Яндекс.Метрика
Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz» » Исследования молодых ученых

Исследования молодых ученых

Данная статья анализирует отражения системы поощрений Российской империи в устном народном творчестве казахского народа. В частности, были рассмотрены позиции акынов-импровизаторов, письменных поэтов и писателей по отношению к наградным системам царской власти. Определены степени восприятия чинов, наград местным населением, литераторами и воссозданы образы награжденных казахов-чиновников. Также в конце статьи авторы определяют тренсформации в культуре, истории и психологии казахского народа как следствие системы поощрений Российской империи. Түйін сөздер: казахское чиновничество, Российская империя, чин, чекмень, система поощрений, литература, награды, царская власть
Өмірінің соңында «Шежіре-и-түрк» (Түрік шежіресі) және «Шежире-и-таракиме» (Түрікмен шежіресі) атты өшпес тарихи шығармаларын қалдырған Абу-л-ғази Баһадүр ханның өмірі мен атқарған қоғамдық қызметін зерттеу жалғасын таба түсуі керек. Мақалада ХVІІ ғасырдағы Хиуа ханы, әйгілі тарихшы-шежіреші, Абу-л-ғазидің жүріп өткен жолы қалай болды, қандай қызметтер атқарды деген сұрақтарға жауап алуға талпыныс жасалады. Жастайынан қайнаған саяси оқиғалардың куәсі болып өскен Абу-л-ғазидің билікке араласуын, шапқыншылықтарға қастысуын, Хиуа ханы атануына тоқталып өту осы мақаланың мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында бұған дейін осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерге шолу жасалып, ой түйінделеді (зерттеу тәсілі). Ол кемеңгер саясаткер, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы және білімді адам ретінде бар әрекетін алдына қойған мақсатын орындауға арнады деген қорытынды жасалады. Кілт сөздер: Абу-л-ғази, түрікмендер, шабуылдар, Хиуа, Қоқан, Бұқара, Үргеніш, Маңғышлақ, наймандар, ұйғырлар, қалмақтар, хан.
Қоғамдық үрдістерде өзекті мәселеге айналып отырған этномәдени үрдістер әлеуметтік ғылымдардың негізгі объектісіне айналды. Бұл әр түрлі ғылыми бағыттарда бірегейлік ұғымын өзінше түсіндіруге алып келді. Соның ішінде этнология ғылымында бірегейліктің этномәдени категориясы бойынша зерттеулер жүргізу дәстүрге айналған. Алайда, этникалық топтар мен этностардың этникалық және этномәдени бірегейлік үрдістері тілдік факторсыз шешілмейтіні анық. Осы тұрғыда этникалық бірегейлікті сақтауда тілдің орының ерекше қарастырған жөн. Мақалада қазіргі кездегі этникалық және этномдени бірегейліктің негізгі теориялары қарастырылған. Сонымен қатар, этникалық бірегейлікті сақтауда тілдің орны маңызды екені көтеріледі. Автор арнайы теориялық әдебиеттерді пайдаланған. Кілт сөздер: этникалық бірегейлік, мәдениет, үрдіс, тіл, индивид, этникалық топ, билингвизм.
Өзбекстан Республикасы өзінің геосаяси және экономикалық маңыздылығына, табиғи және адами ресурстарына байланысты халықаралық назарын өзіне аударады. 28 жылдық тәуелсіз Өзбекстанның халқы шетелдік және аймақтық зерттеушілердің басты назарына айналды. Мақала Өзбекстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуының ерекшеліктеріне арналған. Білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық жағы, негізгі өзгерістері қарастырылды. Қазіргі таңда Өзбекстан білім беру жүйесін модернизациялауға назар аударғаны көрсетілген. Постсоветтік кеңістікте Өзбекстан білім беру жүйесіне қаржы құюдан алдынғы орынды иеленеді, бірақ соған қарамастан халықты жоғары біліммен қамтамасыз етуде және гендерлік сәйкессіздікте кедергілер кездеседі. Кілт сөздер: Орталық Азия, аймақ, Өзбекстан, білім жүйесі, реформа, модернизация, серіктестік.
Мақалада 1917 жылы бүкіл Ресей кеңістігін қамтыған саяси-әлеуметтік маңызы зор саяси іс-шара - Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлауы қарсаңындағы Қазақстан, соның ішінде Шығыс Қазақстан мысалында ресми және бейресми санаттардағы ұйымдардың өлкедегі саяси билік жүйесінің өзгеріс динамикасын түзуге қатыстылығын талдап көрсету басты мақсат ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, Құрылтай жиналысына сайлау науқаны тұсында қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік мүдделерді күн тәртібіне шығару мәселесіне қатысты атқарған тарихи қызметі деректік негізде баяндалады. Қазақстандағы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлауын өткізуге байланысты туындаған жан-жақты сипаттағы көріністері тақырыптың зерттеулер, Семей қаласындағы аймақтық мұрағат қорларында сақталған құжаттар және сол кезеңдік баспасөз материалдары арқылы дәйектеледі. Түйін сөздер: Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы, Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Уақытша Үкімет, Алаш қозғалысы, Қазақ комитеті, Земство
В статье рассматривается процесс проведения коллективизации и ликвидация кулачества с новой концептуальной позиции, раскрывается специфика проведения коллективизации и раскулачивания в Казахстане. Раскулачивание являлось одним из основных элементов коллективизации. Метод реализации государственной политики раскулачивания проводился традиционным путем, однако раскулачивание на территории Казахстана имел свои особенности, которые были обусловлены различными факторами В ходе реализации политики раскулачивания имели место «перегибы», допущенных при ликвидации кулацких хозяйств, присвоение конфискованных имуществ и т.д. Условия для злоупотребления и беззакония представителей государства по отношению крестьянства были заложены самой государственной политикой проведения ликвидацией кулачества. В результате проведения политики раскулачивания, Казахстан пострадал больше чем другие регионы Советского Союза, была ликвидирована наиболее активная дееспособная часть крестьянства (шаруа) Ключевые слова: Репрессия, раскулачивание, коллективизация, перегибы, кулак, голод
Мақаланың негізгі мақсаты, алғашқы түрік-ислам мемлекеті болған Қарахандардың Шығыс Түркістан аймағындағы мемлекеттермен орнатқан саяси қатынастарын ашып көрсету. Қарахан мемлекетінің батыс шекарасындағы көршілері Самани (Саманұл-дары), Ғазнауи, Селжұқ, Хорезмшах және Қарақытай мемлекеттерімен арасындағы құдандалық қатынастары, саяси одақтары және соғыстары жайлы деректер мен зерттеулер жеткілікті. Алайда, Қарахандардың шығыс көршілерімен болған саяси байланыстары жайлы ғылыми айналымға түскен зерттеулер саны әлде қайда аз. Қазіргі таңда осы тақырыпқа байланысты деректер мен олардың аудармаларының қолжетімділігі, бұл мәселенің толығырақ зерттелуіне үлкен мүмкіндік беруде.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлкелік экономика тақырыбын қайта зерделеу, айтылмаған, жазылмаған ақиқаттарды ашу–қазіргі заман талаптарының жаңа міндеті екені айқындалды. Соғыстың басталуы, халықтың экономиканы соғыс жағдайына бейімдеуі, қазақстандықтардың тылдағы ерліктерін көрсетуі т.б. мәселелерді ғылыми арнадан қайта зерделеу және бұрын айтылмаған соғыс жылдарындағы халықтың ауыр әлеуметтік тұрмыс жағдайларын зерттеудің маңызы артып, бүгінгі өмір талаптарының өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан осы ғылыми жұмыста зерттеуге қаланған тақырып – «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Семей экономикасы» жоғарыда аталған олқылықтарды ескеруге азда болса қосылған үлес деген ойды ұстандық. Басқа өңірліктер сияқты семейліктерде майдан мен оның тылын азықтандырып киіндірді, эвакуацияланған халыққа пана болды, әскери құрамалар дайындап, қаруландырды, майданның өнім сұранысын дер кезінде шығарып отырды. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп салалары сол заманда ерекше дамыған Семей қаласының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі бір төбе. Сондықтан, зерттеліп отырған проблемаға орай Семей өңірінің маңызы бар, саяси экономикалық нысандардың бірі болып, майдан арсеналына айналып, орны ерекше екені баршаға аян. Кілт сөздер: Облыс, қала, экономика, тыл, өнеркәсіп, аудан, колхоз, совхоз.