудың әдістері, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың көп түрлі тәсілдері бүкіл әдебиет, өнер, шығармашылық туындыларының цензураға ұшырауы жөнінде баяндалды. Шығармашылық өнімдерін цензурадан өткізу қиямет болған кезеңде, сол рухани азық арқылы халық санасына адамгершілік құндылықтарды сіңіру мүмкіндігі де шектелді. Мақалада сонымен қатар саяси цензураны жүзеге асыру функциясы мен басқару механизмінің жүргізу тәсілдері де анықталды. Әсіресе кеңестік цензураның 1950-60 жж. Қазақ элитасына тигізген зардабын мұрағат деректері арқылы дәлелдеуге тырыстық.

САНДЫҚБАЕВА Ө.Д, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің,ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы философия ғылымдырының кандидаты МҰСАҒҰЛОВА А.Б Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің,ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысытарих ғылымдырының кандида
ЖАСТАР САЯСАТЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ФАКТОРЛАРЫ

Мақалада жастар - қоғамның жемісі және оны түрлендіруші күш екенін анықтау. Бұл шындықты түсіну өскелең ұрпаққа қатысты обьективті дұрыс саясаттың алғышарты болып табылады. Адам өмірге, келешегіне негіз болып табылатын қатынастар жүйесімен, өндіруші күштердің белгілі деңгейімен, мәдениетпен күнделікті кездесетінін ұғындыру. Өмір жолының сипаты, оның бағыты, оның түрлендіруші күші көптеген жағдайда адам басынан өткен жағдайлармен анықталады. Теориялық тұрғыда әр адам өмірде рационалды өмір сүруге құқылы, олардың іске асырылуы да асырылмауы да мүмкін, кей жағдайларда ол бірте-бірте қоғамдық дамудың ыдырауына алып келеді. Бұл көп жағдайда қоғамға, тұтас мемлекетке, олардың бұл мәселе жайлы көзқарасына байланысты болуына назар аударылады.

Козыбакова Фатима Акынбаевна
ӘОЖ 94(574) “1920/30”:336.22 Қазақстанда астық дайындау науқаны: қазақ шаруаларын қуғындау

Бұл мақалада И.В.Сталин бастаған большевиктер партиясы ірі мал иелерін тәркілеу саясатын бастамай тұрып-ақ, төніп келе жатқан үлкен қатерден, яғни «Астық дағдарысынан» шығу себептерін түсіндіре келіп, астықпен еркін сауда жасайтын ауқатты шаруаларға қарсы бітіспес күрес жариялауы, оның Қазақстанда жекешелер шаруашылығын одан әрі күйретуге әкеп соқтырған қайшылықты зардабы баяндалады. В.И.Сталин еңбектері талдана отырып, ҚР ПА, ҚР ҚРОМА мұрағаттарындағы деректер мен құжаттар негізінде қарастырылады. Автор кеңестік Қазақстанның империялық билік кезіндегі астықпен еркін сауда жасайтын «ауқатты шаруа» қауымының табиғатына қарсы бағытталған, адамгершіліктен жұрдай, қылмысты саясатын баяндайды. Сондықтан да оның зардаптары да аса ауыр: ауыл шаруашылығындағы дәстүрлі мал шаруашылығын табиғи ерекшеліктерге сай тиімді ұйымдастыра алатын ең іскер, білікті шаруақор адамдардан айырып, дәстүрлі шаруашылықты біржола күйретуге әкелгендігін ғылыми негіздейді. Түйін сөздер: империялық билік, И.В.Сталин, дағдарыс, мұрағат, частник, конференция, тоталитаризм, сот, қаулы, бүлік, мемлекет, қылмыс, кодекс, ауқатты, бай, жекеше.